Қазақ тілі сабағында АҚТ мүмкіндіктерін қолдана отырып, интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру арқылы
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Балпекова Г.С.
№1 жалпы орта білім беру мектебі. Қазақ тілі.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғанымен, бүгінгі таңда оның қолданылу аясы қанағаттанғысыз екені ешкімге жасырын емес.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп,«әттеген –
ай !» дегізетін мәселелер төңірегінде іздену әр ұстаздың міндетіне айналды. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін : оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту,көру,қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет.
Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Қазақ тілі сабағында АҚТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы, интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін, білім сапасын, қазақ тіліне деген қызығушылығын жоғарлатуға көмектеседі.
Осы жерде модульдік технологияның ерекшеліктеріне тоқталып біраз түсініктеме берген жөн. «Модуль» деген - қандай да бір жүйенің бөлігі, яғни оқу процесінің ортақ құрылымы, бірақ әр түрлі мазмұны бар жекеше бөліктерден тұрады. Модульдік оқыту технологиясы баланы оқытып қана қоймай, оның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу процесін «диалогтік» қарым-қатынас негізінде құруға тиімді болып саналады.
Модульдік оқыту технологиясының мазмұны:
Модульдік оқыту технологиясының құрылымы;
Оқу модулінің кіріспе бөлімі;
Оқу модулінің диалогтік бөлімі;
Диалогтік бөлімді дайындаудың негізгі этаптары;
Диалогтік бөлімді құру принциптері;
Танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыруда оқушылардың білімділік дәрежесін есепке алу;
Шығармашылық және технология;
Оқу модулінің диалогтік бөлімінің ерекшеліктері;
Психологиялық атмосфера;
Диалогтік бөлім - оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру;
Ойын арқылы оқыту технологиясы;
Дискуссиялық формалар;
Ойын арқылы оқыту технологиясы;
Диалогтік бөлімде оқу еңбегінің нәтижелерін бағалаудың мәні мен мағынасы;
Оқушылардың іс - әрекетін бағалаудың оқу модуліндегі нұсқаулары;
Оқу еңбегінің нәтижелерін бағалау;
Оқу модулінің қорытындысы және бақылаудың басқа түлері. Бұл педагогикалық технологиялық негізінде "қалпына келтіре қайталай" оқыту циклының идеясы жатыр.
Сабақтарда да АҚТ мүмкіндіктерін қолдану барысында осы ерекшеліктерді ескеру қажет.
Модульдік оқыту технологиясының құрылымы үш бөліктен тұрады:
Кіріспе (модульге,тақырыпқа енгізу)
Сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесу арқылы танымдық қызметін
ұйымдастыру)
Әр оқу модулі әр түрлі сағат сандарынан тұрады. Зерттеулер көрсеткендей, 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі ең тиімді болып саналады. Модульдік технологияның әр бөлігінде АҚТ мүмкіндіктерін қолдануға болады. Мысалы, кіріспе бөлімінде Power Point бағдарламасын немесе электрондық оқулықтарды қолдануға болады. Оқушылар Интернет жүйесінен керекті суреттерді түсіріп әкеліп, фотоаппарат арқылы флипчарт кітапханасын толықтырады. Оқушылардың флипчарт кітапханасын толықтыру барысында қызығушылықтары артып, білім сапасы жоғарлайды.
Ал, сөйлесу бөліміне көшкенде:
- аспаптар панеліндегі " Мәтін" құралы арқылы клавиатура аспабын таңдап, мемлекеттік тілде сөз тіркестерін, мәтінді тез теруге дағдылынады.
- үй тапсырмасын тексеру, өткен сөздерді қайталаған кезде " Нысанды өндеу", "перде", " прожектор" қолдануға болады. Тез, аз уақыттың ішінде оқушылардың білімдерін тиімді анықтауға мүмкіндік береді.
- телеграф аспабы арқылы сабақтың тақырыбын жазуға болады және оқушылар сабақтың тақырыбына қайта-қайта назар аударып отырады.
- оқушылар есту, көру сезім мүшелері арқылы мәтінді меңгерту мақсатында флипчарт бетіне мєтін теріліп жазылады , музыканы да қосуға болады .
- мұғалім PowerPoint бағдарламасында жасаған слайдын флипчарт бетіне ауыстырып, аспап панеліндегі құралдарымен әр түрлі жұмыс жүргізе алады.
Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде, немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта «сұрақ-жауапты» қолдануға болады. Барлық оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін интерактивті тақталардың арнайы activote құралдары қолданылады.
Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, білімі нашар оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады. Осы аталған бағдарламалардың мүмкіндіктерін сабақта қолдану мұғалімнің уақытын үнемдеп, оқушыларды қазақ тілін білуге қызықтыра түседі.Сонымен қатар нәтижелерімен сол сәтте таныстыруға болады.
Қазақ тілін оқыту процесінде ActivStudio бағдарламасын қолданғанда осындай мәселелер анықталады:
1. техникамен жабдықтандыру мәселесі
2. психологиялық кедергілері
3. компьютерлік біліктілігінің төмен болуы
Бірінші мәселені шешу үшін, барлық кабинеттер интерактивті тақтамен жабдықтандырылуы керек. Тақта бір кабинетке берілгендіктен, қалған мұғалімдердің жұмыс істеуге ынтасы төмен болады. Сондықтан оқу бөлімінің меңгерушісімен бірге интерактивті тақтамен жүргізілетін бірнеше мұғалімдердің сабақ кестесіқұрастырылса, сонда ғана әр мұғалімге ActivStudio бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді қолдана отырып сабақ жүргізе алатындай мүмкіндік туады.
Модульдің қорытынды бөлімінде бақылаушы - бағдарламаны қолдануға болады. Бақылаушы – бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты, көпнұсқалықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасынан және тағы да басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп,білім беру үрдісінің сапасын жоғарлатып,оқушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін жоғарлатады.Сондықтан, әсіресе МАБ тапсыратын 9 сынып оқушыларына тестілеу бағдарламасы өте қажет.
Мысалы, 9 сынып оқушыларының қазақ тілінен білімін тексеруге арналған модуль тақырыптары бойынша тоқсан сұрақтан тұратын үш деңгейлік тест тапсырмаларының үлгісі бар. Бағдарлама үш деңгейдің сұрақтарын үлестіре отырып компьютерге отырған әр оқушыға арнап 30 сұрақтан тұратын тест нұсқасын дайындайды. Аяғында тестілеудің қорытындысын шығарады. Үш деңгейлік тесттер оқушылардың алған білімдерін қабілеттеріне қарай тексеруге мүмкіндік береді.
Қазақ тілі сабағында АҚТ мүмкіндіктерін қолдана отырып, интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру келесі нәтижелерге жеткізеді:
1. Уақыт үнемделеді.
2. Сабақтың сапасын көтереді.
3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.
4. Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |