139
II. Өмірлік
тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты
болжам
3-5 минут
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Ойын барысында жабайы және үй жануарын ажырата алатындарыңды
көрсеттіңдер. Екеуінің қандай айырмашылығы бар екен?
Балалардың жауаптары.
Қорытынды: Қоршаған ортада көптеген жануарлар өздеріне тамақ
тауып жейді, жауларынан қорғанады, өздеріне баспана табады, өз
ұрпақтарына қамқор болады, олар – жабайы жануарлар.
Үй жануарлары тек адамдардың қамқорлығымен өмір сүреді. Адамдар
оларды тамақпен, баспанамен қамтамасыз етіп, қамқор болады.
ҰОҚ ортасы
III. тақырып
бойынша жұмыс
6-25 минут
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Жабайы аңдар несімен қауіпті болуы мүмкін?
педагог ақпараты: Жануарлар әлемі әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Табиғатта үлкен, кіші жануарлар кездеседі. Бір жануарлар жүгіреді,
біреулері жүзеді, кейбіреулері ұшады, жорғалайды. Бірақ жабайы
жануарлардың барлығы адам үшін қауіпті.
– Жабайы жануарлардан қауіп төнбес үшін қандай ережелерді есте
ұстау керек?
Балалардың жауаптары
.
Қауіпсіздік ережелері:
• Жабайы жануарларға жақындама.
• Жабайы жануарларды ұстама.
• Орманда ашық аяқкиіммен жүрме.
•
Жыланды көрсең, оған тиіспе.
• Жылан немесе басқа жабайы жануар тістеп алса, дереу дәрігерге
жүгіну.
140
– Адамдар өз үйіндегі жабайы жануарлармен
қалай қарым-қатынас
жасау керек?
Балалардың жауаптары.
педагог ақпараты: Қазіргі таңда адамдар үйлерінде жылан, кесіртке,
тіпті қолтырауын сияқты жабайы жануарларды ұстайды. Бірақ
бұл жануарлар олардың өмірі үшін қауіпті екенін ешқашан естен
шығармауы тиіс.
Қауіпсіздік ережелері:
• Жабайы аңдар қолға үйретілген болса да, ол жабайы екенін ұмытпау
керек және оларға ерекше сақтықпен қараған жөн.
• Иесі әрдайым жануарлар дәрігеріне көрсетіп, уақытылы екпесін алып
тұруы керек.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Адамға үй жануарлары қауіпті болуы мүмкін бе?
Балалардың жауаптары.
педагог ақпараты: Үй жануарлары мейірімді, сүйкімді болып көрінуі
мүмкін. Бірақ олар күтпеген жерден өзін үркіткен адамға шабуыл
жасауы да мүмкін.
– Адам үй жануарларымен қандай қарым-қатынаста болуы керек?
Балалардың жауаптары.
Қауіпсіздік ережелері:
• Иесі әрдайым үй жануарын уақытылы тамақтандырып, қамқорлық
жасау керек.
• Уақытылы екпе жасату керек.
• Балалар өзі білмейтін бөтен жануарларға жақындамағаны дұрыс.
«Ғажайыпқа айналу» ойыны.
Балалар ым-ишара, дауыс арқылы үй жануарларын бейнелейді.
141
– Адамдар өз үйіндегі жабайы жануарлармен қалай қарым-қатынас
жасау керек?
Балалардың жауаптары.
педагог ақпараты: Қазіргі таңда адамдар үйлерінде жылан, кесіртке,
тіпті қолтырауын сияқты жабайы жануарларды ұстайды. Бірақ
бұл жануарлар олардың өмірі үшін қауіпті екенін ешқашан естен
шығармауы тиіс.
Қауіпсіздік ережелері:
• Жабайы аңдар қолға үйретілген болса да, ол жабайы екенін ұмытпау
керек және оларға ерекше сақтықпен қараған жөн.
• Иесі әрдайым жануарлар дәрігеріне көрсетіп, уақытылы екпесін алып
тұруы керек.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Адамға үй жануарлары қауіпті болуы мүмкін бе?
Балалардың жауаптары.
педагог ақпараты: Үй жануарлары мейірімді, сүйкімді болып көрінуі
мүмкін. Бірақ олар күтпеген жерден өзін үркіткен адамға шабуыл
жасауы да мүмкін.
– Адам үй жануарларымен қандай қарым-қатынаста болуы керек?
Балалардың жауаптары.
Қауіпсіздік ережелері:
• Иесі әрдайым үй жануарын уақытылы тамақтандырып, қамқорлық
жасау керек.
• Уақытылы екпе жасату керек.
• Балалар өзі білмейтін бөтен жануарларға жақындамағаны дұрыс.
«Ғажайыпқа айналу» ойыны.
Балалар ым-ишара, дауыс арқылы үй жануарларын бейнелейді.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Баспанасыз жануарлар қайдан пайда болады?
Қорытынды: Ойыншыл мысықты, тентек күшікті балалар жақсы
көреді. Олармен ойнаған көңілді. Бірақ жануарларды арнайы дәретке
баруға, аяқкиімді бүлдірмеуге, жиһаздарды тырналамауға үйрету
қажет. Оларды уақытында тамақтандыру және серуендету қажет.
Өкінішке орай, кейбір балалар асыранды жануарларды күткенді
жақсы көрмейді, ал ата-аналарының уақыты жоқ.
Сол себепті
кішкентай күшік пен мысықты далаға шығарып жібереді. Адам
жануарды асырауға алмас бұрын осының бәрін ойластыру керек,
мысық не күшік сатып әперуін өтінген бала ол жануарлар үшін
жауапты екенін білгені жөн.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырып, жағдайды
талқылайды.
Педагогпен бірге
ереже құрастырады:
– Баспанасыз жануарды көру аянышты, бірақ жақындау да қауіпті.
Баспанасыз иттер мен мысықта адамға жұғатын аурулар болады. Сол
себепті оларды
алыстан ғана тамақтандыр, бірақ сипап, қолға алуға
болмайды.
– Баспанасыз иттің әрекетін болжау қиын. Ол сенің сипағың келгенін
өзіне шабуыл деп түсініп қалуы мүмкін.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Иттерден қалай қорғануға болады?
Әліппе-дәптер
142
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырады.
• Топтанып жүрген иттерді көрсең,
жолдың бағытын өзгертіп, оларды
айналып өткен жөн.
• Иттен қашып, жүгіруге болмайды, артыңнан қуалап, бас салуы
мүмкін.
• Иттен қолыңда бар заттармен: қолшатыр, сөмке, қораппен
қорғанып, тасалан. Заттарды итке лақтырма.
• Ашулы иттің көзіне тік қарауға болмайды. Ит
сен қарсыласқың
келіп тұр екен деп, шабуылдауы мүмкін.
көптілділік: ит – собака – dog
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Жәндіктердің шағуы қауіпті ме?
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырып, талқылайды.
педагог ақпараты: Жәндіктердің шағуы қауіпті болуы мүмкін.
Масалар энцефалит, безгек ауруларын тасушы. Араның шағуы
аллергиясы бар адамды дертке шалдықтыруы ғажап емес. Шыбындар
түрлі
ауруды тасушылар, себебі олар қоқыс арасында, дәретханада
жүреді. Шыбын бар үйде тамақтың бетін жауып, терезеге қорғағыш
тор орнатып, шыбынға қарсы арнайы құралдарды қолданған жөн.
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер