Бағдарламасы мазмұны паспорт (негізгі сипаттамалары) 2



жүктеу 4,57 Mb.
бет2/24
Дата26.05.2018
өлшемі4,57 Mb.
#17936
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

* жергілікті бюджеттің шығыстары тиісті жылдарғы арналған бюджетті бекіту кезінде өзгеру мүмкін

2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
Географиялық орналасуы

Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, 1936 жылы құрылған. Облыс Қазақстан Республикасының төрт (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектеседі. Облыс орталығы – Қостанай қаласы, 1879 жылы қаланған, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан.



Жер бедері. Облыс аумағы негізінен жазық бедерімен сипатталады. Солтүстік бөлігін Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік-шығыс түкпірі, оның оңтүстігінде Торғай үстірті, батысын Орал үстірті, ал оңтүстік-батысын Сарыарқа тау ұшығы алып жатыр.

Климаты шұғыл континенттік және өте қуаң. Қысы ұзақ, аяз, өте желді және қатты боран, жазы ыстық және құрғақ болып келеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігінде 250-300 мм және оңтүстігінде 240-280 мм шамасында. Вегетациялық кезеңі солтүстігінде 150-175 тәулік, оңтүстігінде 180 тәулік.

Су ресурстары. Өзен желісі сирек. Облыс шегінде 310 жуық ұсақ өзендер бар. Неғұрлым ірі өзендер – Тобыл және Торғай. Тобыл өзенінде Жоғары Тобыл, Қаратомар, Аманкелді су бөгеттері орналасқан. Облыста 5 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде ең ірілері Торғай жылғасында орналасқан Құсмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және т.б.

Топырағы. Облыс топырағының құрамы күрделі механикалық, құндылығы жоғары және тұздылығымен ерекшеленетін қара және қоңыр болып келеді. Тың жерлерге байланысты алқабтың көбісі жыртылған. Облыстың жалпы жер аумағы 19600 мың гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы 18123,4 мың гектарды егістік, оның ішінде 5659,3 мың гектарды құрайды немесе 31,2 %, 12068,0 мың гектарды (67%) жайылымдар алып жатыр.

Өсімдігі. Облыстың солтүстік бөлігінде көбінесе қызыл селеу және әр түрлі шөпті қара топырақ, ақ қайыңды-көктеректі бұталар және қарағайлы ормандар болса (Арақарағай, Аманқарағай); орталық бөлігінде – қызыл селеу және әр түрлі шөпті қоңыр топырақ, Науырызым қарағай көктеректі орманы, оның аумағында аттас қорық орналасқан, оңтүстік бөлігінде топырағы ашық қоңыр, бетегелі-селеу және жусан шөпті болып келеді.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы. Облыс құрамына 2015 жылдың 1 қантарына 4 қала, 16 аудан, 154 селолық округ, 8 кент (5 ауылдық және 3 қалалық), 81 тәуелсіз село және ауыл кіреді. Мәслихаттың «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы» шешімдеріне сәйкес 5 ауылдық округ тәуелсіз ауылға қайта құралды, бұл 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 149 ауылдық округті және 86 тәуелсіз ауылды құрады.

Облыс аумағында жүзден астам ұлт өкілдері және ұлыстар тұрады. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс тұрғындарының саны 883,64 мың адамды құрады, олардың ішінде: 39,7%-ы – қазақтар, 41,7%-ы – орыстар, 8,6%-ы – украиндар, 3,2%-ы – немістер, 6,9%-ы – басқа ұлт өкілдері. Халықтың тығыздығы – бір шаршы километрге 4,5 адамнан келеді. Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларында халық тығыз орналасқан, ал халық тығыздығының төмен деңгейі – облыстың оңтүстік аумақтары, олардың тығыздығы бір шаршы километрге 0,5 адамнан 0,8 адамға дейін келеді.



Қазақстанның дамуында Қостанай облысының алатын орны

Облыстың стратегиялық даму мақсаты қолайлы тұрғылықты орта құру және халықтың өмір сүру сапасын дамыған елдердің деңгейіне жеткізу болып табылады.

Халықтың өмір сүру деңгейінің интегралды көрсеткіші – жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 2014-2026 жылдары 1583,1 мың теңгеден 1727 мың теңгеге немесе 9,1%-ға ұлғайды.

1-кесте


2013-2016 жылдардағы жалпы өңірлік өнім

Атауы

Өлш. бір.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

ЖӨӨ

млрд. теңге

1348,3

1394,9

1378,3

1522,3

ЖӨӨ НКИ

%

110,2

102,2

96,4

98,0

Жыл басына шаққанда ЖӨӨ

мың теңге

1531,5

1583,1

1561,7

1727,0

Елдің жалпы өңірлік өніміндегі облыстың үлес салмағы 2014-2016 жылдары бойынша 3,5-3,24% құрады.

ЖӨӨ көлемі бойынша облыс 2014 -2016 жылдары Қазақстан өңірлерінің ішінде 12 орынды алып отыр (2013 жылы –13 орын).

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша 2014 жылы -11 орынды, 2015 жылдың - 10 орын, 2016 жылы – 11 орында.

2-кесте


Қостанай облысының ЖӨӨ құрылымын талдау

млрд. теңге



Жыл-дар

Бар-лығы

Ауыл шаруашылығы

Өнеркәсіп

Құрылыс

Сауда

Көлік және байланыс

Басқа-лары

2013

1348,3

148,6

283,0

71,1

157,5

257,4

430,7

Үл. сал.,%

100

11,0

21,0

5,3

11,7

19,1

31,9

2014

1394,9

161,9

344,4

79,0

177,5

173,9

458,2

Үл. сал.,%

100

11,6

24,7

5,7

12,7

12,5

32,8

2015

1378,3

173,6

281,0

79,5

207,5

197,8

438,9

Үл. сал.,%

100

12,6

20,4

5,8

15,1

14,4

31,7

2016

1522,3

191,6

342,8

63,9

257,2

217

449,8

Үл. сал.,%

100

12,6

22,5

4,2

16,9

14,3

29,5

Облыс ЖӨӨ-нің өзгеруіне көбінесе, үлесіне ЖӨӨ көлемінің 35,1% келетін ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларының дамуы әсер етеді.
3-кесте

Өңір салаларының жалпы республикалық өндіріс көлеміндегі

үлес салмағы

млрд. теңге



Жыл-дар

Бар-лығы

Ауыл шаруашылығы

Өнеркәсіп

Құрылыс

Сауда

Көлік және байланыс

Басқа-лары

2013






















ҚР

35999,0

1621,2

9986,0

2145,2

5416,0

3682,7

13147,9

Облыс

1348,3

148,6

283,0

71,1

157,5

257,4

430,7

Үл.

сал, %


3,7

9,2

2,8

3,3

2,9

7,0

3,3

2014






















ҚР

39675,8

1717,8

10818,1

2358,0

6332,7

4149,8

14299,4

Облыс

1394,9

161,9

344,4

79,0

177,5

173,9

458,2

Үл.

сал, %


3,5

9,4

3,1

3,4

2,8

4,2

3,2

2015






















ҚР

40884,1

1925,9

10167,0

2447,7

6994,0

4592,3

14757,2

Облыс

1378,3

173,6

281,0

79,5

207,5

197,8

438,9

Үл.

сал, %


3,4

9,0

2,8

3,2

3,0

4,3

3,0

2016






















ҚР

46971,2

2140

12262,5

2758,8

7898,8

4854,4

17056,7

Облыс

1522,3

191,6

342,8

63,9

257,2

217

449,8

Үл.

сал, %


3,24

8,96

2,8

2,31

3,26

4,5

2,6

Облыс Республикалық ЖІӨ-де ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша айтарлықтай үлесті алады және елдің өңірлері арасында жоғары көрсеткішке ие.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

Әлемдік бағалар мен сұраныстың, оның ішінде металл мен астыққа ықпал етуі себебінен тау-кен саласының кәсіпорындарының өнім шығару мәселесі неғұрлым өзекті болып тұр.



Даму беталысы

ЖӨӨ құрылымындағы нақты сектор (өнеркәсіп және ауылшаруашылық) үлесін өсіру мақсатында экономика салаларында бірқатар шаралар қабылданады. Өнеркәсіпте Индустриализациялау Картасы бойынша істегі және іске қосылатын кәсіпорындарың өндірістік қуаттарды арттыру есебінен өңдеу саласындағы өндіріс көлемдерін ұлғайту, өңіраралық сауданы дамыту жоспарланып отыр. Ауылшаруашылығында өсімдік шаруашылығы көлемдерін өсіру жерлердің диверсификациясы, ауылшаруашылық дақылдарын алдыңғы қатарлы әдістер мен жаңа технологиялар қолдану арқылы өңдеу есебі арқылы жоспарланып отыр. Мал шаруашылығында – өндіріс секторында мал басы санының ұлғаюы және негізгі өнім(ет, сүт, жұмыртқа) өндірісін ұлғайту есебінен.

Инновациялар мен инвестициялар

Қостанай облысының индустриализациялау картасына жалпы инвестициясының көлемі 429,8 млрд.теңге және 9,1 мың жұмыс орнын ашатын, 94 жоба кіреді, оның ішінде: 29 жоба индустрия саласында және 65 жоба агроөнеркәсіптік кешенде.

2014-2016 жылдары сомасы 23,46 мың теңге 15 объект пайдалануға берілді, 678 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде: индустрия саласында жалпы сомасы 14,94 млрд.теңге 10 объект, 2710 жұмыс орны ашылды; АӨК саласында жалпы сомасы 8,52 млрд.теңге 5 объект, 576 жұмыс орны ашылды.

Индустриализациялау картасын іске асыру шеңберінде өңірде жаңа өндірістер ашылды: 4 автожинағыш өндіріс, комбайндарды жинау бойынша зауыт, ауыл шаруашылығы техникасын өткізу және қызмет көрсету бойынша сауда-сервистік орталығы, полиэтиленді құбырларды шығару бойынша 2 зауыт, жаңа жабдықты қолданатын 3 етті қайта өңдейтін кешен, итальяндық технология бойынша макарон цехі, компьютерлік технологиясымен басқарылатын 6 сүт-тауар фермасы, 9 бордақылау алаңы, жаңа жабдықпен жабдықталған 8 диірмен, 4 май зауыты, асфальт араластырғыш орнатқыштарын шығару бойынша зауыт, тез дайын болатын лапша өндірісі, картон және жұмысртқаларға арналған науа өндірісі, суландыру жүйесі, 5 құс фабрикасы, 3 көкөніс қоймасы, сүтті қайта өңдеу бойынша 2 цех, жартылай спирттелген төпті қайта өңдеу бойынша зауыт, 2 метал прокаты зауыты, руда дайындайтын кешен, жинақталған темір бетон өндірісі, полиэтилендік қаптама және таңбаланған қатты карамель өндірісі бойынша 2 цех, ұсақ даналы бетон бұйымдарының зауыты, кірпіш зауыты, 4 астық кептіргіш және қойма, биогаз орнатқышы, әкті ұсақтау және қаптау желісі, автомобиль шиналарын қайта өңдеу және қайта қалпына келтіру бойынша зауыт, үй құрылысы комбинаты, шақпатас зауыты және алкогольсіз сусындар шығару желісі.

Оның ішінде іске асырылды:

2014 жылы жалпы сомасы 1485 млрд.теңге 8 инвестициялық жоба, 455 жұмыс орны ашылды, оның ішінде: шағын торапты жинайтын әдіспен Toyota Fortuner маркалы автомобиль өндірісі; үй құрылысы комбинатын салу; тәжірибелі-өнеркәсіптік кен қазу және дайын Доре және басқа да қорытпасын алатын руданы қайта өңдеу;

2015 жылы жалпы құны 4 847,3 млн.теңге 4 инвестициялық жоба іске асырылды, 126 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 2 жоба Елбасының қатысуымен Жалпыұлттық телекөпір өткізу барысында: сүт және қышқыл сүт өнімдерін өндіру цехі; құс фабрикасын қайта жаңғырту;

2016 жылы жалпы сомасы 4111 млн.теңге 3 инвестициялық жоба іске асырылды, 97 жұмыс орны ашылды.



Сыртқы экономикалық қызмет

Республика көлемі бойынша Қостанай облысының үлесі 2,4% құрады. (Республика сыртқы сауда айналымы – 62,1 млрд. АҚШ доллар).

4-кесте



Экспорт'>Жылдар

Сыртқы сауда айналымы

Экспорт

Импорт

млн. АҚШ доллары

өткен жылға қарағанда%

млн. АҚШ доллары

өткен жылға қарағанда%

млн. АҚШ доллары

өткен жылға қарағанда%

2014

3037,2

82,3

1682,3

73,5

1354,9

96,5

2015

1885,4

62,1

937,6

55,7

947,74

69,9

2016

1628,8

86,4

870,8

92,9

758,0

80,0


Өңірлік экспорт

2016 жылы Қостанай облысының өнімі әлемнің 40 еліне экспорттады.

Кеден одағының елдері облыс экспортында 50,7% алады. ТМД елдерінің үлесі 16,2%-ды құрады. Көбінесе тауарлар Өзбекістанға, Тәжікістанға, Әзірбайжанға және Түркменияға экспортталады. Әлемнің қалған елдерінің үлесі – 34,5%.

Басқа елдер арасында Ауғаныстан (21,6%), Қытай (3,7%), Индия (3,7%), Иран (1,9%), және әлемнің басқа елдері едәуір үлес алады.


5-кесте

Қазақстан Республикасының жалпы экспорт көлемінде

Қостанай облысының үлесі

млн. АҚШ долл.



Экспорт

2014 ж.

2015 ж.

2016ж.

Қазақстан Республикасының экспорты

79460

45956

36737

Облыс экспорты

1682,3

937,6

870,8

Қазақстан Республикасының жалпы экспорт көлемінде Қостанай облысының үлесі, %

2,1

2,0

2,4

жүктеу 4,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау