Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет7/33
Дата22.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#15675
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33

30
Зақымдану  мен  аурудан  кейін  есту  қабілетін  жоғалтып,  саңырауға 
айналуы мүмкін. Саңырау болып туылған адам сөйлей алмайды. Біз 
бұл адамдардың ешқандай қиындыққа қарамай, бізбен бірге қуануына, 
өмір сүруіне көмектесуге міндеттіміз. 
көптілділік: құлақ – ухо – ear
(ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.
 Жақсы есту үшін қалай сақтану қажет? 
Балалар сурет бойынша құлақты күту ережесін құрастырады. Педагог 
балалардың жауаптарын тыңдап, қорытындылайды. 
Қорытынды:  Адамның    құлағы  –  күрделі  мүше.  Сол  себепті  де  
тазалық  шараларында  абай  болу  қажет;  құлақты  суық  және  желді 
күндері, қатты шудан, дыбыстан қорғау керек. 
1.  Құлақты  қаламмен,  шырпымен,  тағы  сол  сияқты  үшкір,  қатты 
заттармен шұқуға болмайды. Бұл есту мүшесінің саулығы үшін қауіпті.
2.  Құлағыңа  бөгде  зат  түссе,  үлкендерге  немесе  дәрігерге  көрсету 
керек. 
3. Аязды күні жылы баскиім кию керек. 
4.  Сен  еститін  дыбыстар  қатты  болмауын  қадағалау  керек.  Құлаққа 
айғайлауға болмайды. Қатты дауыс естуді нашарлатуы мүмкін.  
(ұ)  тәжірибе.  Педагог  балаларға  көздерін  жұмып,  кезекпен  үстел 
үстіндегі заттарды: жуа, сарымсақ, апельсин және т.б. иістері арқылы 
анықтауды ұсынады
Әліппе-
дәптер


31
педагог ақпараты: Адам мұрнымен тыныс алады, сонымен қатар 
иістерді анықтайды. Мұрынның иістерді қабылдап, ажырата алу 
мүмкіндігі иіссезгіштік деп аталады. Мұрын – иіс сезу мүшесі. 
Айналамыздағы иістерді біз мұрын арқылы қабылдаймыз. 
көптілділік: мұрын – нос  –  nose
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
– Адам иіс арқылы нені анықтай алады? 
– Мұрын қандай қауіп туралы ескертуі мүмкін?
Балалар мұрын қандай қауіп туралы ескертетінін айтады.
Қорытынды:  Айналамызда  барлығының  дерлік  белгілі  бір  иісі 
болады. Иістер жағымды, жағымсыз, кейде қауіпті болады. 

Адам  иісі  арқылы  бұзылған  немесе  күйген  тағамды,  кейбір  азық-
түліктің сапасын анықтай алады. 

Адам түтін, газ иісін сезеді, ол оған уақытылы қауіпсіздік шарасын 
қолдануына көмектеседі.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: 
– Мұрын адамға түрлі иістерді ажыратуға көмектеседі. 
Адам өмірі үшін тағы қандай маңызды жағдайда мұрын қатыса алады?
Педагог балаларға мұрындарын жауып, дем алмауды ұсынады. 
Балалар мұрынның тыныс алуға қатысатыны жайлы айтып, өз 
пікірлерімен бөліседі. Егер адам тұмау кезінде мұрынымен дем ала 
алмаса қиналады, амалсыз ауыз арқылы ауаны жұтады.
– Неліктен дәрігерлер, үлкендер барлық  адамдардың, әсіресе 
балалардың мұрынымен демалуын қадағалауға тырысады?
Әліппе-
дәптер


32
педагог ақпараты: Мұрындағы дымқылдық – бұл шырышты қабат, 
онда  микробты  өлтіретін  заттар  бар.  Адам  тыныс  алған  кезде  шаң 
мен  микробтар  осы  шырышты  қабатқа  жабысады,  ал  мұрындағы 
шаш  талшықтары  денсаулыққа  зиянды  заттарды  жоюға  көмектеседі. 
Мұрын келіп түскен ауаны дымқылдандырады және жылытады, шаң-
тозаң мен микробтан тазалайды.  
Қорытынды: Мұрын – адамның көмекшісі. Мұрын –тыныс алу 
және иіс сезу мүшесі, ол организмді микробтар мен бактерия түсуден 
қорғайтын табиғи тосқауыл. 
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
 Тұмау және басқа да мұрын ауруы туындағанда кімге жүгіну қажет?  
Балалар  тыныс  алу  жолдарының  аурулары  туралы  әңгімелеп,  өз 
пікірлерімен бөліседі.
педагог  ақпараты:  Тұмау  деп  мұрынның  шырышты  қабатының 
қабынуын  айтамыз.  Әдетте  тұмау  кезінде  мұрын  ашып,  құрғайды, 
түшкіреді,  мұрынның  тыныс  алуы  қиындайды,  тыныс  алу  жолдары 
бітеліп, адам тағам дәмін, иісін сезбейді және т.б.
Егер мұрынды уақытылы емдемесе, микробтар мұрын арқылы тамаққа 
түсіп,  ауруды  асқындыруы  мүмкін,  ал  егер  құлақ  жарғағы  арқылы 
құлаққа түссе – отит, ал көзге түссе – конъюнктивит (көз бен қабақтың 
арасындағы мөлдір қабықтың қабынуы) аурулары пайда болады. 
Сол  себепті  уақытылы  мамандарға  жүгіну  керек.  Көзді  емдеу  үшін 
көз  дәрігері  –  окулист,  ал  құлақты  емдеу  үшін  құлақ  дәрігері  – 
отоларинголог немесе лор дәрігерлеріне жүгінеді.


33
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
 Адам өзінің сезім мүшелерін  аурудан  қалай қорғай алады? 
Балалар  өз  ойларын  білдіріп  талқылайды  және  педагогпен  бірге 
қорытындылайды.

Бөлме ішіндегі ауа таза және тиісінше дымқыл болуы керек. 

Табиғат аясына, қала сыртына шығып, таза ауамен дем алу керек. 

Суық тимеу үшін, организмді шынықтыру керек.

Таңертеңгі  жаттығу  жасау  қажет.  Өте  пайдалы  спорттық  ойындар: 
қыста – коньки, шаңғы; жазда – суға шомылу. Спортпен айналысқаннан 
кейін су құйынуды ұмытпа. 

Мұрынды шынықтыру үшін күніне екі рет тұзды сумен шаю керек 
(бөлме  температурасындағы  жарты  стақан  суға  –  жарты  шай  қасық 
тұз).

Мұрынға  сарымсақ  тұнбасын  тамызуға  болады  (ұсақтап  туралған 
сарымсаққа 1 стақан су құйып, 1-2 сағат тұндырады). 

Туралған жуа мен сарымсақты иіскеу керек. Олардың иісі микробты 
өлтіреді, денсаулығымызды сақтайды. 

Мұрынға нүктелі массаж жасауды үйрен.

Тағам және ауа температурасындағы құбылмалылықтан сақтан. Дене 
қызуы көтеріңкі кезде суық су ішуге, балмұздақ жеуге болмайды.
«дәміне қарай ажырат» ойыны. 
Педагог балалардың көздерін байлап, кесілген пірәндік, печенье, 
кәмпит, майшабақ, ірімшік, құрт, қияр, лимон, алма сияқты 
тағамдардың дәмін көруді ұсынады.
Әліппе-
дәптер


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау