32
талқылауға арналған сұрақтар:
Коллаж дегеніміз не?
Қағаз қандай болады?
Қағазбен не істеуге болады?
Фигураны қалай қиюға болады?
Қайшы мен желімді қалай дұрыс пайдаланады?
Сюжетті қағазда қалай орналастырады?
Алдыңғы білім Қағаздың әртүрлі түрлерімен жұмыс істеу білігі. Жалпы композиция құру, қағаз парағын толтыру,
заттарды бір сызыққа, кең жолаққа (жоғарырақ, төменірек, 2–3 жоба), бүкіл параққа орналастыру
бойынша қарапайым біліктер. Геометриялық фигуралармен таныстық.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
і. Оң көңіл күй
орнату.
0–1 минут
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.
«Бірге қуанамыз»
Күн мен құстарға қуанамыз, (Балалар қолдарын жоғары көтереді.)
Күлімдеген жүздеріне қуанамыз, (Бірбіріне күлімдейді.)
Ғаламшардағы бүкіл адамдарға, (Қолдарын екі жаққа созады.)
«Қайырлы таң!» – дейміз, (Қол ұстасады.)
Анам мен әкеме де «Қайырлы таң!»
Баршаңызға «Қайырлы таң!»
(ұ) Педагог «Неге ұқсайды?» деген ойынды ұйымдастырады.
Балалар пішіні әртүрлі бояу тамшыларына қарап, қиялдайды.
Педагог бояу тамшыларының қалай пайда болатыны туралы айтады
және балаларға сиқыршы болу ұсынылады. Ал сиқыршылардың
қолынан барлығы да келеді.
Музыкалық сүйемелдеу.
Пішіні әртүрлі бояу
дақтарының суреттері.
III. ұОқ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс.
Педагог балаларға суретке қарап, автордың осы жапсырмада нені
пайдаланғанын айқындауды ұсынады. Тәрбиеленушілер материал
мен құралдарды атайды.
Педагог «коллаж» ұғымын береді. Коллаж – әртүрлі материалдардан
– мата, қағаз, газет, фотосурет, таспалардан жасалатын сурет.
Қосымша бөлшектерді бояулармен немесе қарындаштармен салуға
болады.
Педагог балаларға өздеріне белгілі қағазбен жұмыс істеу тәсілдерін
еске түсіріп, сюжеттік коллаж жасауды ұсынады.
Педагог балаларға жұмыс үстелінің дайындығын тексеруді
ұсынады.
(ұ) саусақтарға арналған жаттығу.
Саусақтарды барынша тарбитамыз, (Саусақтар тарбиған,
тырысқан.)
Бір, екі, үш, төрт, бес. (Санаған сайын саусақтар бас бармақтан
бастап шынашаққа дейін бірбірлеп жұдырыққа біріктіріледі.)
Бәрін бірге қысамыз – үш, төрт, бір орында билейміз, (Саусақтар
жазылады және «
шамшырақ» қимылы жасалады.)
Өкшеге тұрамыз, (Шынашақтар кездеседі, бас бармақтан басқа
саусақтар бүгіліп,
алақанға қысылады).
Одан кейін өкшеге тұрамыз, (Бас бармақтардың бастары
кездеседі).
Біз достармыз (Шынашақтардың бастары кездеседі).
Енді жаттығу жасаймыз, (Бас бармақтардың бастары кездеседі.)
(Ж, ұ) Аппликация жасау технологиясы
Педагог балаларға өзінің немен айналысатыны туралы көршісіне
айтып беруді ұсынады. Оның альбомына қандай сиқырлы
фигуралар қоныстанады? Олар қандай тәсілмен жасалады?
Педагог тәрбиеленушілерге аппликацияда ғимараттардың және
т. б. нысандардың дұрыс тұрғызылуын көрсетуге көмектеседі.
Балалардың назарын бейнелеуді өз беттерінше жобалауға, жұмысты
қиюдан бастауға, алдымен көлемді бөліктерін жапсыруға, содан
соң кіші бөліктермен толықтыруға және соңында өзгешелік сипат
беретін бөліктермен аяқтауға кеңес береді.
Педагог тәрбиеленушілерге түрлі түсті қағаз, көшірме қағаз, газет-
журналдардың кесінділерін, тұсқағаздардың қиықтарын, үйден
әкелінген фотосуреттерді (егер олар екі нұсқада болса) пайдалануға
кеңес береді.
Әліппе-альбом.
Әртүрлі – дәптер, газет-
журнал, орама, қатпарлы
және т.б. қағаздар.
Музыкалық сүйемелдеу.
Түрлі-түсті қағаздар, жай
қарындаштар, ПВА желім,
желімге арналған жаққыш,
шүберек, клеенка.
33
Жұмысты орындау барысында педагог қолдануға болатын жапсыру
тәсілдерін балалардың есіне салады:
– қиып алынған заттардың бөлшектерінен жапсыру жасау;
– қиып алынған заттардың сұлбаларынан жапсыру жасау;
– жырту-мозаика;
– контур бойынша жырту.
Педагог жұмыс барысын қадағалайды және қажеттілігіне көмек
көрсетеді.
Педагог тәрбиеленушілерге фигураларды қиған кезде қағазды
тиімді пайдалану керектігін ескертеді. Ірі қиындыларды лақтырмау
қажет, оларды ұсақ бөлшектерді қиып алу үшін пайдалануға
болады.
(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі
Педагог сабақта жұмысты қауіпсіз жүргізу ережесін және
жапсыруға арналған материалдарды тиімді пайдалану туралы
балалардың есіне салады.
IV. ұОқ
қорытындылау.
Рефлексия.
26–30 минут
(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау:
Педагог балаларды өзара бағалауға шақырады.
Педагог рефлексияның бір түрін таңдайды:
• физикалық (үлгердім – үлгермедім);
• сенсорлық (өзін-өзі сезіну: қолайлы – қолайсыз);
• зияткерлік (нені түсіндім, ұғындым – нені түсінбедім, қандай
қиындыққа кезіктім);
• рухани (жақсы – жаман бола бастадым, өзімді, өзгелерді жақсы
жаққа өзгерте немесе бұза бастадым).
Бір-бірінің жұмыстарын
бағалайды.
9-ұОқ. ӘЖЕмніҢ сАндығы
(сәндік аппликация)
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың
саны:
ұОқ-нің оқыту
мақсаттары
0.1.3.2. Қуыршақтар мен ойыншықтарға арнап ұлттық бұйымдарды, сондай-ақ қазақ ою-
өрнектерінің желісімен балалардың ойдан шығаруы/үлгіқалып бойынша түрлі бұйымдарды,
шырша ойыншықтарын, құттықтау ашықхаттарын, ұжымдық панноларды сәндеу.
0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды
тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың
бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу).
0.2.2.3. Орталықты, бұрыштарды, әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан, қатпарлап
бүктелген қағаздан қол ұстасуды, шеңбер айнала ән айтқан адам бейнелерін, шілтер
үлгілерін, қар ұшқындарын, гүлдер, т.б. қию.
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
-ұлттық бұйымдарды ою элементтерімен сәндей алады;
-геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттарды қиып ала алады;
-жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-қазақ халқы өрнектерінің желісі негізінде үлгіқалыпты пайдалана алады;
-екіге бүктелген қағаздан орталық пен бұрыштарды сәндеуге арналған симметриялы
пішіндерді қиып ала алады;
-қағаз парағын толтыра алады, заттарды бір сызыққа орналастыра алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-жапсыруда түсті бейнелілік құралы ретінде пайдалана алады.
тілдік мақсаттар
дағдыларды дамыту:
-сұрақтарға жауап беру және бұрын меңгерілген біліктерді еске түсіру;
-ұлттық дәстүрлермен және қолөнермен танысқан, халық шығармашылығы бұйымдарын
жасаған кезде сөздік қорды байыту;
-тапсырмаларды орындау және проблемалық мәселелерді шешкен кезде сөйлеу және тыңдау
дағдыларын бекіту;
-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;
-өз жұмысын және өзге тәрбиеленушілердің жұмыстарын талдау және сындарлы бағалау.
Көптілділік: сандық – сундук – trunk.