Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет4/33
Дата22.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#15675
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

16
 
Балалар  адамдардың дені сау әрі бақытты болғысы 
келетіні жайлы талқылайды. 
Олар өздерін, өз мүмкіншіліктері мен күшін тануға, өз 
организмі
 жайлы көбірек білуге  ұмтылады. Олар дене 
құрылысы жайлы көбірек білген сайын өздерін  тереңірек 
таниды. 
Денеде орналасқан ішкі ағзалар адамның өсіп, дамуына 
көмектеседі.

 Сендер қандай ағзаларды білесіңдер?  
– 
Ағзалардың ішінде ең маңыздысы бар ма? Ойланып 
тауып көріңдер.
Жұмбақ шешейік: 
Таппайтын тағат,
Тығулы сағат. (Жүрек)
Педагог балаларға кеудесіне қолдарын қойып, жүректің 
соғуын және оның  қалай «қағатынын» сезінуді ұсынады. 
Балалар өз әсерімен бөліседі.
педагог ақпараты: Жүрек адамның сол жақ кеуде 
қуысында орналасқан. Жүрек қағысын сендер алақан 
арқылы сезе аласыңдар. Жүректің көлемі қандай?
Педагог балаларға жұдырықтарын түйіп, оның көлеміне 
зер салып қарауды ұсынады, өзінің жұдырығын 
достарының жұдырығымен салыстырады.
Әр баланың жүрегі өзінің жұдырығының көлеміндей. 
Баланың жүрегі үлкендер жүрегінен көлемімен 
ерекшеленеді. Бала өскен сайын оның жүрегі де бірге 
өседі.


17
 (ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
– Неліктен адамдар жүректі ең маңызды ағза деп 
есептейді, неге жүрексіз адам өмір сүре алмайды?
Балалар жүрек-қан тамырларының суретін қарайды. 
педагог ақпараты: Адамның жүрегін  моторға теңейді, 
күндіз-түні еш дамылсыз жұмыс істейтін мотор. Адам 
өмірі жүрек қызметіне тәуелді. Жүрек тынбай еңбектеніп, 
қан тамырлары арқылы қанды жүргізеді. Қанның жүруі 
өмірлік маңызды үдеріс. 
(ұ) динамикалық үзіліс.
Балалар қолдарын сол жақ кеуде тұсына қойып, соғысын 
тыңдайды. 
1 минут орнында тұрып секіреді.
Қайтадан жүрек қағысын тыңдап, қағыс күшейгенін 
байқайды. 
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: 
– Секіргеннен кейін біздің жүрегіміз неліктен жиі соғады 
және тамыр соғуы жиілене түседі? 
– Қанның адам ағзасы үшін қандай  маңызы бар, ол 
қандай қызмет атқарады?
Балалар өз пікірлерін айтады.
педагог ақпараты: Аз қозғалатын адамның жүрегі 
әлсіз соғады, ал белсенді қозғалыста, дене шынықтыру 
сабағында жүрек бірқалыпты жұмыс істейді және   қан 
тамырлардан қанды жеңіл жүргізеді.
Әліппе-дәптердегі 
сурет


18
Қан адам денесінің барлық бөлігінде бар, кез келген 
дене бөлігін инемен шаншыса, қан тамшысы шығады. 
Қан тамырлары арқылы қан адам организмінің әр 
жасушасына оттегі мен түрлі нәрлі заттарды жеткізеді. 
Денеге су, жылу таратады, сондай-ақ адам өмір сүруіне 
бөгет болатын зиянды заттарды жинайды. Сол себепті 
жүректің соғуы мен қанның жүруі бір-бірімен тығыз 
байланысты. Жүрек адамның негізгі мүшесі, оны қорғау 
керек. 
– Жүректің саулығын сақтау үшін не істеу керек?
 Балалар талқылайды
Қорытынды: Дене шынықтырумен, спортпен 
шұғылдану, шаңғы, конькимен сырғанау, шомылу, 
таза  ауада серуендеу, күнделікті жаттығу жасау – дене 
бұлшық еттерін нығайтады. Бұл жүректің бұлшық 
еттерін дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.  
Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі 
қимылдамаса, бұлшық еттер серпінділігін жоғалтады, 
жүрек әлсіреп, әртүрлі ауруға шалдығады.
Сондай-ақ адам әбден әлсірегенше жұмыс істеуге, 
жүгіруге болмайды: бұл жүректі әлсіретеді. 
Жүрек ауырмауы және дұрыс жұмыс істеуі үшін, дене 
шынықтырумен, спортпен шұғылдану, таза ауада қыдыру, 
күн тәртібі мен тамақтану тәртібін сақтау қажет. 
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:  
– Адамның жүрегі сияқты үзіліссіз жұмыс істейтін тағы 
қандай маңызды ағзасы бар, ол қандай ағза?


19
Педагог балаларға сұраққа жауап бермес бұрын, 
тыныштықта өздерінің ағзасын тыңдауды ұсынады.
Балалар өздерінің тыныс алуын естіп, анықтайды.
– Тыныс алу адам өміріне қаншалықты маңызды?
Педагог балаларға мұрындарын, ауыздарын жауып 
демалуды ұсынады.
Қорытынды: Дене шынықтырумен, спортпен 
шұғылдану, шаңғы, конькимен сырғанау, шомылу, 
таза  ауада серуендеу, күнделікті жаттығу жасау – дене 
бұлшық еттерін нығайтады. Бұл жүректің бұлшық 
еттерін дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.  
Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі 
қимылдамаса, бұлшық еттер серпінділігін жоғалтады, 
жүрек әлсіреп, әртүрлі ауруға шалдығады.
Сондай-ақ адам әбден әлсірегенше жұмыс істеуге, 
жүгіруге болмайды: бұл жүректі әлсіретеді. 
Жүрек ауырмауы және дұрыс жұмыс істеуі үшін, дене 
шынықтырумен, спортпен шұғылдану, таза ауада қыдыру, 
күн тәртібі мен тамақтану тәртібін сақтау қажет. 


20
педагог ақпараты: Адам үнемі ауаны ішке тартып, 
сыртқа шығарады, яғни тыныс алады. Адам тіпті ұйықтап 
жатқанда да тыныс алады. Ауасыз жер бетінде бірде-бір 
жаратылыс өмір сүріп, бірде-бір өсімдік өспейді. 
– Демді ішке тартқан кезде ауа қандай күйде болады? 
Педагог балаларға қолдарын кеуде тұсына қойып, терең 
тыныс алып, сыртқа шығаруды ұсынады. 
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балалар тыныс алу мүшелерінің құрылысын қарайды.
педагог ақпараты: Тыныс алғанда біздің кеудеміз 
көтеріледі. Ол кезде ауа өкпені толтырады және өкпе 
кеңейеді (қап тәрізді). 
Демді сыртқа шығарғанда, кеудеміз төмен түскенін 
сеземіз. Ол кезде өкпедегі ауа сыртқа шығады, көлемі 
кішірейеді және қысылады. 
Біз әр 3-4 секунд сайын құрамында оттегі бар ауаны 
өкпемізге толтырамыз. 
Өкпе – қызғылт түсті әуе шарына ұқсас көптеген ұсақ 
көпіршіктерден тұрады. 
Демді сыртқа шығарғанда – көмірқышқыл газы сыртқа 
шығарылады, ал оттегі қанға түсіп, ол қанмен адамның 
барлық ағзасына таралады. 
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:  
– Адамның денсаулығына тыныс алуы маңызды ма, яғни 
оның өкпесі қалай жұмыс жасайды және қандай  ауа 
пайдалы?
Балалар өз пікірлерін білдіреді.
Әліппе-дәптердегі 
сурет


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау