Мәтінмен негізінде оқушылардың сөйлеу және жазба тілдерін дамыту



жүктеу 67,07 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі67,07 Kb.
#4242

Ауызша сөйлеу және жазбаша тілді мәтін негізінде дамыту
Айнур Калиева

Петропавл қ. ХББ НЗМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Тіл - қатынас құралы, ол  ауызша  және жазбаша түрде жүзеге асады.  Ауызша  түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады.

Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының  тілді   ауызша  да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін оқыту барысында мәтінді пайдаланған тиімді.

Мәтін – бұл мақсаттылық, тұтастық және өзара байланыстылық қасиеттері тән болып келетін тілдік бірлік. Кез келген мәтін белгілі бір қатасымға негізделеді.

Мәтін оқушыға білім береді, ойы мен тілін дамытады, сөйлеуге үйретеді.Әдіскер-ғалым Ф.Оразбаева өз еңбегінде: «Мәтін – адамдар арасындағы тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегін құрамайды. Керісінше, жинақталған пікірін, көзқарасын бір-бірімен ой жағынан да, қалпы тарапынан да бірлескен сөйлемдер жүйесімен, яғни мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды…. Адам тілдік қатынаста үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез-келген кезеңінде ойдан құрап, қолдана береді»- деп тұжырымдайды.

Мәтінмен жұмыс – сабақта жүргізілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығы. Атап айтсақ: дыбыстар, сөздер, ережелер және сөздіктермен жұмыс; тіл дамыту; ауызша сөйлеуге дағдыландыру; жазу дағдысын жетілдіру.

Мәтінмен жұмысты жекелей де, жұптық, топтық, ұжымдық түрде де жүргізуге болады.

Мәтінмен жұмыс түрлері:


  1. Мәтінді мәнерлеп оқуға дайындалу (мәтін мазмұнына сай дауыс ырғағын таңдау; кідірістер мен логикалық екпінді қажет ететін тұстарды белгілеу).

  2. Мәтінді оқу және түсініксіз сөздерді белгілеу. Сөздердің мағыналарын сөздіктердің (аударма, түсіндірме) көмегімен білу.

  3. Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау. Мәтін мазмұнын айқындайтын тірек сөздер мен сөз тіркестерін көшіріп жазу.

  4. Мәтінді бөліктерге бөлу.

  5. Мәтін бойынша сұрақтар құру. Жұпта сөйлесу.

  6. Мәтінге ат қою.

  7. Мәтінді жалғастыру.

  8. Мәтін түрін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) анықтау.

  9. Мәтіндегі сөйлемдердің байланысу тәсілдерін табу.

  10. Мәтіннен белгіленген сөздердің синонимін (антонимін) табу.

  11. Мәтіннен тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, фразалар болса, теріп жазу; мағынасын түсіну.

  12. Мәтінге жоспар құру, оны мазмұндауға дайындалу.

  13. Мәтіндегі бірліктерге тілдік талдау түрлерін жасау.

  14. Мәтіннің орфографиясы мен пунктуациясына назар аудару.

  15. Мәтін негізінде тест жұмысын орындау.

Сабақта мәтінмен жұмысты топтық тапсырма ретінде берген тиімді. Егер мәтінді 3-4 оқушыдан құралған топ талдаса, онда тапсырма көбірек беріледі. Нәтижесінде барлық топ мүшелері 10 шақты тапсырманы орындай алады.

Мен қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс жүргізгенде төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамын. Мысалы, 5-сынып «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбын алайық.



1. Мәтінге дейінгі жұмыс.

Мәтіналды жұмыстар оқушыларды дайын мәтінді қабылдауға үйретеді. Оның мақсаты – көңіл-күй қалыптастыру, тілдік қиындықтарды еңсеру.

1. Тақырып бойынша әңгімелесу, оқушы назарын аудару

- Сенің Отаның қай ел?

- Қазақстан қандай мемлекет?

2. Лексикалық қор. Жаңа сөздермен танысу:

қуат(ты)

көп ұлт(ты)

астық(ты)

өсу (өседі)

2. Сөздерге синонимдер ойлап табу:

астық-бидай-егін

3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құру: қуатты ел, көп ұлтты республика, жидек өседі т.б.

4. Сөз тіркестерімен сөйлем құрау.



2. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс тапсырмалардың негізгі мазмұнын құрайды. Оған мәтіннен ақпарат алу, оның мағынасын түсіну, тілдік қиындықтарды жеңу, тілдік құралдарды меңгеру жатады.



Мәтін.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, егеменді мемлекет. Біздің еліміз бай, әрі қуатты ел. Қазақстан – көп ұлтты республика. Елімізде орыс, неміс, өзбек, қырғыз, ұйғыр, татар, грек, шешен, түрік, армян ұлттары өмір сүреді. Олар бірге еңбек етіп, тату өмір сүреді. Біздің еліміздің балалары бақытты.

Қазақстан - әлемдегі ең ірі астықты мемлекеттердің бірі. Қазақстанның әдемі жерлері көп. Республикамыз үлкен, табиғаты тамаша, жері кең, әрі бай. Қазақстан жерінде көмір, мұнай, темір, алтын, мыс мол. Қарағанды, Теміртау қалаларында көмір мен темір, Алматыда алма, оңтүстікте ақ мақта, Қызылордада күріш өседі.

Қазақстанда өндіріс орындары көп. Олар: аяқ киім фабрикалары, машина жасау зауыттары, шахталар, нан, сүт, ет комбинаттары, жиһаз фабрикалары т.б. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Астанада жаңа, әдемі ғимараттар көп.

«Отан – оттан да ыстық» деген мақал бар. Мен өз Отанымды сүйемін. Мен Қазақстанмен мақтанамын.
- мәтінді дұрыс оқуға дағдыландыру: мәтінді алдымен іштей оқиды, кейін дауыстап мәнерлеп оқиды;

- мәтінді бөліктерге бөледі;

- мәтінге ат қояды; мәтінді атаудың төмендегідей түрлері бар: 1) атаулы : «Қазақстан»; 2) ақпаратты: «Қазақстан тәуелсіздікке қалай жетті?»; 3) көңіл-күй (эмоционалды): «Бұл – Қазақстанның жетістіктері»; 4) жарнамалық: «Тамаша ел»;

- мәтін түрін анықтайды (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау);

- мәтіндегі қарамен белгіленген сөздердің синонимдерін табу: тәуелсіз, әдемі, кең; антонимдерін табу: бай, ыстық, ірі.

- мәтіннен мақалды табады; оның мағынасын түсіндіреді; Отан, туған жер тақырыбында тағы бірнеше мақал-мәтел ойлап табады.



3. Мәтіннен кейінгі жұмыс.

Мәтіннен кейінгі жұмыстар көбінесе шығармашылық тапсырмалар болып келеді және коммуникативті дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді, ауызекі сөйлеу тілді қалыптастырады.



- мәтінге жоспар құрады, мәтінге жуық мазмұндайды;

- мәтін бөліктері бойынша сұрақ қояды;

- мәтінді әрі қарай жалғастырады (шығармашылық тапсырма) немесе тірек сөздер арқылы шағын шығарма жазады;

- мәтін негізінде тест жұмысын орындау.

Сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен беруге болады: а) «көз алдыңа елестетіп көр», «қиялдап көр» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру;

ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамытатын, күшейтетін суреттер тізбегіне қарап, соның көмегімен сөйлеу;

б) күнделікті өмірдегі болып жатқан жағдайға ұқсас нәрселерді сипаттау.
Ауызекі сөйлеуді қалыптастыру үшін оқушы әр сабақта жаңа білім алып қоюмен ғана шектелмей, өз бетінше ізденіп, талдап, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму біліктілігін жетілдіріп отыруы қажет. Сонда ғана, оқушы ауызекі сөйлеу мақсатына жете алады

Мәтінмен жұмыс бір жағынан оқушылардың сөйлеу дағдысы мен машығын қалыптастырудың негізі болса, екінші жағынан, тілдің фонетикасын, лексикасын, грамматикасын оқытып, талдап, жинақтай білуге көмектеседі.

- сөздерге дыбыстық талдау жасайды;

- оқушылар мәтіннен берілген кесте бойынша сөз таптарын таба алады;

- сөз құрамына талдап, қосымша түрлерін ажыратады;

- мәтін орфографиясына назар аударады.

Міне, осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың ойын дамытуға, сөйлеу тілін жетілдіруге болады.

Мәтінмен жұмыс барысында оқушылардың жеке қабілеттері мен пәнге деген қызығушылықтары артқаны байқалады. Тұлғаның өз ойын еркін айта білуі мен жазу дағдысы қалыптастырылады.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бектұров А.Ш., Бектурова Ш.К. Казахский язык для всех. – Алматы, 2004.

2. Қалықова Ә. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту – Алматы, 2004.

3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас : оқулық – Алматы, 2005.

4.«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» республикалық ғылыми-педагогикалық басылымы, №9 2011.

5. Мете Н.А., Митрофанова О.Д., Одинцова Т.В. Структура научного текста и обучение монологической речи. – Москва, 1981.

6.Пассов Е.И.Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению.— М.: Просвещение, 1985.



7. Ладыженская Т.А. Живое слово. – Москва, 1988.

8. Токтамысова Г.А. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары (автореферат). – Қызылорда, 2012.
жүктеу 67,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау