Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет27/33
Дата22.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#15675
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33

125
іі. Өмірлік тәжірибені 
маңыздандыру. 
Мақсатты болжам
3-5 минут
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
 Өмірде қауіпті заттар ғана емес, қауіпті адамдар да кездеседі. 
Қандай адамдарды қауіпті деп санауға болады?  
Балалар  бейтаныс  адамдардан  келетін  қауіп  туралы 
талқылайды.
Қорытынды: Өмірде мейірімді және жақсы адамдар өте көп, 
бірақ өкінішке орай, жаман адамдар да бар. Адамның сыртқы 
бейнесіне  қарап,  жаман  ойлы  екенін  ажырата  алмаймыз, 
өйткені жаман адам өте әдемі, мейірімді болып көрінуі мүмкін. 
Сондықтан барлық бейтаныс адамдардан алыс жүру керек. 
ҰОҚ ортасы
III. тақырып 
бойынша жұмыс
6-25 минут
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. 
Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырады.
Қорытынды: Бейтаныс адамдар түрлі сый көрсетуі 
мүмкін (шоколад немесе балмұздақ), үйіндегі кішкентай 
күшікті көруге, көлігімен қыдыртуға шақыруы және басқа 
нәрселермен қызықтыруы мүмкін. Бөтен адамға ешқашан 
сенбе! 
Кесімді түрде «жоқ» деп айтуға үйрен, ал ең дұрысы 
бейтаныс адаммен сөйлеспе, адамдар көп жерге кетіп қал. 
Егер бейтаныс адам күшпен ұстап қалуға тырысса, айғайла, 
көмекке шақыр! Жұрттың назарын аудар. 
Ешқашан бейтаныс адамды, тіпті бала болса да үйіңе 
шақырма. Бұл үйге ұры түсуіне бастауы мүмкін. 
Әліппе-дәптер


126
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. 
Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырып, 
қорытындылауға қатысады.
Қорытынды: Ата-анаңа қай жерде ойнайтыныңды хабарлап 
отыр, сонда сені керек кезде тез тауып алады. 
– Бейтаныс адаммен лифтіге мінбе. Әлденеден күдіктенсең, 
жақындарыңа хабарлас (тіпті болмаса көршілерге), сені күтіп 
алуын өтін. 
– Ақшаң немесе қымбат ұялы телефоның, бағалы 
ойыншығыңды кім көрінгенге көрсетіп мақтанба. 
Басқалардың қызғанышын оятпауға тырысқан жөн. Ол 
тонаушылыққа ұрындыруы мүмкін.
Өміріңе қауіп төніп тұрса, полицияның 102 нөміріне 
хабарлас. 
көптілділік: өмір – жизнь – life
Бөтен жерде жалғыз қалмауға тырыс (егер сендер қонақта 
болып, далаға серуендегің келсе, онда үлкендерге немесе сол 
ауланы және сондағы ойнайтын балаларды білетін үй иесіне 
еріп шығуың керек). 
Педагог «Мысық, түлкі, әтеш» ертегісін еске түсіріп, 
«Неліктен әтеш түлкіге алдана берді?» деген сұраққа жауап 
сұрайды.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: 
– Егер сен үйде жалғыз отырғанда біреу есікті қақса, 
сырттағы адам: «Мен сенің тәтеңмін (ағаңмын)» немесе 
«Мен көршімін, қалпағым осы үйде қалып қойыпты» немесе 
«Мен электр жөндеушімін, газ маманымын, пәтерлеріңді 
тексеруім қажет» т.с.с. деп сендіре сөйлеп тұрса, не істейсің?
Әліппе-дәптер 


127
Қорытынды: Мұндай жағдайда есікті ашуға болмайды. 
«Үлкендер үйде болған кезде келіңіз!» немесе «Менде кілт 
жоқ, апам қазір келеді», – деп айту керек. 
(ұ) Ойын жағдаяты:  Педагог балаларға алдын ала 
дайындалған көрініс ұсынады. 
Перде ашылып, ұлттық киім киген әдемі әже шығып, 
мейірімді, сабырлы дауыспен былай дейді:
– Қалқам, маған су берші, шаршап, шөлдеп қалдым. Сен 
қандай жақсы, мейірімді баласың, көмектесші маған. 
Бала (үй иесі) есікті ашады, әжеге су ұсынады. Әженің 
орамалы шешіліп қалғанда, балалар мыстан кемпірді көреді. 
Ол қарқылдап күліп, балаға тап береді. 
Келесі көрініс: Әдемі Ханшайым есік қағып, телефонмен 
сөйлесу үшін кіруге рұқсат сұрайды. Бала есік ашқанда, 
перде ішінен қолында қылышы бар Ханшайым шығады. 
Қорытынды: Бөгде адамдарға сеніп, есік ашуға болмайды. 
Егер бейтаныс адам есікті қағып тұрып алса, есікті 
жұлқыласа, дереу полицияға хабарласу керек.
IV. ұОҚ 
қорытындысы. 
рефлексия
25-30 минут
Педагог ҰОҚ қорытындылайды. 
– Бүгінгі ҰОҚ-де   қандай қызықты ақпаратты білдіңдер? 
– Сендерге не ұнады?
(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын 
сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады. 
– Егер сендер бейтаныс жағдайдағы тәртіп ережесін 
түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына 
жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын
Әліппе-дәптер


128
түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда 
баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің 
суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз 
болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына 
салыңдар. 
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? 
Неліктен? 
 Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды. 
№14 
тАҚырыБы: ҚАуіпСіздік МектеБі. 
тАБИҒИ АпАт
Мектеп/Мұ: 
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп: 
Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар 
саны:
ұОҚ оқытылу 
мақсаттары
 0.3.3.1. Ауа райының өзгеруіне байланысты қауіпсіздік ережелерін білу. 
күтілетін нәтиже Барлық балалар:
Ауа райының өзгеруіне байланысты қауіпсіздік ережелерін біледі. 
көпшілік балалар: 
Ауа райының өзгеруіне байланысты қауіпсіздік ережелерін түсінеді. 
кейбір балалар: 
Адамның өмірі мен денсаулығына әсер ететін қауіпсіздік ережелерін қолданады. 


129
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту:
Өмір  қауіпсіздігі  талаптарын  орындайды.  Ауа  райының  өзгеруіне  байланысты  өз 
денсаулығын сақтау әдістерін біледі.
көптілділік: ауа райы болжамы – прогноз погоды – weather forecast
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: гидрометеорталық, ауа райын болжау, 
азаматтық қорғаныс, дауыл болатынын ескерту, найзағай, сел, бұршақ, көктайғақ, 
ыстық. 
Пікір алмасу сұрақтары:
Адам өміріне ауа райының өзгеруі қалай әсер етеді? 
Дауыл және құйын дегеніміз не? Олар қауіпті ме?
Адам өміріне найзағай қауіпті ме? 
Найзағай кезінде қандай ережені сақтау қажет?
Адамдар табиғи апаттың жақындағанын қалай біледі? 
Төтенше жағдай дегеніміз не?
Жер сілкінісі дегеніміз не? 
Адамдар үшін жер сілкінісі несімен қауіпті?
Жер сілкінісі кезінде не жасау керек?
Әр балаға бейджикті не үшін тағады? 
Өткен ұОҚ алған 
білім
 Төтенше жағдай кезінде қарапайым ережелерді білуі. 
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
і. дұрыс әсерлі көңіл күй 
орнату
0-2 минут 
(ұ) Жағымды көңіл күй орнату. «Ауа райы болжамы»
Балалар бірінің артынан бірі шеңбер бойымен тұрып, 
алдында тұрған баланың иығынан ұстайды. Педагог ауа 
райы болжамын оқиды, ал балалар көршісінің арқасын 
уқалау арқылы ауа райын бейнелейді. 


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау