Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған


негізгі терминдер мен сөз тіркестері



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет17/40
Дата14.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#12817
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40

34

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-cандық, ою, сәндік жапсыру, қазақ халқының өрнегі, симметриялы пішін, екіге бүктелген.



талқылауға арналған сұрақтар:

Қазақ халқының қандай тұрмыстық заттарын білесің?

Ою дегеніміз не?

Оюдың қандай элементтерін білесің? Оларды ата.

Тұрмыстық заттарды не үшін сәндейді?

Өрнекті қандай тәсілмен қиып аласың?



Алдыңғы білім

Қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі туралы түсінік. Әртүрлі өрнектерді 

жасау бойынша бастапқы дағдылар. Қазақ ұлттық өрнегінің кейбір элементтері туралы 

білім. Қайшымен жұмыс істеудің техникалық дағдылары. 



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

і. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут



(ұ) ұОқ оң көңіл күй орнату. 

Төбелерден секіріп,

Жүріп шарбақ бойымен,

Күн таңертең жарқырап: 

Жеміс бағына қарай өтті,

Өзен үстінен жанай өтті,

Жаңа, балғын жапырақты,

Жылы қолымен сипай өтті. 

Күнмен бірге көзін ашты, 

Құстар, шөптер, гүлдер, 

Бәрі Күнге күлімдеді,

Біз де Күнге күлімдейік! 

Музыкалық 

сүйемелдеу.



II. өмірлік тәжірибені 

өзектендіру. 

мақсат қою 

2–5 минут



(ұ) Педагог балаларға өлеңнен үзінді оқиды:

Әжемнің бар үйінде, 

Бір сиқырлы сандығы.

Сол сандықта не барын

Қалай білсем болады?

Алтын-күміс болмаса,

Қандай мүлік жиналған?

Сандықты әжем ашпақшы,

Қызығын оның көруге

Жиналды қыздар ынтыға...

Педагог тәрбиеленушілердің болжамдарын тыңдайды. Алдағы 

әрекетке жұмылдырады.

Фотосуреттер, 

суреттер, 

сандықтардың 

иллюстрациялары.



III. ұОқ тақырыбы 

бойынша жұмыс

6–25 минут



(ұ) Әліппе-альбомның иллюстрациялық материалымен жұмыс.

Педагог балаларға сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

Бұрынғы замандарда адамдар сандықта не сақтағанын білесің бе? 

(Балалардың болжамдары.)

Шағын зерттеу: тәрбиеленушілер әженің сандығының қандай 

геометриялық пішінге ұқсайтынын айқындайды. 



қуаныш балаларды дизайн шеберханасына шақырады. Әженің 

сандығын ұлттық ою-өрнектердің элементтерімен сәндеуді ұсынады.



(ұ) саусақтарға арналған жаттығу.

«Кім келді?»

Кім келді? (Бас бармақтар жанасады.)

Біз, біз, біз. (Қалған төрт саусақ жанасады.)

Апа, апа, бұл сен бе? (Бас бармақтар жанасады.)

Иә, иә, иә.(Сұқ саусақтар жанасады.)

Әке, әке, бұл сен бе? (Бас бармақтар жанасады.)

Иә, иә, иә. (Аты жоқ саусақтар жанасады.)

Қарындасым, бұл сен бе? (Шынашақтар жанасады.)

Барлығымыз біргеміз, иә, иә, иә. (Барлық саусақтар жанасады).



(ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы.

Педагог суретті құрастыру процесін, жапсырма жасау кезектілігін 

көрсету үшін тікелей үйрету әдісін қолданады.

Жұмыстың кезектілігі тақтада барлық кезеңдері көрсетілген сызба 

түрінде бейнеленеді.

Өрнектерді жасауға кірісуді ұсынады. Оюдың элементі – қайнар мен 

қошқармүйізге көңіл аудартады. 

Қайнар. Әзірлемені тігінен екіге бүктейді, оюдың үлгіқалыпты 

(педагог дайындаған) әзірлеме парақтың бүгілген жеріне қойып,

Әліппе-альбом.

Фотосуреттер.

Музыкалық 

сүйемелдеу.

Түрлі түсті қағаздар, 

жай қарындаштар, 

ПВА желім 

(немесе қарындаш-

желім), желімге 

арналған жаққыш, 

шүберектер, 

төсеніш клеенкалар.



35

үлгіқалыпты жай қарындашпен сызады. Ою контур бойынша қиып 

алынып, жазылады.

Қошқармүйіз. Бүктеу сызығын жақсылап тегістей отырып, 

әзірлемені қатпарлап бүктейді. Оюды қойып, суреттің жартысын 

бүктеу сызығынан бастап жай қарындашпен бастырады. Шеткі 

сызық  бойынша қиып алынады.  Оюдың екі жағы да бірдей болуын 

қадағалайды.

Педагог балалардың бөлшектерді бүлдірмей, дәл қиюын қадағалайды. 

Қию сызығы бұдырсыз, анық болуы және  қиған кезде қағазды ойып 

алмауға тырысуы қажет. Педагог оюдың шет сызықтарына абай 

болуларын ескертеді. Шет сызықты қиғанда оңнан солға қарай қиған 

оңай болатынын айтады.

Жақсырақ орналастыру жолдарын таңдай отырып, жапсырманың 

барлық бөлшектерін негіз-параққа орналастырады.

Барлық бөлшектер кезектілікпен негізге жапсырылады.

Педагог оюды әзірлеу тәсілін көрсету үшін балалардың бірін шақыра 

алады. Тәрбиеленушілердің түсініктерін бекітуі және кезектілікті 

тағы да бір рет қайталауы үшін оның іс-қимылын нақтылап 

түсіндіреді. Қиюдың кейбір тәсілдерін көрсетеді. Өткен ҰОҚ-дегі қию 

тәсілдерін айтқан тәрбиеленушілерді 

мадақтайды.



(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелері.

Педагог сабақ шеңберінде жұмыс орнын, құралдарды ретке келтіру 

керектігін еске салады.

Желіммен жұмыс істеу ережесі:

Желімді шағын мөлшерде шығар.

Майлық пен жаққышты пайдалан.

Көзге немесе киімге түскен кезде көп мөлшерде сумен жу.

 

Жадынама.



IV. ұОқ қорытындылау. 

Рефлексия.

26–30 минут



(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау:

Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар талқылап, ең үздік 

жұмыстарды таңдайды.

Сабақтың соңында тәрбиеленушілер педагог ұсынған сұрақтарға 

жауап береді: бір-бірінің құлағына сыбырлайды немесе ойын 

кейіпкерлеріне не бүкіл топқа дауыстап айтады:

Сен нені барлығынан да жақсырақ істедің?

Бүгін саған кім көмектесті?

Сен нені жасай алмадың және не себепті?

Келесіде оны жасау үшін не істейсің?

Ең қиыны не болды?

Ең қызықтысы не болды?

Тағы да нені жасай алмадың?

Сабақтағы жұмыс үшін кімге алғыс айтар едің?

Жұмыстарды қоюға 

арналған көрме 

қабырғасы.

10-ұОқ. АЛтын БАЛық 

(заттық аппликация, жазықтықта үлгілеу)



мектеп/мұ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны: 

қатыспағандардың саны:

ұОқ-нің оқыту 

мақсаттары

0.1.1.2. Үлгіқалып/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді, 

заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс 

пайдалану.

0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды 

тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын 

қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу).

0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан 

әртүрлі қағаздар).

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.



Күтілетін 

нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-шаблон бойынша жапсырма құрастыра алады;

-геометриялық фигуралар негізінде бірнеше заттардан жапсырма құрастыра алады;

-шаршының бұрыштарын қиып отырып, дөңгелек пішінді қия алады. 

заттарды бүкіл параққа орналастыра алады.



жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау