67
IV. ұОҚ қорытындысы.
рефлексия
25-30 минут
Педагог ҰОҚ қорытындылайды.
– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?
– Сендерге не ұнады?
(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын
сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.
– Егер сендер күн тәртібін сақтау туралы түсінбесеңдер,
онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау
смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа
алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең
жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар.
Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің
суретін баспалдақтың
2-сатысына салыңдар.
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды?
Неліктен?
Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.
Әліппе-дәптер
68
№ 6
тАҚырыБы: ҚАНдАЙ ШыНыҒу тҮрлері
БОлАды?
Мектеп/Мұ:
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп:
Қатысқандар саны: Қатыспағандар
саны:
ұОҚ оқытылу
мақсаттары
0.1.4.1. Денсаулықты нығайту әдістері мен шынықтыру түрлерін білу.
күтілетін нәтиже
Барлық балалар:
Денсаулықты шынықтыру түрлерін біледі, шынығу түрлерін атайды.
көпшілік балалар:
Денсаулықты сақтау әдістерін біледі, күн, ауа, сумен шынығу түрлерін
орындайды.
кейбір балалар:
Ауырмаудың, денсаулықты сақтаудың жолдарын түсінеді.
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту:
Ауызекі сөйлеуде белсенділік танытады.
Шынықтыру шараларының денсаулықпен байланысы жайлы біледі.
Көптілділік:
су – вода – water
ауа – воздух – air
күн – солнце – sun
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: шынықтыру, сумен шынығу, күн
ваннасы, салқын су құю, жалаңаяқ жүру.
69
Пікір алмасу сұрақтары:
Денің сау болуы үшін, ешқашан ауырмау үшін не істеу керек?
Өзіңді қалай шынықтыруға болады?
Неден бастау керек?
Өткен ұОҚ алған білім
Табиғи факторлардың адам денсаулығына әсері жайлы білу.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
і. дұрыс әсерлі көңіл
күй орнату
0-2 минут
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
(ұ) Жағымды көңіл күй орнату.
Шаттық шеңберіне тұрып, «Сәлем, досым!» ойынын ойнату.
Балалар бір минут ішінде үлгергенінше бірнеше баланың
қолын қысып, «Сәлем, досым!» – деп сәлемдесіп шығулары
керек.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Әрқайсысымыз досымызға денсаулық тіледік. Ал
денсаулықты қалай нығайтуға болады?
Балалар денсаулықты сақтау әдістері туралы айтады,
талқылайды.
ҰОҚ ортасы
III. тақырып
бойынша жұмыс
6-25 минут
педагог ақпараты: Ертеде ұста темір соққанда алдымен
қыздырып, сосын бірден суық суға малып алады. Содан кейін
қайтадан қыздырып, суытып, солай бірнеше рет жасайтын.
Нәтижесінде темірден жасалған зат өте мықты, берік болып
шығады. Сол сияқты шынықтыру да организмді ауру мен
басқа да сыртқы орта соққысынан қорғау үшін қажет.
70
Ешқашан ауырмай, күшті, дені сау болып өсуі үшін не
істеу керек? Организмді шынықтыру керек. Шыныққан
организм түрлі ауа райының жағдайына төзімді болып, кез
келген ауыр күшке төтеп бере алады. Шынықтыру – бұл
денсаулықты нығайту және иммунитетті көтеруге қабілетті,
түрлі температура жағдайына әдеттенумен байланысты ұзақ
іс-шара. Дұрыс тамақтану, күн тәртібін, жеке бас тазалығын
сақтау да шынығуға жатады.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: Шынығу дегеніміз не? Адам
да өз организмін шынықтыра алады деген сөз бен аңыз
арасында қандай байланыс бар?
Балалардың жауаптары.
педагог ақпараты: Адамға дені сау, мықты болып, ешқашан
ауырмау үшін, организмін шынықтыру керек, сонда организм
табиғаттың түрлі жағдайларына кез келген уақытта төтеп
бере алады.
Шынықтыру – түрлі температура тәртібіне әдеттенумен
байланысты, денсаулықты нығайту мен иммунитетті көтеруге
бағытталған ұзақ іс-шара.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– «Егер денің сау болсын десең – шынық!» деп неліктен
айтады. Организмді қалай шынықтыруға болады және
қандай табиғаттың күшін қолдану қажет? Бұл сұрақтарға
жауап алуға келесі ойын көмектеседі.
71
«Несімен пайдалы және несімен зиян?» ойыны. Балалар
педагогтің сұрақтарына жауап береді (ойын барысында
суреттерді көрсетсе де болады).
• Терезе ашылды да, ішке суық ауа кірді. Ол несімен
пайдалы? Ол несімен және қашан зиян болуы мүмкін?
• Терезеден күн түсті. Ол несімен пайдалы? Ол несімен
және қашан зиян болуы мүмкін?
• Кранды ашып едік, су аға бастады. Ол несімен пайдалы?
Ол қашан зиян болуы мүмкін?
Балалар табиғаттың күн, ауа, су сияқты күші жайлы айтып,
ол қаншалықты пайдалы және қашан зиян болуы мүмкін
екені туралы талқылайды. Бірақ табиғат күшін тиімді
пайдаланатын болсақ, ол біздің нағыз досымызға айналады.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарап, шынығу
түрлерін талқылайды.
Педагог балалардың жауаптарын тыңдап, қорытындылайды.
Ауамен шынығу. Шынығудың ең қауіпсіз және жеңіл түрі –
ауа ваннасы. Ол жылы, салқын немесе суық болуы мүмкін.
• Ауамен шынығу 16-20 градус температурада ұзақтығы 20-
30 минут болуы керек.
• Ауа ваннасын қабылдау мезгілі – таңертең.
• Төсектен тұрғанда киінбей тұрып ертеңгілік жаттығуды
жасау барысында, тазалық шаралары кезінде қабылдауға
болады.
Әліппе-дәптер
Достарыңызбен бөлісу: |