Нүсіпбекова М. И., Сейілғазинова С.А.
ҚАуіпСіз МіНез-ҚұлыҚ Негіздері
ӘдіСтеМелік НұСҚАу
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
мектепалды дайындық тобы мен сыныбы
педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2017
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері. Әдістемелік нұсқау. Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған. –
Алматыкiтап баспасы, 2017. – 160 б.
© Нүсіпбекова М.И., Сейілғазинова С.А., 2017
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017
Нүсіпбекова М. И., Сейілғазинова С.А.
ӘОЖ 373.2
кБЖ 74.102
Н 89
Н 89
ISBN 978-601-01-3063-0
ISBN 978-601-01-3063-0
ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102
3
тҮСіНіктеМе
Бұл әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша «Денсаулық» білім беру саласында-
ғы «Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» ҰОҚ бойынша дайындалған. Жаңа
буынның «кауіпсіз мінез-құлық негіздері» оқу-әдістемелік кешені
төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15
мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан
Республикасында мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім
берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;
2. 1 жастан 6(7) жасқа дейінгі балаларға арналған Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республика-
сы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұй-
рығымен бекітілген);
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж.
12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама
мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білім беру саласына жаңа
мазмұн ұсынып отыр.
ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда
көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы
оқытудың бірізділігін сақтау.
«Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» сабағының мақсаттары пен міндет-
тері:
Мақсаты: денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып қауіп-
сіз мінез-құлық дағдыларын және салауатты өмір салты дағдыларын
қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
• денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыру,
• өзіне-өзі қызмет ету және өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту,
• тұрмыстағы, көшедегі және табиғат аясындағы қауіпсіз мінез-құлық
дағдыларын дамыту,
• салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсінуді қалыптастыру.
4
«Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» сабағының мазмұны оқу бөлімдері
бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған
білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін
бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу
мақсаттары педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін
бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге
мүмкіндік береді.
№
Бөлім
Бөлімше
1
Жеке бас гигиенасы
1.1 Адамның дене құрылысы
1.2 Дене тазалығы
1.3 Күн тәртібі
1.4 Шынығу
2
Дұрыс тамақтану
2.1 Дұрыс тамақтану ережесі
2.2 Дәрумендердің пайдалы қасиеттері
3
Қауіпсіздік ережесі
3.1 Үйдегі қауіпсіздік
3.2 Көшедегі қауіпсіздік
3.3 Табиғат аясындағы қауіпсіздік
Әдістемелік нұсқауда ұзақмерзімді жоспар – күнтізбелік-тақырыптық
жоспар мен қысқамерзімді жоспар берілген. Қысқамерзімді жоспар-
да «Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметі
берілген.
«Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» оқу курсы балаларға валеологияны
денсаулық жайлы ғылым ретінде таныстырады.
«Жеке бас гигиенасы» бөлімі, «Адамның дене құрылысы», «Дене
тазалығы», «Күн тәртібі», «Шынығу» бөлімшелерінен тұрады және
әрқайсысында нақты оқу мақсаты анықталған. Оқу мақсатына сәйкес
«Адамның дене құрылысы» бөлімшесінде балалар:
– Адамның дене құрылысымен танысады.
– Организмнің негізгі қызметі жайлы біледі: жүрек, ми, көру, есту,
тыныс алу, ас қорыту мүшелері.
– Қаңқа, бұлшық ет ұғымдарымен танысып, адам денсаулығы үшін
дене бітімінің маңыздылығын біледі.
– Дене бітімін сақтаудың негізгі ережелерін қолдануды үйренеді.
5
ҰОҚ барысында балаларға тек өз дене құрылысы, сезімі жай-
лы валеологиялық білім беріліп қана қоймай, соның негізінде өзінің
организміне, денсаулығына құрметпен қарау үйретілетінін атап өткен жөн.
Оқу мақсатына сәйкес «Дене тазалығы», «Күн тәртібі», «Шынығу»
бөлімшелерінде балалар:
– Ауыз қуысы мен денеге күтім жасаудың тазалық ережелерін
қолдануды үйренеді.
– Денсаулығы үшін жеке бас тазалығы ережелерін сақтаудың
маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіре алады.
– Тамақтану, ұйқы, демалыс, күн тәртібін сақтаудың қажеттілігін
түсінеді.
– Денсаулықты нығайтудың тәсілдері мен шынығу түрлерін біліп,
дене жаттығуларын орындай алады.
Соның негізінде балаларда бірте-бірте денсаулық, салауатты өмір
салты, өзіне күтімнің қажеттілігі, дұрыс тамақтану, белсенді жұмыс пен
демалыстың маңыздылығы және түрлі аурулардың алдын алу тәсілдері
жайлы түсінік қалыптасады.
«Дұрыс тамақтану» бөлімі «Дұрыс тамақтану ережесі»,
«Дәрумендердің пайдалы қасиеттері» сияқты бөлімшелерден тұрады.
Оқу мақсатына сәйкес «Дұрыс тамақтану» бөлімінде балалар:
– Тамақтану өмір сүрудің негізі, денсаулықты анықтайтын негізгі
фактор және адамның ұзақ өмір сүруі мен жұмысқа қабілеттілігін
білдіретінін түсінеді.
– Дұрыс тамақтану ережелерін және оны қолдануды біледі.
– Тамақтану мәдениетін және тамақтану мәдениетін ұстанудың
маңыздылығын түсінеді.
– Пайдалы және зиянды азық-түліктерді ажырата алады.
– Дәрумендердің пайдасын түсінеді.
ҰОҚ барысында балалар салауатты өмір салтын ұстану үшін дұрыс
тамақтану маңызды екенін және толықтай түрлі тамақтану күнделікті
организмнің жаңаруы мен организм жасушаларының дамуына жәр-
демдесетінін біледі.
«Қауіпсіздік ережесі» бөлімі «Үйдегі қауіпсіздік», «Көшедегі
қауіпсіздік», «Табиғат аясындағы қауіпсіздік» сияқты бөлімшелерден
тұрады. Оқу мақсатына сәйкес «Қауіпсіздік ережесі» бөлімінде балалар:
Достарыңызбен бөлісу: |