2016 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-қызметтік АНАЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау» №118 Заңына сәйкес өрт сөндіру қызметінің негізгі міндеттерінің бірі өрт сөндіру, авариялық-құтқару және басқа шұғыл жұмыстары болып келеді.
Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық қорғау күштерінің құрамына штаттық саны 738 жеке құрамнан тұратын 27 өрт сөндіру бөлімшелері кіреді. Мемлекет жарағында 136 бірлік өрт сөндіру техникасы бар, соның ішінде 83 негізгі, 13 арнайы, 40 бірлік қосымша (соның ішінде 2 бірлігі 2016 жылы алынған және есепке қойылды). 2016 жылғы желтоқсан айында ҚР ІІМ ТЖК бір орталықтан бөлу нәтижесі бойынша «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ балансына КАМАЗ базасындағы өту деңгейі жоғары АЦ-7-70(43118) өрт сөндіру техникасы келіп түсті, қазіргі кезде автомобильді әкімшілік полицияда тіркеу және оны жауынгерлік есепке қою үшін құжаттары дайындалып жатыр.
Техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға уақтылы әрекет ету мақсатында жоғары рангке аралық 1 БИС және 2 БИС рангтерін қосумен Петропавл қаласының өртке қарсы қызметі гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесі қайта өңделіп Петропавл қ. әкімімен бекітілді. Қазіргі кезде құжаттың жаңартылған түрі өрт болған жағда йда бөлімшелерді бағыттаған кезде қолданылады. Селолық аудандарда күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарлары, жоғары нөмірмен шақыру бойынша автоматты түрде шығатын объектілер тізімі, сонымен қатар химия тұрғыдан аса қауіпті объектілер тізімі анықталған. Өрт сөндірудің сапасын жақсарту және өрт сөндіру кезінде өзара әрекеттесуді ұйымдастыруды үшін «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ облыстың ведомстволарымен және ұйымдарымен екі тарапты келісім-шарттары жасалған.
2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 706 өрт болды, 103 млн. астам теңгеге залал келтірілді. 2015 жылмен салыстырғанда өрттің саны 8% азайтылды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бір өртке орташа залалдың келуі 146 360 теңге құрайды - 2015 жылда 164 897 теңге.
Тіркелген өрттердің жалпы санынан, 260 өрт облыс орталығының Петропавл қаласында болды, облыстың қалаларында 59 тіркелді, ал ауылдық жерлерде 387 өрт. 2016 жылдың 12 ай аралығында 42 өртке (өрттің жалпы санынан 7%) мекеменің бөлімшелері шақырылмай, әскери емес өрт сөндіру жасақтарымен және тұрғындармен сөндірілді.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
5 жыл аралықта тіркелген өрттердің саны.
Есепті кезеңде өртке қарсы қызмет бөлімшелері өрттерді жою үшін дабыл бойынша 664 рет шықты, 2015 жылға қарағанда 7% аз келді(705 рет). Мекеменің күштері мен құралдары авариялық-құтқару жұмыстарын атқару үшін 299 рет жұмылдырылды, біріншіден бұл бөлімшелердің жұмылдырылуы көктем кезеңінде еріген қар суларын соруына байланысты.
Бөлімшелердің өрттерге, авариялық-құтқару жұмыстарына және жалған шақыруға шығу динамикасы.
Өткен жылдармен салыстырғанда жалған шақырулар саны айтарлықты артты. 2016 жылы бөлімшелермен 8 жалған шығу болды, бұл өткен жылға қарағанда (2015 жыл – 12 рет) 34% аз. Жоғарыда айтылған деректерге тиісті мәліметтер жиналды және процессуалды шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының ІІБ және АІІБ тергеуге алуға берілді.
Облыстың елді мекендерінде өрт сөндіру бойынша
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің жауынгерлік іс әрекет ЖИЫНТЫҚ КЕСТЕСІ
№
р/р
|
Аталуы
|
2015 г.
|
2016 г.
|
1
|
Кезекші қарауылдың дабыл бойынша шығуы, соның ішінде
|
1866
|
1804
|
а)
|
Өрттерге
|
705
|
664
|
б)
|
Авариялық-қтқару жұмыстары
|
326
|
299
|
в)
|
Өрт ретінде есепке алмайтын жанулар
|
823
|
833
|
г)
|
Жалған
|
12
|
8
|
2
|
Өрт-тактикалық жаттығулар, сабақтар
|
125/813
|
104/706
|
3
|
Құтқарылған / эвакуацияланған адамдар (барлығы)
|
20/981
|
47/1085
|
4
|
Өртте қаза болған адамдар (барлығы)
|
39
|
33
|
4.1
|
Соның ішінде балалар
|
3
|
2
|
5
|
ЕӨСД, тұрғындармен және т.б сөндірілген өрттер
|
64
|
42
|
6
|
Өрттен шыққан залалдың жалпы сомасы (мың.теңге)
|
126 971,12
|
103 329,865
|
7
|
Тауар-материалды құндылықтар құтқарылды (мың. теңге)
|
190 000
|
455 535
|
8
|
Құрылыстар жойылды
|
152
|
139
|
Ағымдағы жылда облыс орталығының аумағында 2 ірі өрт болды 1) 2016 жылғы 02 сәуірінде Петропавл қаласының өздігінен қыздырылып реттелетін зауытында 964 ш,м көлемінде өрт болды; 2) 2016 жылғы 04 тамызында Петропавл қаласы Абай көшесі 16 мекен жайы бойынша жиһаз өндеу цехында 600 ш,м көлемінде өрт болды. Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК 2015 жылғы 12 мамырдағы «Өрттерді зерделеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» №110 бұйрығына сәйкес гарнизонның барлық басқарушы құрамымен өрттің талдауы өткізілді. Қорытындылары бойынша бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін арттыру мақсатында техникалық және ұйымдастырушы жиынтығы өткізілді:
өртке қарсы су жабдығы тексерілді, одан әрі су көздері анықтамасы мен планшеттері түзетілді;
Петропавл қаласының өртке қарсы қызметі гарнизоны бөлімшелерінің шығу кестесі қайта өңделді;
әр-түрлі өнімдерді өндіруде жүзеге асыратын және қиын құрылған құрылыстары бар ірі көлемді объектілерінің танысуы ұйымдастырылды;
аппарат басқармасының және өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен су жабдығы жоқ аудандарда әр-түрлі схемаларды және көтеріңкі сорғышты станцияларды қолда отырып өртттерді сөндіру бойынша сабақтар өткізілді;
ӨСБОП диспетчерлерімен Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК 2016 жылғы 19 мамырдағы «Кезекші қызметтердің кейбір мәселелері туралы» № 134 бұйрығын зерттеу бойынша сабақ өткізілді;
облыс орталығының су жүйесінде өрт болған кезде су беру қысымын жоғарылату бойынша «Қызылжар су» хат жолданды;
барлық өрттеде 3 және одан да көп оқпан берілген жағдайда
(ауылдарды 2 және одан да көп), бөлімше басшыларымен талдау өткізіледі, кейін жеке құраммен зерттеу үшін барлық бөлімшелерге жіберіледі.
Өткен жылда облыстың аудандарында 2 ірі өрт болды 1) 2016 жылғы 06 маусымында Затон станциясында жұмыс қызметі атқарылмайтын консервіленген кірпіш зауытының қоймалары және негізгі ғимараты жанды. Өрт көлемі 2200 ш,м құрды; 2) 2016 жылғы 28 қазанда Сергеевка қаласында «Мир одежды» СҮ 800 ш,м көлемінде өрт болды., сонымен бірге өткен жылмен салыстырғанда тұрмыстық өрттер аудандарда 6% азайған.
Облыс өңірі бойынша барлық аудандарда өрттердің саны кеміген, Қызылжар және Шал ақын аудандарын қоспағанда, сондағы өткен жылмен салыстырғанда өрттер саны тиісінше 19%, 43% артты. Өрт санының өсуі Шал ақын ауданында болды, егерде 2015 жыл аудан өңірінде 19 өрт болса, 2016 жылы 27 өрт тіркелген, бұған қарағанда өрттер саны 43% өсті.
Өрт ретінде есепке алмайтын жанулардың облыс бойынша саны өткен жылмен салыстырғанда 2% азайған.
Өрттің жетістікті сөндірілуі және материалдық залалдың азайуы, өрт орнына жүру жолының уақыты және жою уақыты болып келеді.
2016 жылдың өткен кезеңінде 63 % өрттерге мекеме бөлімшелері 10 минутқа дейін келді, бұл өрттің ірі мөлшерлерге таралмайынша сөндіруді дер кезінде ұйымдастыруна әкелді және отпен материалдық залал келтіруін азайтты. 12 ай ішінде өрт орнына бірінші бөлімшенің орташа жүру уақыты облыс орталығында 2,34 минут, ал ауылды мекендерде 20,5 минут құрады.
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
бөлімшелерінің өрт орнына жүру уақыты (пайызда)
Мемлекеттік өртке қарсы органдары бөлімшелерінің жоқ болуынан және аудандық орталықтарынан алшақ келетін ара қашықтықта болған өрттердің саны 17 % азайды, ауылды жерлерде өрт орнына бірінші бөлімшенің орташа жүру уақыты 2015 жылдың үйлес кезеңімен салыстырғанда 12,2% артты және 205,5 минут құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |