Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет14/40
Дата14.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#12817
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40

28

Алдыңғы 

білім

Халық өнерінің желісі бойынша әртүрлі пішінді қағаздан, (шеңберлер, шаршылар, сопақша) геометриялық 

элементтерден өрнектер құрастыру. Қағазды бірнеше қабат етіп бүктеу, бірден көп геометриялық сәндік 

элементтер, фигуралар қию, шаршы, тіктөртбұрыш, шеңбер, сопақша пішіндерді екіге бөліп қию, 

шаршыны диагоналі бойынша қию білігі. Қазақстанның өсімдік әлемі туралы түсінік. 

Жоспар

Жоспарлан-

ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

і. Оң көңіл 

күй орнату.

0–1 минут



(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.

Педагог күз туралы өлең оқиды. 



(ұ) Педагог тәрбиеленушілерге күз туралы тақпақ білетіндерін еске түсіруді 

ұсынады. Күз белгілерінің мысалын келтіруді сұрайды.

Музыкалық сүйемелдеу.

II. өмірлік 

тәжірибені 

өзектендіру. 

мақсат қою 

2–5 минут



Күз

Тоқтай тұрыңдар, ұшпаңдар,

Ерке сылқым жапырақтар!

Қызыл, сары, жасыл, қоңыр,

Болармысың сондай қыңыр!

Ұшпаңдар деп жалынғанмен,

Ұшып кеттің желге еріп.

Төбелермен, шатырлармен,

Аулалармен, көшелермен

Кетіп барад жаз да ұшып.

                                   С. Сон

Педагог балалардың сабақтың тақырыбына дайындықтарын тексереді. 



III. ұОқ-нің 

тақырыбы 

бойынша 

жұмыс

6–25 минут



(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс.

Педагог балаларға суретке қарап, жапырақтардың қай ағаштан түскенін 

анықтауды ұсынады. Тәрбиеленушілер жапырақтардың әрқайсысының 

түсін, нысанын, көлемін сипаттайды (гербарийді немесе мектепке жол 

бойынша жиналған жапырақтарды пайдаланыңыз).

Педагог балаларға күзгі жапырақтардан қандай композиция құруға 

болатыны жөнінде қиялдап көруді ұсынады. Сәндік жапсырма құрастыруға 

тартады.


(ұ) «Күзгі десте» саусаққа арналған жаттығу.

Балалар, күзгі дестені жинаймыз.

Жапырақ тереміз (жұдырықтарды түю­ашу).

Аққайыңның жапырағын,

Шетеннің жапырағын,

Теректің жапырағын,

Көктеректің жапырағын

Еменнің жапырағын (кезек­кезек саусақтарды бүгу),

Бір дестеге жинаймыз.

Анамызға күзгі десте сыйлаймыз (жұдырықтарды түю­ашу).



(Ж, ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы

Негізін шеңбер, шаршы немесе таспадан дайындаймыз. Желім негізгі беттің 

жиегіне ғана жағылады.

Тәрбиеленушілер қандай пішінді жапырақтарды қиып алатынын және 

қағаздың қандай түсі қажет болатынын айқындауы тиіс.

Әліппе-альбом.

Күзгі жапырақтар жиналған 

гербарий.

Күзгі жапырақтардан 

жасалған жапсырмалар 

(тәрбиеленушілердің 

жұмыстары, 

иллюстрациялар, слайдтар 

болуы мүмкін).

Музыкалық сүйемелдеу .

Барлық жапырақтар симметриялы. Сондықтан әзірлемелерді алдын ала 

екіге бүктеу әдісін қолданған орынды.

Қағаз парағын (көлемі 4х6 см тіктөртбұрыш) тігінен екіге бүктейміз. Бүгу 

сызығы бойымен үлгіқалыптың көмегімен немесе үлгіге қарап сурет 

саламыз. Үлгіқалып ретінде серуендеген кезде жиналған жапырақты 

қолдануға болады. 

Педагог әзірлеме пішінін, оның ені мен ұзындығын, көлемі мен бояуын 

өзгерткенде жапырақтардың, әсіресе күзгі жапырақтардың әртүрлілігін 

көрсетуге мүмкіндік беретініне балалардың назарын аударады.

Жапырақтарды қиып алып түзетеміз.

Педагог жапырақты қиып алу тәсілін балаларға көрсету үшін олардың бірін 

ортаға шақыруына болады. Бұл тәрбиеленушілердің өз түсінігін бекітуі 

және кезектілікті қайталауы үшін қажет.

Жапырақтардың әзірлемелері дайын болған кезде оларды дайындалған 

негізгі бетке орналастырамыз. 

Педагог балалардың назарын өрнектің қарапайым болуы, яғни бір 

элементтен тұруы немесе күрделі болуы, яғни жекелеген сарын бір-екі 

элементтен кейін қайталануы мүмкін екендігіне аударады.

Түрлі түсті қағаздар, жай 

қарындаштар, ПВА желім 

(немесе қарындаш-желім), 

желімге арналған жаққыш, 

шүберек, клеенка. 

Магниттік тақта 

(флипчарттар). Көрнекі 

материал – қағаздан қиылған 

жапырақтар.




29

Педагог балалардың назарын негізгі беттің кеңістігінің біркелкі 

толтырылуына аударады. Сұлбаны қию кезінде балалардың назарын 

шеткі сызыққа аударады және қайшының қозғалысының кеңістікте 

бағдарлануына, маңыздылығына көңіл бөледі. Алдын ала композицияны 

қарап алғаннан кейін жапырақтарға желім жағып, оларды қатырғықағазға 

жапсырады. Тәрбиеленушілердің қалауынша кептірілген жапырақтар мен 

гүлдерді пайдалануға болады.



(ұ) қауіпсіз жұмыс жасау ережелері 

Тәрбиеленушілерге мынаны ескерту қажет:

қайшылар өткір болғандықтан, қауіпті құрал болып табылады.

Қайшымен ойнауға болмайды, қайшымен қиып жұмыс жасалады.

Қайшыны бетке жақындатуға, рұқсатсыз алуға, оны сілтеуге, лақтыруға, 

оны ұстап жүруге, әсіресе оны қолға ұстап жүгіруге болмайды, өйткені өзіңе 

зиян келтіруің мүмкін.

Қайшыны бір-біріңе жабық күйінде берулерің керек.

Қайшымен үстел басында отырып қана жұмыс жасайды. 

Жұмыс жасап болған соң, қайшыны өз орнына қояды. 

Жаднама, слайд.

IV. ұОқ 

қорытынды-

лау. 

Рефлексия.

26–30 минут



(ұ, ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар талқылап, өздерінің 

арасындағы ең үздік жұмысты таңдайды. 



Педагог рефлексияның бір түрін таңдайды:

• физикалық (үлгердім – үлгермедім);

• сенсорлық (өзін-өзі сезіну: қолайлы – қолайсыз);

• зияткерлік (нені түсіндім, ұғындым – нені түсінбедім, қандай қиындыққа 

кезіктім);

• рухани (жақсардым – нашарлай түстім, өзімді, өзгелерді жақсарттым, 

күйреттім).

Жұмыстарын көрмеге қояды. 



7-ұОқ. ӘдЕмі КөБЕЛЕК

(мозаика техникасында заттық аппликация)



мектеп/мұ: 

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны: 

қатыспағандардың саны:

ұОқ-нің оқыту 

мақсаттары

0.1.1.3. Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың 

жапсырмасын құрастыру, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс қолдана отырып, тұтас ойыншық 

бейнелерін жасау немесе қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру.

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалған екіге бүктелген, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі 

симметриялық пішіндерді қиып алу.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін 

нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-геометриялық фигуралар негізінде бірнеше бөліктерден жапсырмалар құрастыра алады;

-екіге бүктелген, қатпарланып бүктелген қағаздан симметриялы пішіндерді қия алады.

жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.



Көптеген тәрбиеленушілер:

-бөлшектерді жапсыру кезектілігін дұрыс пайдалана алады;

-жапсырмада бейнелілік құралы ретінде түсті пайдалана алады. 

Кейбір тәрбиеленушілер:

-таныс техникаларды өз бетімен үйлесімді ете алады; 

-композиция заңдарын қолдана алады.

тілдік 

мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-жапсырма жасау бойынша ойлар ұсыну;

-жұмыс әдістері мен кезектілігі туралы айту;

-сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерілген біліктерді еске түсіру;

-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;

-бейнелеу материалдарын мақсаттарды іске асыру үшін пайдалану нұсқаларын талқылау;

-шығармашылық процесі барысында мүмкіндіктер аясын талқылау;

-өзінің және өзгелердің жұмыстарын түсіндіру.



Көптілділік: көбелек – бабочка – butterfly.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-мозаика, көбелек, қағаз жолақтары, қию, жұмыс орны.



талқылауға арналған сұрақтар:

Мозаика дегеніміз не? 

Қандай геометриялық фигуралардан мозаика құруға болады?



жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау