Пәні: физика 8 сынып
Пән мұғалімі: Ш.Байдрахманова
Тақырыбы: Жылу берілудің түрлері. Жылуөткізгіштік
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жылу берілудің түрлерімен танысып, жылуөткізгіштік туралы мәлімет алу. Тәжірибеде, күделікті тұрмыста кездесетін жылу берілу түрлерін ажырата білуге дағдыны қалыптастыру, бақылау, салыстыру және талдау жасау қабілеттерін дамыту;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, өз ойлврын толық жеткізе алуға, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Оқушылар білуі қажет: Жылу берілу түрлері және жылуөткізгіштік дегеніміз не, не үшін қажет және қандай мақсатта қолданады
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: Слайд, интерактивті тақта, сптрт шамы, колба , бояу , шыны бакал, темір қасық балауыз, ағаш қасық,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сыныптың оқушыларын суреттер арқылы топқа бөлу. Оқушылар өз топтарына ат қойып қорғайды.
«Молекула», «Температура», «Диффузия»
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
3 топ бір-біріне үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қояды.
Дененің ішкі энергиясын кандай әдістермен өзгертуге болады?
Қандай белгілері бойынша білеміз
а) ішкі энергияның артқанын қалай байқаймыз?
б) ішкі энергияның кемігенін қалай білуге болады?
3) Баллондағы ауаны сорып алғаннан кейін қалған аузының ішкі энергиясы неліктен кемиді?
4) Ішкі энергияның жұмыс істеу барысында: үйкеліс, соғу, сығу кезіндеөзгеруіне мысалдар келтіріңдер,
5) Жылы бөлмеге даладан аузы тығындалған бөтелкені енгізеді. Біраздан соң бөтелкенің тығыны ұшып кетті.Неліктен?
6) Резина доп қандай да бір биіктіктен қүлады. Жерге соғылғаннан кейін қайтадан жоғары көтерілді.Осы кезде энергияның кандай түрленулері жүрді? Неліктен доп бастапқы биіктікке көтерілмейді?
ІІІ.Жаңа сабақ
А)Қызығушылықты ояту
Оқушылар алдыңыздағы, жан-жағыңыздағы, бөлмедегі заттарды қолдарыңызбен ұстап көріңіздер.
-Не байқадыңыздар?
-Бөлменің температурасы қандай?
-Неге ол заттардың температуралары әр түрлі болып сезіледі?
-Не себептен деп ойлайсыздар?
Достарыңызбен бөлісу: |