Бағдарламасы мазмұны паспорт (негізгі сипаттамалары) 2



жүктеу 4,57 Mb.
бет15/24
Дата26.05.2018
өлшемі4,57 Mb.
#17936
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

Негізгі проблемалар

1. Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар жүйесінің қалыптасуы және ағымдағы шығындардың қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз қаржыландыру.

2. Сапалы жолдың, автожол көпірлері мен жол өтпелерінің болмауы.

3. Республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың тозуы.

4. Жол жабындарының көтеру қабілетін жоғалтуының үдеуі байқалады өйткені облыста жолдардың көбісі автомобильдің өсіне түсетін салмақ 6 тоннадан жоғары болмау керек деп белгіленген, 60-80 жылдары жобаланып, салынған, ал бүгінгі күні өске түсетін салмақ 10-12 тоннаға дейін жетеді және жолаушы мен жүк тасымалдаудың пайызы - 50%.

5. Елді мекендерді тұрақты жолаушы қатынасымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.

6. Жолаушыларды және жолжүкті заңсыз тасымалдау, бұл жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер етеді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Электрмен жабдықтау

Қостанай облысы энергияға тапшы болып есептеледі. Облыс аумағында орналасқан электр стансаларының электр энергиясын өндіруі жалпы пайдаланудың 30%-нан аспайды (2016 жылға жалпы облыс бойынша энергияны пайдалану – 4,6 млрд. кВт.с., 2015 ж. - 4,7 млрд. кВт.с.) және 1,3 млрд. кВт.с. құрайды. Облыс бойынша электр энергиясының тапшылығы 1500 км қашықтықта орналасқан Екібастұз-Павлодар энергия кешенінен тасымалдау есебінен жабылады.

Облыста электр энергиясын өндіруді: қуаттылығы 267 МВт Рудный «ССКӨБ» АҚ ЖЭС, қуаттылығы 12 МВт Қостанай ЖЭС, қуаттылығы 4 МВт Арқалық ЖЭС жүзеге асырады. Барлық өндірілетін электро энергия энергия көздерімен кәсіпорындардың өз мұқтаждықтары үшін пайдаланылады.

Облыс қалаларын электрмен жабдықтауды мынандай кәсіпорындар: Қостанайда – «ЭПК forfait» ЖШС; Рудныйда – «РудныйЭнергоКомпаниясы» ЖШС; Арқалықта – «Қостанайюжэлектросервис» МҚК; Жітіқарада – «Жітіқаракоммунэнерго» МҚК; Лисаковскта – «Лисаковскгоркоммун-энерго» МҚК ШОҚ жүзеге асырады.

Облыстың ауылдық елді мекендерін электрмен жабдықтауды облыстың 14 солтүстік ауданына қызмет көрсететін «ҚостанайскийЭнергоЦентр» ЖШС және Амангелді мен Жангелдин аудандарына қызмет көрсететін «Қостанайюжэлектросервис» МҚК жүзеге асырады.

35-220 кВ желілері бойынша облыста электр энергиясын жеткізуді «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, 0,4-10 кВ желілері бойынша – «ЭПК forfait» ЖШС, Рудный қаласы бойынша – «Жарық Жол» ЖШС, бүгінгі таңда « ЭПК Аtika» ЖШС жүзеге асырады.

Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 29,3 мың км, оның ішінде кабельдік желілер – 1268,5 км. Облыс аумағында кернеулігі 35 кВ құрайтын 327 қосалқы станса және жоғары және 4462 РП, ТП, КТП 6-10/0,4 кВ бар.

Облыс энергетиктерінің негізгі проблемасы энергетикалық жабдықтардың өте жоғары тозуы болып табылады, пайдаланудағы электр жабдықтарының тозуы: ВЛ-10 кВ – 78,3%, ВЛ-0,4 кВ – 77,3%, КЛ-10-0,4 кВ – 68,4% құрайды.

Облыс бойынша тұтастай алғанда, қалалардағы желілердің кернеулігі жоғары. Алайда қалалық және ауылдық жерлер арасындағы электр- және жылу желілерінің сәйкессіздік тығыздығын атап өткен жөн.

2017 жылғы 1 қаңтардағы Қостанай облысының барлық елді мекендері орталықтандырылған электр желілері жүйесіне қосылған. 01.01.2017 жылға орталықтандырылған электрмен қолданатын халық саны 879134 адам.



Энергия үнемдеу

Қостанай облысының энергия тұтыну құрылымында 51% өнеркәсіп секторына келеді, оның ішінде энергетика, көлік секторына 26%, 14% халыққа, 3% ауыл шаруашылығына, 1% экономиканың басқа салаларына.

Тұтыну құрамында Қостанай облысының электроэнергиясының 51% өнеркәсіп секторына келеді, оның ішінде энергетика, көлік секторына 26%, 14% халыққа, 6% ауыл шаруашылыққа, 3% экономиканың басқа салаларына.

Өнеркәсіптік сектормен тұтынылатын облыстың он ірі өнеркәсіп кәсіпорындары 42% энергетикалық ресурстармен пайдаланады.

Тұрғын үй секторы 14% электр энергиясымен және 64% жіберілетін жылу энергиясымен пайдаланады.

Қостанай облысы коммуналдық секторында инженерлік жүйелердің тозу деңгейі келесі сипатымен көрінеді:

нормативтік жағдайда жылумен жабдықтау 49% және 51% жөндеу талап етеді (798,5 км);

нормативтік жағдайда электрмен жабдықтау 27% және 73% жөндеу талап етеді (29300 км);

нормативтік жағдайда газбен жабдықтау 75% және 25% жөндеу талап етеді (3291,59км);

Бюджеттік секторда энергия үнемдеу әлеуметтік маңыздылығы мен жеткіліксіз қаржыландыруына байланысты аса маңызды рөл атқарады, сондықтан жарықтандыруды жаңарту есебінен электр тұтынуды қысқарту қажет.

Энергия үнемдеу, энергия тұтынуды, өндірістің энергия сыйымдылығын азайту және құрылыста, өнеркәсіпте, сондай-ақ ТКШ-ны жаңғыртуда энергия үнемдеу технологияларын ендіру саясатын іске асыру мақсатында Қостанай облысының 2015-2020 жылдарға арналған энергия үнемдеудің өңірлік кешенді жоспары бекітілді және іске асырылуда.

Энергия үнемдеу саласындағы тиімді іс-шараларды жоспарлау энергоаудитті жүргізуден басталады.

Мемлекеттік энергетикалық тізілімге 351 субъект енгізілген (2016 жылы тізілімге 380 субъект кірді).

Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері және жеке заңды тұлғалар (177 бірлік) энергоаудитті өткізуге міндетті. Оның ішінде, энергоаудитті – 86 немесе 49% жүргізді.

118 бюджеттік кәсіпорыннан энергоаудитті 66 немесе 55 % жүргізді. 50 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен энергоаудитті 14 немесе 28 % жүргізді. 9 акционерлік қоғамнан энергоаудитті 8 бірл. немесе 90% жүргізді.

Энергия үнемдеудің 2015-2020 жылдарға арналған өңірлік кешенді жоспарында 2020 жылға қарай бюджет секторында электрмен жабдықтауды жарықтандыруды 40%-ға жаңғырту есебінен электрді пайдалануды қысқарту міндеті қойылған.

Осыған байланысты, аудандық және қалалық әкімдіктер, бюджеттік ұйымдар және жеке кәсіпорындар энергия сақтаушы қыздыру шамдарын белсенді ауыстыру жұмыстарын жүргізуде.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша пайдаланылатын энергия үнемдейтін шамдар саны (ғимараттарды, цехтарды жарықтандыру, көшені жарықтандыру) 73 460 дананы құрады. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 109 190 дана немесе 2014 жылғы деңгейден 48,7%-ға жоғары. әртүрлі модификациядағы шамдардың жалпы санының 130 мың данасынан 83% (109 190 дана) энергия үнемдеуші. Қарқын сақталған жағдайда 2020 жылға барлық қыздыру шамдарын ауыстыру мүмкіндігі бар.

Көшелерді жарықтандыруды жаңғырту бойынша ең үлкен жұмыс күтілуде, онда 40% ескі үлгідегі шамдарды (оның ішінде қыздыру шамдары), энергиялық жағынан тиімді шамдарға ауыстыру қажет.

Тұрғын үй ғимараттарында энергия тиімділігін арттыру және шығындарды азайту мақсатында «2012-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңарту» бағдарламасына сәйкес үйлерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары:

1. 220-500-1150 кернеуімен кВ жүйе құрушы электр беру желілерінің дамыған схемасы.

2. Жедел диспетчерлік басқарудың орталықтандырылған жүйесі;

3. Электр энергия көтерме-бөлшек сауда нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін нормативтік-құқықтық база қалыптасты.



Әлсіз жақтары:

1.Электрмен жабдықтау инфрақұрылымның тозудың жоғары деңгейі (60-80%);

2. Саланы қаржыландыруды қысқарту, экономикалық жағдайдың нашарлауы салдарынан дамыту бағдарламаларын тұжыру.


Мүмкіндіктері:

1.Жаңартылатын көздердің даму беталысы;

2.Электрмен жабдықтау объектілердің жаңартуы.


Қауіп-қатерлері:

1.Күштіліктердің шығып қалуы.



Негізгі проблемалар:

Электрмен жабдықтау инфрақұрылымы тозуының жоғары деңгейі.

Жоғары қуатты объектілерді жөндеу үшін мемлекеттік инвестицияларды қысқарту.

Газбен жабдықтау

2017 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың 64 елді мекені табиғи газбен жабдықталған. Облыс бойынша табиғи газды тұтыну 2016 жылы 764,7 млн. м3 құрады (2015 жылы 757,6 млн. м3).

2017 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша Қостанай облысы бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 3291,59 км құрайды, оның ішінде магистральдық газ құбырларының 688,11 км облыс жалғыз «Интергаз Центральная Азия» АҚ газ оператордың республикалық меншігіне жатады. Желілердің тозуы 25% құрайды.

2017 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша табиғи газбен пайдаланатын қалалық халықтың саны 384111 адам, ауыл халықтың саны 89654 адам.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары:

1. Аудандарда тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкіндігімен газ инфрақұрылымын дамыту.



Әлсіз жақтары:

1.Газ тарату орнатулардың, тоқсан ішкі жүйелердің жаратымсыз техникалық жағдайы халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатерлі болып табылады;



Мүмкіндіктері:

1.Жаңа абоненттерді қосу мүмкіндігімен газ өткізетін жүйелердің құрылысы, сонымен бірге жаңа елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету;

2. Жылу көздерін жағармайдың осы түрдің пайдаланымына аудармасы аумақтың экологиялық жағдайын жақсару мүмкіндігін береді.


Қауіп-қатерлері:

1.Орталық газбен жабдықтау жаңа жүйелердің құрылысы бойынша немесе қалпына келтіру бойынша іс-шаралардың жеткіліксіз қаржыландыруы.



Негізгі проблемалар:

Облыстың барлық елді мекендері табиғи газбен қамтамасыз етілмеген.

Газ тарату қондырғысының техникалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз.

Жылумен жабдықтау

Қостанай облысы бойынша 100 Гкал/сағ.-тан жоғары 9 бірлік қазандық, 100 Гкал/сағ. дейін 93 бірлік қазандығымен 3 ЖЭО бар. Жылу көздері жабдықтарының тозуы орташа есеппен 51% құрайды.

Қостанай облысы қалаларында орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі пайдаланылады. Облыстың орталықтандырылған жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету деңгейі 41 % құрайды. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау пайдаланатын халықтың саны 2016 жылдың 1 қантарына 362 118 мың адамды құрайды.

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 798,5 км. Желілердің тозуы – 51% құрайды.

2017 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 155,29 км жылу желілері жөнделді және қайта жаңартылды, 2016- жылы 24,79 км, 2015 жылы 12,2 км жылу желілері ауыстырылды.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің жылу энергиясын есептеу құралдарымен қамтамасыздығы 46% құрайды.

«Нұрлы жол» Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

2015 жылы жылумен жабдықтау бойынша 4 жобаны іске асыруға1,1 млрд. теңге сомасында бюджеттік кредит бөлінген. 1 жоба пайдалануға 2015 жылы берілді, 3 жоба 2016 жылы пайдалануға берілді. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 3,2 км жылу желілері қайта жаңартылды, «Әуежай» шағын ауданындағы1 қазандық пайдалануға берілді.

2017 жылы жылумен қамтамасыз ету бойынша 5 жобаға1,7 млрд. теңге сомасында бюджеттік кредит бөлінді. Жобаларды іске асыру нәтижесінде жылу желілерінің 1,96 км, сондай-ақ Таран ауданының Тобыл кентінде 1 қазандық қайта жаңартылатын болады. Барлық объекттер 2017 жылы пайдалануға беріледі.

Қостанай қаласының жылумен жабдықтау жүйесін дамыту мақсатында халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

2016 жылдың 26 мамырында Кредиттік шартқа және «Қостанай қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту» жобасын қолдау шартына Қостанай облысы әкімі, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (бұдан әрі - ЕҚДБ), Қостанай қаласы әкімі «Қостанай Су» МКК арасында қол қойылған. Жобаның жалпы құны 6,237 млрд. теңгені құрады, оның ішінде: ЕББР кредиті – 3,7 млрд. теңге (жобаларды іске асыруға); республикалық бюджет – 2,0 млрд. теңге (жобаларды іске асыруға); жергілікті бюджет – 0,263 млрд. теңге (жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге); техникалық көмек гранттары - 0,274 млрд. теңге (оплата жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, жобасын іске асыру бойынша кеңесшіге төлеу, корпоративтік даму бағдарламасы).

21 іс-шара іске асырылатын болады,бұл іс-шаралар шеңберінде екі құбырлы орындауда 6,5 км жылу желілерін салу және қайта жаңарту, Қостанай қ. жылумен жабдықтаудың 9 объектісін қайта жаңарту, арнайы техника және жабдықтар сатып алуды қамтамасыз ету жоспарланған.

«Қостанай қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту» жобасын іске асыру:

Қостанай қаласының халқын жылумен жабдықтау сапасын жақсартуды;

қолданыстағы жылу тұтынуға көлемі 7 МВт жаңа қуаттарды енгізуді;

ағымдағы тұтынудан 40%-ға дейін (16,4 млн. квт * сағ/жыл) жиіліктік реттеуді енгізу кезінде электр энергиясын тұтынуды азайтуды;

қазандықтарда оттықтарды жаңғырту және 6,6 млн. м3/жыл қазіргі заманғы және үнемді жабдықтар орнату есебінен табиғи газды тұтынуды төмендетуді;

жылу желілерін пайдалану мерзімін ұзартуды, олардың тозуын 0,4%-ға төмендетуді, сондай-ақ жылу жоғалтуларын 0,01%-ға төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Әлсіз жақтары:

1.Облыс жыл көздерімен жыл энергияны өндірісінің өсуі;

2.Күрделі жөндеуін талап ететін жүйелердің үлесін 51%-ға дейін төмендету.


Күшті жақтары:

1.Жылуэнергитикалық кәсіпорындардың жаратымсыз қаржы жағдайы;

2.Жылумен жабдықтау инфрақұрылымның тозудың жоғары деңгейі (51%);

3.Саланың қаржыландыруын қысқарту,

экономикалық жағдайдың нашарлауы салдарынан дамыту бағдарламаларын тұжыру.


Мүмкіндіктері:

1.Жылумен жабдықтау көздердің даму беталысы;

2.Орталықтандырылған жылумен жабдықтау саласында жаңа технологияларды енгізу (изоляцияланған құбырлардың ПӘК қазандықтарын арттыру).

3.Мемлекеттік қолдау («2020 жылға дейін аумақтарды дамыту»)

4. Жылумен қамтамасыз ету нысандарын жаңарту.


Қауіп-қатерлері:

1. Белгіленген және орналасқан ТЭЦ күштіліктердің мүмкін бұқаралық төмендеуі, қазандықтар күштіліктердің шығып қалуы, дәрежесі жоғары негізгі қорлардың тозуына байланысты апаттық жөндеуде жылу көздері агрегаттарының тоқтауы.




Негізгі проблемалар:

Жылумен жабдықтау инфрақұрылымның тозудың жоғары деңгейі (51%)

Объектілердің жөндеуіне бағытталған мемлекеттік инвестициялардың қысқартуы.

Жылу-энергетикалық кәсіпорындар желілері мен жабдықтарының жеткіліксіз жаңартылуы.



Сумен қамтамасыз етілуі

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдайда облыс бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға елді мекендердің қол жетімділігі 30,2% құрайды (593 елді мекендерден орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 179 қамтамасыз етілген), оның ішінде: қалаларда-100% - ды құрайды (5 қала және 3 қалалық үлгідегі кент), ауылдық жерлерде – 29,2% (585 ауылдан орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 171 қамтамасыз етілген).

Орталықтандырылған суға қол жеттімділікке 684,8 мың адам ие немесе облыстың 79,1% тұрғындары, оның ішінде: ауылдық жерде – 57,8%-ға, қалаларда – 97,5%.

Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 3995,8 км, тозу 46,5% құрайды.

Ауыз су қажеттіліктеріне тұрғындар тұтынатын су сапасының төмендетуіне және қол жетімділігіне мынадай факторлар ықпал етеді:

- су құбыры желілерінің және құрылыстарының тозуы;

- құбырлар беті коррозияға қарсы жабынының бұзылуына байланысты бактериялық қызметті өнімдерімен ауыз судың қайталама ластануы;

- орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне ауылдық елді мекендердің төмен қолжетімділігі;

- жаңа сумен жабдықтау жүйелерін салуға, қолда бар жүйелерге жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік инвестициялардың жеткіліксіздігі;

- облыстың кейбір аудандарында жергілікті ауыз сумен жабдықтау көздерінің болмауы.

Ауыз су сапасын және тұрғындардың қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып қалыптасқан жағдайдың себептерін жою жөніндегі мақсатты шаралар қабылдамау, жағымсыз салдарға әкеледі:

- облыс халықы денсаулығының нашарлауына;

- аудандарда медициналық-экологиялық ортаның нашарлауына байланысты халықтың реттелмейтін көші-қонына;

- коммуналдық сектор кәсіпорындарында ескірген өндірістік қорларды көлемінің өсуіне;

- эксплуатациялық шығындардың өсуімен қатар коммуналдық қызметтерді сапасының төмендеуіне және үздіксіз ұсынуына;

- сумен жабдықтау жүйелерін ұстауға арналған шығындарды арттыруға.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету бойынша проблемаларды шешуде негізгі бағыттар:

- елді мекендерде сумен жабдықтау желілерін салу және қайта жаңарту;

- коммуналдық кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламалары есебінен сумен жабдықтау жүйелерін жөндеу бойынша шараларды іске асыру, қаржы институттарының қаражатын тарту (халықаралық қаржы ұйымдары, екінші деңгейдегі банктер);

- құрылыс және қайта жаңарту жобаларында қазіргі заманғы технологиялар мен материалдарды қолдану;

- сумен жабдықтау және су бұру секторының мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану;

ауыз судың санитарлық-гигиеничским талаптарына сәйкестігіне сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру болып табылады.


Қалалық жерді сумен жабдықтау

Облыстағы қалалар мен қалалық үлгідегі кенттерде 8 бірлік есептелінетін 464,2 мың адам тұрады. Қалалық елді мекендер тұрғындарының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі 100% құрайды, ауаылдық елді мекендер бойынша 97,5 % немесе 452,6 мың адам құрайды. Қостанай қаласы бойынша сумен жабдықтау көздері – Амангелді су қоймасы және Қостанайлық жерасты суларының кен орындары; Арқалық қаласы – Ащы-Тасты су қоймасы; Лисаков қаласы – Жоғарғытобыл су қоймасы; Жітіқара қаласы – Желқуар су қоймасы; Рудный қаласы – Қаратомар су қоймасы.

Облыстың қалаларында су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы – 1546,6 км құрайды.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру

2014 жылы қаланың 47,4 км сумен жабдықтау желісі ауыстырылды, 2015 жылы – 21,9 км, 2016 жылы – 4,4 км.

2014 жылы қаланың сумен жабдықтау желілерін дамытуға 9 жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 2,5 млрд. теңге жолданды. Сумен жабдықтау желілері 47,4 км салынып және қайта жаңартылды.

2015 жылы қаланың сумен жабдықтау желілерін дамытуға 6 жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге жолданды. Сумен жабдықтау желілері 21,9 км салу және қайта жаңарту жоспарланды.

2016 жылы қаланың сумен жабдықтау желілерін дамытуға 2 жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 626,3 млн. теңге жолданды. Сумен жабдықтау желілері 4,4 км салынып және қайта жаңартылды.

«Нұрлы жол» Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру:

2015 жылы сумен жабдықтау бойынша 1 жобаны іске асыруға 1,3 млрд. теңгеге сомасында бюджеттік кредит бөлінген және игерілген. 2016 жылы сумен жабдықтаудың 6 жобасын іске асыруға 3,1 млрд. теңге бөлінді (оның ішінде 2015 жылдан бастап 1 өтпелі). 2016 жылға 29,9 км сумен жабдықтау желсін қайта жаңарту орындалды. Сумен жабдықтау объектілерін іске қосу 2017 жылға жоспарланған.

2017 жылдың қорытындысы бойынша қалалық сумен жабдықтау желілерінің 76,4 км техникалық жағдайы жақсартылады және 10,1 км салынады, су қабылдағыш мұнара және су торабының сорғы станциясы қайта жаңартылады.

Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту мақсатында халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту мақсатында халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2016 жылдың 26 мамырында Кредиттік шартқа және «Қостанай қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту» жобасын қолдау шартына Қостанай облысы әкімі, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (бұдан әрі - ЕҚДБ), Қостанай қаласы әкімі «Қостанай Су» МКК арасында қол қойылған. Жобаның жалпы құны шамамен 4,53 млрд. теңгені құрады, оның ішінде: ЕББР кредиті – 2,4 млрд. теңге (жобаларды іске асыруға); республикалық бюджет – 1,6 млрд. теңге (жобаларды іске асыруға); жергілікті бюджет – 0,16 млрд. теңге (жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге); техникалық көмек гранттары - 0,37 млрд. теңге (оплата жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, жобасын іске асыру бойынша кеңесшіге төлеу, корпоративтік даму бағдарламасы).

Кредиттік шартты және «Қостанай қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту» жобасын қолдау шартының шеңберінде 22 іс-шаралар жүзеге асырылатын болады, оның шеңберінде 3,3 км магистралды су құбырын және 7,7 км коллекторларды, 6 кәріздік сорғы станцияларын қайта жаңғырту, сумен жабдықтауды тазарту құрылыстарын жаңарту (дезинфекциялау жүйесін ауыстыру, су резервуарларын гидрооқшау, 2-ші көтеру сорғы станциясының су құбырын қайта жаңғырту), гидравликалық модельдеу жүйесін енгізу (ГАЖ SCADA), зертханалық жабдықтарды, арнайы техника мен автокөлік сатып алу жоспарланған.

«Қостанай қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту» жобасын іске асыру:

- 2015 жылғы қарқынның жалпы санынан (12 157 бірлік) 2,01%-ға желілердегі апаттылықты төмендетуді, осылайша жылына судың шығынын 1 017,0 мың м3 немесе су шығынының жалпы санынан 2015 жылға 42,2% (2 410 мың м3) және топырақтың ластану тәуекелін азайтуды;

- 218, 5 мың кВтсағ/жыл электр энергиясын тұтынудың қысқартуын (жылдық электр энергиясын тұтынудан 1,22%);

- оның қаттылығын және минералдануын азайту арқылы судың сапасын жақсартуды;

- суды зарарсыздандыру сенімділігін арттыруды;

- суды залалсыздандыру үшін хлорды алу технологиясын өзгерту арқылы сұйық хлорды пайдалануға байланысты апат тәуекелін жоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл сұйық хлорды пайдаланудан бас тартуға әкеледі. Дезинфекциялау жүйесін қайта жаңарту бойынша барлық жұмыстар су құбыры құрылыстарын тазарту аумағында жоспарланған.

Ауылдық жерді сумен жабдықтау

2017 жылғы 01 қаңтардағы жағдайында облыс бойынша 585 ауылдық елді мекен бар, олардан 171 орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді, 378 АЕМ орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды, 36 АЕМ тасымалданатын суды пайдаланады.

Бұл ретте ауыл тұрғындарының 57,8%-ы (232,2мың адам) орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізе алады.

Ауылдық елді мекендерде су бұру желілерінің жалпы ұзындығы 2448,3 км.

«Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру (2015 жылдан бастап Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы):

2014 жылы жалпы сомасы 5,4 млрд. теңгеге ауылды сумен жабдықтау бойынша 15 жоба іске асырылды, оның ішінде 8 – өтпелі. 7 – объект енгізілген. АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігін іске асыру қорытындылары бойынша 25,7 %-дан (2013 жылы) 27,4 %-ға дейін ұлғайды.

2015 жылы жалпы сомасы 3,6 млрд. теңгеге ауылды сумен жабдықтау бойынша 10 жоба іске асырылды. 7 – объект енгізілген. 6 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтауды пайдалануға енгізу есебінен АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігін іске асыру қорытындылары бойынша 27,4 %-дан (2014 жылы) 28,9%-ға дейін ұлғайды (Наурызым ауд. Буревестник а., Денисов ауд. Озерное а., Алтынсарин ауд. Большая Чураковка, Малая Чураковка, Қосқұдық а., Федоров ауд. Жаркөл а.).

2016 жылы жалпы сомасы 1,02 млрд. теңгеге ауылды сумен жабдықтау бойынша 2 жоба іске асырылды. 7 – объект енгізілген. Жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша 2 ауыл тұрғындары үшін сумен жабдықтау жақсартылды.

«Нұрлы жол» Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру:

2016 жылы ауылдық сумен жабдықтаудың 4 жобасын іске асыруға 1,5 млрд. теңге сомасында бюджеттік кредит бөлінген. Ауылдық сумен жабдықтау объектілерін іске қосу 2017 жылға жоспарланған. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, 3 ауылда ауылдық сумен жабдықтау желілерінің 46,7 км техникалық жағдайы жақсартылады 9,79 км салынады, алғаш рет 500-ге жуық адам халықпен 1 ауылы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары:

1.Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру;

2.Сумен қамтамасыз ету саласын мемлекеттік қолдау шаралары (сумен жабдықтау объектілерін салу және қайта жаңғыртуды субсидиялау).

3. Қалалық тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға 97,5%, ауыл халқының 57,8% дейін көрсеткішке қол жеткізу.




Әлсіз жақтары:

1.Сумен қамту объектілері мен желілерінің үлкен тозуы бар және осының апаттардың, жоғалтулардың салдарынан ауыз су сапасының төмендігі.

2.Жаңа сумен жабдықтау жүйелерін салу және қолданыстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жетіспеушілігі.

3.Сумен жабдықтау қызметін көрсететін, коммуналдық кәсіпорындардың көпшілігі қызметке қолданыстағы тарифтер қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті шығындарды жаппайды.

4.Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қызмет көрсету бойнша кәсіпорындардың материалдық-техникалық жарақтандыру жеткіліксіз.


Мүмкіндіктері:

1.Облыс халқын ауыз сумен қамтамасыз етілуін көтеруге мүмкіндік беретін өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

2. Жер асты тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру.

3. Сумен қамтамасыз ету жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту.

4. Қазіргі заманғы тиімді технологияларды енгізу.

5. Материалдық-техникалық базасын жарақтандыру арқылы пайдалану қызметін жетілдіру.



Қауіп-қатерлері:

1.Жабдықтың физикалық тозу себептері бойынша ықтимал бас тартуы.

2. Ұзақ пайдалану мерзімі нәтижесінде қалыптасқан сумен жабдықтау объектілерінің техникалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз; қаржыландырудың жетіспеушілігі.

3. Ескірген суды дайындау технологияларын қолданудан халық денсаулығының нашарлауы.



жүктеу 4,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау