Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет13/40
Дата14.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#12817
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40

26

II. өмірлік 

тәжірибені 

өзектендіру. 

мақсат қою 

2–5 минут



(ұ) Педагог балалардан сабаққа келе жатып нені көргендерін айтып 

беруді сұрайды. Мектеп ауласында не бар? Олардың қайсысын адам 

жасады, ал қайсысы табиғи болып табылады? 

Тәрбиеленушілер ағаштардың, бұталардың, мектептің көлемдерін, 

түстерін айқындайды.

Оқып білім алады,

Сол мектептен балалар.

Педагог балаларға жұмыс үстелі жабдығының: төсеніш клеенка, қайшы, 

желім, желім жаққыш, шүберек, қоқыс салғыштың дайындығын 

тексеруді ұсынады.

Мектеп ауласының 

фотосуреттері. 

Балалардың суреттері.

III. ұОқ-нің 

тақырыбы 

бойынша жұмыс

6–25 минут



(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс 

Педагог балаларға суретке қарап, онда ненің бейнеленгенін айтып беруді 

ұсынады.

Тәрбиеленушілер аула мектебінің жапсырмасын қандай тәсілмен істеуге 

болатынын айқындайды.

(Ж) Практикалық жұмыс: педагог тәрбиеленушілерге қағазбен жұмыс 

істеудің әртүрлі тәсілдерін көрсетеді. Қағазды ширатады, жапсырады, 

жыртады, қияды, бүктейді. Балалар тәжірибеге қатысады.

Педагог балаларға жапсырудың белгілі тәсілдерін пайдалана отырып 

жұмыс жасауды ұсынады.

 (ұ) саусақтарға арналған жаттығу

«қайырлы таң».

Қайырлы таң, көздерім! (Сұқ саусақпен көздерімізді сипалаймыз).

Сендер ояндыңдар ма?(Саусақтардан «дүрбі» жасап, онымен қараймыз).

Қайырлы таң, құлақтарым! (Қолымызбен құлақтарымызды сипалаймыз).

Сендер ояндыңдар ма? (Қолымызды құлақтарымызға «Чебурашка» 

тәрізді тақаймыз).

Қайырлы таң, қолдарым! (Кезек­кезек қолдарымызды сипалаймыз).

Сендер ояндыңдар ма? (Шапалақтаймыз).

Қайырлы таң, аяқтарым! (Тізелерімізді сипалаймыз).

Сендер ояндыңдар ма? (Аяқтарымызды топылдатамыз).

Қайырлы таң, алтын күн! (Қолдарымызды жоғары қарай созып, күнге 



қараймыз).

Біз ояндық!



(ұ, Ж) Жұмыстың орындалу технологиясы.

Мектеп құрылымының бөліктерін анықтаңдар – қабырға, шатыр, есік-

терезелер. Балаларға қажет болуы мүмкін әзірлемелердің геометриялық 

фигураларын атауды ұсыныңыз. Балалардың мектеп бөліктерінің пішіні, 

өлшемі және орналасуы туралы түсінігі болуы тиіс.

Қиып алу кезінде қағаз түсі мен текстурасын таңдауға 

ерекше назар аударыңыз (балалардың барқыт немесе 

қатпарланған қағаз пайдалануы да мүмкін). 

Балалар түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып алуы тиіс. 

Ол мектеп ғимараты болады.

Тіктөртбұрыштан трапеция пішінді шатыр қиып алынады. Трапеция 

пішінін қиып шығару үшін таспаның екі қарама-қарсы жіңішке жақтарын 

бір-бірімен қосып, қиғаш сызық бойымен бұрышы қиылады.

Қағазды диагоналі бойынша екіге бүктеп, қарама-қарсы бір бұрыштан 

екіншісіне дейін қиғаштап қию арқылы үшбұрышты шатыр жасалады.

Әзірлемеден таспаларды қиып, оларды тіктөртбұрыш немесе шаршы етіп 

қию арқылы терезе жасайды.

Көкорай шөп жасыл түсті қағаз парағына салынған иректі сызық бойы-

мен қиып алынады.

(Балаларға тіктөртбұрышты тігінен екіге бүктеп, ағаштардың 

сұлбаларын қиюды ұсыныңыз. Қағаздың бүктеу сызығы ағаш бұтасының 

ортасына дәл келуін қадағалай отырып бүктелген қағаздың бір жағына 

жай қарындашпен ағаштың жарты сұлбасының суреті салынады және 

қиып алынады. Балалар дайындалған бөлшектерді жазған кезде ағаштың 

сұлбасы дайын болады.

Жақсырақ орналастыру жолдарын таңдай отырып бөлшектерді негізгі 

параққа орналастырыңыз. Педагог тәрбиеленушілерге аппликацияда

Әліппе-альбом, 

иллюстрациялық 

материал.

Музыкалық сүйемелдеу.

Түрлі түсті қағаздар, 

жай қарындаштар, ПВА 

желімі (немесе қарындаш-

желім), желімге арналған 

жаққыш, шүберек, 

клеенка. 




27

ғимараттардың және т. б. нысандардың дұрыс орналасуын  көрсетуге 

көмектеседі. Балалардың назарын бейнелеуді өз беттерінше жобалауға, 

жұмысты қиюдан бастауға, алдымен көлемді бөліктерін жапсыруға, со-

дан соң кіші бөліктермен толықтыруға және соңында өзгешелік сипат 

беретін бөліктермен аяқтауға аударады.

Барлық бөлшектер негізге кезектілікпен жапсырылады.

(ұ) қауіпсіз жұмыс жасау ережесі

ҰОҚ барысында педагог тәрбиеленушілердің 

назарын қағазды түзу сызық бойымен қиған кезде қайшының 

ашасын кең ашпау және соңына дейін жаппау керектігіне 

аударады. Қайшымен қиған кезде қайшының ұшын ғана 

пайдалану керек. Қайшымен жұмыс істеген кезде баланың қайшыны 

емес, қағазды бұруына назар аударады.

Жұмыс орнын ретке келтіру қажеттілігі туралы ескертеді.



IV. ұОқ 

қорытындылау. 

Рефлексия.

26–30 минут



(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау.

Педагог балаларды бір-бірін бағалауға тартады. 

Сабақтың соңында тәрбиеленушілер педагог ұсынған сұрақтарға жауап 

береді: бір-бірінің құлағына сыбырлайды немесе ойын кейіпкерлеріне не 

бүкіл сыныпқа дауыстап айтады:

Сен нені барлығынан да жақсырақ істедің?

Бүгін саған кім көмектесті?

Сен нені жасай алмадың және не себепті?

Келесіде оны жасау үшін не істейсің?

Ең қиыны не болды?

Ең қызықтысы не болды?

Тағы да нені жасай алмадың?

Сабақтағы жұмысы үшін кімге алғыс айтар едің? 

Балалар бір-бірінің 

жұмыстарын қарайды. 

6-ұОқ. ЖАПыРАқтАРдАн  

КОмПОзИЦИЯ  ЖАсАу 

(заттық аппликация)



мектеп/мұ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны: 

қатыспағандардың саны:

ұОқ-нің 

оқыту 

мақсаттары

0.1.1.2. Үлгіқалып/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді, 

заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс пайдалану.

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге бүктелген, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі 

симметриялық пішіндерді қиып алу.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.



Күтілетін 

нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырма құрастыра алады;

-өрнектерді симметриялы, ырғақты орналастыра алады;

-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады;

-жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарды ретке келтіре алады.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-екіге, қатпарланып бүктелген қағаздан симметриялы пішіндерді қия алады;

-қағаздың түстері мен реңктерін өз бетімен таңдай алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-елестету бойынша суреттерді құрастыра алады.



тілдік 

мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-оқу міндетін түсіну және оны орындауға тырысу;

-сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерілген біліктерді еске түсіру;

-шығармашылық процесінің барысында мүмкіндіктер аясын талқылау;

-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;

-бейнелеу материалдарын мақсаттарды іске асыру үшін пайдалану, түпкі ойды түсіндіру;



Көптілділік: жапырақтар – листья – leaves.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-композиция, жапырақтар, өрнектер, түс, реңк, екіге бүктеу, қатпарлап бүктеу.



талқылауға арналған сұрақтар:

Жылдың әртүрлі маусымында ағаштардың жапырақтарында қандай айырмашылықтар болады?

Күзгі жапырақтардың түсі қандай? Қараағаш,терек, аққайың жапырақтарының пішіні қандай?

Қағаз парағын екіге және қатпарлап қалай бүктейді?

Симметриялы сурет дегеніміз не?



жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау