Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет2/33
Дата22.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#15675
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

6
–  Үйдегі  қауіпсіздік  ережесін  сақтаудың  қарапайым  ережелерін 
біледі (ыстық шәугім, кескіш, өткір заттар мен тұрмыстық құралдарды 
қолдануды).
– Газ және өрт сөндіру, құтқару, жедел жәрдем қызметінің телефон 
нөмірлерін қолдану ережесін біледі. 
– Үйдегі қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығын түсінеді. 
Оқу мақсатына сәйкес «Көшедегі қауіпсіздік» бөлімшесінде балалар:
– Көшедегі қауіпсіздікті сақтаудың қарапайым ережелерін біледі. 
– Жаяу жүргіншілер, бағдаршам белгілерін түсінеді. 
– Таныс емес аялдамада өзін-өзі ұстау ережесін түсінеді.
Оқу  мақсатына  сәйкес  «Табиғаттағы  қауіпсіздік»  бөлімшесінде  ба-
лалар:
– Табиғаттағы қарапайым қауіпсіздікті сақтау ережелерін біледі. 
– Ауа райының өзгеру жағдайына сәйкес қауіпсіздік ережесін біледі.
–  Жәндіктер  және  жануарлармен  қарым-қатынаста  қауіпсіздік 
ережесін біледі. 
– Өсімдіктер және улы жидектермен қауіпсіздік ережесін қолдануды 
біледі.
Соның нәтижесінде балалар берілген тақырып көлемінде: бақылау, 
салыстыру, өзгерісті байқау, қарапайым шығармашылық тапсырмаларды 
орындау, өзінің эмоциялық қалпын өзгерту, қоршаған ортамен қарым-
қатынас орнату сияқты дағдыларды меңгереді. 
Бағдарламаның негізгі бағыты психологиялық тұрғыдан балаларды 
мектепке дайындау, сол себепті де «Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» оқу 
курсы балаларда белсенділік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау 
қасиеттерін дамытады. 
Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  сәби  кезден  басталады: 
өзінің денсаулығына негізгі құндылық ретінде қамқор болу уақыт өте 
келе  күнделікті  өмір  сүру  қалпына  айналады.  Бірақ  бұл  үрдіске  бала 
үшін ең негізгі болып табылатын «педагогтер» – баланың ата-аналары, 
үлкен  аға,  әпкелері  қатысуы  қажет.  Нақты  осы  жақын  адамдар  бала-
ны күнделікті қоршап, оған өзінің жеке мысалдарымен, әңгімелерімен 
әсер етеді, ақпаратты түсіндіріп, тапсырманы орындағанда оқу курсы-
на қажетті барлық ақпаратпен қамтылуын қамтамасыз етеді. Оқыту мен 
тәрбиелеу үрдісінде белсенділік таныту мақсатында, ата-аналарды оқу 


тақырыптарының мазмұнымен алдын ала жеке сұхбат, жиналыс бары-
сында таныстыру қажет. 
«Қауіпсіз  мінез-құлық  негіздері»  оқу  курсында  педагог  үшін 
тәрбиеленушінің деңгейіне және жеке ерекшеліктеріне сәйкес көптеген 
ақпарат қамтылған. Сонымен қатар тіл дамыту, қоршаған ортамен таны-
су, экология негіздері, өзін-өзі тану сияқты өзге де білім беру салалары-
мен байланысты екенін атап өткен жөн. 
Курсты  меңгеру  барысында  баланың  денсаулығын  нығайту,  оның 
дене дамуы, таным белсенділігі қалыптасады. 
Құралда  берілген  сюжеттік-рөлдік  және  дидактикалық  ойындар, 
сергіту  сәті,  релаксациялық  жаттығулар,  аутотренингтер,  тәжірибелер 
ҰОҚ  барысында  шығармашылықты  ынталандыратын  психологиялық 
жайлылық орнатуға, танымдық және қозғалыстық белсенділік танытуға 
көмектеседі. 
ҰОҚ конспектісінде қолданылған шартты анықтамалар: 
Ж – жеке жұмыс, т – топтық жұмыс, ұ – ұжымдық жұмыс.
«Қауіпсіз  мінез-құлық  негіздері»  оқу-әдістемелік  кешенінің 
құрамына тәрбиеленушілерге арналған Әліппе-дәптер кіреді, ол көрнекі 
құрал ретінде және алған білімдерін бекіту мақсатында қолданылады. 
Әліппе-дәптер арқылы педагог баланың отбасымен қарым-қатынас ор-
натып, валеологиялық тәрбие үрдісіне ата-аналарды тарта алады.


8
ұзАҚМерзіМді ЖОСпАр
Бөлім 
Бағдарлама 
бойынша 
бөлімше
Оқу мақсаттары 
№ 
Ұйымдастырылған 
оқу қызметінің (ҰОҚ) 
тақырыбы
Сағат
саны
1-тоқсан
1-бөлім
Жеке бас 
тазалығы
Бөлімше1.1 
Адамның дене 
құрылысы
0.1.1.1. Адамның дене 
құрылысын білу.
1
Адам денесі
1
1-бөлім
Жеке бас 
тазалығы
Бөлімше 1.1 
Адамның дене 
құрылысы
0.1.1.1. Адамның дене 
құрылысын білу.
0.1.1.2.  Дұрыс дене бітімін 
сақтаудың негізгі ережелерін 
білу және қолдану.
2
Сезім мүшелері
1
1-бөлім
Жеке бас 
тазалығы
Бөлімше 1.1 
Адамның дене 
құрылысы
0.1.1.1. Адамның дене 
құрылысын білу.
0.1.1.2. Дұрыс дене бітімін 
сақтаудың негізгі ережелерін 
білу және қолдану.
3
Дене бітімі дегеніміз 
не?
1


9
1-бөлім
Жеке бас 
тазалығы
Бөлімше 1.2 
Дене тазалығы
0.1.2.1. Ауыз қуысы және дене 
күтіміне арналған қарапайым 
тазалық ережелерін білу, 
қолдану және түсіндіру.
4
Жеке бас тазалығы
1
2-тоқсан
1-бөлім
Жеке бас 
тазалығы
Бөлімше 1.3
Күн тәртібі
0.1.3.1. Тамақтану, ұйқы, 
демалыс, күн тәртібін 
сақтаудың қажеттілігін түсіну.
5
Күн тәртібі 
дегеніміз 
не?
1
1-бөлім
Жеке бас 
тазалығы
Бөлімше 1.4
Шынығу 
0.1.4.1.
Денсаулықты нығайту әдістері 
мен шынықтыру түрлерін білу.
6
Қандай шынығу 
түрлері болады?
1
2-бөлім
Дұрыс 
тамақтану
Бөлімше 2.1
Тамақтану 
ережесі
0.2.1.1. Дұрыс тамақтану 
ережелерін білу және қолдану 
0.2.1.2. Тамақтану мәдениетін 
және тамақтану мәдениетін 
ұстанудың маңыздылығын 
түсіну. 
7
Тамақтану мәдениеті
1


10
2-бөлім
Дұрыс 
тамақтану
Бөлімше 2.1
Тамақтану 
ережесі
Бөлімше 2.2
Дәрумен-
дердің
пайдасы
0.2.1.3. Пайдалы және зиянды 
азық-түліктерді ажырату.
0.2.2.1. Дәрумендердің 
пайдасын түсіну және 
түсіндіру.
0.2.2.2. Дәрумендер қорын 
білу.
8
Дәрумендер
1
3-тоқсан
3-бөлім
Қауіпсіздік 
ережелері
Бөлімше 
3.1 Үйдегі 
қауіпсіздік
0.3.1.1. Үйдегі қауіпсіздік 
ережесін сақтаудың 
қарапайым ережелерін білу.
0.3.1.2 Полиция және жедел 
жәрдем қызметінің телефон 
нөмірін атау.
9
Қауіпсіздік мектебі. 
Мен үйдемін
1-бөлім
1
3-бөлім
Қауіпсіздік 
ережелері
Бөлімше 3.1.
Үйдегі 
қауіпсіздік
0.3.1.1. Үйдегі қауіпсіздік 
ережесін сақтаудың 
қарапайым ережелерін білу.
0.3.1.2. Газ және өрт сөндіру 
қызметінің телефон нөмірін 
атау.
10
Қауіпсіздік мектебі. 
Мен үйдемін
2-бөлім
1
3-бөлім
Қауіпсіздік 
ережелері
Бөлімше 3.2. 
Көшедегі 
қауіпсіздік
0.3.2.1. «Жаяу жүргіншілер», 
бағдаршам белгілерін түсіну.
11
Қауіпсіздік мектебі. 
Мен көшедемін. 
Жолда жүру ережесі
1


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау