Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет33/33
Дата22.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#15675
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

151
Қойылатын сұрақтар үлгісі: 
• Тамақтану тәртібі не үшін қажет? 
• Неліктен жемістер мен көгөністерді көп жеу керек? 
• «С» дәрумені бар жемістер мен көгөністерді ата.
• «А» дәрумені бар жемістер мен көгөністерді ата.
• Қандай азық-түліктер денсаулыққа пайдалы?
• Үстел басындағы өзін-өзі ұстау ережелерін ата.
• Тамақтанар алдында қолды не үшін жуу керек? 
«пайдалы және зиянды азық-түліктер»
Жүргізуші:  Егер  сендерді  аналарың  дүкенге  жіберсе,  пайдалы  азық-
түліктерді  таңдай  алар  ма  едіңдер?  Қане,  ойын  арқылы  соны  тексеріп 
көрейік. 
Эстафета 
Бірінші қатысушы қолында себетімен пайдалы және зиянды азық-түліктер бар 
үстелге жүгіріп барып,  ондағы пайдалы азық-түлікті таңдап алып, себетіне сала-
ды, келесі қатысушыға себетін ұсынады, әрі қарай ойын осылай жалғасады. 
Жүргізуші  ойынды  қорытындылап,  әділқазы  алқасы  ұпай  санын 
есептейді. 
ііі кезең  –  тікелей сұрақтар
Сұрақты әділқазылар алқасы, ата-аналар, шақырылған қонақтар қояды. 
Қойылатын сұрақтар үлгісі:
• Төтенше жағдайлар қызметінің нөмірін ата.
• Үйдегі қандай қауіпсіздік ережелерін білесің?
• Жолда жүру ережелерін ата.
• Бейтаныс адам өзімен бірге жүруді ұсынса, не істейсің?
• Үйдің мекенжайын, ата-анаңның телефон нөмірін неліктен білу керек?
• Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
• Өрт кезінде не істеу керек?
• Далада кездескен жануарлар қандай қауіп төндіруі мүмкін?
• Табиғатта қандай қауіп төнуі мүмкін?
• Улы өсімдіктерді ата.
«көмек тізбегі» ойыны
Педагог балаларға кез келген жағдай түрін хабарлайды:
• Үйде өрт.
• Адам суға батып бара жатыр.


152
• Қыз бала адасып қалды.
• Адам аяғы тайып құлап, жарақаттанып қалды және т.б.
Балалар бір-екі минут ішінде осы жағдайларда қандай әрекет жасайтын-
дарын атап шығуы керек. 
Осыдан  кейін  әр  топ  мүшелері  қатармен  тұрып  көмек  тізбегін  жасап, 
қандай сөздер айтқандарын естеріне түсіреді. 
Мысалы, өрт жағдайында:
– бірінші бала «өрт сөндіруші» сөзін атайды
– екінші бала «өрт сөндіру көлігі», 
– үшіншісі «өрт құбыршегі» сөзін және т.б.
Қай топтың тізбегі  ұзын болса, сол топ жеңіске жетеді.  
V кезең – Шешен (қорытынды)
Топ  басшылары  1  минут  көлемінде  «Неліктен  мен  өз  денсаулығымды 
сақтағым келеді?» атты тақырыпта  ойымен бөліседі.
көрермендермен ойын
тақырыбы: Аурудың алдын алу
• Тұмау ауруы 
• Жалпақтабандылық
• Омыртқаның қисаюы
• Фитотерапия (шөппен, дәрілік  өсімдіктермен емделу)
Жанкүйерлер өз командасына қосымша ұпай алып беруіне болады.
Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, мақтау қағазы, ме-
дальдармен марапаттайды. 
Мерекелік дастарқан немесе жемістер фуршеті ұйымдастырылады.


153
пАЙдАлАНылҒАН ӘдеБИеттер
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарты. Астана, 2016.
2.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасы. 
Астана, 2016.
3.  Апанасенко  Г.Л.,  Попова  Л.А.  Медицинская  валеология.  Ростов  на 
Дону «Феникс», Киев «Здоровье», 2000.
4. Арианна Холден. Это Я! – «ОНИКС 21 век», Москва, 2001.
5. Картушина М. Ю. Быть здоровыми хотим: Оздоровительные и позна-
вательные занятия для детей подготовительной группы детского сада. - М.: 
ТЦ Сфера, 2004.
6. Наглядный словарь «Человек» (издательство ДОРЛИНГ КИНДЕРС-
ЛИ. ЛОНДОН, НЬЮ-ЙОРК, ШТУТДГАРТ, МОСКВА).
7. «Новая детская энциклопедия» Брукс Ф., Чандлер Ф., Кларк Ф. (из-
дательство «РОСМЕН - ПРЕСС» 2007).
8. Ричард Уокер. Анатомия человека. Иллюстрированный атлас для де-
тей, Москва, «ОНИКС 21 век», 2001.
9. Тихомирова Л.Ф. Уроки здоровья для детей 5-8 лет. – М., 200«3.
10. Формирование здорового образа жизни у дошкольников:/авт.- сост. 
Карепова Т.Г. – Волгоград: Учитель, 2010. – 170 с.
11. Щитинин М.Н. «Стрельниковская дыхательная гимнастика для де-
тей» (издательство: АЙРИС ПРЕСС, Москва, 2007).
12. Энциклопедия «Тело человека» Вкус и обоняние (изд. ООО «Де Агу-
стини», 2007)
13. Энциклопедия «Все обо всем» Мое тело (изд. «АСТ», Москва, 2002)
14. Энциклопедия для детей «Тело человека» (изд. «Махаон» Москва, 
2008)
15. Энциклопедия «Азбука здоровья в картинках» сост. К. Люцис (изда-
тельство «Русское энциклопедическое товарищество» Москва, 2004)


154
Қосымша
Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері!
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының 
негізгі  міндеттерінің  бірі  –  мектепалды  даярлық  пен  бастауыш 
мектептерде  білім  беру  сабақтастығын  қамтамасыз  ету.  Мектепке 
дейінгі  даярлық  сыныптары  мен  бастауыш  сыныптардағы  оқыту  және 
тәрбиелеу жұмысы біртұтас даму үрдісін құраған жағдайда осы міндеттерді 
орындау  мүмкін  болмақ.  Сонымен  қатар  мектепке  дейінгі  даярлық  пен 
бастауыш  мектептің  үздіксіз  сабақтастығының  міндетті  шарттарының 
бірі бағдарламалар және оқу-әдістемелік кешендерді құру қағидаларының 
біртұтастығы  болып  табылады.  Мектепалды  даярлық  пен  бастауыш 
мектеп  бойынша  жаңартылған  бағдарламаның  мазмұнын  салыстырмалы 
талдау  көрсеткендей,  бұл  бағдарламалардың  құрылымы  біртұтас 
тәсілдерді қамтиды:
педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін 
бағалауға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары жүйесінің болуы;
оқу  үрдісін  күнделікті  өмірге  және  қарым-қатынас  жасауға  қажетті 
қабілеттер  мен  практикалық  дағдыларды  дамытып,  қалыптастыруға 
бағыттау;
балалардың  әлеуметтік  маңызы  бар  тақырыптарды  терең  шолуына 
бағытталған тақырыптық оқу мазмұнының болуы;
пәнішілік және пәнаралық мазмұнының кіріктірілуі;
мектепалды  даярлық  пен  бастауыш  мектептегі  оқу-тәрбие  үрдісінің 
ортақ үлгісін қамтитын әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.
Осы  қағидалардың  барлығы  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 
үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымында және жаңа оқу-
әдістемелік кешендерінде қамтылған.
Бастауыш мектеп бағдарламасының жетекші идеясы ортақ 8 тақырып: 
«Өзім  туралы»;  «Менің  мектебім»;  «Менің  отбасым  және  достарым»; 
«Қоршаған  орта»;  «Саяхат»;  «Салт-дәстүр  және  фольклор»;  «Тағам 
және  сусын»;  «Дені  саудың  –  жаны  сау»  атты  бөлімдер  негізінде  пәндік 
мазмұнды кешенді жоспарлау болды. 
Осыған байланысты «Алматыкітап баспасының» мектепалды даярлық 
бойынша  ОӘК  авторлары  да  8  өзекті  ортақ  тарауды  ұсынады.  Олар 
мазмұны жағынан бастауыш мектептегі 8 ортақ тараумен ұқсас. Дегенмен 
өз ерекшеліктері де бар:


155
Мектепалды даярлық
Бастауыш мектеп
Мен кіммін және қандаймын?
Өзім туралы
Мектепке не үшін барамыз?
Менің мектебім
Менің айналамда кімдер бар?
Менің отбасым және достарым
Менің айналамды не қоршап тұр?
Қоршаған орта
Жолдар бізді қайда бастайды?
Саяхат
Салт-дәстүрді білу не үшін керек?
Салт-дәстүр және фольклор
Мен үшін не дәмді және пайдалы?
Тағам және сусын
Денсаулықты қалай күту керек?
Дені саудың – жаны сау
Барлық  тарау  тақырыптары  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  сыни 
ойлауын  көрсететін  нақты  үлгі  ретінде  балаларды  үнемі  толғандыратын: 
«Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар төңірегінде берілген. Балалар өздері 
куә  болған  адамдар  әрекетінің,  табиғи  құбылыстардың,  оқиғалардың 
себептерін үнемі білгісі келеді. Бұл сұрақтар баланың миын белсенді жұмыс 
істете отырып, ойлау қабілетін дамытады.
«Алматыкітап  баспасы»  мектепалды  даярлық  және  бастауыш  мектеп 
оқу-әдістемелік  кешенінің  ерекшелігі,  оқулықтар  мен  әдістемелік  оқу 
құралдарының  мазмұнында  бірдей  ортақ  тақырыптың  қамтылуында 
болып отыр. Бұл мектепалды даярлық және мектепте білім беру мазмұнын 
сапалы кіріктіруді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл  әдістемелік  нұсқау  қысқамерзімді  жоспар  түрінде  орындалған 
сабақ  мазмұнынан  тұрады.  Жоспар лаудың  бұл  түрі  бірінші  сыныпқа 
арналған оқу құралдарында да бар, сондықтан ол мектепалды даярлық пен 
бастауыш мектеп ОӘК-ін әдістемелік қолдаудың бірізділігін тағы да бір рет 
дәлелдейді. 
Қысқамерзімді  жоспардың  өзіндік  айрықша  құрылымы  мен  ерекшелігі 
бар: 
1. Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен 
бөлімшелер ретінде берілген, сондықтан педагогтер оны өзгертпегені жөн).
2. Жоспарда сабақтың сараланған мақсаттары берілген (барлық бала-
лар, балалардың көпшілігі және кейбіреулері үшін). Бұл оқу үрдісін ұтымды 
саралай  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Оқу  жоспарының  құрылымы 
практикалық  жағынан  пайдалану  үшін  айтарлықтай  қарапайым  және  оқу 
барысы үшін тиімді. 
Жоспар 3 бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде баланың эмоционалдық көңіл күйін қамтамасыз ететін 
әдіс-тәсілдер қаралған.


156
Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға 
бағытталған әдістер, тәсілдер мен құралдар буынын қамтиды.
Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған. 
Жоспардың  «Ресурстар»  атты  айрықша  тармағында  дидактикалық, 
әдістемелік,  электрондық  сипаттағы  әртүрлі  ақпарат  көздері  берілген 
(кейбірінің  электрондық  мекенжайы  бар).  Қысқамерзімді  жоспарда 
әліппе-дәптердің, оның ішінде жұмыс дәптердің барлық тапсырмалары 
ескерілген.
Егер  әліппе-дәптерде  бір  сабақта  4–6  тапсырма  орындау  ұсынылса, 
әдістемелік  нұсқауда  әдістемелік  тапсырмалар  көлемін  15–20-ға  дейін 
кеңейтеді. Әдістемелік нұсқаудағы тапсырмалар осы әдіс-тәсілдер есебі-
нен барынша қызықты, мазмұнды, ойын түрінде тартымды болады. Онда 
әдеби сөз де, сурет салу да, сахналық рөл сомдау, ойын, драмалау, ойнау, 
фольклор, сергіту сәті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер және 
т.б. бар.
Бұл  педагог  осы  оқу  құралын  пайдаланумен  ғана  шектеліп,  өз 
тарапынан  қандай  да  бір  тиімді  шығармашылық  әдістер  енгізуге  немесе 
өздігінен өзгертуге құқығы жоқ дегенді білдірмейді. 
Басты шартыжоспарда қаралған оқу мақсаттарын, тақырыпты, оның 
жүйелілігін,  сондай-ақ  әліппе-дәптерде  белгіленген  тапсырмалар  сипатын 
өзгертпеу. 
Қысқамерзімді жоспардың осы үлгісін пайдалану кезінде мектепалды 
даярлық сыныбының педагогтерінде сұрақтар туындауы мүмкін: 
1.  Мектепалды  даярлық  педагогтерінің  көпшілігі  пайдаланған  тех-
нологиялық  картаның  қысқамерзімді  жоспардан  қандай  айырмашылы ғы 
бар? 
2.  Қысқамерзімді  жоспар  үлгісін  технологиялық  карта  үлгісіне 
ауыстыруға бола ма?
Педагог қысқа мерзімді жоспарды пайдалана ма, әлде технологиялық 
картаны пайдалана ма өзі шешеді. 
Бірақ қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық картаға өзгертпеген 
жөн, өйткені мектепалды даярлық және бастауыш мектеп жоспарларының 
бірізділігі мен тұтастығы бұзылады.
Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырма-
шылығы бар:


157
технологиялық карта
Қысқамерзімді жоспар
1 Оқу мақсатын педагог таңдайды. Оқыту және тәрбиелеу 
мақсаты оқу бағдарламасында 
айқындалған.
2
3 кезеңнен тұрады:
– мотивациялық-қозғаушылық;
– ұйымдастырушылық-
ізденушілік;
– рефлексиялық-түзетушілік.
3 кезеңнен тұрады:
– сабақтың басталуы (сабаққа ден 
қоюды қамтамасыз ету);
– өмірлік тәжірибені өзектендіру;
– сабақтың соңы (қорытынды, 
рефлексия).
3
Сабақтың негізгі бөлімі: 
– ұйымдастырушылық-
ізденушілік.
Сабақтың негізгі бөлімі: 
– өмірлік тәжірибені өзектендіру.
4 Сабақ әдістемесі педагогтің 
басқарушылық іс-әрекетін 
және балалардың іс-әрекетін 
қарастырады.
Сабақ әдістемесі әдістемелік 
тәсілдер, құралдар, ресурстарды 
пайдалану мен технология 
элементтерін қарастырады.
5 Сабақ қорытындысы: рефлексия.
Сабақ қорытындысы: рефлексия.
Кейбір  айырмашылықтарға  қарамастан,  екі  жоспар  (қысқамерзімді 
де,  технологиялық  карта  да)  сабақтың  үш  негізгі  кезеңін  қамтиды,  оның 
барысында белгіленген оқу мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. 
Кезінде технологиялық картаны меңгерген мектепалды даярлық сыныбының 
педагогтеріне  қысқамерзімді  жоспар  үлгілерімен  жұмыс  істеу  қиындық 
туғызбайды, өйткені екі үлгінің құрастыру тәсілдері айтарлықтай ұқсас.
Осылайша,  мектепке  дейінгі  даярлық  ОӘК-нің  жаңа  үлгісіне  тиімді  өту 
мектепалды  даярлық  пен  бастауыш  мектепте  оқыту  мазмұнының  сапалы 
сабақтастық байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


158
МАзМұНы
Түсініктеме ...................................................................................................3
Ұзақмерзімді жоспар ...................................................................................8
Қысқамерзімді жоспар.................................................................................12
«Денсаулығың өз қолыңда» cұрақ-жауап сайысы` ...................................149
Пайдаланылған әдебиеттер .........................................................................153


Оқулық басылым
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
Әдістем
елік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша 
мектепалды дайындық тобы мен 
сыныбы педагогтеріне арналған
Әдіскер Б.С. Тажинова
Редакторы Ә. Орынбаева
Компьютерде беттеген Г. Тұмарбайқызы
 
Басуға 12.07.2017 ж. қол қойылды.
Пiшiмi 60×84 
1
/
16

Әрiп түрi «Times New Roman». 
Таралымы 1300 дана. Тапсырыс № 1394.
Қазақстан Республикасы,
«Алматыкiтап баспасы» ЖШС,
050012, Алматы қаласы, 
Жамбыл көшесi, 111-үй,
тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10.
e-mail: alkitap@intelsoft.kz
www.almatykitap.kz
Нусупбекова Мира Имансериковна 
Сейлгазинова Сандугаш Айтмухановна
Учебное издание
Основы безопасного поведения
Методическое руководство
для педагогов предшкольных групп и 
классов по Типовой учебной программе 
дошкольного воспитания и обучения
Методист Б.С. Тажинова
Редактор А. Орынбаева
Компьютерная верстка Г. Тумарбайкызы
Подписано в печать 12.07.2017 г. 
Формат 60×84 
1
/
16

Гарнитура «Times New Roman». 
Тираж 1300 экз. Заказ № 1394
Республика Казахстан,
ТОО «Алматыкiтап баспасы»
050012, г. Алматы, 
ул. Жамбыла, 111,
тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10.
е-mail: alkitap@intelsoft.kz
www.almatykitap.kz


кітаптарды «Алматыкітап баспасы» ЖШС-ның кітап дүкендерінен сатып алуға болады.
Астана қаласы: Иманов көшесі, 10, тел.: (7172) 53 70 84, 27 29 54;
Б. Момышұлы даңғылы, 14, тел.: (7172) 42 42 32, 57 63 92;  Победа даңғылы, 67, тел. (7172) 51 84 12.
Алматы қаласы: Абай даңғылы, 35/37, тел.: (727) 267 13 95, 267 14 86;
Гоголь көшесі, 108, тел.: (727) 279 29 13, 279 27 86;  Қабанбай батыр көшесі, 109, тел.: (727) 267 54 64, 272 05 66;
Жандосов көшесі, 57, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59;  Бруно көшесі, 95, тел. (727) 374 34 42;
Әл-Фараби даңғылы, 63/17, тел. (727) 387 17 24;  Майлин көшесі, 224 «А», тел.: (727) 386 15 19, 222 29 43;
Фурманов көшесі, 51, тел. (727) 273 51 38.
Қойма есептеу басқармасы: Алматы қ., Ангарская көшесі, 95 А, тел.: (727) 290 49 67, 290 49 66.
кітаптарды «кітап-пошта» бөлімдері арқылы алуға да болады:
010000, Астана қаласы, тел. (7172) 53 70 84,  е-mail: Nasihat@almatуkitap.kz
050035, Алматы қаласы, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59,  e-mail: Jalyn@almatуkitap.kz
050009, Алматы қаласы, тел. (727) 374 34 42,  е-mail: Arman@almatуkitap.kz
Интернет-дүкен:  www.almatуkitap.kz
Маркетинг бөлімі, тел.: (727) 292 92 23, 292 57 20.  e-mail: sale1@almatykitap.kz
Кітаптар мен басылымдар туралы мағлұматтарды
www.almatykitap.kz  сайты арқылы білуге болады.

жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау