Бағдарламасы мазмұны паспорт (негізгі сипаттамалары) 2



жүктеу 4,57 Mb.
бет13/24
Дата26.05.2018
өлшемі4,57 Mb.
#17936
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24

Жастар саясаты

2017 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғындардың жалпы санынан 23,9% құрайтын 14 пен 29 жас аралығындағы 210977 жастар.

Экономикалық белсенді жастар 112 мың адамды құрайды немесе 53% (қалада – 107943 адам, ауылда – 103034 адам).

Жыл сайын мемлекеттік жастар саясаттың іске асыруына қаржыландыру көлемі өседі. 2014 жылы осы мақсаттарға 170 млн теңге бөлінсе, сонда 2016 қаржыландыру сомасы 190 млн теңгені құрады.

Облыста 8 жоғары оқу орны қызмет етеді, оның базасында 17712 адам оқытылады. «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарлама бойынша оқуға еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген студенттер саны - 1948 адам.

Оқу орындарында жүйелі негізде жастармен жұмыс бойынша бөлімшелердің қызметі жүргізіледі (тәрбие жұмысы бөлімдер, жастар істері жөніндегі комитеттер, студенттік өзін-өзі басқару органдары т. б.). Студенттік бірлестіктер, үйірмелер құрылған, ҮЕҰ республикалық жастар өкілдігі жұмыс істейді.

Техникалық және кәсіптік біліммен қамту деңгейі (14-тен 24 жасқа дейінгі ) 16,9% құрайды.

Соңғы жылдары алынған бағдар жұмыс мамандығына колледж түлектері санының ұлғайуынын (2014 ж. - 8625 адам, 2015 жылы – 7846 адам) және жоғары оқу орындарында түлектер санының азайуын (2014ж. - 3867 адам, 2015 ж. - 3665 адам) көрсетеді.

Бітірушілердің жұмысқа орналасқандар үлесі 80% құрайды. Аталған көрсеткіш жұмысқа орналастыру бойынша жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектеріне түсіндіру жұмысытарының, облыс кәсіпорындарымен меморандумдар қорытындысының, жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмысқа бағытталған бос орындар жәрмеңкесін жүргізудің арқасында қол жеткізіледі.

Жастарды жұмысқа орналастыруға қосымша талаптар мемлекеттік бағдарламаларды іске асырумен құрылады.

«Дипломмен – ауылға!» республикалық жоба Қостанай облысында 2009 жылдан бастап іске асырылуда. Жобаны іске асырудың басынан бастап ауылдық жерлерге 4038 маман жұмысқа тартылды (2014 жылы – 468 адам, 2015 жылы – 361 адам, 2016 жылы – 420 маман).

Сондай-ақ, аталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу арқылы тұрғын үй мәселесін шешу ұсынылады. 2015 жылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 222 жаңадан келген мамандарға 597 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді, 2016 жылы 166 маманға кредит беру үшін 477,2 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

Жастарды маусымдық жұмыспен қамту мәселесін шешуге «Жасыл Ел» мемлекеттік бағдарламасы бағытталған.

2014-2016 жылдарға «Жасыл Ел» жобаны іске асыруға облыста 40-тан астам млн. теңгеде қаржыландырумен (2014 жылға – 10 млн. теңге, 2015 жылы – 14 млн. теңге) 2000-нан астам адам қамтылды (2014 ж. – 520, 2015 жылы – 1000).

Облыста 20 жастар ресурстық орталығы өз қызметін жүзеге асыруда: 1 облыстық, 16 аудандық және 3 қалалық.

Жастар ресурстық орталықтар қызметкерлерінің жалпы саны 91 адамды құрайды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша барлық орталықтардың штатына психологтар мен заңгерлер бірлігі қосылған, кейбірінде және SMM – менеджер лауазымы қосылған.

5 негізгі проблеманың алдын алу бойынша жастар орталықтарында бірқатар міндеті бар: суицид, құқық бұзушылық, ажырасу, нашақорлық, маскүнемдік және діни экстремизм мен жастар ортасында сыбайлас жемқорлық танытуға нөлдік төзімділікті қалыптастыру бойынша екі бағыт.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру өңірде сондай-ақ үкіметтік емес сектор арқылы жүзеге асырылады. 2016 жылдың 01 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 70 үкіметтік емес жастар ұйымдарды және 33 әскери-патриоттық клубтар жұмыс істейді.

Жастар саясаты саласында 4 сайттың жұмысы жалғасуда: Zhastar.kz, Patrioti.kz, kcmi.kz, zhastar.kostanay.gov.kz. Вакансиялар және ізденуші ашық базасы бар жастарды жұмыспен қамту бойынша интернет-портал құрылған.

Қостанай облысы әкімдігінің қарамағында Жастар істері жөніндегі кеңесі, қалалар мен аудандардың әкімдіктері қарамағында 20 Кеңестер жұмыс істейді, олардың құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, депутаттар мен жастар көшбасшылары кіреді.

Орындарында жастар айналымда әлеуметтік қауырттылығының өсуіне жол бермеу бойынша алдын ала шамалардың жоспарлар іске асырылады.

Саланың дамыту жағдайының Swot-талдауы:



Күшті жақтары:

1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыстық және 4 өңірлік ресурстық орталықтары арқылы жүргізілетін ҮЕҰ мен облыстың бастамашыл топтары үшін гранттық жүйесі енгізілген. Жыл сайын әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкелерінде шамамен 30 гранттар бөлінуде.

2. ҮЕҰ ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету үшін Қостанай облысы ҮЕҰ Ресурстық орталығының grin_kost@mail.ru сайты жұмыс істейді. Бұл соңғы 3 жылдың ішінде ҮЕҰ-ның 737-ден 989 дейін өсуіне ықпал етті.

3. Облыста Қазақстанның ұлттық бірлігі Доктринасының және «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің негізгі көрсеткіштерін іске асыру бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылған. Нәтижесінде соңғы үш жылда этносаралық қарым-қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қолдау көрсеткіші жоғары деңгейде қалып отыр: 2014 жыл– 96%, 2015 – 93%, 2016 жылы -96%.

4. Облыстың интернет кеңістігіне БАҚ әсері кеңейе түсті – үш жыл ішінде БАҚ сайтының саны 24-тен 45-ке дейін ұлғайды. Бұл бәсекеге өңірлік ақпараттық өнімді ілгерілетуде БАҚ-тың қабілеттілігі деңгейде көрінеді.

5. 2015 жылдан бастап мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған Аймақтық коммуникациялар қызметі жұмыс істейді.

6.Кәсіби топтарда жұмыс істейтін облыстық, үнемi жұмыс iстейтiн 2 тақырыптық ақпараттық-насихаттаушы топтардың және «Жас саясаткер» жастар ҮЕҰ қорытындылары бойынша қызмет және керi байланыс қалыптасты.

7.Аймақтарда жастар бастамасы орталықтары ашылды (20).

8.Жастар үкiметтiк емес ұйымдарының саны 77-ге дейiн өскені байқалып отыр.


Әлсіз жақтары:

1.Бейінді ҮЕҰ үшiн әлеуметтiк тапсырысты салалық қаржыландырудың жеткiлiксiз деңгейi. Заңға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 15 бағытты қарастырады. Бұл ретте, 2016 жылы олардың 4-не ғана назар аударылды: қоғамдық келісімді нығайтуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландырудың жалпы көлемінен 23% бағытталды, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға – 21%, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауға – 19%, денсаулық сақтауға және салауатты өмір салтын насихаттауға – 15%.

2.Ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткiзу кезiнде жаңа ақпараттық технологияларды, коммуникативтік технологияларды қолданудың жеткiлiксiз деңгейi. Соңғы үш жылда блиц-сауалнама қорытындысы Мемлекеттің және мемлекеттік саясаттың даму стратегиясын қолдау деңгейінің төмендеу тенденциясын анықтады: 2014 жылы – 89%, 2015 жылы-72%, 2016 жылы – 79%.

3. Электронды БАҚ-да ресейлік телеарналардың сұранысқа ие болуы бұрынғыша жоғары, бұл мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі басымдықтары туралы халықтың хабардар болу деңгейін төмендетеді. Соңғы үш жылда зерттеу нәтижесі бойынша теріс динамика байқалуда: 2014 жылға – 93%, 2015 жылы – 78%, 2016 жылы – 80%.

4. Облыстың қалалары мен аудандарында жастар орталықтарының қызметі белсенді емес.


Мүмкіндіктері:

1. Облыс өңірлерінің бейінді ҮЕҰ ескере отырып мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лотының тақырыптарын реттеу арқылы мемлекет пен ҮЕҰ әлеуметтік әріптестігін одан әрі тереңдету.

2. Әдістемелік семинарлар жүргізу арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының кадрлық әлеуетті кәсібилендіру үшін әдістемелік көмекті ұйымдастыру.

3. Қазақстанның тәуелсіз құндылықтары мен мемлекеттің даму Стратегиясын жылжытуға арналған аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға ғылыми зиялы қауымды тарту.

4. Отандық БАҚ контентінің қажеттілік деңгейін арттыру мақсатында ұлттық жерсеріктік хабар таратуды дәйекті түрде енгізу.

5. Жастар саясаты саласындағы түрлі форматтағы іс-шаралар өткізу.

6. Жастар арасында мәдени-демалыс, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қолдау.


Қауіп-қатерлері:

1.Қоғам-саяси жағдайын тұрақсыздандырушы факторлерды қалыптастыру.

2. Халықтың өмір сүру деңгейінің сапасын төмендету нәтижесінде әлеуметтік шиеленістің күшеюі.


Негізгі проблемалар

Облыс тұрғындарының қолдауымен Мемлекеттің даму стратегиясы деңгейін төмендету.

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын насихаттау бойынша ақпараттық жұмыстарының кадрлық әлеуетін кәсібилендірудің жеткіліксіз деңгейі.

Салалық ҮЕҰ, азаматтық қоғам институттарын кадрлық қамтамасыз ету үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалық қаржыландыруының жеткіліксіз көлемі.

Қазақстандық мазмұнымен облыс медия кеңістігінің жеткіліксіз қамтылуы.

Ауыл жастарын жұмысқа орналастырудың төмен пайызы.

Жастар арасындағы қылмыс.

Жастар саясатын жүзеге асыруға кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету жеткіліксіз.


2.1.3.Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2014 - 2016 жылдары тіркелген қылмыстар саны жоспарлы түрде 25 580-нен 20 106 оқиғаға дейін төмендеуі байқалады немесе 21,4%. Бұл ретте, 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда төмендеу 8,4% құрайды (25 580-нен 23-441 дейін), 2015 жылы -3,3% (23 441-ден 22 661 дейін), 2016 жылы - 11,3% (22 661-ден 20 106 дейін). Ауыр қылмыстар санының азайғаны байқалды 1067-ден 885 дейін (-17,1%), сонымен бірге аса ауыр қылмыстар санының өсуі байқалады 119-дан 141 дейін (+18,5%).

Оның ішінде, аталған кезеңде зорлау сияқты қылмыстың төмендеуі байқалады 148-ден 80-ге дейін (-45,9%), тонау 1 033-тен 657 дейін (-36,4%), бұзақылық 1 386-дан 503 дейін (-22,8%), автокөлік құралдарын ұрлау 360-тан 253 дейін (-29,7%), бөтен мүлкті ұрлау-15 942-ден 12 852 дейін (-19,4%).

Сонымен қатар, кісі өлтірудің өсуі тіркелген 59-дан 61 дейін (+3,4%), ауыр дене жарақаты 98-ден 159 дейін (+62,2%), тонау 28-ден 44 дейін (+57,1%).

Бұл ретте, 2016 жылы 2015 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда мынадай қылмыстардың тіркеуінің төмендеуі байқалады: адам өлтіру (-1,6%), зорлау (-43,3%), қарақшылық (-10,2%), ұрлау (-10,5%), бұзақылық (-46,9%), автокөлік құралдарын ұрлау (-42,6%), бөтен мүлікті ұрлау (-8%).

2014-2016 жылдары бойынша қоғамдық жерлерде болатын қылмыстың төмендеуі 6 724-тен 5 510-ға дейін (-18%) байқалады, оның ішінде көшелерде – 4 098-ден 3 099-ға дейін (-24,4%), бұл ретте аталған санаттағы қылмыстардың үлес салмағы сәйкесінше 26,6-дан 27,4%-ға дейін және 18,1-ден 15,4%-ға дейін.

Көше қылмысын ұстау мақсатында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтауды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылданды:

-көшелерде, қоғамдық жерлерде, шағын тұрғын үй аудандарында және азаматтар көп баратын орындарда бейне бақылау жүйелері орнатылуда;

- облыс көшелерінде «Әмбебап полицей» принципі бойынша қылмыстардың алдын-алу, қоғамдық тәртіпті күзету, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың «іздерін суытпай» ашу негізгі міндеттері болып табылатын жол-патрульдік қызметкерлері қызмет атқарады.

2014-2016 жылдары бойы жасөспірімдер арасындағы қылмыс көрсеткіштерінің төмендеуінің қарқыны байқалып отыр (294-тен 262 дейін), бұл ретте қылмыстардың үлес салмағы 4,2-ден 3,0%-ға дейін төмендеді. Көпшілікте, әрбір қалалық және ірі ауыл мектептеріне бекітілген алдын алу іс-шаралары жүргізілетін кәмелетке толмаған қылмыстығының оң серпіні «мектеп» полиция инспекторларының жұмыс қорытындыларымен байланысты.

Қылмыс санын төмендеуімен бірге 2014-2016 жылдар аралығында қылмыс жасалған және қылмыстық жауапкершілігіне тартатын кәмелетке толмаған жасөспірімдердің саны 19,2%-ға (313-тен 253 дейін) төмендеді, оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде оқитын 46,1%-ға (148-ден 96-ға дейін) төмендеді.

Тіркелген жол-көлік апаттар саны 39,1%-ға немесе 285 ЖКА (2014 жылы 729-ден 2016 жылы 444 дейін) төмендеді, оның ішінде онда қайтыс болғандар саны 50%-ға немесе 64 адамға төмендеді (128-ден 64 дейін). ауырлық дәрежесі әр түрлі жарақат алғандар саны34,5%-ға немесе 322 адам (934-тен 612 дейін) төмендеді.

2014 – 2016 жылдар аралығындағы кезеңде Жол қозғалысы ережелерін бұзудың анықталуы 10,3%-ға төмендеуі байқалады (2014 ж. 86 689-дан 2016ж. 77 793 дейін). Сонымен бірге, 2014 жылы анықталу 16,1%-ға жақсарды (74 649-дан 86 689 дейін), 2015 жылы 8,1%-ға (86-689-дан 93 704 дейін).

Өңірде дін ахуалы тұрғындар арасында дінге дәстүрлі көзқарастың басымдылығымен, ұлысаралық және дінаралық қарсылықтар үшін принципиалды себептердің болмауымен сипатталады. 2014-2016 жылдардағы кезеңде тіркелмеген дін ұйымдары қызметін жүзеге асырудың факті анықталмады.

2014-2016 жылдары қылмыс құрылымында есірткі қылмыстарының үлесі 1,13%-дан 1,12%-ға дейін төмендеді.

2016 жылы облыс аймағында 660 есірткі қылмысы тіркелген, бұл 2014 жылғы деңгейден 1,9%-ға төмен (2015 ж. – 320, 2014ж.-312).

2014-2016 жылдары есірткі сату фактілерінің саны 174-тен 196 дейін (12,6%) ұлғайды, есірткі сақтау 93-тен 72 дейін (22,6%) төмендеді.

Заңсыз айналымнан алынған есірткі заттарының жалпы салмағы 343,476 кг құрады, бұл 2014 жылғы деңгейден 1,8 есе төмен (2014ж. – 624,146 кг).

Облыс аумағына есірткі заттарының арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жүргізілген іс-шаралар барысында, Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ біргіп, Қостанай облыс бойынша есірткі заттары контрабандасының 35 фактісі анықталды (2015ж. - 41, 2014ж. – 36 факт), оның нәтижесінде заңсыз айналымнан 1,672 кг алынды. 25 адам ұсталды, олардың 4 РФ азаматы.

Қостанай облысындағы есірткі жағдайына әсер ететін белгілі фактор Ауғанстаннан, ортаазиялық республикалардан және елдің оңтүстік өңірлерінен Ресейге «оңтүстік-солтүстік» бағытындағы есірткі тасымалдаудың пайдалы «транзиттік дәлізі» ретінде оның географиялық орналасуы болып табылады.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары (S):

1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдайлары жасалған.

2.Қылмыс туралы барлық өтініштер мен хабарлардың толық тіркеуі;

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру.

4. Қолиция қызметкерлерінің қызметтік және жауынгерлік даярлық, жауынгерлік қабілеті мен кәсіби деңгейін арттыру.


Әлсіз жақтары (W):

1. Отбасы-тұрмыстық салада құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша шаралардың жеткіліксіздігі

2. Тұрмыстық маскүнемдік, маскүнемдіктің және нашақорлықтың алдын алу проблемаларының шешілмеуі.

3. Қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларға, әлеуметтік бейімдеу және оңалту деңгейінің жеткіліксіздігі

4. Ұйымдасқан балалардың бос уақыты нысандарының, өтеусіз аула клубтарының, үйірмелер, спорттық секциялардың жетіспеушілігі.

5. Қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейінің жеткіліксіздігі және полиция бөлімшелері оқу базасының болмауы.



Мүмкіндіктері (O):

1. Қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру;

2.Ақпараттық жүйелерді және электрондық деректер базасын жаңғырту және құру;

3. Құқық бұзушылық пен қылмыс саны өсуінің алдын алу бойынша дер кезінде шаралар қабылдау;

4. Террористік және экстремистік ұйымдар мүшелерін анықтау және ұстау бойынша іс-шараларды жүргізу;

5. «Мектеп» полиция инспекторларының институтын дамыту.

6. Полиция нарядтарының іс-қимыл жеделдігін арттыру.

7. Облыстың қалалары мен аудандарында бейне бақылау жүйесін құру.



Қауіп-қатерлері (T):

1. Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында қылмыстық топтардың белсенді шоғырландыру қауіпі артады.

2. Қазақстанмен шектес мемлекеттердегі тұрақсыз әлеуметтік-саяси жағдайы көші-қон ағынының және олардың қылмысына ілесуінің өсуіне ықпал етеді;

3. Дәстүрлі емес экстремистік бағыттағы ағымдарды білдіретін шетелдік миссионерлер мен діни бірлестіктердің қызметі.



Негізгі проблемалар

Жол қозғалысына қатысушылардың мінез-құлық мәдениеті төмен.

Облыс полицейлерінің, оның ішінде жол патрульдік полициясының бос лауазымдарының толықтырылмауы.

Автопатрульдердің, жылжымалы және стационарлық полиция бекеттерінің санын ұлғайту, оларды бірыңғай мәліметтер банкісіне кіруге мүмкіндігі бар компьютерлермен жарақтандыру.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалардың әлеуметтік бейімделуінің және оңалтудың толыққанды жүйесі жоқ.

Есірткі пайдалануда халықтың қатысу деңгейі жоғары.



Даму беталысы

Салауатты өмір салтын насихаттау, жол қозғалысы ережесін және қоғамдық тәртіп саласындағы заңнаманы сақтау мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Тәуліктік тәртіпте жол қозғалысы ережелері бұзушылықтарын бақылау және автоматты фиксациялау жүйесін дамыту.

Ерте нашақорлықтың алдын алу жүйесін құру қажет.

Мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту.

Жалпы мемлекеттік есірткіге қарсы насихаттау жүйесін қалыптастыруға тәсілдерін ұйымдастыруды жетілдіру, оның ішінде және заңнамалық деңгейде.

Барлық мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін пайдалана отырып пәрменді ақпараттық-насихаттау шараларының кешенін қабылдау.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және зардаптарын азайту

Облыс аумағы маусымдық су тасқынына, қыс мерзімінде тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттерге және төтенше жағдайларға тәуелді.

2014 - 2016 жылдар аралығындағы кезеңде облыста 591 техногендік және табиғи өрттің төтенше жағдайы тіркелген, онда қаза тапқандардың саны 237 адамды құрайды (2016 ж. -73, 2015 ж. - 84, 2014 ж.-80), 495 адам зардап шекті (2016 ж. -166, 2015 ж. - 155, 2014 ж.-174).

2014 - 2016 жылдар аралығындағы кезеңде облыста 91 адам суға батып кетті, оның ішінде 12 бала. 2016 жылы 21 жағдай тіркелді (оның ішінде 6 бала), бұл 2015 жылғы деңгейден 31%-ға төмен (2015 ж. – 36, оның ішінде 4 бала; 2014 ж.-34, соның ішінде 3 бала).

Төтенше жағдайлардың алдын алу және облыстың су айдындарында азаматтардың қаза болуына жол бермеу мақсатында облыстың төтенше жағдайлар департаменті бірқатар іс-шаралар кешенін жүргізуде:

Су айдындарындағы төтенше жағдайларға және шұғыл режимдегі жұмысқа жедел әрекет ету үшін суға шомылу маусымы кезеңінде Департаментінің, «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ-нің күштері мен құралдары дайындалады, олардың иелігінде 7 бірлік автомобиль және құтқару техникасы, 12 бірлік жүзу құралдары, сүңгуірлік жабдық пен керек-жарақтар бар.

Суда шомылу маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 2014-2016 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленген, онда су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаппай демалыс орындарында құтқару бекеттерін, медициналық көмек пункттерін, қоғамдық қауіпсіздік бекеттерін ұйымдастыру, сондай-ақ ішкі істер қызметкерлерімен бірлескен профилактикалық рейдтер мен патрульдік жұмыстар жүргізу бойынша іс-шаралар қарастырылған.

«Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ» құтқару бөлімшелерінің базасында құтқарушыларды
оқыту ұйымдастырылды. Оқыту мен даярлауды 30 құтқарушы – жасақшы өтті. Облыстың кішкентай тұрғындары үшін жүзу және суда ұстаудағы дағдыларын үйрету жүзеге асырылды. 2014-2016 жылдар кезеңінде 1189 бала оқытылды (2016 ж.-192, 2015 ж. - 241, 2014 ж. - 756).

Облыс аумағында 2 ресми жағажай бар (Қостанай қ., Жітіқара қ.), бұл халықтың су қоймаларында жаппай демалуы үшін жеткіліксіз.

Қарлы борандар ұзындығы 870,5 км республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың 306 участкесінде автомобиль көлігінің қозғалысын қиындатуы немесе толық тоқтатып тастауы мүмкін.

2014-2016 жылдардағы қыс кезеңінде облыстың автожолдарында 221 құтқару операциясы өткізілді, 5514 адам эвакуацияланды, (оның ішінде 258 бала), қар құрсауында қалған 1857 бірлік техника босатылды.

2014-2016 жылдар кезеңінде, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл, қысқы, су тасқыны, өрт қауіпі кезеңдерінде төтенше жағдайлардың алдын алу, суда адам өлімін болдырмау мәселелері бойынша түрлі тақырыптарға (Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары, Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігінің ережелері, Ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және т. б.), ТЖ мен өрт қауіпсіздігінің алдын-алу бойынша БАҚ-та 12197 материал орналастырылды (2016 ж-5409, 2015 ж. - 5407, 2014 ж. - 1381), оның ішінде: теледидарда 1049 сюжет (2016 ж.-458, 2015 ж. - 457, 2014 ж.-134), радио мен кәсіпорындардың радионүктелерінде 7674 баяндама (2016 ж-3594, 2015 ж. - 3610, 2014 ж. - 470), баспа басылымдарында 1773 статья жарияланды (2016 ж-775, 2015 ж.-774, 2014 ж.-224), ҚР ІІМ ТЖК және Департаменттің интернет – ресурстарында 1524 материал орнатылды (2016 ж-536, 2015 ж. -522, 2014 ж. - 466), ақпараттық агенттіктердің электронды беттерінде 177 материал орнатылды (2016 ж-46, 2015 ж. - 44, 2014 жылы - 87).

Мемлекеттік орман қорының 211 мың гектарынан астамы орман өрттерінің туындау қаупіне бейім, жазық дала алқаптарында және ауыл шаруашылығы алқаптарында өрттердің туындау мүмкіндігі жоғары. 2014-2016 жылдардағы кезеңде жалпы аумағы 3825 га 68 табиғи өрт тіркелді. Материалдық шығын 20,2 млн. теңгені құрады.

«Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары» әзірленуде, ол жалпы саны 140 адам және 29 бірлік өрт сөндіру техникасымен жиынтық жасағын қалыптастыруды көздейді.

Өрт қауіпі кезеңінде облыс аумағында төтенше жағдайлардың ғарыштық мониторингі жүргізілуде («GeoSat» ЖШС).

Өрт сөндірудің мемлекеттік мекемелері құрылмаған дала өрттерін, сондай-ақ елді мекендердегі өртті жою мәселелерімен шаруашылық жүргізу объектілері мен ауылдық округтерде құрылған 706 өртке қарсы құрылымдар еріктілері айналысады. Олардың жарағында 119 бірлік өрт сөндіру және 1106 бейімделген техника бар, жеке құрамнда 4592 адам.

2014 - 2016 жылдар кезеңінде ЖШС, ШҚ базасында Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 49 ауылды қосымша өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ететін 10 өрт сөндіру бекетін, сондай-ақ жалпы тұрғындардың саны 24,5 мың адам қорғалатын елді мекендердің жанында орманды дала аумағын құрды.

Азаматтық қорғау облыстық аумақтық кіші жүйесі күштерінің төтенше жағдайлардың барлық спектріне шұғыл ден қою дәрежесінің, оның ішінде апаттық-құтқару қызметі құрылымдарының хабарлау, ақпараттық қамтамасыз ету және байланысу, жеткіліксіз техникалық жарақтандырылуы сияқты құтқару жүйесін құрастырудың аяқталмауына байланысты төмендеуде.

Апаттар мен апаттық жағдайларға қарсы іс-әрекеттер және жою жөніндегі шаралардың кешені олардың көп қаржы талап етуіне байланысты жеткілікті көлемде іске асырылмай отыр.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелері жоқ елді мекендерді өртке қарсы қорғау деңгейі төмен болып отыр.

Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар Комитетінің «Азаматтық қорғаудың Республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС төтенше жағдайлар туындаған және әскери қақтығыстар немесе осы қақтығыстар салдарынан төтенше жағдайлар пайда болған кезде қорғану тәсілдері және іс-қимылдарға оқытуды жүзеге асыру мүмкіндігі.



Даму беталысы

1. Ауылдық елді мекендерде өрт сөндіргіш деполары құрылысы, оларды күш және қаражатпен қамтамасыз ету (адамдар және өрт сөндіруге арналған арнайы техника).

2. Су тасқыны және өрт қауіпті кезеңдерде ғарыштық және жер үстінгі мониторингті жүргізу ТЖ салдарынан болатын экономика залалын барынша төмедетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, орман және дала өрт көздерін дер кезінде анықтауын жеделдетеді, сондай-ақ төтенше жағдайлардың пайда болудың ерте кезеңінде қорғаныс іс-шараларын жедел жоспарлау әрекетін жоғарылатады.

3. Су тасқынына және селге қарсы инфрақұрылымды құру бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.

4. Азаматтық қорғаудың насихаттау саласындағы оқу-материалдық базасын жақсарту.

5. Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау бойынша, әр түрлі қарқындағы әскери даулар туындаған кезде халықтың аман қалуын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық құралдардың жеткілікті көлемін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары (S):

1. Желқуар және Тобыл өзендерінің қоймаларында орналасқан елді мекендердің су тасқыны кезінде су астында қалуын болдырмау үшін «Қостанай облысы Жітіқара ауданының Желқуар су қоймасының айналма каналын қайта құру» жобасы іске асырылды.

2. Алтынсарин ауданының Шоқай және Свердловка селоларындағы бөгеттердің күрделі жөндеуі.

3. Облыс халқын теле мен радио каналдармен, смс-хабарлармен пайдаланып, төтенше жағдайлардың қауіп-қатері туралы хабарлау.



Әлсіз жақтары (W):

1. Табиғи және техногендік сипаттағы қауіп төнген немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде халыққа шұғыл ақпаратты толық көлемде беруге халықты хабардар етудің қолданыстағы жүйесінің қабілетсіздігі.

2.Жергілікті атқару органдарының құрылымдары мен азаматтық қорғау қызметтер құралымдардың авариялар мен дүлей апаттардың аймақтарында шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтармен, құралдармен және жарақтармен төмен жабдықталуы.


Мүмкіндіктері (O):

1. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, түрлі төтенше жағдайлар кезінде қолданылу ережелері бойынша көрнекі құралдарды тарату азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы білімдерді насихаттау бойынша кең көлемдегі жұмыстар жүргізу.

2. Табиғи өрттердің залалдарын айтарлықтай қысқарту, сондай-ақ елді мекендерді, шалғайдағы аудан орталықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін өрт сөндірудің тірек пункттерінің санын дамыту және көбейту.

3. Тасқын қауіпті учаскелерді инженерлік қорғау бойынша іс-шаралар өткізу.



Қауіп-қатерлері (T):

1. Су тасқынының теріс салдары облыстың 23 елді мекендеріне су деңгейінің көтерілу қауіпін төндіруде.

2. Мемлекеттік қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендеріндің өртке қарсы қорғаудың деңгейі төмен.


жүктеу 4,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау