Бағдарламасы мазмұны паспорт (негізгі сипаттамалары) 2


АЕМ-де мәдениет және спорт



жүктеу 4,57 Mb.
бет12/24
Дата26.05.2018
өлшемі4,57 Mb.
#17936
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

АЕМ-де мәдениет және спорт

2017 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 369 ауылдық елді мекендердің жерінде 642 мәдениет объектілері бар, соның ішінде: 280 клуб (жұмыс істейтін 271), 357 кітапхана, 5 мұражай.

2014 жылмен салыстырғанда кітапханалар желісі 2016 жылы жүргізілген оңтайландыруға байланысты 24 бірлікке азайды.

Облыстың 345 ауылдық елді мекенінің жерінде келесі спорттық объектілер бар: 15 ДЮСШ, 25 стадион, 21 жабылған спорттық кешен, 471 спорттық зал, олардың ішінде 372 жалпы білім беретін мекемелерде, 5 бассейн және 13 шаңғы базасы.

АЕМ мәдениет объектілерінің толық қызмет етпеуінің жалпы проблемалары: ауыл тұрғындарының аз болуы, алыс қашықтықта орналасқан ауылдарды мәдени-ағартушы іс-шаралармен қамтамасыз ету үшін автокөлік санының жеткіліксіздігі, сонымен қатар мәдениет ұйымдарын, тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіретін шаруашылықты субъектілеріне, мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жеткіліксіз қаржы бөлу болып табылады.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:



Күшті жақтары:

1.Мәдениет саласын қаржыландыруға және жаңа объектілерін салуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлу.

2.Мәдени объектілерге қатысу деңгейін ұлғайту.

3.Өткізілген мәдени-бұқаралық іс-шаралардың санын ұлғайту.

4.Мүгедектер үшін мәдениет мекемелерінің қолжетімділігін арттыру.

5.Туристік қызығушылық білдіретін мәдениет объектілердің санын арттуы.



Әлсіз жақтары:

1. Кадрлардың тұрақтамауы және мамандар тапшылығы.

2.Қорғау міндеттемелері барлық тарих және мәдениет ескерткіштері бойынша жоқ

3. Ескерткіштер бойынша есеп, қорғау және бақылау жүргізілмейді, олар бойынша бүгінгі күні күзет міндеттемелері жасалмаған (ескерткіштердің бұзылуы және жоғалуы нәтижесінде).

4. Мекемелер желісі мен кітап қоры бойынша ең төменгі мемлекеттік нормативтердің болмауы.


Мүмкіндіктері:

1.Жаңа мәдениет нысандарының құрылысы, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандыруын жақсарту.

2. Мүгедектер үшін мәдениет қолжетімділігін қамтамасыз ету.

3. Өңірдің жас әртістерін жылжыту үшін республикалық конкурстарға қатысу.

4. Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру.


Қауіп-қатерлері:

1. Ауыл тұрғындары санының аздығы.

2. Шалғайдағы ауылдарды мәдени-ағарту іс-шараларымен қамтамасыз ету үшін автокөлік санының жеткіліксіздігі.


Негізгі проблемалар:

Ауылдық кітапханаларда Интернет желісіне қол жеткізуге компьютерлендірудің болмауы (24 орталық аудандық кітапханалардан және 13 орталық аудандық балалар кітапханасынан басқа)

Мәдениет қызметкерін даярлау орталықтарының болмауы. Бейіндік білімі бар мамандардың жетіспеушілігі.

Әлсіз материалдық-техникалық жарақтандыру (музыкалық аспаптардың, заманауи жабдықтардың, сахналық костюмдердің жетіспеуі), бұл қызметтің сапасына әсер етеді.



Тілдерді дамыту

Облыста ересектердің мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту инфрақұрылымы қалыптасқан. 2012 жылдан бастап аудандар мен қалалар әкімдіктердің маңында (Амангельды мен Жангельды аудандарды санамай) 18 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.

Тілдерді оқыту орталықтарын ашу тілдерді оқытудың бірегей инфрақұрылымын құруға мүмкіндік берді, бұл мемлекеттік тілді оқыту сапасына және облыс тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне оң әсерін тигізеді.

Жыл сайын мемлекеттік тілді оқитын ересек тұрғындардың саны өсіп келеді. 2014 жылғы 01 қаңтарға мемлекеттік тілді оқитындардың саны 9,8 мың адамды құрады, олардан 3,6 мыңы қазақ тілін қазіргі заманғы оқыту құралдарымен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтылған тілдерді оқыту орталықтары базасында оқыды. 2017 жылдың 1 қантарындағы жағдай бойынша мемлекеттік тілді 10253 адам үйренуде. Олардан 4640 адам тілдерді оқыту орталықтары базасында.

Облыстық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары оқу-әдістемелік құралдар, кітапшалар, сабақтың жұмыс жоспарлары, «Мемлекеттік тілде құжат айналымы» курстарының тыңдаушылары үшін электрондық құрал және т.б. әзірледі.

ҚР ҒБМ-ң ұлттық тестілеу орталығының өкілдердің қатысуымен «Казтест» қазақ тілін білу деңгейінің бағалау жүйесімен және тестілеу өткізу жүрісімен танысу бойынша іс-шаралардың шеңберінде 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша диагностикалық тестілеуден 18688 адам өтті.

Мемлекеттік тілді оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында тілдерді оқыту бойынша бағдарламалар орналастырылатын басқарманың сайты құрылды. Қазіргі таңда мемлекеттік тіл порталы «Тіл порталы» мен SOYLE.KZ сайтына қол жетімділік қамтамасыз етілді.

2013 жылдан бастап мемлекеттік тіл мен қатар ағылшын тіліне оқыту ұйымдастырлған. 2017 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша ағылшын тіліне оқытумен 1447 тыңдаушы қамтылды.

Тілдерді оқыту үрдісіне әр түрлі қызмет салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары белсенді кірісіті: «Қазақтелеком» АҚ облыстық филиалы, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ облыстық филиалы, «Транстелеком» АҚ, «Фармация НЕО» ЖШС, «Компас» ЖШС және басқалар.

Ісқағаздарды мемлекеттік тілге аудару бойынша жұмыстар дәйекті түрде жүргізілуде. Құжат айналымының жалпы көлемінде мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізудің үлес көлемі 2014 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу 86% құрады. 2017 жылдың 01 қаңтардағы жағдай бойынша аталған көрсеткіш 93%-ға жетті. Өсімнің оң тенденциясы байқалады. Бұл ретте, бұл қазақ тілімен бірге орыс тілі де ресми түрде қолданылатынын атап өту қажет.

Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі нығаюда. 2014-2015 оқу жылдарында оқушылардың 29,6% қазақ тілінде оқыды. 2015-2016 оқу жылдарында осы көрсеткіш 30,3% құрады.

Қазақ ұлтының ана тілінде оқитын оқушыларының үлесі ұлғаюда. 2014-2015 оқу жылында аталған көрсеткіш 59,8% құрады. 2016-2017 оқу жылы қазақ ұлты оқушыларының 59,9% ана тілінде білім алуда.

Мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясы нығаюда. Тұрғындарға мемлекеттік тілді үйренуге қолдау көрсету мақсатында «Алау» телеарнасында және «Рудный дауысы» радиосында қазақ тілі сабақтары өткізіледі («Тілашар» телесабақтары, «Изучаем казахский язык» радиосабақтары), «Костанайские новости», «Федоровские новости», «Арқалық хабары» газеттерінде «Изучаем казахский язык» арнасы қызмет етеді.

Әр түрлі деңгейде облыс халқының қазақ тілін меңгеру деңгейі 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 63%-ды құрайды, соның ішінде: жоғары деңгейде -37,5%, орташа деңгейде -12,1% төмен деңгейде-13,3%.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында облыс әкімдігі Қостанай облысында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.

Өңірдің лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында бірқатар ұлттық-мәдени орталықтар жанында жексенбілік мектептердің жұмыстары ұйымдастырылған. Тілдерді оқыту орталығының базасында этникалық топтардың тілдеріне оқыту ұйымдастырылған.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары:

1.Тілді оқыту инфрақұрылымын құруы (тілді оқыту үшін 18 орталық);

2.Тілді оқыту орталықтарының материалдық-техникалық базасын бекіту;

3.Мемлекеттік тілін білетін халық санын ұлғаюы;

4.Өткізетін тіл саясатын облыс халықтың қолдауының жоғары деңгейі.


Әлсіз жақтары:

1.аумақтарда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркелкілігі;

2.өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі мемлекеттік тілді дамытудағы проблемалар болып табылады;


Мүмкіндіктері:

1.Аккредитивтік тілдерді оқыту орталықтарын ашу

2.Өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігінде мемлекеттік тілді насихаттау және енгізу.

3. Мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу үрдісінде коммуникация, ойын-сауық, демалыс салаларында оны белсенді қолдану аясын кеңейту, отбасылық құндылық ретінде мемлекеттік тілді қолдану мерейін арттыру және насихаттау, балаларды мемлекеттік тілде танымдық, радио және теле бағдарламаларды оқып-үйренуді қалыптастыруда БАҚ рөлін күшейту



Қауіп-қатерлер:

1. Іскери қарым-қатынас, бизнес, ғылым және халыққа қызмет көрсету саласы мен мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесінде де мемлекеттік тілді қолданудың төмен деңгейі



Негізгі проблемалар:

халыққа қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілдің жеткіліксіз қызмет атқаруы, әлеуметтік-қоғамдық;

оқытудың сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік тілде оқытудың әдістемелік базасының әлсіздігі.

Даму тенденциялары

Қолданыстағы тілдерді оқыту орталықтарын аккредиттеу.

Аймақтың әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілді насихаттау және енгізу.
Дене шынықтыру және спорт

2015 жылы дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысатын тұрғындардың саны 260,1 мың адам – облыс тұрғындарының жалпы санынан 29,4% құрады. Үш жыл аралығында облыс тұрғындарының дене шынықтырумен және спортпен айналысумен қамтылу серпіні 1,4% немесе 11,3 мың адам құрады.



Көрсеткіштің атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы

Дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысатын тұрғындардың саны (мың адам)

248,8

256,9

260,1

260,7

Тұрғындар саны %

28,0

29,1

29,4

29,7

Жыл сайын 6 мыңнан астам спорт іс-шаралары, оның ішінде ауылдық жерлерде – 2,5 мың іс-шара өткізіледі. Іс-шараларға 400,0 мың адам, оның ішінде ауылдық жерлерде – 220,0 мың адам қатысады.

Дене шынықтыру жұмысын дене шынықтыру және спорт бойынша 2,44 мың штаттық жұмыскер, оның ішінде ауылдық жерлерде 1,2 мың адам жүргізеді.

Бұқаралық дене шынықтыруды дамыту үшін дене шынықтыру бойынша методистер санын ұлғайту жөнінде жұмыстарды жалғастыру қажет, әсіресе ауылдық жерлерде. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста дене шынықтыру бойынша 315 метосдист жұмыс істейді, оның ішінде 203 методист ауылдық округтарда. Методистер жұмысымен ауылдық округтарды жүз пайыз қамту алты өңірде қамтамасыз етілген – Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Науырзым, Таран және Ұзынкөл аудандарында. Жалпы облыс пойынша методистер жұмысымен 73% немесе 178 ауылдық округ қамтылған.

Бұқаралық дене шынықтыруды дамытуды ынталандырудың бірі спорт ғимараттары желісін кеңейту болып табылады. 2014 - 2016 жылдар аралығында 23 спорт объектісі, оның ішінде Федоров к. және Қостанай қ. екі спорт кешені, Мендіқара ауданында бір шаңғы базасы, 4 хоккей корты және 16 спорт алаңы пайдалануға берілді.

2017 жылғы 1 қаңтарға спорт кешендерінің саны 2445 бірлікті құрайды. Бұқаралық спортпен айналысуды ұйымдастыру үшін бар 33 стадион, 2 спорт сарайы, 44 спорт кешені, 1234 жазық-алаңшалық ғимараттар, 874 спорт алаңы, оның ішінде 127 жасанды қақпасы бар.


Спорт инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар

30-кесте

(млн. теңге)





2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Жергілікті бюджет

1167,9

528,3

78,3

Тартылған қаражаттар

592,2

15,4

42,8

Барлығы

1760,1

543,7

105,2

31 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысы қамтамасыз етілді. 2016 жылы балаларға қосымша білім беру мектептен тыс спорт мекемелері желісі екі бірлікке артып. Екі жеке меншік футбол мектеп – «Дерби» балалар футболының академиясы және «Юниор» футбол мектебі Қостанай қаласында ашылды.

2014-2016 жылдарға арналған кезеңде спорт мектептерінде шұғылданатын балалар контингенті 840 адамға артты және 18219 адамды құрады. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қосымша спорт бойынша білім берудің қамту пайызы жыл қорытындысы бойынша 18,0 %-ды құрады.

Спорт мектептерінде 36 спрот түрі бойынша 163 бөлімшенің жұмысы қамтамасыз етілді, соның ішінде 128 бөлімше олимпиадалық спорт түрлері бойынша, 16 – ұлттық спорт түрлері бойынша 19 – олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде 533 жаттықтырушы-оқытушы сабақ жүргізеді, оның ішінде 361-штаттық жаттықтырушы-оқытушы.

Облыста 2862 жасөспірім айналысатын 31 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы құрылған. Клубтар жұмыс істейді: Лисаков қаласында – 3, Қостанай қаласында – 19, Қостанай ауданында – 4, Жітіқара ауданында – 5.

31-кесте

Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен қамту серпіні





2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен қамту пайызы

20,2

20,4

20,6

Спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдер саны, мың адам

20,3

20,5

20,8

Талдау көрсеткендей, салауатты өмір салты мен бұқаралық дене шынықтыруға халық арасында қызығушылық артып келеді. Спортпен шұғылданатын азаматтар санының өсуі байқалады. Спортпен белсенді шұғылдануға халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін спорт объектілерін салу мен қайта жаңарту және спорт мекемелері ұсынатын дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін кеңейту бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Балалар мен жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға тарту үшін дене шынықтыру дайындығының спорт мектептері мен балалар-жасөспірімдер клубтарын кеңейту бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Жаңа спорт кешендерін құру қажет.

Негізгі проблемалардың бірі – дене шынықтуру және спорт секторынан кадрлардың кетуі.

Жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарын қаржыландыруды ұлғайту қажет.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:



Күшті жақтары

1.Тұрғындардың спорт объектілеріне баруын ұлғайту;

2. Спорт объектіліренің құрылысы кезінде мелекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру.


Әлсіз жақтары

1.Материалдық-техникалық базаның төмен деңгейде жабдықталуы;

2.Спорт залдарының жеткіліксіздігі. ауылдық елді мекендердің барлығы спорт бойынша методистің жұмысымен қамтылмаған


Мүмкіндіктері:

1.Облыстық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спорт сабақтары үшін жағдайлар жасау;

2.Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу;

3.Қолданыстағы спорт объектілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу;

4.Барлық қызмет салаларында жұмыскерлердің кәсіби деңгейін арттыру (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру).


Қауіп-қатерлері:

1. Халықаралық деңгейдегі ресми жарыстарда жоғары спорт нәтижелерін көрсететін спортсмендер мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жетілдірілмеген нысандарының салдарынан кадрлардың аталған сектордан кетуі туындап отыр және осы бағытта біліктілігі жоғары мамандар қызығушылығының төмен болуы байқалып отыр.



Жүргізілген талдау негізінде облыстың қалалары мен аудандарында дене шынықтыру мен спорттың дамуын тоқтатып тұрған негізгі проблемалар анықталды:

1.Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы;

2.Спорттық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықтаудың төмен деңгейі;

3. Жаттықтырушы-оқытушылар құрамы еңбекақысының төмен деңгейіне байланысты дене мәдениеті және спорт секторынан білім беру секторына білікті кадрлардың кетуі.

4. 2016 жылы 669 ауылдық елді мекенде барлығы 21 спорт кешені бар, 203 спорт жөніндегі методист жұмыс істейді.

Туризм

Облыстың туристік әлеуеті бай, алуан түрлі және туризмнің барлық түрлерін, емдік және белсенді түрлерін дамыту үшін бірегей мүмкіндігі бар.

Облыста негізгі туристік дестинация: Қостанай ауданы мен Қостанай, Рудный және Лисаков қалаларында демалыс базалары, балалар сауықтыру лагерлері орналасқан Алтынсарин ауданының курорттық аймағы шипажай болып табылады.

Әулиекөл, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарының кең аумақты және алуан түрлі табиғи ландшафттары рекреациялық, спорттық туризм және емдеу-сауықтыру демалыс үшін тамаша жағдай жасайды.

Өңірде көптеген көлдер, өзендер және пайдаланушыларға аңшылық алқаптар орналасқан, аң аулау және балық аулау туризмін дамуына ықпал ететін 103 аңшылық шаруашылық және 128 балық су айдындарының пайдаланушылары есептелген.

Мәдени-танымдық туризмді дамыту үшін әлеуетті өңір облыстың оңтүстік аудандары (Амангелді, Жангелді, Наурызым аудандары және Арқалық қаласы) болып табылады, онда мұражайлар, ескерткіштер, өлке және қазақ этносының тарихы орналасқан. Амангелді ауданының аумағында Торғай геоглифі орналасқан. Геоглифтер облыстың мінәжат орны болып табылады және зиярат ету нысаны болуы мүмкін.

Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы тұмса табиғатының алуан түрлілігі мен байлығы экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

2016 жылы туристерді жайғастыру үшін объектілердің саны 111 бірлікті құрады, оның ішінде 89 қонақ үй, 9 балалар лагері, 2 туристік база, 1 мотель, 9 бунгало, «басқа да тұрғын үй» санатынан 1, бұл 2014 жылғы деңгейге қарағанда 16,8%-ға көп (2014 жылы – 95 бірлік).

2016 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 1122,3 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың деңгейінен 1,1%-ға артық (2014 жылы – 1109,9 млн. теңге).

Ішкі туризмнің төмендеуі байқалады. 2016 жылдың қорытындылары бойынша резидент туристтерінің саны 134,5 мың адамды құралды, бұл 2014 жылғы деңгейден 24,7%-ға төмен (2014 жылы – 178,7 мың адам).

Сонымен қатар, 2016 жылы облысқа келуші шетелдік туристер саны 61,3%-ға артты және 12,1 мың адамды құрады (2014 жылы – 7,5 мың адам).


Сала дамытудың Swot-талдауы:

Күшті жақтары:

1. Бірегей табиғи және мәдени-тарихи ресурстардың болуы.

2. Көлік қатынасында ыңғайлы, елдің басқа өңірлерімен байланыс.

3. Қостанай облысы автомобиль және темір жол қатынасының көлік торабымен транзиттік аймақ болып табылады.

4. Наурызым қорығының және табиғи қаумалдардың болуы.

5. Туристік игеру үшін жарамды орман алқаптарының және су қоймаларының бар болуы.

6. Базалық санаториялық-курорттық объектілердің болуы.


Әлсіз жақтары:

1. Облыс аудандарында инфрақұрылымның дамымауы немесе әлсіз дамуы.

2. Табиғат ресурстарын тиімсіз пайдалану.

3. Мәдени-тарихи нысандарды қорғау, қалпына келтіру және консервациялау бойынша қабылданып жатқан шаралардың болмауы.

4. Дамыған қонақ үй-мейрамхана шаруашылығының болмауы.

5. Туристік орындарға апаратын жолдардың нашар жай-күйі және/немесе болмауы.

6. Қонақ үй қызметі және қонақ үй тамақтану қызметі саласында сервис деңгейінің төмендігі.

7.Жол бойындағы сервистің дамымауы.



Мүмкіндіктері:

1. Қала мен облыстың кәсіпорындары арасындағы экономикалық өзара әрекеттесуді күшейту;

2. Облыстың шалғай аймақтарының инфрақұрылымын дамыту;

3.Ішкі және кіру туризмін дамыту.

4. Этнотуризм мен экотуризм бағыттарын құру.

5. Тарихи ескерткіштер мен естелік орындарды (объектілерді) қалпына келтіру, тиімді пайдалану және қорғау.

6. Табиғи-ландшафтық аумақтарды сақтау және табиғатты қорғау шаралары және абаттандыру есебінен қоршаған ортаның сапасын жақсарту;

7. Туризімнің инфроқұрылымдық бәсекелестігін құру мүмкіндігі.

8. Облыс аудандарының халықын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге.

9. Бюджет кірістерінің және түсімдерінің өсуі.



Қауіп-қатерлері:

1. Инвестициялық тапшылықтың өсуі және соның салдары ретінде, құрылыс бағдарламаларын тоқтата тұру немесе бұралу, сондай-ақ жаңа құрылыс, қолданыстағы автомагистральдарды. қайта құру;

2. Көршілес облыстар мен Ресей Федерациясында ұқсас турөнімдер көздерінің тарапынан бәсекелестіктің күшеюі;

3. Күзету шараларын қабылдамаған жағдайда қолда бар объектілер мен ресурстарды жоғалту мүмкіндігі;

4. Туристік сұраныстың маусымдылығы.

5. Сыртқы (көшпелі) туризм тарапынан бәсекелестік.

6. Туристік-рекреациялық бизнесте дағдылары мен кәсібилік деңгейінің төменділігі;

7. Ұсынылатын туристік қызметтерге қызмет көрсету сапасы мен деңгейі бағасының сәйкессіздігі.

8. Қаржы және инвестициалық ресурстардың тапшылығы


Негізгі проблемалар:

1) туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы

Қонақ үйлерді, пансионаттарды, үйлер мен демалыс базаларын, сонымен қатар шипажайлық-курорттық ұйымдарды қоса алғанда орналастыру обьектілерінің материалдық базасы моральдық және физикалық тозу деңгейімен сипатталады;

2) қонақ үй қызметінің төмен деңгейі

Туризм ауқымдары, түрлері, сапасы және туристерге орналасу орындарын ұсыну халықаралық талаптарға сәйкес келмейді;

3) әлсіз насихаттау және облыстың тарихи-мәдени орындары бойынша туристік маршруттарды жылжыту;

4) өңірді шетелде төмен деңгейде білуі

Әлемдік нарықта облыстың имиджін көтерудің жеткіліксіздігі, өңірдің туристік әлеуеті жөнінде жарнамалық ақпараттардың жеткілікті көлемде болмауы.


Ішкі саясат

1077 қоғамдық ұйымдарымен әрекеттесуі іске асырып жатыр, оның ішінде: саяси партиялардың облыстық бөлімшелері - 6, этномәдени бірлестіктер – 18, этнобағдарлы бірлестік – 64, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) - 989 ауыл ҮЕҰ үлесімен - 25%.

Соңғы 3 жыл бойынша ҮЕҰ саны 3%-ға артты (2014 ж. – 737).

Қостанайдағы ҮЕҰ-дың негізгі қаржыландыру көзі жыл сайынғы ұлғаюымен және салалық көзқарасының кеңейтуімен сиппаталатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады.

2016 жылы ҮЕҰ жобаларының қаржыландыру көлемі 131,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде 55 млн. теңге өңірлік қаржыландыру және салалық қаржыландыру – 76 млн. теңге.

Облыстың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыруға 82 үкіметтік емес ұйым тартылды. ҮЕҰ қызметтерімен әр түрлі нысаналы топтардың 277,5 мыңнан астам адамы қамтылған, бұл облыс халқының жалпы санынан 31,5% құрайды.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті қарым қатынасын қамтамасыз ету шеңберінде тұрақты қызмет ететін диалогтық алаңдардың жұмысы қалыпқа келтірілді, олардың араларында Медиа-форум, Азаматтық форумдар, ауылдық ҮЕҰ форумы, Патриоттар форумы, Аймақтық жергілікті ғылыми-практикалық конференциясы, этникааралық қатынастар мәселелері бойынша аймақтық жергілікті семинары, Достық үйінің зияткерлік қонақ үйі бар қоғамдық тыңдаулар дәстүрлі болып табылады.

Қазақстанның жаһандық халықаралық ұйымдардағы көшбасшылығын мойындаудың жетекші факторларының бiрi облыстағы мемлекеттiк саясатты, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының негiзгi бағыттарын және оларды іске асыру барысын түсiндiру мен насихаттау жөніндегі жұмыстар қолдайтын iшкi саяси тұрақтылық болып табылады. Тұрғындардың арасындағы ақпараттық-насихаттау жұмысы басты тетік болып табылады. Мемлекет басшысының Жолдауын негізге ала отырып, облыстық ақпараттық топ (АТ) құрамы жасақталады.

Аудандар мен қалалар халқының қалын ортасын ақпараттандыру үшін 2016 жылы мемлекеттiк органдардың жетекшiлерi, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарынан, жұртшылық пiкiрiнiң жетекшiлерiнен біріктірген 21 ақпараттық-насихаттау топ жұмыс жасады (1 облыстық, 20 қалалық және аудандық АТ).

Облыста 64 этнобағытталған бірлестік қызмет етіп келеді, 18-і облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына кіреді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрақты негізде ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттау бойынша «Достық керуені» тобының ақпараттық-насихаттау тақырыптық қызметі ұйымдастырылған.

2017 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша Қостанай облысының аумағында 125 бұқаралық ақпарат құралдары, оның iшiнде 90 газет және журналдар, 35 электрондық БАҚ (15 кабельдік теледидар студиялары, 9 радиостанция, 10 телекомпания және 1 авторлық теледидар студиясы) тіркелген. Олардың 95%-ы мемлекеттік емес болып табылады.

Қостанай облысындағы 45 бұқаралық ақпарат құралының өзіндік интернет-ресурсы бар. Одан басқа, ақпараттық агенттіктің 1 сайты, облыс әкімінің интернет-порталы, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің 20 интернет-ресурстары, облыс әкімдігі басқармаларының 25 сайты, облыстық департаменттер мен мемлекеттік мекемелердің 21 сайты қызмет етіп келеді.

2016 жылы облыс бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырыс 422,9 млн. теңгені құрады (оның ішінде 247,1 млн. теңге – облыстық бюджет қаражаты, 175,8 млн. теңге – қалалар мен аудандар бюджеттерінің қаражаты).

Мемлекеттік тапсырыс жүйесіне 30 облыстық, қалалалық, аудандық газет, 3 республикалық газет пен 14 телерадиостудия қатысады.

Елді дамытудың негізгі басымдықтары мен облыстық, аудандық және қалалық БАҚ арқылы өткізілетін мемлекеттік саясат туралы облыс тұрғындарының ақпараттандыру деңгейі 2016 жылы 80% құрады.



жүктеу 4,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау