38
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту:
Жаңа сөздерді дұрыс атайды және оның мағынасын біледі.
Денсаулық сақтау әдісі туралы болжамдарды талқылайды.
Көптілділік: сымбат – осанка – рosture
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: ертеңгілік жаттығу, дене бітімі, жүріс,
омыртқаның қисаюы, арқа омыртқасының қисаюы, жалпақтабандылық,
массаж (уқалау). Қаңқа, бассүйек, омыртқа, аяқ-қол сүйегі, бұлшық ет, сынық,
буын.
Тері, жеке тазалық, терідегі ұсақ тесіктер, терінің тыныс алуы, жара, күйік,
күнге күю, күнге қарсы жақпамай.
Пікір алмасу сұрақтары:
Адам ненің көмегімен түрлі қозғалыстарды жасайды?
Адам сүйегі қаншалықты мықты болады? Олардың бұзылу қаупі бар ма?
«Қаңқа» дегеніміз не?
Омыртқа қисаюы несімен қауіпті (дене бітімі)?
Тері жарақаты кезінде не жасау керек?
Дене күтіміне қандай құралдар көмектеседі?
Өткен ұОҚ алған білім
Адамның дене құрылысы жайлы қарапайым түсінік.
39
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
і. дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату
0-1 минут
(ұ) Жағымды көңіл күй орнату. Қыздырайық денені
Кел, балалар, кел бері,
Қыздырайық денені.
Орнымызда тұрып-ақ,
Жүгірейік бір уақ:
Бір, екі, үш! Бір, екі, үш!
Екпіндей түс!
Аяқты алға созайық,
Тік көтеріп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық,
Алға және озбайық.
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
2-5 минут
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
Неліктен адамның денсаулығы мен көңіл күйіне жаттығуды
орындау маңызды? Ненің әсерінен адамның денесі мықты,
икемді, сымбатты болады?
40
ҰОҚ ортасы
III. тақырып бойынша
жұмыс
6-25 минут
педагог ақпараты: Әдетте өз денсаулығына мән беретін
әр отбасында, мектепте үлкендер мен балалар күнін
ертеңгілік жаттығумен бастайды. Ертеңгілік жаттығу – бұл
таңғы уақытта, ұйқыдан тұрғанда немесе ҰОҚ алдында
орындалатын жаттығулар жиынтығы. Жаттығумен жүйелі
айналысатындарда ұйқышылдық жоғалады, сергектік
сезім пайда болады, эмоциялық өрлеу басталады, еңбек
қабілеттілігі артады. Адамның денесі мықты әрі күшті, епті
және сымбатты болуы үшін жүйелі түрде жаттығу жасау ғана
емес, сонымен қатар үнемі өзінің жүрісі мен дене бітімін
қадағалау керек.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Дене бітімі дегеніміз не? Неліктен ерте жастан бастап
өзінің дене бітімін қадағалау маңызды?
Педагог балаларға сәнқой рөліне еніп, достарының
алдында подиумда жүргендей сезінуді ұсынады. Балалар өз
еріктерімен шығып, бірінен соң бірі дене бітімін және жүру
мәнерін, яғни жүрісін көрсетеді, тапсырманы орындаған
уақыттағы өздерінің алған әсерлерін талқылап, кімде
«сәнқой» рөлі сәтті шыққанын анықтайды.
Қорытынды: арқасын тік ұстап, иығын жазып, жүзінде
күлкі үйірілген, жеңіл қозғалатын қызға қарасаң, көзің тояды.
Егер дене бітімі мен жүрісі жақсы болса, ұлдар сымбатты
әрі қайратты көрінеді.
педагог ақпараты: Сымбат – адамның отырғандағы және
жүргендегі қалыпты дене бітімі.
41
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Адамның денесі қалай құрылған, денеге арқасын тік ұстап,
түрлі қозғалыстар жасау үшін не көмектеседі?
(ұ) тәжірибе: Педагог балаларға медициналық қолғап
таратып, бұл адам денесі деп елестетуді сұрайды және
қолғаптан жасалған адамды үстел үстіне қоюды ұсынады.
Қолғап тік тұрмай, құлай береді. Педагог қолғапты қолдарына
киюді ұсынады, сонда ол өз пішінін сақтап, құламайды.
Қорытынды: Егер адамда осындай мықты сүйек болмаса,
онда ол қолғап сияқты құлап қалады.
педагог ақпараты: Адамның негізгі дене мүшелері – бас,
мойын, дене, қол және аяқ. Бұл дене мүшелерінің барлығы
көптеген ұсақ және үлкен сүйектерден тұрады. Сүйектер
адамның дене құрылысында маңызды рөл атқарады. Олар
тірек қызметін атқарып, ішкі ағзаларды қорғайды. Бассүйек
миды, қабырғалар өкпе, жүрек және басқа да ағзаларды
қорғайды.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
– Қаңқа дегеніміз не?
Балалар адам қаңқасының суретін қарайды.
Адамның барлық сүйектері «қаңқа» деп аталады. Яғни,
адам қаңқасы – адамның барлық ішкі ағзаларын сақтайтын
мықты тірек.
Әр балаға
медициналық
қолғап.
Әліппе-дәптер
42
педагог ақпараты: Адамның денесінде сүйек маңызды
рөл атқарады. Ол адамға тірек қызметін атқарады және
ішкі ағзаларды қорғайды. Мысалы, бассүйек бастағы миды
қорғайды. Қабырға ішкі ағзаларды сақтайды. Омыртқасыз
адам тұра алмайды.
(ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Педагог балаларға дәптердегі дұрыс қалыпты омыртқаның
суретін белгілеуді ұсынады.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Омыртқаның қисаюы несімен қауіпті, оның салдары
қандай болмақ?
педагог ақпараты: Омыртқаның қисаюы қауіпті –
сколиоз ауруына әкеліп соғады. Уақытында омыртқаның
қисаюын байқамаған балалар тез шаршап, өз қатарларымен
салыстырғанда дамуы жағынан төмендей береді. Қаңқа
сүйегі ішкі ағзаларын басып, дұрыс дамуына кедергі
жасайды.
Балада ақырындап бас, бұлшық ет ауруы және басқа
түрлі ауру сезімдері пайда болады. Уақыт өте келе,
сыртқы бейнесі, келбеті, дене бітімі өзгеріске түсіп, өзге
балалардан ерекшеленіп тұрады. Әрине, соңында, адам
өз кемшілігінен ұялып, өзге сымбатты қатарластарының
жанында ыңғайсыз сезінуіне алып келеді.
Әліппе-дәптер
Достарыңызбен бөлісу: |