Негізгі проблемалар
1. Облыстың барлық елді мекендерінде өрт сөндіру бекеттерінің болмауы.
2. Судағы халықтың жаппай демалу орындарында Қостанай облысының қалалары мен аудандарында ресми жағажайдың болмауы.
3. Таран ауданы, Таран а. Аят өзенінің оң жақ жағалауы бойынша қоршау бөгетінің құрылысын қаржыландыру бойынша шешімнің ұзақ болмауы.
4. Халықтың жеке қорғануына құралдардың қажетті қорының болмауы, әр түрлі қарқындылығы әскери даулар туындаған кезде халықтың аман қалуын қамтамасыз ететін қорғаныш құрылыстарының қажетті санының болмауы.
5. Қауіп немесе ТЖ туындаған кезінде облыс халықын хабарландыру жүйесі ескірген.
2.1.4. Инфрақұрылым
Байланыс және коммуникация
2014-2016 жылдар аралығында Қостанай облысының телекоммуникациялар желілері оң серпінмен дамыды.
Телекоммуникация желілерін дамыту мақсатында жалпы ұзындығы 482,7 км талшықты-оптикалық байланыс желілерін (бұдан әрі – ТОБЖ) салу орындалды. 01.01.2017 ж. ТОБЖ барлық қалалар, аудан орталықтары, сондай-ақ 64 елді мекен қамтылған.
2014-2016 жылдарға арналған кезеңде «Агромашхолдинг» АҚ, «Евразкаспиансталь» АҚ, «Варваринское» ЖШС, «Сосновый бор» ЖШС республикалық маңызы бар шипажайына, білім мекемелеріне, жоғарғы оқу орындарына, Қашарға тармақталумен «Қостанай - Федоровка – Қарабалық», Қарасу аудандық орталығына тармақталумен «Қостанай - Есіл-Арқалық», «Қостанай – Әулиекөл – Октябрь – Есіл» бағыттарына дейін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға байланыс желісін талшықты-оптикалық төсеу бойынша ірі жобалар іске асырылған, бұл интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметтерін техникалық қосу мүмкіндігін қамтамасыз етті.
2017 жылғы 1 қаңтарға 554 ауылдық елді мекен интернет желісіне қосылған. 452 елді мекенде кеңжолақты интернетке қол жетімділігі бар, 102 елді мекен «Dial-up» (телефон байланысы арқылы) технологиясы бойынша интернетпен қамтамасыз етілуде.
Телефония абоненттер саны 243 337, кең жолақты интернет желісі бар абоненттер - 95 851, id net абоненттері - 20 237.
2012 жылдан бастап Қостанайдың облыс орталығында FTTH технологиясын пайдалана отырып, iD Net сауда белгісімен оптикалық байланыс желілері бойынша жоғары жылдамдықпен интернет желісінің қызметі енгізілді. 2017 жылғы 1 қаңтарда «Қазақтелеком» АҚ FTTH желісімен 725 абаттандырылған тұрғын үй қамтылды, 222000 абонент қосылған.
Облыстық дирекция құрамына 1 бас кәсіпорын, қалалар мен аудандардың өндірістік телекоммуникация тораптарының 19 құрылымдық бөлімшелері кіреді. Облыстық дирекция желісінде 351 коммутациялық пункт жұмыс істейді, оның ішінде: цифрлы АТС 110, 76 CDMA 450/800 базалық станциясы, 86 жердегі спутниктік станциялар.
Қостанай ОТД ID TV сауда маркасымен цифрлық интерактивті теледидар қызметтерін енгізу бойынша жоба іске асырылды. Цифрлық теледидар қызметімен 21 893 абонент пайдаланады.
Жалпы желілік жоба шеңберінде қамтылмаған ТОБЖ-мен облыстың АЕМ-де қазіргі заманғы телекоммуникация қызметтерін ұсыну мақсатында CDMA/EVDO радиоқатынау желілерінің негізінде ауыл байланысының телекоммуникация желісін дамыту орындалады.
EV-DO технологиясы бойынша интернет желісіне кең жолақты қатынау қызметтері ұсынылу бойынша жоба шеңберінде Меңдіқара ауданының Харьков ауылындағы Сосновка орта мектебі қосылған - Қазақстандағы алғашқы жалпы білім беру мекемесі. Облыс ауылдарын EV DO қызметтеріне 4 000-нан астам абонент қосылған.
2014 жылдан бастап жоғары жылдамдықты «2012-2021 жылдары ҚР аумағында LTE/GSM/UMTS желілерін енгізу» инвестициялық жобасын «Қазақтелеком» АҚ іске асыру шеңберінде 4G технологиясы бойынша төртінші буын стандартының интернет желісіне мобильді қол жетімділік қызметтерін ұсыну басталды. LTE базалық станциясының саны 111 бірлік.
Интернет желісіне қол жеткізу 20 Мбит/с дейінгі жылдамдығында жүзеге асырылады, абоненттерге ыңғайлы болу үшін бірегей тарифтік жоспарлардың кең желісі ұсынылған.
2017 жылғы 1 қаңтарда қызметпен: Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жетіқара, Арқалық қалалары, Рудный қаласының Қашар к., сондай-ақ, Қостанай ауданының Затобол к., Заречный а., Мичурин а. қамтылған.
2014-2016 жж. аралығында телекоммуникация желілерін дамыту бойынша іс-шаралар жүргізілді. Алайда, қала тұрғындарының (Қостанай, Рудный, Лисаковск), стационарлық телефон байланысынан мобильді байланысқа ауысу үрдісінің өсуіне байланысты тіркелген телефон желілерінің тығыздығы 100 тұрғынға 29 бірлікті құрады. Тіркелген интернет абоненттерінің тығыздығы 100 тұрғынға 2016 жылы 11 бірлікті құрады.
2016 жылы қалалар мен аудандар әкімдіктерін бейне конференцбайланысына қосу бойынша жұмыстар жүргізілген. 40-тан астам байланыс сеанстары өткізілген. Алдағы уақытта, терминалдар санын кеңейту бойынша жұмыс жоспарланған.
Ақпараттық технологияларды Қостанай облысы әкімдігінің инфрақұрылымдық кешенінің бөлігі ретінде дамыту «электрондық әкімдік» іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.
2014 - 2016 жылдар аралығындағы кезеңде облыс әкімі аппаратының инфокоммуникациялық инфрақұрылымы жаңартылды: жұмыс орындарын компьютерлеу 100% қамтамасыз етілді, 9 сервер алынды (оның ішінде 2 облыстық маңызы бар қала).
2015 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ кезінде Қостанай қаласында Деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) ашылды, оны қолдану «электрондық үкіметінің» құрамдауыштарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, бағдарламалық-аппараттық кешендердің қызмет етуінің жұмыс істемеуін 99,74 %-ға арттырады.
Облыс әкімінің аппараты, қалалық, аудандық әкімдіктер, облыстық басқармалар арасында ведомствоаралық өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін IP-VPN технологиясы бойынша жабық көлік желісі құрылды, 2016 жылы жүйе қамтуы 140 сегментті құрады (2015 г – 98).
Әкімдік органдары әкімшілік қызметінің жеделдігін арттыру мақсатында электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесін (ЭҚАБЖ) дамыту жалғасуда. Барлығы ЭҚАБЖ-бен 342 мемлекеттік мекеме, 2 маслихат, 44 орталық мемлкеттік органдардың аумақтық бөлімше қамтылды.
Облыс әкімдігінің интернет-ресурстарының қарқынды дамуы байқалады, облыстың атқарушы органдарының45 ресми веб-сайты жұмыс істейді.
Жетекші өңірлік ақпараттық ресурс Қостанай облысы әкімдігінің www.kostanay.gov.kz. порталы болып табылады, оның платформасында мынадай интернет-ресурстар орналастырылған: облыс әкімінің ресми сайты, облыс мемлекеттік органдар басшылардың blogs.kostanay.gov.kz ресми блог-платформасы, www.e.kostanay.gov.kz мемлекеттік электрондық сайты.
Пайдаланушылар арасында ең танымал интернет-ресурс облыс әкімінің ресми сайты kostanay.gov.kz болып табылады, күн сайын оны 950-ден астам адам қарайды. Ресми блог-платформаға 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2628 өтініш түсті.
Электронды қызметтердің www.e.kostanay.gov.kz сайты әр түрлі қызмет саладағы 25 тарауды құрайды, бұл тараулар бойынша 1800 ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетеді.
Жергілікті атқарушы органдардың веб-ресурстарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы облыстық басқармаларын, қалалық, аудандық әкімдіктерін интернет-ресурстарынан Бірыңғай интернет-платформасына өту басталған. 2017 жылға редизайн және облыс әкімінің ресми интернет-ресурсын ағылшын тіліне аудару бойынша жұмыстар жоспарланған.
Ақпараттық технологиялар пайдалану тиімділігін бағалау шеңберінде ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы, 2016 жылы 154-тен 125 функция автоматтандырылған (81,2%).
Электрондық қызметті пайдалану деңгейін арттыру мақсатында Ұлттық куәландырушы орталығының Қостанай филиалымен 2014-2016 жылдар аралығында 445469 (2016 жылы – 157730, 2015 жылы – 186932) электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары берілді.
Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту мен электронды қызмет пайдаланушылар санын арттыру бойынша іс-шаралар жүргізілді, 2014-2015 жылдар аралығында барлығы 46604 адам оқытылды (2014 жылы – 19 977 адам, 2015 жылы – 26627).
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:
Күшті жақтары:
1. Телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін дамыту
2. Жаңа сандық технологияларымен ауыстырумен АТС жаңарту.
|
Әлсіз жақтары:
1. Облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның біркелкі дамымауы, халықтың сандық сауаттылық деңгейі.
2. Сандық жергілікті телефон байланысымен және Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қамтамасыз етілудің жеткіліксіз деңгейі.
|
Мүмкіндіктері:
1. «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылның қол жетімділігін қамтамасыз ету.
2. 100 тұрғынға телефон байланысы желілерінің тығыздығы деңгейін 30,5% - ға дейін қол жеткізу.
3. Интернет қолданушылардың үлесін 80,9% - ға дейін қол жеткізу.
4. Халықтың сандық сауаттылығының деңгейін 80%-ға дейін қолжеткізу.
|
Қауіп-қатерлері:
1.Ұялы байланысқа өтуші байланысты тіркелген байланыс желісі абоненттері санының азаюы
|
Негізгі проблемалар:
интернет желісіне кеңжолақты қатынаудың жеткіліксіз дамуы;
белгіленген телефон байланысы абоненттері тығыздығының төмен деңгейі.
Даму беталысы:
облыстың телекоммуникациялық инфрақұрылымын жаңарту мен даму;
мемлекеттік секторында ақпараттық технологиялар пайдалану тиімділік деңгейінің өсуі.
Құрылыс
01.01.2017 жылға облыста барлық меншік нысандарының 1209 құрылыс ұйымдары қызметін жүзеге асырады, бұл 2014 жылдың деңгейінен (1181) 2,4 %-ға артық. Орындалған құрылыстың мердігерлік жұмыстар көлемі 61766 млн. теңгені құрайды, бұл 2014 жылға қарағанда 26,2%-ға төмен (83 728,0 млн. теңге).
2016 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша НКИ 2014 жылдың деңгейіне қарағанда құрылыс жұмыстарының көлемі 30,4% - ға төмендеді. Орындалған құрылыстың мердігерлік жұмыстар көлемі 2014 жылдың деңгейіне 69,6% құрады.
Құлдырау құрылыс саласында экономикалық жағдайдың нашарлауымен және ірі инвестициялық жобалардың болмауына байланысты негізделген.
Облыс бойынша құрылыс жұмыстарының ең үлкен көлемі жеке құрылыс ұйымдарымен – жалпы көлемнен 98,9%, мемлекеттік – 1,1% орындалды.
Орындалған құрылыс жұмыстарының құрылымында – 65,4% үлесті құрылыс-монтаж жұмыстары, 23,7% – күрделі жөндеу жұмыстары, 10,9% – ағымдағы жөндеу жұмыстары алды.
Тұрғын үйдің ең үлкен көлемі Қостанай қаласында енгізілді (194,6 мың ш. м. немесе енгізілген тұрғын үй алаңының жалпы көлемінен 66,4%).
Құрылыстың орташа нақты құны тұрғын үйлердің жалпы алаңының 1 шаршы метрін 91,1 мың теңгені құрады. Тұрғын үйдің 1 ш. м. ең жоғары құны Қостанай қаласында (104,9 мың теңге) қалыптасты.
2012-2014 жылдар аралығында «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы әрекет етеді, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы әрекет етеді, оның мақсаты халықтың тұрғын үйге қол жетімділігін әрі қарай жоғарылатуды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемасын кешенді шешу болып табылады.
2014-2016 жылдар аралығында «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бағдарламаның шеңберінде тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға республикалық және жергілікті бюджеттен 16 млрд. теңгеден астам қаражат берілді.
2014-2016 жылдар аралығында барлығы облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері бойынша 691,545 мың ш.м, оның ішінде кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй – 33,96 мың ш.м., жастар үшін жалдамалы тұрғын үй – 10,034 мың ш.м., тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй – 51,24 мың ш.м., басқа қаржыландыру көздері есебінен – 592,315 мың ш.м. тұрғын үй енгізілді.
Жыл сайын тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі өсіп жатыр. Осылайша 2014 жылы – 247,9 мың ш.м., 2015 жылы – 248,9 мың ш.м., 2016 жылы – 194,724 мың ш.м. пайдалануға берілді. Сонымен бірге үй салу құрылыс қарқындарының оң серпіні сақталды (2014 жылы - 107,0%, 2015 жылы-100,4% 2016 жылы – 78,2%,).
2017 жылғы сегіз айға қаржыландырудың барлық көздері бойынша 194,581 мың ш. м. пайдалануға берілді, оның ішінде: тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй 32,414 мың ш. метр., «Бәйтерек Девелопмент» АҚ кредиттік тұрғын үй - 19,985 мың шаршы метр, қаржыландырудың басқа көздері есебінен – 142,182 мың ш. м.
1567 пәтер пайдалануға қабылданды, оның ішінде: ҚТҚЖБ желісі бойынша несиелік пәтерлер – 408; «Бәйтерек Девелопмент» АҚ кредиттік пәтерлер –144, коммерциялық пәтерлер – 615; жеке тұрғын үйлер– 400 тапсырған.
Тұрғын үйді уақытылы пайдаланымға енгізу мақсатында тұрғын үй құрылысымен қатар инженерлік коммуникация құрылысы жүргізіледі.
2014 жылы 98,2 км жоспарымен 2238588 мың теңге сомасына 80,37 км салынды, 2015 жылы 14,07 км жоспарымен 893 123,0 мың теңге сомасына 20,927 км, 2016 жылы 49,806 км жоспарымен 2418017,1 мың теңге сомасына 50,4 км салынды.
Мүгедектерге рұқсат берілген әлеуметтік инфрақұрылымның объектілері бойынша
32-кесте
2014-2016 жылдарға арналған паспортталған объектілер көрсеткіштерінің серпіні
Көрсеткіш атауы
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
Паспорттандырылған нысандар, бірлік
|
1568
|
1568
|
1568
|
Қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында 2014-2017 жылдарға арналған мүгедектердің мұқтаждықтарына әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жоспары бекітілді.
Әлеуметтік нысандарға мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар Қостанай облысында 2014 жылдан бастап жүргізіледі. Сондай-ақ 2014 жылдан бастап мүгедектердің мұқтаждықтарына әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу қарқынына бақылау басталды. 1568 паспортталған нысандардан 1166 (74,4%) мүгедектердің мұқтаждығына бейімдеуге жатады.
2014-2016 жылдардан бастап жалпы паспортталған нысандардан (1568) 593 нысандар немесе 63,5 % бейімделді.
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:
Күшті жақтары:
1.Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде халықтың әлеуметтік-қорғалатын санаттары үшін тұрғын үй салу: тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы кезекте тұрғандар үшін, жас отбасылар үшін тұрғын үй салу.
2. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу және терможаңғырту жүзеге асырылады.
|
Әлсіз жақтары:
1. Салынған тұрғын үйлерді сатып алу бойынша халықтың төлем қабілеттілігі төмен.
2.Жеке тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер учаскелерінің инфрақұрылымның жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.
3. Қолданыстағы инженерлік инфрақұрылым қуатының жеткіліксіз түрінде салынып жатқан және салынған объектілердің инфрақұрылымға қосылған кездегі кедергілер.
|
Мүмкіндіктері:
1. Салынған учаскелерге, қолданыстағы коммуникацияларды қайта жаңғыртуға бөлінген инженерлік коммуникация жүргізуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге республикалық бюджеттен қаржыландыруды ұлғайту қажет;
2. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі бағыттарының бірін іске асыру басталды - «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйым» акционерлік қоғамы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй құрылысы
3. Үй құрылысы комбинатының бұйымдарынан индустриялық тәсілмен тұрғын үй құрылысын енгізу жоспарлануда, бұл тұрғын үй құрылысының мерзімін айтарлықтай қысқартады және бір тұрғын үйдің шаршы метрнің өзіндік құнын төмендетеді.
|
Қауіп-қатерлері:
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар санының өсуі.
2. Қаржы-несие жүйесінің тұрақсыздық күшінде құрылыс саласының тоқырауы
|
Негізгі проблемалар:
тұрғын үйдің құны жоғары, бұл жаппай тұрғын үй құрылысы өсуінің тежеуші факторы болып табылады.
мемлекеттік тұрғын үй қорында үй алуға кезекте тұрған азаматтар санының өсуі байқалады. Себептері құралдарын халықтың әлеуметтік-қорғалатын санаттарында тұрғын үйді сатып алуға қажетті ақшалай қаражаттарының жоқтығы, ауылдық жерлерден қалаларға халықтың көші-қоны болып табылады.
Жолдар және көлік
Автомобиль көлігі
Автомобиль көлігі жолаушыларды тасымалдау бойынша жетекші орын алады.
Облыста 533 елді мекендерінен автобус қатынасымен 335 елді мекен қамтылған (саны 50 адамнан кем емес 53 елді мекендер), бұл 62,8% құрайды. Жолаушылар тасымалдауды 29 тасушы қызмет көрсетеді. Облыс аумағында жолаушылар мен тасымалдаушыларға қызмет көрсету үшін 1 автовокзал, 10 автостанция және 1 қызмет көрсету пункті жұмыс істейді.
2014-2016 жылдар аралығында жолаушыларды, жүкті және жолжүкті автомобиль көлігімен тасымалдау саласында өсудің үрдісі байқалады. 2016 жылы автомобиль көлігі қызметтерімен 1 751,4 млн. жолаушы пайдаланды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 100% құрайды (2014 ж. – 1 752,0 млн. жолаушы, 2015 ж. – 1 745,0 млн. жолаушы). Жүктерді тасымалдау бойынша 2014 жылғы деңгейге төмендеу 6,7% (2014 ж. -297 млн. тонна, 2015 ж. -294,8 млн. тонна,2016 ж. – 277,2 млн. тонна).
Жолаушылар тасымалын 48 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Қалааралық облысішілік маршруттарын 29 тасымалдаушы қызмет көрсетеді, қалалық және қала маңындағы маршруттарды 9 тасымалдаушы қызмет көрсетеді, облысаралық 3 тасымалдаушы, халықаралық маршруттарды 7 тасымалдаушы.
Жолаушылар тасымалдауында тұрғындар сұранысын қанағаттандыру үшін облыс бойынша 169 автобус маршруттары жұмыс істейді, оның ішінде: қалалық - 63, қала маңындағы - 14, қалааралық облысішілік – 66, халықаралық - 11, облысаралық - 8, ауданішілік - 3 және кентішілік - 4.
Тұрақты маршруттарда 900-ден астам автобустар іске қосылған, олардың тозуы 65% - ды құрайды (пайдалану 12 жылдан астам).
Теміржол көлігі
Облыс аумағынан Қазақстанның негізгі көлік дәліздері өтеді. Астана – Қостанай – Челябі – Екатеринбург полимагистральдік байланыстар, ТАТМ Солтүстік дәлізі, Алматы – Екатеринбург транзиттік автодәлізі.
Тасымалдау ішкі республикалық бағыттарда, дизельдік локомотивтермен қозғалатын қала сыртындағы поездар жүреді жүзеге асырылады. Қаладан 90 км қашықтықта – ірі теміржол айырымы – Тобыл стансасы орналасқан.
Жүк айналымы Қостанай жол бөлімшесінде 2016 жылы (16,7 млрд/тонна/км) 2014 жылмен салыстырғанда 17,7%-ға төмендеді (2014 ж. – 20,3 млрд/тонна/км, 2015 ж. – 16,6 млрд/тонна/км).
2014 жылы «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол бағытының құрылысы аяқталды. Темір жолдың ұзындығы 214 км, оның ішінде 49,3 км Қостанай облысы арқылы өтеді.
Әуе көлігі
«Қостанай» халықаралық әуежайынан әуе рейстерін «Эйр Астана», «Казак Эйр», «SCAT» және «Аэрофлот» ұлттық тасымалдаушылары жүзеге асырады.
2017 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қостанайдан неміс қалалары Ганноверге (Германия), Мәскеуге (Ресей Феддерациясы), Алматы және Астанаға әуе жолымен жетуге болады.
2016 жылы 58,5 мың жолаушы жіберілді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 97,3% құрайды (2014 ж. -60,1 мың жолаушы, 2015 ж. -62,1 мың жолаушы).
Жүк және «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ поштасын жөндеу төмендеуі байқалады. 2016 жыл бойынша 2014 жылдың деңгейіне төмендеуі 10,4% құрады (2014 жылы - 245 тонна, 2015 жылы - 223 тонна, 2016 жылы – 219,5 тонна).
Инженерлік-көлік инфрақұрылымы
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Костанай әуежайында қазіргі жасанды ұшу-қону жолағы (ЖҰҚЖ) қайта жаңартылатын болады.
Жобаны іске асыру қазіргі заманғы әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдауға және қызмет көрсетуге, әуе кемелерін, жолаушыларды, жүктерге қызмет көрсету жөніндегі әуежайдың өткізу қабілетін арттыруға және халықаралық стандарттарға сәйкес әуе кемелерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлу есебінен Қостанай қаласының әуежайын қайта құру және жаңарту өткізу қарастырылған.
Автомобиль жолдары
Қостанай облысының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 9289 км, оның ішінде: республикалық маңызы бар жолдар – 1410 км, облыстық маңызы бар – 2208 км, аудандық маңызы бар 5671,2 км құрайды.
Негізінен аудандық және облыстық маңызы бар жолдар III-IV техникалық санатқа жатады, ал ауылдық елді мекендерге баратын кейбір кіре беріс жолдар V техникалық санатқа жатады. Ауыспалы жабын түрлері бар автомобиль жолдарының участкелері және балшық жолдар қозғалыс жылдамдығы жағынан да, өс салмағы жағынан да талаптарға жауап бермейді және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамсыз етпейді.
2017 жылғы 1 қаңтарға облыстың облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының желісі 7879,848 км, оның ішінде: қара жабынмен жабылғаны – 4244 км, ұсақ тасты жабынмен жабылғаны – 640,9 км, топырақ жабынмен жабылғаны – 2994,9 км құрайды, 63 көпір және 2030 су өткізгіш құбырлар бар.
2014-2016 жылдар аралығында, жалпы ұзындығы 284,72 км жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл 2012-2015 жылдар аралығындағы кезеңнен 48%-ға кем немесе 308,08 км кем. 2014 жылы – 1592 км жөнделді, 2015 жылы – 110,2 км, 2016 жылы – 15,32 км, 2015 жылы – 110,2 км) және жол саласына бюджеттік инвестициялардың жиынтық көлемі 17 691,8 млн. теңгені құрады.
Облыстық маңызы бар «Ұзынкөл-Сарыкөл», «Қарасу-Большая Чураковка», «Әулиекөл-Диевка-Қосағал-Ақжол» және аудандық маңызы бар «Федоров-Ленино-Вишневое» және т. б. сияқты автомобиль жолдарының учаскелерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалғастырылды.
2014-2016 жылдардағы кезеңде қанағаттанарлық жай-күйі бар автомобиль жолдарының үлесі 3%-ға ұлғайды (тиісінше 59%-дан 62%-ға дейін).
2017 жылғы 1 қаңтарға Қостанай облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 62% құрады немесе 4885 км (оның ішінде облыстық маңызы бар автожолдар - 1 369 км; аудандық маңызы бар – 3516 км).
Облыс үшін басты техникалық проблема сапалы автомобиль жолдарының болмауы болып табылады. Денисов, Жангелдин, Жітіқара және Қамысты аудандарында облыстық орталықпен сенімді автомобиль қатынасы жоқ. Жол жабындарының көтергіш қабілетінің үдемелі бұзылу факторларының бірі қаржыландырудың жеткіліксіздігі болып табылады.
Автомобиль желілерін қалпына келтіру және оны күтіп-ұстау бойынша ағымдағы шығыстарды қамтамасы ету үшін қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігін атап өткен жөн. Сондықтан, республикалық және жергілікті бюджет есебінен инвестициялық жобаларды одан әрі қаржылық қамтамасыз ету автомобиль жолдарын оңалту мен қатты жабынға ауыстыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде облыстың жол жүйесінің өткізу қабілетінің ұлғайуына әкеледі.
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрі м.а. 2015 жылғы 17 маусымдағы № 711 бұйрығының негізінде Қостанай облысы автомобиль жолдарының 1 км ұстауға қаржыландыру нормативі 2017 жылғы 1 қаңтарға 283,9 мың теңгені құрады. Ал облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға шығындар 0,5 млрд. теңгені құрады, бұл қаржыландыру нормативінен 3 есе кем.
Қаражаттын шектеулігіне байланысты, автомобиль жолдарын ұстау және профилактикалық жөндеу толық көлемде жүргізілмеуде, бұл жол төсемінің, жөр төсемі мен жасанды құрылыстардың қызмет көрсету мерзімінің қысқаруына әкеледі.
Автожолдарды ұстау нормаларын қатаң сақтай отырып, олардың уақытынан бұрын бұзылуының алдын алу мүмкіндігі пайда болады. Бұл бірінші кезекте қайта жаңартудан және оңалтудан өткен жол учаскелеріне қатысты. Сонымен қатар, қаражаттың жетіспеушілігі күрделі жіне орташа жөндеу жұмыстарын орындау бойынша жөндеу аралық мерзімдердің сақталмауына әкеледі. Нәтижесінде автомобиль жолдарының жағдайы нашарлайды, бұл кейіннен оларды толық қайта жаңартуды қажет етеді.
Күрделі және маңызды мәселе автожол көпірлері мен жол өткелдерінің көлік-пайдаланымдық жай-күйі болып табылады. Қаржыландырудың жоқтығына байланысты, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көпірлерді, өтпе жолдарды, су өткізгіш құбырларды аспаптық тексеру бойынша жұмыс жүргізу мүмкін емес. Осылайша, 2016 жылы көктемгі су тасқынының өтуі барысында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында айтарлықтай бұзылуға 9 су өткізгіш құбыр ұшырады, оның ішінде: Қостанай ауданы – 6 дана., Меңдіқара ауданы – 2 дана, Жангелдин ауданы – 1 дана.
Облыс экономикасының тұрақты дамуы үшін көлік-коммуникациялық желіні жаңарту қажет. Облыстық және аудандық маңызы бар қатты жабынмен қапталған автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізу және қайта жаңарту; жабындардың түрлерін жетілдіру; жол жиегіндегі автоқызметтердің деңгейін дамыту; Ресейдің шекаралық облыстарына шығуды жаңғырту.
Облыс аумағында су көлігі саласында 1 бірлік өзендік және 2 000 шағын көлемді кемелер тіркелді, оның ішінде 676 өздігінен жүретін және 1324 өздігінен жүрмейтін.
Инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ ішкі су көлігі саласында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұсталған кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді сақтауға арналған облыстың су айдындарында (көп жиналатын жерлерде кемелерін) арнайы тұрақ құру жоспарлануда.
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:
Күшті жақтары:
1.жеке аумақтар үшін жалғыз көлік қатынасы-автожолдар болып табылады.
2. өткізіп тұратын қабілеттің қорлары
3.автокөліктің аралас түрлерінің инфрақұрылым дамуы
|
Әлсіз жақтары:
1. инфрақұрылымның негізгі қаражаттарының маңызды физикалық және саналы тозуы.
2. инновациялық және автоматизацияылқ процесті енгізудің төмен деңгейі.
3. көлік кешенінің инфрақұрылымның және негізгі құралдарының жай-күйі мемлекет және жеке сектор тарапынан үлкен инвестицияларды талап етеді.
4. жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйі қанағаттанарлықсыз (2014- 2016 жылдар аралығында 3%-ға өсті).
|
Мүмкіндіктері:
1. автомобиль жолдарының желісін сақтау және дамыту.
2. қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға арналған экономикалық белсенділікті мен инвестициялық тартымдылықты ынталандыру.
3.жекешелік-мемлекеттік серіктестік механизмнің дамуы
4.автомобиль жолдардың, көпірлердің көлік-пайдаланымдық көрсеткіштердің жақсаруы
5.автомобиль жолдар желісін сақтау мен даму
6.қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуден кейін автомобиль жолдарында жөндеуаралық мерзімдерін сақтау
7.сапасымен меңгеру халықаралық стандарттарын автожол саласына енгізу.
|
Қауіп-қатерлері:
1. жылжымалы автокөлік құрамының тозуы кері әсерін тигізеді.
2. жол жамылғысының қанағаттанарлықсыз жай-күйі пайдалану жылдамдықтарының төмендеуіне, көліктік-пайдалану шығындарының арттыруына әкеледі.
3. экономиканың және инвестициялық белсенділік деңгейінің өсу қарқынын төмендету.
4.ішкі мен сыртқы конъюнктурасын нашарлану мүмкіндігімен байланысты макроэкономикалық тәуекелдер
5.бюджеттік қаржыландырудың қысқартуы
6. бағалық тәуекелдер
7. заңнамалық тәуекелдер
8.техногенндік жіне экологиялық тәуекелдер
9. темір жол көлігінде жабдықтардың жоғары тозу мен істен шығуы салдарынан авария және техногендік апаттар тәуекелдері.
10.жол-пайдаланымдық техниканың жоғары тозуы
|
Достарыңызбен бөлісу: |