Бағдарламасы мазмұны паспорт (негізгі сипаттамалары) 2



жүктеу 4,57 Mb.
бет16/24
Дата26.05.2018
өлшемі4,57 Mb.
#17936
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

Негізгі проблемалар:

сумен жабдықтау желілерінің жай-күйі қанағаттанғысыз;

облыс бойынша желілерде судың ысыраптылықтың жоғары деңгейі– 16,9%.

Су бұру

Орталықтандырылған су бұру бойынша елді мекендердің қол жетімділігі облыс бойынша 8,4%-ды құрайды (сумен қамтамасыз етілген 179 елді мекендерден, 15 орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етілген), оның ішінде: қалаларда - 100%-ды құрайды (5 қала және 3 қалалық үлгідегі кент); ауылдық жерлерде – 4% (сумен қамтамасыз етілген 171 ауылдардан, 7 орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етілген).

Орталықтандырылған су бұруға облыс тұрғындарынан 486,2 мың адам қол жеткізді немесе 56,1%, оның ішінде қала 447,9мың адам немесе 96,5%.

Кәріз желілерінің ұзындығы 11134 км құрайды, оның ішінде қалалық жерлерде 988,93 км және ауылдық 124 км. Су бұру желілерінің тозуы 69,8% құрайды.

2014 жылы кәріздік тазарту құрылыстары арқылы 26253,9 мың м3, 2015 жылы – 26027,8 мың м3, 2016 жылы – 25631,9 мың м3 ағын су жүргізілді.

АЕМ-де көбінесе ЖТҚ салынған (бір, екі қабатты жеке үйлер/коттедждер), оларда септик орналастырылады. 6 ауылдық елді мекенде орталықтандырылған су бұру жүйесі бар (Таран ауданының Тобыл к., Майский а., Әулиекөл ауданының Құсмұрын к., Қостанай ауданының Затобол к. мен Заречный а., Қарабалық ауданының Қарабалық к.), бұл орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылған ауылдық елді мекендердің жалпы санынан 3,5 % құрайды.

«Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру (2015 жылдан бастап Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы):

2014 жылы 21,96 км су бұру желілері ауыстырылды, 2015 жылы – 9,1 км, 2016 жылы – 2,4 км кәріз желілері құрылды.

Қарабалық ауд. Қарабалық кентіндегі кәріз желілері құрылысының 2014 жылы аяқталуымен орталықтандырылған су бұру елді мекендердің саны 5-тен 6-ға дейін ұлғайды. 2016 жылдың соңында Денисов ауылында орталықтандырылған су бұру жүйесі пайдалануға берілді (Денисов ауданының аудан орталығы), бұл ретте су бұру жүйесімен қамтамасыз етілген ауылдар саны 7 ауылдық елді мекенге дейін өсуде.

2016 жылы су бұрудың 3 жобасын іске асыруға 748 млн. теңге сомасында бюджеттік кредит бөлінді (1 қала, 2-ауыл). 2016 жылдың желтоқсан айында ауылдық су бұру бойынша 1 жоба пайдалануға берілді (1,4 км қысымды кәріз дюкері). Қалған 2 су бұру объектілерін енгізу 2017 жылға жоспарланған. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай қ. №5 КСС құрылысы жүзеге асырылатын болады, 6,1 км ауылдық су бұру желісі салынады.

2017 жылы қалалық су бұру бойынша 2 жобаны іске асыруға 2,1 млрд. теңге сомасында бюджеттік кредит бөлінген. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 11,7 км су бұру желісі қайта жаңартылады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 2 объектінің 1 объектісі аяқталады, 1 объект 2018 жылға өтпелі.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:



Күшті жақтары

1. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру;

2.Су бұру саласын мемлекеттік қолдау шаралары (су бұру объектілерін салу және қайта жаңғыртуды субсидиялау).

3.Қарабалық а. (Қарабалық ауданның аудандық орталығы) тұрғындарды орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету, сондай-ақ Денисов а. (Денисов ауданның аудандық орталығы) су бұру жүйесін салу бойынша жұмыстарды жалғастыру.

4. Облыстың қалаларында су бұру желілерінің болуы.


Әлсіз жақтары

1. Кәрәздік желілердің 69,8% қанағаттанарлықсыз жай-күйде тұр.

2. Орталықтандырылған су бұру қызметтерімен елді мекендердің қамтылу пайызы төмен (8,4%).

3.Жаңа су бұру жүйелерінің құрылысына, тазарту құрылыстарына және қолда барды қайта жаңғыртуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіз қаражат бөлу.

4. Көптеген су бөлу қызметтерін көрсететін коммуналдық кәсіпорындардың әрекет ететін тарифтері жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажет шығындарды өтемейді.

5. Жаңа және қолданыстағы су бұру жүйелерінің құрылысына және қайта жаңартуларға мемлекеттік инвестициялардың жеткіліксіздігі.



Мүмкіндіктері

1.Су бұру объектілердің, кәріздік жүйелердің және тазартатын құрылыстардың құру мен қайта құру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру тұрғындарды су бұру қызметімен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді

2.Ағынды суларды тазартудың қазіргі замаңғы тиімді технологияларды енгізу.


Қауіп-қатерлері

1.Физикалық тозу себебінен жабдықтардың бас тартуы.



Негізгі проблемалар:

Облыстың кәріздік жүйелер тозудың жоғары деңгейі (69,8% қанағаттанарлықсыз жай-күйде).

Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру қызметтерімен қамтудың төмен пайызы (8,4%).
Тұрғын үй қордың саласы.

2017 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 3358 көп пәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде 1804 үйе күрделі жөндеуді қажет етеді, бұл облыста бар үйлердің жалпы санынан 53,7% құрайды.

Көп қабатты тұрғын үйлердің негізгі көпшілігі өз отыз жылдығын аттап өтті, дәл осы мезгіл жалпақ жабынның және үйдің ішкі жылыту жүйесінің жұмыс мерзімін құрайды.

Заңнамаға сәйкес мемлекет жеке меншікті көп пәтерлі үйлерді жөндеуге қаражат жібере алмайды. Үй-жайлардың меншік иелері ортақ мүлікті жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмсалатын барлық шығыстарға дербес қатысуға міндетті, ал бюджеттен тек қана аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегі түрінде көмек көрсетіледі.

2011 жылы Қазақстан халқына Мемлекет басшысы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» өз жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа ауқымды жаңғырту өткізу, тұрғын үй қатынастарының оңтайлы моделін құру бойынша міндет қойды және Үкіметке жинақтауды ынталандыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуді қоса қаржыландыру мен ортақ мүлікті қалпына келтіру тетіктерін әзірлеуді тапсырды.

Жолдауды жүзеге асыру аясында 2011 жылғы 30 сәуірде Үкімет 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын бекітті (2015 жылдан бастап Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы). Бағдарламаның негізгі мақсаты кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу жұмысын жүргізу есебінен коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсарту болып табылады. Бағдарлама үйлерді жөндеуге қаражат кредит түрінде қайтарымды негізде бөлінетінін көздейді, бұл ретте ақшаны қайтару бірнеше жыл бойы жүзеге асырылады.

Осылайша, жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде бюджеттік және қайтару қаражаттар есебінен (2014 жылы-42 үй жөнделді (оның ішінде қайтару қаражаттары есебінен 2 үй), 2015 жылы-11 үй (оның ішінде қайтару қаражаттары есебінен 3 үй), 2016 жылы қайтару қаражаттары есебінен 3 үй) 115 көп пәтерлі үй жөнделді, облыс бойынша күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілердің үлесі 59%-дан 53,7%-ға дейін төмендеді.

Бұл іс-шаралар тұрғындардың қолайлы тұру жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және жалпы үйлік жылу энергиясын есепке алу аспаптары орнатылған үйлерде жылу төлемдерінің мөлшерін төмендетті және терможаңғырту элементтерімен жөндеу өткізілді.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күщті жақтары (S):

1.Бағдарламаның іске асыру кезеңінде 115 көп пәтерлі үй жөнделген.

2. Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 59%-дан 53,7%-ға дейін төмендеді


Әлсіз жақтары (W):

1.кондоминиум объектісін басқаруында пәтерлер жекеменшіктерінің төмен белсенділігі;

2.пәтер иелерінің тұрғын үйді кондоминиум объектісі ретінде тіркеуге ниеттері жоқ. Бұл ретте кондоминиумды тіркеуден бас тартқаны үшін пәтер иелерінің заңнамалық деңгейде атқару жауапкершілігі жоқ;

3. кейбір пәтер иелерінің тұрғын үйді күтіп-ұстау шығыстарына қатысуға ниеттері жоқ;

4. жалпы үй мүліктің күрделі жөндеуіне ақшалай қаражаттарды жинаудың әлсіздігі.


Мүмкіндіктері (O):

1.қаладағы үйлердің эстетикалық ажарын жақсару;

2.тұрғын үй жағдайлары мен өмір сүру қолайлығын жоғарылытудың жақсару;

3.жылумен қолдану 30%-ға дейін үнемі;

4.Қала және ауылдық жерлерде коммуналдық сала объектілерінің іске асыру санын, құрылыс және жаңартуға қаржыландыруды ұлғайту.


Қауіп-қатерлері (T):

1. Үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізбеу себебінен халықтың тұрғын үй жағдайларының нашарлауы.





Негізгі проблемалары:

Коммуналдық инфрақұрылым тозуының жоғары деңгейі, бұл үлкен капитал салымының қажеттілігіне байланысты тауар нарығының тартымсыздығына әсер етеді.

Энергия тапшылығы.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен ауылдық елді мекендерді қамтамасыз етілудің төмен көрсеткіші.

Тұрғын үй-коммуналдық сала объектілерін жаңарту және қайта құруға кәсіпорындардың инвестициялық ресурстарының жеткіліксіздігі.

Талап етілетін қолданыстағы инженерлік коммуникациялардың техникалық пайдалану деңгейінің жоқтығы.

Кәсіби кадрлардың тапшылығы мен жоғары тұрақсыздығы және салалық мамандарды арттыру мен қайта даярлау жүйесінің жоқтығы.

Тұрғын үй иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға белсенділігі төмен.

Пәтер иелерінің тұрғын үйді кондоминиум объектісі ретінде тіркеуге ниет жоқ. Бұл ретте, заңнамалық деңгейде пәтер иелерінің кондоминиумды тіркеуден бас тартуға жауапкершілікті атқару жоқ.

Пәтер иелерінің тұрғын үйді ұстау шығыстарына қатысу үшін ниет жоқ.

Жалпыүйлік мүлікті күрделі жөндеуге ақшалай қаражатын жинақтау тәжірибесі әлсіз.

Ортақ мүлкін басқару және күтіп-ұстау бойынша қызмет көрсетуге төлемдер жиналуының деңгейі төмен, соның ішінде ПИК ортақ үй мүлкіне толық сапалы қызмет көрсете алмайды.



Даму беталысы:

Облыстың коммуналдық кәсіпорындарының инвестициялық бағдарламаларында жөндеу жұмыстарының көлемдерін ұлғайту.

2011-2020 жылдарға арналған «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде жағдайдың жақсы жағына қарай өзгеруі.

Сумен жабдықтау және су бұру саласын дамытуға қаржы ұйымдарының (халықаралық қаржы ұйымдарының және екінші деңгейдегі банктердің) қаражатын тарту.

Салуға және қайта жаңғыртуға қаржыландыруды, қалалық және ауылдық жерлерде сатылатын коммуналдық сала нысандарының санын ұлғайту.

Органдармен кондоминиум нысандарын басқаруды, ең жақсы тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын құру мақсатында тұрғын үйіді қадағалау және күту бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды уақтылы жүргізу.

Үйлердің жалпы мүлкін күрделі жөндеуді қаржыландырудың қолданыстағы тетіктері туралы халық арасында үгіттеу-насихаттау жұмысын жүргізу.

Жалпы үй мүлігіне күрделі жөндеу жүргізу.


2.1.5. Экология және жер ресурстары

Облыс өмір сүруге қолайлы аумаққа жатады, ауаны ластауды төмендетуде үлкен рөлін жасыл көшеттер атқарады. Орман жолақтары мен саябақтар ауаның температурасына, ауаның ылғалдылығы мен желдің жылдамдығына әсер етеді, ауаның тозаңды ластануын ұстайды.



Атмосфералық ауаны қорғау

Әуе бассейінінің жағдайы бойынша Қостанай облысы ең қолайлы аумақ болып табылады. Соңғы жылдары облыстың атмосфералық ауасының сапалы жағдайы тұрақты болып отыр.

Атмосфералық ауаның ластану деңгейі төмен болып бағаланады.

Облыстың әуе бассейнін ластандыру тау кен өндірістік, жылу энергетика өнеркәсібі, автомобиль көлігі кәсіпорындарынан ластандырушы заттардың қалдықтарына байланысты.

Стационарлы көздерден атмосфераға ластаушы заттектерді шығару лимиттері қоршаған ортаға эмиссиялар рұқсатымен белгіленеді. 2014 жылға -227,4 мың тонна, 2015 жылы - 228 мың тонна, 2016 жылға – 233 мың тонна.

2014-2016 жылдары атмосфераға ластандырушы заттар қалдықтарының жалпы көлемі бір деңгейде қалады (2014 жылы – 308,82 мың тонна, 2015 жылы – 316,1 мың тонна, 2016 жылы – 318,7 мың тонна). Ластандырушы заттар қалдықтарының негізгі үлесі автомобиль отынын жағу шығыстарына келеді (шамамен 70%). 2014-2016 жылдары стационарлық көздерден шығарындылар көлемі бойынша серпін: 2014 жылы - 103,82 мың тонна, 2015 жылы – 91,6 мың тонна, 2016 жылы – 98,7 мың тонна.

Қостанай облысының ең ірі тау-кен өндіру кәсіпорны «ССКӨБ» АҚ үлесіне облыстың кәсіпорындар өнеркәсіптік шығарындыларының жалпы көлемінен шамамен 80% шығарындылар.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалар

Өнеркәсіп кәсіпорындарынан залалды заттарының шығарындыларын тазарту бойынша тазарту құрылыстарының жұмысы жеткіліксіз тиімді.


Даму беталысы

Атмосфералық ауаның қолайлы жағдайына Қостанай облысының ірі қазандықтарына отын ретінде табиғи газды пайдалану себеп болып отыр. Әсіресе көмірді пайдаланатын «ССКӨБ» АҚ ЖЭС және мазутты пайдаланатын Арқалық ЖЭС болып табылады.

Облыстың елді мекендерінің көбісі газды пайдалануға ауысып жатыр, бұл өңірдің атмосфералық ауасының жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Су ресурстарын қорғау.

Қостанай облысының су обьектілері Тобыл-Торғай су бассейніне жатады. Облыс аумағында 310 жуық су ағымдары бар. Ұзындығы 100 км-ден жоғары өзен – 21, 500 км – тек екі өзен (Тобыл, Торғай) бар. Облыс аумағында жиынтық көлемі облыс аумағының көлемінен 2% құрайтын 5000 артық көл бар.

Облыс жеткіліксіз түрде ылғалданбаған аймақта орналасқан және атмосфералық жауын-шашынның орта жылдық мөлшері 240-280 мм құрайды. Өзен желісі өте нашар дамыған, сондықтан жер үсті су қорлары маңызды емес. Өңірдің басты сумен жабдықтау көзі оған құятын Үй, Тоғызақ, Обаған, Аят, Желқуар өзендерінің тармағынан және онда сарқырамадан құрылған су қоймалары бар Тобыл өзені болып табылады.

2016 жылғы мониторинг нәтижелері бойынша су сапасы өткен жылмен салыстырғанда Айет, Обаған өзендерде – айтарлықтай өзгермеген, Тобыл Тоғызақ, Үй өзендерде, Қаратомар су қоймасында – жақсарды, Амангелді, Жоғарғы Тобыл су қоймаларында - нашарлады.

Қостанай облысының аумағында су объектілері суының сапасы мынадай түрде бағаланады: су «жоғары деңгейдегі ластану» - Айет, Желқуар, Обаған өзендері, Амангелді және Жоғарғы Тобыл су қоймалары; су «қалыпты ластану деңгейін» - Тобыл, Тоғызақ, Үй өзендері, Қаратомар су қоймасы.

Тобыл өзенінде артық ШРК тіркелген басты иондар заттары (сульфаттар 2,2 ШРК, магний 1,4 ШРК), биогендік заттар (жалпы темір 1,8 ШРК), ауыр металдар тобы (мыс 7,7 ШРК, мырыш-1,4 ШРК, никель 4,1 ШРК, марганец 2,0 ШРК) бойынша болды.

Ауыр металдар бойынша ШРК асыру фондық сипатқа (табиғи) ие.

Облыста Тобыл (2 дана) өзеніне, Құсмұрын көліне, Қаракөл-Қояндықопа көлдерінің жүйесіне төрт шартты таза судың ағысы келіп құяды. 2014-2016 жылдары 1,3 есеге жер үсті су қоймаларына ағызудың жалпы көлемі қысқарды. 2016 жылы ағызу көлемі 12,311 млн. м3 құрады, 2015 жылы - 12,546 млн. м3, 2014 ж. – 15,734 млн. м3.

Облыстың барлық сыртқы су қоймаларына су жіберуі бақылауға алынды. Мониторинг қорытындылары бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарының су қоймаларына құятын ағын сулары нормативті таза болып табылады, тұтастай алғанда шекті рұқсат етілген ағын сулардың мөлшерінен аспайды және сапасы жағынан су қоймаларының құрамына кері әсерін тигізбейді.

Қалалардың 30 млн. м3 көлеміндегі шаруашылық-тұрмыстық ағын сулары жергілікті тазарту құрылыстарында алдын ала тазартылады. Тазартылған ағын сулар одан әрі арнайы жеке су жинайтын буландырғыштарға, сүзгі алаңдарына түседі.
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар

Облыстың ең маңызды экологиялық мәселелерінің бірі облыс орталығында биологиялық тазарту стансасының болмауы болып табылады. Қазіргі уақытта қолданылатын Қостанай қаласының ағын суларын тазарту технологиясы қарапайым және 1966 жылдан бастап пайдаланылатын жер тұнбаларында тек механикалық қоспалары бойынша жартылай тазартуға мұршасы бар. Қостанай қаласының іс жүзінде тазартылмаған ағын суларының көлемі шамамен 13 млн. м3 құрайды.



Даму беталысы

«Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде кәріз тазарту қондырғылары жүйелерінің құрылысы енгізілген «Қостанай қаласының сумен қамту және су тарту жүйелерінің инвестициялық негіздемесі» жобалық құжаттамасы әзірленді. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтті. Тапсырыс беруші Құрылыс істері комитеті мен ТКШ болып табылады, қаржыландыру республикалық қаражат есебінен.

Қазіргі уақытта осы жобаны іске асыруға инвестициялар бойынша мәселелер қарастырылуда.

Жер ресурстарын қорғау

Қостанай облысының жер қоры өзгерген жоқ және 19 600,1 мың гектарды құрайды. Жер құрылымында ауыл шаруашылығы жайылымдарының жалпы аумағы 18129,7 мың гектарды немесе өңірдің жалпы аумағынан 92,5% құрайды.

Жерлерді ұқыпты пайдалану және ластаудан қорғау біздің заманымыздың өңірлік маңызды экологиялық мәселелеріне жатады. Облыстың экологиялық жағдайы қанағаттандырарлық.

Қостанай облысының жер ресурстарының жағдайына басым ықпалын тау кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жылу энергетикасы кәсіпорындары тигізіп отыр.

Техногенді бұзылған және ластанған жерлер қалалардың өнеркәсіп аймақтарында, пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өндеу орындарында таралған. Ашық тәсілімен өндіру кезінде үлкен аумақтарда ауыл шаруашылығына жатпайтын мақсаттарға, яғни кеніштер, үйінділер, қоймалар, кен және шаруашылық тұрмыстық сулардың жинауыштары үшін жерлер оқшауландырылады.

Қоршаған ортаның жағдайына техногендік әсерін тигізетін нысандар үнемі бақыланып отырады.



Өндіріс қалдықтары және тұтыну

Қостанай облысының 2017 жылғы 01 қаңтарға жиналған қалдықтардың жалпы көлемі 12,1 млрд. тонна құрады, қалдықтардың негізгі үлесі (99%) тау кен өндірісі кәсіпорындарының тұрмыстық қалдықтарына, атап айтқанда аршымалы жынысына (92% ) және байыту қалдықтарына (7,9%) тиесілі.

Барлық тау-кен өндірісі кәсіпорындарында қалдықтардың қалыптасуын болдырмау және азайту сияқты қалдықтардың технологиялық циклінің барлық кезеңдерін, есептеу мен бақылауды, жиналуын, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын жинауды, қайта өңдеуді, пайдаға асыруды, тасымалдауды, сақтауды және жоюды қамтитын қалдықтарды басқару жүйесі әрекет етеді.

Жыл сайын кәсіпорындар қоршаған ортаға бос жыныстар үйінділерінің, күл үйінділері мен қоймалардың жағымсыз әсерінің алдын алуға бағытталған табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асырады.

2014-2016 жылдары қалдықтарды жою пайыздары 1,2 есе артты. Осылайша, өңірде 2016 жылы өндірістік қалдықтарды пайдалану мен жоюдың жалпы көлемі 24%, 2015 жылы – 22,3%, 2014 жылы – 18% құрады.

2017 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша Қостанай облысының елді мекендерінде 310 қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигоны бар, барлығы нақты жеке және заңды тұлғалармен бекітілген. Облыста экологиялық заңнаманың талаптарына және санитарлық нормаларға сәйкес ҚТҚ полигондарды келтіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. ҚТҚ полигондарының меншік иелерімен қоршаған ортаға эмиссия рұқсаты ресімделеді, ҚТҚ полигондарын жайластыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі (торлы қоршауларды, шлагбаумдар және дезинфекциялау ванна орнату, кептіргіш арна және жер білікті жасау, қоқысты үймелеу). ТҚҚ полигондарының үлесі заңнаманың талаптарына сәйкес 2016 жылы 34% құрады немесе 310-нан 105 ҚТҚ полигон.

2016 жылы 345 373,8 тонна ҚТҚ құрылды, оның ішінде 345 022 тонна ТҚҚ полигондарында орнатылды. 351,42 тонна қалдық кәдеге жаратылды, бұл ретте кәдеге жарату үлесі 0,1% құрады.

Облыста пластикті, қағазды, шыныны, тозған шиналарды, құрамында сынап бар пайдаланылған шамдарды, техникалық майларды, электр және электрондық жабдық қалдықтарын жинауға, кәдеге жаратуға және қалдықтарды қайта өңдеуге маманданған 12 кәсіпорын жұмыс істейді.

2016 жылдың ақпанынан бастап Қостанай, Рудный және Жітіқара қалаларында пластик, қағаз, шыны және қаңылтыр банкілердің қалдықтарын бөлек-бөлек жинайтын жүйесі енгізілді, бұл сондай-ақ ҚТҚ қалыптасуының көлемін төмендетуге ықпал етеді.

ҚТҚ жинау, шығару және орналастыру бойынша қызметтерімен халықты қамту 2016 жылы облыс бойынша 45% құрады немесе 595 бар елді мекеннен 267. ҚТҚ шығаруды жинау орталықтандырылған жүйесімен негізінен облыстың қалалық және аудандық орталықтары қамтылған. Ауылдық елді мекендерде ҚТҚ шығару жыл бойы және осы қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізуші субъектілермен (ЖШС, ШҚ) көктемгі-күзгі айлық тазалау кезінде жүргізіледі.



Ағымдағы проблемалар

Облыста қоқысты қайта өндіретін кешендердің жоқтығы ҚТҚ айтарлықтай жиналуына жеткізеді. ҚТҚ кәдеге жарату пайызы төмен, нақты көрсеткіш -0,1% құрайды.

Медициналық қалдықтарды өртеу аса улы ластаушы заттардың - орнықты органикалық ластағыштардың (ООЛ) шығарындыларына әкеп соқтырады. Аналитикалық бақылаудың нәтижесі бойынша ООЛ (диоксиндер, фурандар) концентрациясы шығарындыларында жағу қондырғыларынан атмосфералық ауаға нормадан 28 рет артық.

Даму беталысы

Республикалық бюджет есебінен «Қостанай қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар басқару жүйесін жаңарту жобаларына инвестицияларды негіздеу» үшін ТЭН әзірленген. Осы жоба бойынша мемлекеттік сараптама алынды. Жобаны іске асырудың болжамды құны 8,5 млрд. теңгені құрайды. Жергілікті бюджетте қаржыландыру көздерінің болмауына байланысты Жобаны іске асыру мүмкін емес. Қазіргі уақытта, осы жобаны іске асыруға инвестицияларды тарту бойынша мәселе пысықталуда. Қоқыс өңдейтін кешен 2020 жылдан ерте пайдалануға берілмейтіндіктен ҚТҚ пайдаға асыру бойынша көрсеткішті айтарлықтай ұлғайтуға мүмкін емес.

2014 жылдың қыркүйегінде ҚР Энергетика министрлігі мен Қостанай облысы әкімдігі арасында «Қазақстанда медициналық қалдықтарды ұлттық жоспарлау және оңтайлы басқару үдерісінде орнықты органикалық ластағыштармен басқаруды орындау, интеграция ұлттық жоспарын жаңарту» Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Біріккен Ұлттар Ұйымын Дамыту Бағдарламасының Бірлескен жобасы аясында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жоба аясында Қостанай облысы үшін Жаһандық Экологиялық Қор қаражаты есебінен оларды алу мақсатында баламалы жағу тәсілімен медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бойынша технологиялар мен қазіргі заманғы жабдықтарды таңдау жөнінде мәселе қарастырылуда.


Осы жабдықты Қостанай қаласында, Рудный қалалық ауруханада және Жітіқара аудандық ауруханасында орнату жоспарланып отыр.

Радиациялық қауіпсіздік.

Ағымдағы инструменталдық өлшемдер нәтижесінде облыста радиациялық жағдайды жайлы деп айтуға болады. Тұрғылықты жердің радиациялық аясының төмен деңгейі бастапқы қолайлы геологиялық жағдайға, уран өндіруші кәсіпорындардың, уран және тау-химия өнеркәсібінің болмауына байланысты.

Аумақтың елді мекендері бойынша атмосфераның жерге жақын қабатының радиациялық гамма-аясының 2014-2016 жылдар аралығында орташа мәні сағатына аяның 0,08-0,21 мкЗв шегінде тұр және табиғи аядан аспайды.

Облыс бойынша орташа радиациялық гамма-аясы 0,11 мкЗв/сағ. және рұқсат етілген шегінде.

Жергілікті жерлерде гамма сәулелену деңгейін бақылау күн сайын облыстың 6 метеорологиялық станциясында және 3 автоматты бақылау бекетінде жүргізіледі.

Атмосфераның жерге жақын қабатында радиоактивтік түсудің орташа тәуліктік тығыздығы облыс аумағында 0,7-2,1 Бк/м2 Бк/м2 құрайды.

Облыс бойынша түсу тығыздығының ошрташа шамасы 1,2 Бк/м2 құрайды, бұл шекті - рұқсат етілген деңгейден аспайды.

Қостанай облысының аумағында атмосфераның жерге жақын қабатының радиоактивтік ластануын бақылау 2 метеорологиялық станцияда (Жітіқара, Қостанай) жүзеге асырылды.



Флора мен фаунаны қорғау

Қостанай облысының аумағында жалпы көлемі 2 826 558,6 гектар ерекше қорғалатын 16 табиғи аумақ, олардың ішінде: Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы, «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи қоры, 3 мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қорықтары: Тауынсор, Жарсор-Ұрқаш және Михайлов, «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» экологиялық дәліз, сонымен қатар 10 жергілікті маңызы бар табиғи ескерткіш бар.

Су-батпақ жерлердің жалпы аумағы 864,1 мың гектарды, оның ішінде сулы жер – 506,8 мың гектарды құрайды. Көлдердің басым бөлігі қыс кезінде қатып қалады.

Жануарлар әлемін жануарлардың 334 түрі: оның ішінде сүтқоректілердің 44 түрі, құстың – 261, амфибиялардың – 3, рептилиялардың – 3 және балықтардың – 23 түрі қамтиды.

Жануарлар әлемін пайдаланушылардың атына жалпы аумағы 16129 мың гектарды құрайтын 99 аңшылық жер-су тіркелді, облыстың резервтік коры 1085 мың гектар құрайды. Су пайдаланушыларға 177 су айдындары бекітілген, жалпы ауданы шамамен 72 мың. га.

Қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды орынды орман алқаптары алады. 2017 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша Қостанай облысының мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 1 143,985 мың гектар құрайды, оның ішінде орманы бар 238,2 мың гектар (01.01.2016ж.- 236,4 мың га, 01.01.2015ж. – 235 мың га, 01.01.2014ж. – 229 мың га,) құрайды.

Ормандарды сақтау және қорғау мақсатында орман шаруашылығы мекемелері жыл сайын өртке қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізеді, оның ішінде 600 км аумақта орман отырғызу шекаралары бойынша минералдандырылған алқаптардың құрылысы, сонымен қатар 50000 км аумақта қолда бар минералдандырылған алқаптарды күтіп-бағу жүзеге асырылады.

Жыл сайын орман қорының 217,7 мың гектарды алып жатқан жалпы аумағында ормандарды екі әуе кемесімен әуеден күзету жүзеге асырылады.

Орман қорының учаскелерінде өртті қадағалау мұнараларының (ӨҚМ) жер үсті желісі құрылған. Орман мекемелерінде орман өрттерін айқындауда басты рөлді атқаратын 22 ӨБМ қызмет етеді.

Сумен жабдықтау көздерінің санын ұлғайту үшін соңғы жылдары мемлекеттік орман қорында 33 жаңа қазаншұңқыр, сонымен қатар 5 ұңғыма жасалды. Орман қорында және іргелес аумақтарда өртке қарсы мақсатта 294 су айдыны қолданылады. Табиғи су қоймалары жоқ орындарда мемлекеттік орман қорының жерлерінде өртке қарсы техниканы жедел толтыру мақсатында су жинауға арналған 30 ыдыс орнатылды.

10.10.17 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік ведомствалық орман қорында 376,864 га орман алаңында орман өрттерінің 27 жағдайы болды (2016 жылы: 104,567 га орман алаңында 25 оқиғаға; 2015 жылы: 1593,81 га орман алаңында 40 оқиғаға; 2014 жылы: 969,165 га орман алаңында 26 оқиғаға).

Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы мекемелерінің техникалық жабдықталуы Республикада үздіктердің бірі болып табылады, оның ішінде өрт сөндіру машиналары: 23 бірлік нормасы бойынша 78 бірлік бар, суды тасымалдау агрегаты: 0 бірлік нормасы бойынша 11 бірлік бар, бүріккіштер арқа-аспалы: 110 дана нормасы бойынша 335 дана, патрульдік машиналар: 32 бірлік нормасы бойынша 125 бірлік, барлық түрдегі радиостанциялар – 626 дана.

Осы техникалық жабдықталуды ескере отырып, орман шаруашылығы мекемелері орман өрттерінің көлемін барынша азайтатын болады.


жүктеу 4,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау