ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒЫНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ
\
«Химия сабағында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы»
оқытушы: А.Б.Макжанова
Макжанова А.Б.
Химия сабығында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы – бұл оқу үрдісіндегі оқушының өз бетімен білімді түсініп, қабылдауы. Бұл оқу әдісінің түрі әрқашанда маңызды, себебі орта оқу орындарында оқушылар арасында өз бетімен жұмыс жасау барысында олардың дағдыларының жетіспеушілігі туындап жатады. Сондықтан әрбір оқытушының алдында осы дағдыларды жүйелі түрде қалыптастыру мәселесі орын алады. Тек өз бетімен жұмыс жасау арқылы оқушылар пән бойынша толық мәлімет ала алады.
Өз бетімен жұмыс жасау жалпы оқу үрдісіндегі білімділік, тәрбиелік және дамытушылық функцияларын және де оқушылардың тұлға ретінде басқа да жақтарын қарастырады.
Химия сабағында өз бетімен жұмыс жасауда білімділік функкциясы химия ғылымының әдістерін меңгеруді қарастырады. Олар: тәжірибелік іскерлік, кітаппен және химия пәні бойынша әдебиеттермен жұмыс жасай білу, есептеулерді жүргізу, химия тілін қолдану, модельдеу және т.б.
Ал тәрбиелік функция тұлғаның келесідей жақтарын қалыптастырады: қиындықтарды жеңе білу, бірбеткейлік, өз-өзіне сенімділігі, жолдастық арақатынас.
Дамытушылық функкцияда интеллектілікті (өзін бақылау, ең негізгіні бөліп көрсету және т.б.), байқампаздықты қарастырады.
Өз бетімен жұмыс жасау бұл білімнің көзі және оны тексеру, толықтыру бекіту білімділік пен дағдының қалыптасуына жеткізетін бірден бір жол болып табылады.
Өз бетімен білім алудың дидактикалық бағыты
Өз бетімен жұмыс жасауда әрқашан белгілі бір дидактикалық бағытта болады. Жалпы сабақ келесідей басты дидактикалық мақсаттармен көрсетіледі:
Жаңа сабақты түсіндіру
Алған білімді толықтыру немесе жаңарту
Алған білімнің нәтижесін тексеру
Көп жағдайда бір ғана жұмыс бірнеше тапсырманы шешеді. Мысалы, оқушы өз бетімен кітапты оқу немесе зертханалық жұмыс жасау арқылы жаңа материалды қарастырғанда, оны қабылдауда ол бұрынғы білімін толықтырып отырады. Қайсысы бір оқу үрдісінің бөлімінде берілген қандай да бірдей тапсырма болмасын ол әртүрлі мақсатта қолданылады. Мысалы, мынадай тапсырама берілсін: кальцийді бастапқы өнім ретінде ала отырып одан кальций оксидін, ал одан әрі қарай кальций карбонатын алудың реакция теңдеулерін жазыңыз. Мұны неорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс тақырыбын өткен кезеде қарастырылады. Сонымен қатар басқа сабақтарда тексеру жұмысы ретінде қолданылуы мүмкін. Және де бұл тапсырманы ПЖ-гі II және IV топ элементтерін оқытқанда да қарастырып кетуге болады.
Өз бетімен жұмыс жасаудың түрлері
Міндетті түрдегі үш түрі белгілі
репродуктивті (көшірме)
эвристикалық (ізденіс)
зерттеу (тәжірибе)
1.Өз бетімен жұмыс жасаудың репродуктивті түрінде оқушылар үлгі бойынша әрекет жасаулары қажет. Яғни, ойдағы жинақталған білімді бекітуде қандай да болмасын тапсырманы белгілі бір тәртіппен орындауға негізделеді. Мысалы, келесідеі тест сұрағымен жұмыс:
Көрсетілген заттардың қайсысында иондық кристалдық тор болады?
А)SiO2 B)O2 C)BaCI2 D)HCI
2.Эвристикалық түрінде алған білімдері бойынша оқушылар берілген тапсырманы шешудің жолын өздері қарастырулары қажет. Мысалы, келесі айналымды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыз:
NH4CI → NH3 → NO → HNO3 → NH4NO3
Бұл тапсырмада көрсетілген заттарды алуда қандай заттармен әрекеттестіру керек екенін тауып, реакция жағдайын еске түсіріп, реакция теңдеулерін дұрыс жаза білу қажет.
3.Зерттеу түрінде оқушылар өз бетімен кішігірім зерттеу жұмысын жасайды, нәтижесінде жаңа білім алады немесе жаңа әдісті білетін болады. Мысалы, зертханада мыстың (II) хлоридін кристалды түрде алу. Практикалық тұрғыдан тиімді болатын екі түрлі алыну жолын ұсыну және көрсету.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауының үш түрін қарастыра отырып, практикада қайсысын қоладанатынымызды оқушылардың танымдылық қызығушылықтарына байланысты анықтай аламыз.
Өз бетімен жұмыс жасаудың формалары
Өз бетімен жұмыс жасау бірнеше формада қарастырылады:
ұжымдық
топтық
жекелей
1.Ұжымдық жұмыс жасауда оқушылар бір немесе бірнеше нұсқада ұқсас қиындығы «орташа» тапсырмаларды орындайды. Мысалы, заттардың электролиттік диссоциациясына тееңдеулер құру тақырыбын бекітуде келесідей тапсырма ұйымдастырылады:
1) Келесі иондардың қайсысылары: H, Ba, OH, Cu, K, SO4 (бір-бірімен) ерітіндіде аз диссоциацияланатын заттар түзеді. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
2) Келесі заттардың диссоциация теңдеулерін құрыңдар: H2SO4, Cu(OH)2, BaCI2, Na2CO3, AgCI, Ba(OH)2.
2. Топтық жұмыс жасау 2 немесе 4 оқушылардан құралады. Барлық топтың барлық оқкшалыры бір мезгілде жұмыс жасайды, әр топтың мүшелері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мұндай топтық жұмыс жасауда міндетті түрде келесідей элементтер болуы шарт: жалпы топқа алдында қойылған мақсаты; қойылған мақсат бойынша әр топ мүшелерінің жекелей тапсырманы орындауы; бір-бірін міндетті түрде тексеріп, туындаған қиындықтарды бірлесе шешуі; топтың әр мүшесінің алған нәтижелерін сараптап, қорытынды жасау; қорытындының қойылған мақсатпен сәйкестігін қарау.
Кейбір жағдайда топпен жұмыс жасауда барлық оқушылар қамтылмауы мүмкін, сонда қалған оқушылар ұжымдық жұмыс жасауға қатысады.
Мысалы, зертханалық жұмыс, 3 оқушы
Мақсаты: заттар арасындағы ион алмасу реакциясының маңызын түсініп, олардың арасында суда ерімейтінін анықтау.
1.Берілген заттар арасындағы реакция теңдеулерін жазыңыздар. Қажет болса әрекеттесетін қоспаны қыздырыңыздар. Үш оқушының әрқайсысына жеке тапсырма
1 оқушыға CuO және H2SO4
2 оқушыға СaCO3 және HCI
3 оқушыға Cu(OH)2 және HNO3
Бір-бірінің тәжірибеңіздің қорытындысын тексеріңіз. Қандай белгі бойынша реакцияның жүргендігін анықтауға болады?
2.Реакцияның маңызын теңдеулер жазу арқылы түсіндіріңіздер. (Әр оқушы реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазады). Бір-бірлерінің жазғандарын тексереді.
3.Қорытынды жасаңыздар: иондық теңдеулер бір-бірінен қалай ажыратылады: а) суда еритін заттар арасында; б) біреуі суда ерімейтін заттар арасында.
3.Жекелей жұмыс жасау түрінде әр оқушыға деңгейлік тапсырмалар беріледі, яғни оңайынан қиынға қарай негізделеді. Оқушы өзінің күшіне сену арқылы оңай тапсырманы басып өтіп бірден қиынға қарай ұмтыла алады. Мұндай түрдегі тапсырмаларды орындау арқылы олар өздерінің жетістіктерін дұрыс бағалап, әрі қарай өсуге мүмкіндіктерін байқайды. Мысалы, «Электролиттер» тақырыбына келесідей тапсырмалар;
1.Қысқартылған иондық теңдеуге сәйкес толық иондық теңдеуді құрастырыңыз:
Ag + CI = AgCI↓
2.Қысқартылған иондық теңдеуді аяқтаңыз:
Ca2+ + … = CaCO3↓
3.Химиялық реакцияның қысқартылған иондық теңдеуін және толық иондық теңдеуін жазыңыз:
… + … = CO2↑ + H2O
Сонымен оқушының өз бетімен жұмыс жасау білімді дамытуда, күш жігерлілікке тәрбиелеуге, танымдық қызығушылықты қалыптастыруда үлкен маңызы зор. Мұнда әрбір оқушының даралығы көрсетіледі және де интеллектері мен мінездері әрі қарай қалыптасады. Мұның бәрі терең және мықты білім алуда көп жәрдем береді.
Қолданылған әдебиеттер:
Емельянова Е. О. Подко А. Г. Организация познавательной деятельности учащихся на уроках химии в 8-9 классах в 2 частях. М.: Школьная пресса, 2002.
Штремплер Г. И. Дидактические игры при обучении химии. М.: Дрофа, 2003.
Достарыңызбен бөлісу: |