Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет19/40
Дата14.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#12817
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40

38

Кейбір тәрбиеленушілер:

-таныс техниканы өз бетінше үйлесімдей алады;

-композиция заңдарын қолдана алады;

-бейненің мәнерін көрсету үшін сұлбаны қиып алу мен жыртып жапсыру тәсілдерін қолдана алады.



тілдік 

мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-сабақтың оқу міндетін түсіну және оны орындауға тырысу;

-жапсыру жөнінде ойларын ұсыну;

-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;

-жұмыс тәсілдері мен реті жөнінде айтып беру;

-түпкі ойын түсіндіру;

-өзінің және өзгелердің жұмыстарын талдау және түсіндіру;

-түстің, пропорциялық қатынастардың ерекшеліктерін сөзбен айқындау;

-қорытынды сұрақтарға жауап беру және сабақтағы өз жетістіктерін бағалау.

Көптілділік: үлгі – трафарет – stencil.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-сюжетті композиция, үлгіқалыптар, трафареттер, сұлбаларды қию тәсілдері, мал қора, үй жануарлары. 



талқылауға арналған сұрақтар:

Бейнелер парақта қалай орналасады?

Трафаретпен және үлгіқалыппен қалай жұмыс істейді?

Неліктен қайшымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау керек?

Сұлбаны қалай дұрыс қияды?

Қандай үй жануарларын білесің?



Алдыңғы білім Үй жануарлары, олардың әкелетін пайдасы туралы түсінік. 

Трафареттермен және үлгіқалыппен жұмыс істеудің техникалық дағдылары.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Оң көңіл күй 

орнату.

0–1 минут



(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.

«сәлеметсіздер ме!» – амандасу.

Тәрбиеленушілер көршісінің саусақтарын кезек-кезек ұстап, былай 

дейді:

Әрқашан (бас бармақтарын),



әр жерде (сұқ саусақтарын)

мол (ортаңғы саусақтарын)

табыс (аты жоқ саусақтарын)

тілеймін! (шынашақтарын түйістіреді).

Музыкалық сүйемелдеу.

II. өмірлік тәжірибені 

өзектендіру. 

мақсат қою.

2–5 минут



(ұ) Педагог балаларға үй жануарлары туралы жұмбақтар 

жасырады. 

Тәрбиеленушілердің сабаққа дайындығын тексереді.

Алдағы жұмысқа жұмылдырады.



III. ұОқ-нің 

тақырыбы бойынша 

жұмыс

6–25 минут



(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс.

Педагог иллюстрацияларға қарап, өздері білетін үй жануарларын 

атауды және оларды сипаттауды сұрайды.

Балаларды педагог дайындаған үлгіқалыппен және 

трафареттермен жұмыс жасауға жұмылдырады.

– Үй жануарларының үлгіқалыбын және трафареттерін бастырып 

сыз. Оларды қағаз бетіне жапсыр. 

Қоршаған ортаның қажетті суреттерін салып толықтыр.



(ұ) саусақтарға арналған жаттығу.

«Екі лақ»

(Екі қолымыздың ортаңғы және шынашақ саусақтарын бас 

бармақтармен басамыз).

Бірде бір лақ көпір үстімен

Қонаққа бара жатты.

(Қолымызды көлденең ұстап, бір­біріне жақындатамыз).

Екінші жақтан екінші лақ

Үйіне келе жатты.

(Әр жолдың бірінші буынында қолдарымызды құлаштап жаямыз).

Екі ақымақ ерке лақ

Көпір үстінде кездесіп,

Бір-біріне жол бермей,

Сүзісіп қалды.

Артқа шегініп, алға ұмтылып,

Маңдайлары «тарс!» етіп түйісті.

Әліппе-альбом.

Үй жануарларының 

трафареттері мен 

үлгіқалыптары: сиыр, түйе, 

ат, қой.


Музыкалық сүйемелдеу.


39

(«Тарс!» сөзіне алақандарымызды соғамыз.)

Екеуі суға «шалп!» етіп құлап түсті.



(«Шалп!» сөзіне қолымызды тіземізге түсіреміз.)

(ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы.

Педагог бейнені жасау процесін, жапсырманы орындау ретін 

көрсету үшін тікелей үйрету әдісін қолданады. 

Жұмыс реті орындаудың барлық кезеңдері бейнеленген схемалар 

түрінде тақтада көрсетіледі.

Тәрбиеленушілер әзірлеменің жиегіне ғана желім жағып, параққа 

жасыл фон жапсырады.

Сосын қажетті трафареттер мен үлгіқалыптарды таңдап, жай 

қарындаш көмегімен белгілі бір түрлі түсті қағазға бастырып 

сызады. Педагог тәрбиеленушілерді қиюдың күрделі тәсілін 

пайдалануға бағыттайды. Берілген немесе суреті салынған шеткі 

сызық бойынша қайшының қозғалысын үзбестен қиюды ұсынады. 

Сұлбаны қию кезінде балалардың назарын сызықтың шет 

сызығына аударады және  қайшының қозғалысының кеңістікте 

бағдарлануына, маңыздылығына көңіл бөледі.

Қиып алынған дайындаманы 

алдын ала ойластырып алып, кезектілікпен жапсырады.

Педагог тәрбиеленушілерге пішіндерді қию кезінде қағазды 

үнемді жұмсауға көңіл бөлуді ұсынады. Ірі қиындыларды 

тастамау керек: оларды ұсақ бөлшектерді қию үшін қолдануға 

болады.

Педагог балалардың жұмыстың эстетикалық сапасына – түстердің 



әдемі үйлесуіне, көргенде көз қуанатындай орналасуына, кейде 

орындаудың тазалығы мен ұқыптылығына назар аудартады.  

Өзіндік жұмыс кезінде педагог тапсырма берудің орнына, балаға 

кеңестер, жанама сұрақтар қойып, оның өз бетімен жұмыс 

жасауына қолдау көрсетеді.

(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу техникасы.

Педагог сабақ барысында қайшымен және желіммен жұмыс істеу 

ережелерін еске салып отырады.

Түрлі түсті қағаз, жай 

қарындаштар, қайшы, 

ПВА желімі (не желімді 

қарындаш), желім 

жаққыштар, сүрткіштер, 

клеенка.

IV. ұОқ 

қорытындылау. 

Рефлексия.

26–30 минут



(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау.

Жұмыстар талданып, нәтиже қорытындыланады. Мазмұны 

бойынша бағалау: символдық бағалау– бала өзінің жұмысын 

символдар (карточкалар, жетондар, қимыл және т.б.) көмегімен 

бағалайды.

Осының тағы бір нұсқасы: «Бес саусақ әдісі».

Балалар шеңберде тұрады, сол қолымен оң қолының өзі таңдаған 

саусағын көрсетеді. Содан кейін таңдаған саусағына сәйкес 

сұраққа жауап береді.

Ш (шынашақ) – ойлау процесі. Сабақта қандай жаңалықтар мен 

қызықтар болды?

А (аты жоқ саусақ) – мақсаттың жақындығы. 

Қандай мақсатқа қол жеткіздің?

О (ортаңғы саусақ) – көңіл хошы. 

Көңіл күйің қандай болды?

С (сұқ саусақ) – қызмет, көмек. 

Кімге көмектестің, немен қуанттың?

Б (бас бармақ) – сергектік, дене ширақтығы. 

Бүгін дене ширақтығың қандай болды? Денсаулығың үшін не істедің?

Жетондар, карточкалар. 



12-ұОқ. тұсКИіз 

ЖАсАЙмыз

(сәндік аппликация)



мектеп/мұ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны: 

қатыспағандардың саны:

ұОқ-нің оқыту мақсаттары

0.1.3.1. Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің 

желісімен, өрнектерді симметриялы, ырғақпен, пішіндер мен 

ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек 

элементтерінің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, 

геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде 

өрнектерден жапсырулар құрастыру.



жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау