Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды. Хаттама №



жүктеу 133,03 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі133,03 Kb.
#14619
түріЖұмыс бағдарламасы



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсы



044-57/17-(_)

8 беттің -беті




«Мейіргер» оқу практикасының әдістемелік нұсқауы



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ

ЖӘНЕ РЕАНИМОТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН




«МЕЙІРГЕР»

ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ


Мамандық: 5B110100 – «Мейіргер ісі»

Сағат көлемі: 60 сағат (4 кредит)

Курс – 2.

Семестр – 3

Шымкент, 2014 ж.

Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № ____ «_____» ____ 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі , м.ғ.к., доцент _________ А.А.Алдешев

1. Кіріспе

«Мейіргер» оқу практикасы мемлекеттік талаптарды «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мазмұнының міндетті минимумын және дайындық деңгейінде жүзеге асыруға арналған.

Тәжірибе емдеу-алдын алу ұйымдарында, сонымен қатар қабылдау бөлімі, емдік бөлімшелер, интенсивті терапия палатасы, егу бөлмесі, рентгенологиялық пен эндоскопиялық бөлімшесі, функционалды диагностика бөлімшесінде өтеді.
2. Оқу практиканың мақсаты: емдік – профилактикалық ұйымдар жағдайында «Мейіргер ісінің негіздері» пәні бойынша теориялық білімді, практикалық іскерлік пен машықтарды бекіту және жүйелеу.
3. Пәннің міндеттері:


  • «Мейіргер ісінің негіздері» пәнін үйрету барысында білім алушылардың алған білімін кеңейту, тереңдету және жүйелеу.

  • Мейіргер ісіндегі манипуляциялық техника бойынша кәсіби машықтарды бекіту.

  • Мейіргерлік процесс кезеңінің машықтарын жүзеге асыруды жетілдіру.

  • Кәсіби тұрғыдан ойлауды дамыту.

  • Медициналық этика мен деонтология принциптерін практикада қолдану.

  • Бөлімде пациенттермен, олардың туыстарымен және әріптестермен сөйлескенде коммуникация ережелерін қолдану.


4. Тәжірибені өтеудің соңғы нәтижесі:

Оқу практикадан кейінгі оқушының тәжірибелік дағдылар тізімі:

1. Қарапайым физиопроцедуралар (жылытқы, мұзды кабық, қыша қағаз, банка, компресс қолдану) өткізу.

2. Пациентке оттегіні орталықтандырып беру әдістемесін меңгеру.

3. Зертханалық зерттеу үшін несеп алу әдістемесі мен техникасын меңгеру.

4. Зертханалық зерттеу үшін нәжіс алу әдістемесі мен техникасын меңгеру.

5. Зертханалық зерттеу үшін қақырық алу әдістемесі мен техникасын меңгеру.

6. Зертханалық зерттеу үшін аңқа мен мұрыннан сүртінді алу әдістемесі мен техникасын меңгеру.

7. Дәрі-дәрмектерді энтеральдық (нероральдық, езу маңы, ректальдық) және ингаляциялық тәсілмен қолдануды үйрену.

8. Дәрі-дәрмектсрді сыртқа (сүрту, жағу, емдік пластырь, сеппе қолдану, құлаққа, мұрынға, көзге тамызу) қолдануды үйрену.

9. Дәрі-дәрмектерді тері ішіне, тері астына, бұлшықет ішіне енгізіп үйрену.

10. Дәрі-дәрмектерді вена ішіне, венаға құюды үйрену.

11. Венадан қан алу әдістемесін меңгеру.

12. Асқазанды тазарту техникасын меңгеру.

13. Клизма қою әдістемесін меңгеру.

14. Газ өткізетін түтік кою әдістемесін меңгеру.

15. Пациентті рентгенологиялык, эндоскопиялық, ультрадыбыстық зерттеулерге даярлау.

16. ЭКГ, спирография жасау.
5. Тәжірибенің мазмұны:

5.1 Студент жұмысының көлемі мен түрі:




Жұмыс түрі

Уақыты

1-күн

Емдеу бөлімдерінде жұмыс істеу

Палаталарда инфекциялық бақылау және ауруханаішілік инфекцияның алдын алу бойынша шаралар өткізу. Пациентті ауыстыру үшін биомеханика ережелерін қолданады. Пациенттерге гигиеналық шаралар еткізеді. Жабдық пен пациентгі қолдан тамақтандыру үшін даярлайды. Пациентгің функциялық жағдайына баға береді. Безгек ұстаған пациенттерге күтім жасау бойынша шаралар өткізеді.



6

2-күн


Пациенттерге қарапайым физиопроцедуралар

(жылытқы, мұзды қабық, қыша қағаз, банка, компресс қолдану) еткізеді. Пациентке оттегіні орталықтандырып беруді (Бобров аппараты арқылы) жүзеге асырады. Пациентті және ыдысты зертханалық зерттеу үшін даярлау. Зертханалық зерттеулер үшін материал (несеп, нәжіс, қақырық) алады. Аңқа мен мұрыннан сүртінді алу. Зертханаға материалды жеткізеді.

6

3-күн



Емдеу бөліміндегі пациенттерге дәрі-дәрмектерді тарату (пероралъдық, езу маңы, ректалъдық). Ингаляция жасайды. Дәрі-дәрмектерді сыртқа (сүрту, жағу, емдік пластыръ, сеппе қолдану, кұлаққа, мұрынға, көзге тамызу) қолданады.

6

4-күн



Асқазанды тазарту. Клизма, қуыққа катетер қою. Пайдаланылған аспаптарды өңдейді. Пациентті рентгенологиялъіқ, эндоскопиялық, ультрадыбыстық және функциялық зерттеулерге даярлайды.

6

5-күн



Пациентке мейіргерлік диагноз қою. Мейіргерлік диагноз қою үшін мейіргерлік тексеру мақсатында бекітілген пациенттерге күнделікті жетекшілік етеді. Пациентке қажетті көмек пен күтім көрсетуді жоспарлау және жүзеге асыру, мейіргерлік күтім нәтижелерін бағалау.

6

6-күн



Процедура кабинетінде жұмыс істеу.

Процедура кабинетін жұмысқа дайындайды. Процедура кабинетінің санитариялық-эпидемиологиялық режимін жүзеге асырады. Мейіргернің жеке қорғаныс кедергілерін сақтайды.

Дәрі-дәрмектерді парентеральдық тәсілмен енгізу: тері ішіне, тері асты-на. бұлшықет ішіне, вена ішіне, венаішілік-тамшылап құю. Зертханалык, зерттеулер үшін венадан қан алуды жүзеге асырады. Пайдаланылған аспаптарды өңдейді. Медикаментоздық терапияны бақылау мен тіркеуді жүзеге асыруға қатысады. Инъекциядан кейінгі асқынулардың алдын алумен емдеуді жүзеге асырады. Инъекциядан кейінгі асқынулар орын алған жағдайда дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсетеді.


6

7-күн



Эндоскопиялық кабинетте жұмыс істеу

Эндоскопиялық кабинеттің жұмысымен танысу. Зерттеу өткізу кезінде дәрігерге көмектесу. фиброгастродуоденоскопия, бронхоскопия, ректоро-маноскопия, колоноскопия, цистоскопия, хромоцистоскопия.



6

8-күн



Рентгенологиялық кабинетте жұмыс істеу

Рентгенологиялық кабинеттіңжұмысымен танысу. Зерттеу өткізу кезінде дәрігерге көмектесу: холецистография, урография, ирригоскопия.



6

9-күн


Ультрадыбыстық диагностика кабинетінде жұмыс істеу Ультрадыбыстық диагностика кабинетінің жұмысымен танысу. Зерттеу өткізу кезінде дәрігерге көмектесу.

6

10-күн

Функциялық диагностика кабинетінде жұмыс істеу.

Функциялық диагностика кабинетінің жұмысымен танысу. ЭКГ, спирография жасау.



6




Барлығы:

60



5.2 Оқу-өндірістік медициналық мейірбикелік тәжірибенің күн тәртібі жоспары

Жұмыс күнінің ұзақтығы – 6 академиялық сағат, тәжірибенің ұзақтығы – 10күн. Күн тәртібі:



Жұмыс түрі

Шамамен алынған уақыт

1

Мейіргерлердің таңғы конференцияларына қатысу

8.00-8.30

2

Емдеу бөлімдерінде жұмыс істеу

08.30-14.00

3

Білім алушы әрбір жұмыс күні барысында ротация принципі бойынша келесі кабинеттерде жұмыс істеуі тиіс (күніне 1-2 кабинет, 1 сағаттан аспайды):

  • Рентгенологиялық кабинетте жұмыс істеу;

  • Эндоскопиялық кабинетте жұмыс істеу;

  • Ультрадыбыстық диагностика кабинетте жұмыс істеу;

  • Функциялық диагностика кабетінде жұмыс істеу.

  • Егу бөлмесіндегі жұмыс – 2-3 сағат көлемінде





5.3 Тәжірибе бойынша дайындау реті мен қорғау мерзімі.

5.3.1 Тәжірибе бойынша есепке дайындалу реті мен қорғау мерзімі.

Практика жетекшісінің ағымдық бақылауы:

  • Бөлімдегі жұмыс орнындағы студенттің практикалық әрекеті мен қатысуын бақылау. Практика жетекшісі күнде журналға келгендерді және келмегендерді тіркейді.

  • Студенттердің практикалық дағдыларды меңгеруін бақылау.

Практика жетекшісі клиникалық базаның қызметкерімен бірлесе отырып студенттерден практикадан өту барысында берілген тізімге сәйкес дағдылардың орындалуы туралы мәлімет алып, «Практика нәтижесі» (қосымшаны қараңыз) кестесіне жазып отырады.

  • Студенттердің күнделігін тексеру. Студен күн сайын жасаған жұмысы жайлы практика күнделігін толтырады. Практика жетекшісі жұмыстың дұрыстығы мен сапасын бақылап, керекті түзетулерді енгізіп, күнделікке күн сайын қол қойып отыруы керек. Студент оқу-өндірістік тәжірибе аяқталғаннан кейін тәжірибе жетекшісіне атқарған жұмысы туралы еркін түрдегі есебі мен орындаған манипуляцияның сандық көрсеткіштерін тапсырады. Студент есебінде тәжірибенің өткен уақыты, күні, емдік мекемедегі бөлімше аппаратурасының құрылғылары, тәжірибе өткен жердің жағдайының жалпы сипаты, тәжірибенің өтілу тәртібі, тәжірибе уақытында байқалған тәжірибе мен теорияның арасындағы байланысты көрсетеді, олардың себебін, студенттің анықталған кемшіліктерді болдырмау мүмкіндіктерін көрсетеді. Тәжірибе сапасын жақсартуға ұсынылған шешімдер.

Тәжірибе жетекшісі – күнделікке студент жұмысының қысқаша сипатын жазады. Мінездемеде теориялық білімінің деңгейі, тәжірибелік дағдыларды меңгергендігі, студенттің тәртібі мен жауапкершілігі туралы жазылады.
5.3.2. Қорытынды бақылау – сараланған сынақ.

Қорытынды бақылауға жіберілу үшін толтырылған практика күнделігі (практика жетекшісі куәландырған), кафедра меңгерушісі мен практика жетекшісі қол қойған студенттің мінездемесі, практикаға қатысу журналы болуы тиіс.

Кәсіби практика қорытындысы бойынша сараланған сынақ «критерийлерге...» сәйкес студенттердің практикалық дағдыларының бағасының нәтижесіне негізделеді. Практикалық дағдыны (іскерлік) бағалау ұпайлық – әріптік жүйе бойынша %-ға қайта есептеумен іске асырылады.

Практиканың соңғы күні студенттер сараланған сыңақ тапсырады.

Күнделіктің соңында сынақтың күні және практиканың бағасы қойылады, сонымен қоса қойылатын қолдар.

«Жалпы практика мейірбикесі» өндірістк практикасының қорытындысы бойынша іскерлік пен дағдыны бағалау критерийі

(сараланған сынақта)



«Жалпы практика мейірбикесі» өндірістік практикасынан өту кезінде алынған іскерлік пен дағды әріптік жүйемен (оң баға А әрпінен F әрпіне дейін, сандық эквивалентке 4 ұпайлық жүйе бойынша сәйкес келетін) бағаланады. Әрбір дағды қадам бойынша жазылады, олар жалпы саны 4 ұпай болатындай етіп бағаланады. Барлық тапсырмаларды орындаған студент дағдыларды толық, дұрыс орындағаны үшін әріптік-ұпайлық жүйе бойынша А әріптік бағаға сәйкес келетін – 4.0 ұпаймен, ең жоғары сандық эквивалентпен бағаланады.

Ұпайлық - әріптік жүйе бойынша бағалау кестесі

Баға

Әріптік эквивалент

Рейтинг ұпайы %

Ұпаймен

Өте жақсы

А

95 – 100

4

А -

90 – 94

3,67

Жақсы

В +

85 – 89

3,33

В

80 – 84

3,0

В -

75 – 79

2,67

Қанағаттанарлық

С +

70 – 74

2,33

С

65 – 69

2,0

С-

60 – 64

1,67

D +

55 – 59

1,33

D

50 – 54

1,0

Қанағаттанарлықсыз

F

0 – 49

0

Ескерту: егер алған бағасы 1,67 ұпайдан (60 – 64 %) төмен болмаған жағдайда қабылданған машықтары есептелінеді.





жүктеу 133,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау