Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет26/33
Дата22.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#15675
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33

120
Қорытынды: Сырғанаққа бір-бірін итермей, кезекпен сырғанаған 
жөн.  Бірінші  бала  сырғанап,  аяққа  тұрғанда  ғана  келесі  бала 
сырғанауды бастайды. 
Педагог  ойын  үшін  тыйым  салынатын  орындарға  ерекше  назар 
аударады:  аяқталмаған  құрылыс  орындары  қауіпті,  онда  қабаған 
иттер болуы мүмкін, жоғарыдан құрылыс материалдары құлап кетуі 
мүмкін, онда техникалар жұмыс істейді. 
көптілділік: ойын – игра – game
(ұ) Ойын жағдаяты: 
Педагог балаларға автобустағы мінез-құлықты бейнелеуді ұсынады. 
– Сен автобусқа  кіргенде досыңды көрсең, өзіңді қалай ұстайсың? 
–  Сен  трамвайда  отырсың.  Аялдамадан  қарт  адам  кірді.  Сен  не 
істейсің?
– Сен әжеңмен троллейбусқа кірдің. Бір орын бос. Сенің әрекетің? 
–  Сен  досыңмен  автобуста  қатты  күліп  сөйлестің.  Бір  жолаушы 
сендерге ескерту жасады. Сен не істейсің?
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: 
– Қандай көлік түрлерін білесіңдер? 
– Адам таситын көлік пен жүк көлігінің айырмашылығы неде? 
– Көліктегі қандай өзін-өзі ұстау ережелері сендерге таныс?
көлікпен жүру ережесі: 
– Көлікте кішкентай балаларға ата-аналарынсыз жүруге болмайды. 
– Автобус, троллейбус, трамвай күткен кезде жол бойына шығуға 
болмайды, арнайы орын – аялдамада күту керек. 
– Көлікте есіктің алдында тұрып, жолаушылардың кіріп-шығуына 
кедергі жасауға болмайды. Бұл өте маңызды, өйткені қалалық көлік 
есіктері автоматты түрде ашылады. 


121
– Автобус ішінде мықтап ұстап тұру керек, себебі күтпеген жерден 
тежегіш басылғанда, тоқтағанда құлап қалуың мүмкін. 
–  Көлік  ішінде,  басқа  да  қоғамдық  орындардағы  сияқты  ақырын 
сөйлесу керек. 
– Көлік ішінде жүгіруге болмайды. 
–  Көлікте  балмұздақ  жемейді.  Көлік  ішінде  банан  қабығын, 
шекілдеуік және кәмпит қағазын қалдыру – тәрбиесіздік. 
– Ашық терезеге қолыңды қоюға, шығаруға болмайды. 
– Қарт адамдарға, мүгедектерге орын беруді ұмытпа.
–  Жеңіл  көлікте  12  жасқа  дейінгі  балаларға  арналған  арнайы 
автоорындықта отырады немесе қауіпсіздік белдігін тағынады. 
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: 
–  Отбасыңмен  саябаққа,  киноға,  не  серуендеуге  шыққанда  нені 
білген жөн?
Балалар өз ойларын білдіріп, қорытынды жасайды.
Қорытынды:  Қоғамдық  орындарда  адам  өте  көп.  Кейде  ата-
аналары  мен  балалары  көптің  ішінен  бір-бірін  жоғалтып  алады. 
Бұндай жағдайда не істеуге болады?
•  Алдымен  ата-анаңды  қатты  дауыстап  шақыру  керек,  мүмкін  ол 
жақында шығар, дауысыңды естіп, тауып алады. 
•    Біраз  уақыт  сол  орында  тұрып  күту  керек.  Үлкендер  міндетті 
түрде соңғы көрген жерден келіп іздейді. 
•  Егер жаныңнан күзетші, әскери адам немесе полиция өтіп бара 
жатса, олардан көмек сұрау қажет. Олар міндетті түрде ата-анаңды 
табуға көмектеседі. 


122
•  Ал бала полицияға қалай көмектесе алады? 
Ең  бастысы  бала  өзінің  ата-анасының  аты-жөнін,  мекенжайын 
немесе  ұялы  телефон  нөмірін  білу  керек.  Егер  телефон  нөмірі 
дұрыс  болса,  ата-анаңа  хабар  беріліп,  олар  жылдам  тауып  алады. 
Кейде радио арқылы аты-жөні аталып, ата-анаңа хабар беріледі. 
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: 
– Егер бала ата-анасының мекенжайы мен телефон нөмірін білмесе, 
не істеуге болады?
Балалар  заң  қызметкерлеріне,  яғни  полицияға  немесе  күзетшіге 
жүгінуіне болады. Олар балаға ата-анасын тауып беруге көмектеседі. 
(ұ)  Ойын  жағдаяты.  Баланың  өзі  туралы  білуі  маңызды  екенін 
түсіндіру үшін педагог ойын ұйымдастырады.  
іV. ұОҚ 
қорытындысы. 
рефлексия
25-30 минут
Педагог ҰОҚ қорытындылайды. 
– Бүгінгі ҰОҚ-де   қандай қызықтыақпаратты білдіңдер? 
– Сендерге не ұнады?
(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік 
баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады. 
– Егер сендер таныс емес жерлерде өзін-өзі ұстау ережесін 
түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау 
смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа 
алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы 
сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз 
білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 
2-сатысына салыңдар. 
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен? 
 Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.
Әліппе-дәптер


123
№13
тАҚырыБы: ҚАуіпСіздік МектеБі. 
БеЙтАНыС АдАМдАрМеН тілдеСу ереЖеСі
Мектеп/Мұ: 
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп: 
Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар 
саны:
ұОҚ оқытылу 
мақсаттары
0.3.1.1. Үйдегі қауіпсіздікті сақтаудың қарапайым ережелерін білу. 
0.3.1.2. Полиция қызметінің нөмірін атау. 
0.3.2.2. Таныс емес жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерін түсіну. 
күтілетін нәтиже Барлық балалар:
Бейтаныс жағдайдағы тәртіп ережелерін біледі. 
Полицияның нөмірі – 102 екенін біледі. 
Үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды біледі. 
көпшілік балалар: 
Бейтаныс жағдайда тәртіп ережелерін түсінеді. 102 – полицияға хабарласу нөмірі 
екенін түсінеді. Бейтаныс адамдармен тілдесу ережесін түсінеді. 
кейбір балалар: 
Неліктен бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттігін түсінеді. Жағдайды талқылап, дұрыс 
шешім қабылдай алады. 


124
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту:
Күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелері дағдыларын біледі. 
Қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығын түсінеді.  
көптілділік: өмір – жизнь – life
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: полиция, бейтаныс адам. 
Пікір алмасу сұрақтары:
Қандай адамды қауіпті деп санауға болады?
Неліктен ата-аналар баласына бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат етпейді?
Егер бейтаныс адам өзінің есімін айтса (сенімен танысса), ол бейтаныс болып қала 
бере ме? 
Барлық бейтаныс адамдар қауіпті ме?
Өткен ұОҚ алған 
білім
Таныс емес жағдайларда қарапайым қауіпсіздік ережелерін білуі. 
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
і. дұрыс әсерлі көңіл 
күй орнату
0-2 минут
(ұ) Жағымды көңіл күй орнату. 
ым-ишарат ойыны: «Шеңбер бойымен жібер». 
Балалар шеңбер бойында тұрады. Педагог балалардың біреуіне 
қиялындағы  затты  береді:  ыстық  картоп,  суық  мұз,  жеңіл 
қауырсын.  Балалар  шеңбер  бойымен  қиялындағы  заттарды 
ым-ишарат арқылы келесі балаға беруді көрсетеді. 


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау