Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет24/40
Дата14.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#12817
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40

48

Бас бармақ пен кішкентай саусақ жуынғанды сүйеді.



(Бас бармақты айналдыра қозғаймыз).

(ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы.

Параққа Ақшақардың үлгіқалыбын жай қарындашпен сызып алу қажет. 

Осыны негізге аламыз.

Тағам фольгасынан жолақтар қиып, оларды шиыршықтап, Ақшақардың 

көйлегін әшекейлейміз. 

Педагог тәрбиеленушілерге оюлауға қолдануға болатын қазақтың ою-

өрнек үлгілерін көрсетеді.

Балаларға ою салу ыңғайлы болу үшін, жай қарындашпен ою-өрнектің 

сұлбасын сыздырып алыңыз. 

Шиыршықтар жолақтардың еніне байланысты болатынына балалардың 

назарын аудартыңыз. Шиыршықты қалай жасауға болады? Жолақтың 

ұшын сол қолмен ұстап, оң қолмен бұрау керек. Қолдың бас бармақтары 

жетектейді.

Аралықтарды ақ түсті майлықтардан жасалған түйіршіктермен толтыра-

мыз. «Ирис» тәрізді жібек жіптің қиындыларын пайдалануға болады.

Желімді бейненің ортасынан бұрыштары мен шеттеріне қарай біркелкі 

етіп, ұқыпты жағу керек. Бұл үшін жаққышты, саусақты, сорғышты 

пайдалануға болады. Екі шетін саусақпен (бас бармақ пен сұқ саусақ не-

месе бас бармақ пен ортаңғы саусақ) ұстап қағаз бөлшектің бетін аударады. 

Педагог тәрбиеленушілерді жұмысты тез, ұқыпты істеуге, қиюдың тиімді 

тәсілін пайдалануға, қағазды орынды жұмсауға, жұмыс орнын таза ұстауға 

бағыттайды.

(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу техникасы

Бұл жұмысты желімсіз-ақ орындауға болады. Екіжақты скотчтың желімді 

астарында жапсырма әзірлеуге қажет материал бар.

IV. ұОқ 

қорытындылау. 

Рефлексия.

26–30 минут



(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау:

Педагог балаларды өзара бағалауға шақырады.



Педагог рефлексияның бір түрін таңдайды:

• физикалық (үлгердім – үлгермедім);

• сенсорлық (өзін-өзі сезіну: қолайлы – қолайсыз);

• зияткерлік (нені түсіндім, ұғындым – нені түсінбедім, қандай қиындыққа  

   кезіктім);

• рухани (жақсы – жаман бола бастадым, өзімді, өзгелерді жақсы жаққа 

өзгерте бастадым).

Балалар шеңбер бойымен «жұмаршақ қарды» (қағаздан жасалған) 

бір-біріне беріп, ҰОҚ-да қолынан не келгендерін және нені пысықтау 

керектігін айтады

Қағаздан жасалған 

жұмаршақ қар.



16-ұОқ. ӘнШі суықтОРғАЙ

(жүннен иірілген жіпті пайдалана отырып 

заттық аппликация)

мектеп/мұ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны: 

қатыспағандардың 

саны:

ұОқ-нің 

оқыту 

мақсаттары

0.1.1.2. Үлгіқалып/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді, 

заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс пайдалану

0.2.1.2. Симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін суреті салынған немесе қиялдағы контур бойынша 

сұлбаларды қию.

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық 

пішіндерді қию.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.



Күтілетін 

нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-шаблондар бойынша жапсырмалар құрастыра алады;

-бөлшектерді жапсыру ретін дұрыс қолдана алады;

-қайшыны дұрыс ұстап, еркін пайдалана алады.



Көптеген тәрбиеленушілер:

-заттардың тиісті түсін, пішінін, пропорциялары мен фактурасын таңдай алады;

-бейнелерді қағаз бетіне жапсыруды алдымен ірі бөліктерінен бастап, кейін ұсақ, ерекше бөліктерімен 

толықтыра алады.



Кейбір тәрбиеленушілер:

-өз бастамасымен түрлі бейнелеу тәсілдерін біріктіре алады.




49

тілдік 

мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;

-түпкі ойын түсіндіру;

-жапсыру жөнінде ойларын ұсыну;

-өзінің және өзгелердің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;

-тақырыпқа қызығушылық тудыратын көркем сөзді тыңдау.

-өзінің және өзге тәрбиеленушілердің жұмыстарын талдау және сындарлы бағалау.

Көптілділік: суықторғай – снегирь – bulfinch.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-заттық жапсыру, жүннен иірілген жіпті пайдалану, қию тәсілдері, құстың нобайы.



талқылауға арналған сұрақтар:

Жапсырмаға қандай қосымша материалды пайдалануға болады?

Шаблон дегеніміз не?

Бізге қандай түстер қажет болады?

Жүннен иірілген жіпті қай жерде пайдалануға болады?

Алдыңғы 

білім

Құстар туралы, олардың қылықтары мен ерекше қасиеттері туралы түсінік. Жіппен жұмыс істеудің 

техникалық дағдылары. Негізгі түстерді таңдай білу. Үлгіқалыппен жұмыс.

Жоспар

Жоспарланған 

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

і. Оң көңіл күй 

орнату.

0–1 минут



(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.

Сәлеметсің бе, оң қол! ( Қолымызды алға қарай созамыз.)

Сәлеметсің бе, сол қол! (Қолымызды алға қарай созамыз.)

Сәлеметсің бе, достым! ( Бір қолмен көршінің қолын ұстаймыз.)

Сәлеметсің бе, достым! ( Екінші көршінің қолын ұстаймыз.) 

Сәлем, сәлем татулық шеңбері! ( Қолдарымызды тербелтеміз.) 

Қол ұстасып тұрғанда, біз шаттық шеңберін құрамыз.  

Кішкентай да бола аламыз. ( Отырамыз.)

Үлкен де бола аламыз. (Тұрамыз.)

Бірақ ешкім де жалғыз қалмайды. 

Музыкалық 

сүйемелдеу.



II. өмірлік 

тәжірибені 

өзектендіру. 

мақсат қою.

2–5 минут



(ұ) Педагог тәрбиеленушілерге пазл суретті жинатып, суретте не 

бейнеленгенін анықтауды сұрайды.

Бұл неткен керемет?

Қыстың күні ағаш қалай гүлдеген?

Қызыл кеуде құстарым,

Жапырақтай шуладың.

Ағаш толы қызыл гүл,

Нан қиқымын жинап жүр.



                                 (Н.В. Заболоцкий)

Педагог сабақтың тақырыбына тоқталады. Балалар алдына мақсат қояды.

«Суықторғай» пазл 

суреттері.



III. ұОқ-нің 

тақырыбы 

бойынша жұмыс

6–25 минут



(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс

Педагог құсты мұқият қарап шығуды ұсынады. 

Оның өзіндік ерекшеліктерін айтқызады, төсінің, арқасының, қанаттарының 

түсін, мөлшерін анықтауды сұрайды.

Үлгіқалып қолданып немесе суреті салынған сұлбаның 

көмегімен жұмысқа тартады. 

Жүннен иірілген жіпті қолдануға шақырады. 

Жіптің көмегімен нені бейнелеген дұрыс деген сұраққа тәрбиеленушілердің 

болжамдарын тыңдайды.

(ұ) саусақтарға арналған жаттығулар.

Құстар үй жанына ұшып келді



(Екі сұқ саусақ бір­бірін қапсырып ұстайды.

Қалған саусақтар құстың қанатындай құлаш сермейді.)

Құстар жем салғышқа отырды.



(Бір алақанды кеудемізге көлденең ұстаймыз.)

Тойғанша жем шоқиды.



(Екінші қолдың бас бармағы мен сұқ саусағын біріктіріп, осы алақанды 

соққылаймыз.)

Бас шұлғып, алғыс айтты.



(Саусақтарды құстың басына ұқсатып біріктіреміз, қолдардың 

білезіктерімен иілгендей ишарат жасаймыз.)

(Ж, ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы.

Әліппе-дәптер.

Суықторғайдың 

фотосуреттері, 

суреттері.

Музыкалық 

сүйемелдеу.



жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау