26
Өткен ұОҚ алған
білім
Адамның дене құрылысы жайлы қарапайым түсінік.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
і. дұрыс әсерлі
көңіл күй орнату
0-2 минут
(ұ) Жағымды көңіл күй орнату.
Саусақ жаттығуы: «Қайырлы таң, менің көздерім!»
– Қайырлы таң, менің көздерім! Сендер ояндыңдар ма? (Сұқ
саусақтарымен көздерін сипайды, саусақтарымен «дүрбі» жасап,
қарайды).
– Қайырлы таң, менің құлақтарым! Сендер ояндыңдар ма?
(Алақандарымен құлақтарын сипап, алақандарын құлақтарына қояды).
– Қайырлы таң, менің қолдарым! Сендер ояндыңдар ма? (Кезек-кезек
қолдарын сипалап, шапалақтайды).
– Қайырлы таң, менің аяқтарым! Сендер ояндыңдар ма? (Тізелерін
уқалап, аяқтарымен тарсылдатады).
– Қайырлы таң, алтын Күн! Мен ояндым! (Қолдарын жоғары көтеріп,
Күнге қарайды).
II. Өмірлік
тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: Адамдар көреді, естиді, сөйлейді, ән
шырқайды, тыныс алады. Адамға қандай дене мүшелері, қандай
ағзалар осы және басқа да әрекеттерді жасауға көмектеседі? Оларды
адамның «мейірімді көмекшілері» деп атауға бола ма?
Балалар талқылайды және педагог олардың жауаптарын
қорытындылайды.
27
ұОҚ ортасы
III. тақырып
бойынша жұмыс
6-25 минут
(ұ) Ойын жағдайы:
Педагог балаларға көз алдарына елестетуді ұсынады:
• Таңертең сағат шырылдады – тұратын уақыт болды.
(Сағаттың шырылын адам құлағының көмегімен естиді).
• Төсектен тұрғанда бөлме іші суық болса, киін. (Ауа температурасы
суық немесе жылы екенін адам сезім мүшесі – тері арқылы біледі).
• Үйде кофенің иісі пайда болды. Бұл анам асүйде таңғы ас әзірлеп
жатыр. (Кофенің иісін сезім мүшесі – мұрын арқылы біледі).
• Кофе тәтті емес, қант салу керек. (Кофе дәмін адам тілдің көмегі
арқылы ажыратады).
Көшеде жаңбыр жауып тұр, қолшатыр алу керек. (Ауа райының
өзгергенін адамға көру мүшесі – көз хабарлайды).
Қорытынды: Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері – адамның ең негізгі
көмекшілері. Адамның сезім мүшелері – көру, есту, сезу, түю –
толыққанды өмір сүруге және қоршаған ортаны танып-білуіне
көмектеседі. Сол себепті де біз оларды мейірімді көмекшілер деп
атаймыз.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
- Адам егер нашар көрсе немесе мүлдем көрмесе, өзін қалай сезінер
еді?
Педагог көздерін жұмып, кез келген күнделікті жұмысты орындап
көруді ұсынады. Ол бір баланың көзін байлап, сөмкесіне керекті оқу
құралдарын жинап салуды, ал басқа балаға киімдердің арасынан өз
сыртқы киімін тауып киінуді сұрайды.
28
Балалар көздерін жұмып, қараңғыда тұрғандай сезініп, күнді, аспанды,
шөпті, гүлді, жақын адамдардың түрін көре алмау, яғни зағип болудың
ауыр екенін елестетуге болатынын талқылайды.
(ұ, Ж) Қорытынды: Қоршаған ортаны көру қабілеті – адамның өте
құнды сезімдерінің бірі. Адам өміріндегі барлық жаңалықтар көздің
көмегімен қабылданады. Түрлі жағдайға байланысты көздің көруін
жоғалтуы немесе көрмей қалған жағдайда адамдарға қамқорлық көмек
көрсетіп, оларды сыйлау қажет.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. Сенің көзіңнің қаншалықты жақсы
көретінін тексеріп, қажет болса, медициналық көмек көрсететін кім?
Балалар суреттерді қарастырып, көздерін тексерген дәрігердің
қабылдауында болғаны туралы естеріне түсіріп, өз әсерлерімен
бөліседі.
Қорытынды: Көздің көруін көз дәрігері – окулист тексереді. Егер
адам нашар көрсе, жүйелі түрде дәрігердің бақылауында болуы керек.
Дәрігер қажеттілігіне қарай көзілдірік таңдайды және ем жазып береді.
көптілділік: көз – глаза – eyes
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Көздің көруін сақтау үшін не істеу қажет? Саған ата-анаң, педагог
және окулист дәрігерлерің қандай кеңестер мен ұсыныстар береді?
Педагог балалардың жауаптарын толықтырып қорытындылайды.
•
Үй тапсырмасын орындағанда, оқығанда, сурет салғанда көз бен
қағаз арасында 30 см қашықтықты сақтау керек.
•
Қараңғыда немесе жарық жеткіліксіз жерде оқу көздің көру
қабілетін төмендетеді.
•
Теледидар көргенде арақашықтық 3 метрдей болуы керек.
Әліппе-
дәптер
29
•
Компьютерлік ойындарды ұзақ ойнауға болмайды. Компьютер
алдында жұмыс жасау 30 минуттан аспауы керек.
•
Жұмыс үстінде қайшы және басқа үшкір заттармен көзді жарақаттап
алмас үшін ұқыптылық қажет.
•
Кір қолмен көзді уқалауға болмайды.
(ұ, Ж) көз бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар
ҰОҚ-ден кейін немесе жұмыс арасында орындалады. Бұл жаттығу көз
бұлшық еттерін нығайтуға, көздің көру қабілетін сақтауға көмектеседі.
(Ж) Ойын: «тауып көр».
Педагог балаларға өзінің не жасағанын және ол қандай затпен
орындалғанын табуды ұсынады. Ол перде артынан ыдыспен немесе
балғамен тарсылдатады, жылтыр қағазбен шытырлатады, кітап
беттерін қатты сапырып ашады, стақанға су құяды және т.с.с. әрекеттер
жасайды.
– Менің не жасағанымды қайдан білдіңдер? Оны білуге не көмектесті?
педагог ақпараты: Құлақ – адамның есту мүшесі. Құлақ адамға
қоршаған орта дыбыстарын естіп, ажыратуға, қабылдауға көмектеседі.
Оның көмегімен адам дыбыстарды ажыратады, сөздерді түсінеді,
басқа адамдармен қарым-қатынасы жеңілдейді, құстың әнін, желдің
уілін, күннің күркіреуін естиді.
Дені сау адамдар үшін әлем ғажайып дыбыстарға толы, олар барлық
дыбыстарды естіп, оларға жауап бере алады. Бірақ біздің арамызда
нашар еститін, мүлде естімейтін адамдар да бар. Саңыраулық – бұл
ауру. Бала туа біткен саңырау болуы мүмкін.
Әліппе-
дәптер
Достарыңызбен бөлісу: |