Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет14/33
Дата22.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#15675
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33

62
II. Өмірлік тәжірибені 
маңыздандыру. 
Мақсатты болжам
2-5 минут
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
  Біздің кездесуіміз жақсылық пен денсаулық тілеуден 
басталды. Ал сендердің күндерің қалай басталады? 
Таңдарың қалай басталады?   
Балалар өз ойларымен бөліседі.
 Кейде үлкендер бір-біріне «сол аяғымен тұрды» деп 
ескертпе жасап жатады. Ол нені білдіреді?
Балалар өз пікірлерімен бөліседі. Педагог балалардың 
жауаптарын қорытады. 
ҰОҚ ортасы
ііі. тақырып бойынша 
жұмыс
6-25 минут
педагог  ақпараты:  «Сол  аяғымен  тұрды»  сөзі  таңертеңгі 
уақыттан бастап үйінде болсын, жұмысында болсын көңіл 
күйі болмай, ашулы жүретін адамдар жайлы айтады. 
– Ал таңды күліп, көтеріңкі көңіл күйде бастауға үйренуге 
бола  ма?  Ол  қаншалықты  маңызды?  Ұйқыдан  тұрған  соң 
өзіңді қалай ұстаған жөн?  
«Менің таңым» өлеңін оқу және талқылау.
  Неліктен  ата-аналар  және  мамандар ұйқыдан  тұрған  соң 
керіліп-созылуға кеңес береді? 
Балалардың ойлары.
педагог  ақпараты:  Ұйқыдан  оянған  соң  бірден  төсектен 
тұруға  болмайды,  өзіңе  және  организмнің  оянуына 
көмектесуің керек, ол үшін керіліп-созылып, ұзақ ұйқыдан
соң  омыртқа  үшін  кішігірім  жаттығу  жасауға  болады.  Ал 
сенің күлкің жақындарың мен туыстарыңды қуантады. Таза
Әліппе-дәптер


63
ауа сенің бөлмеңді толтырып, сергітеді және сен толықтай 
оянасың.   
Кел, балалар, кел бері,
Қыздырайық денені.
Орнымыздан тұрып-ақ,
Жүгірейік бір уақ.
Аяқты алға созайық,
Тік көтеріп, қозғайық.
 – Таңғы жаттығу дегеніміз не? Мектепте ертеңгілік 
жаттығуды не үшін орындау керек?
педагог  ақпараты:  Таңғы  жаттығу  (дене  шынықтыратын 
қимыл  жаттығулары)  –  бұл  таңғы  уақытта,  ұйқыдан 
тұрғанда,  ҰОҚ  алдында  жасалатын  дене  жаттығуларының 
жиынтығы. 
Жаттығу  оны  орындаған  адамды  қуаттандырады.  Жаттығу 
барысында  орындалатын  қимыл-қозғалыстар  адамды  күн 
бойына күш-қуатпен, көтеріңкі көңіл күймен, сергектікпен 
және денсаулықпен қуаттандырады. 
Барлық  адамдар  тісін  тазалайды,  жуынады,  көпшілігі  душ 
қабылдайды,  кейбіреулер  сумен  шынығады.  Денсаулықты 
нығайту  үшін  сумен  шынығудың  әсері  қандай  екенін  біз 
білеміз. Сумен, ауамен, күнмен шынығу бізге жиі ауырмауға 
көмектеседі.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
  Сонымен,  біз  таңертеңгісін  не  жасаймыз?  Күндіз  немен 
айналысамыз? Күн тәртібі дегеніміз не? 
Әліппе-дәптер


64
Балалардың  жауаптары.  Балалар  сурет  арқылы  «Менің 
таңым» өлеңінің желісі бойынша әңгіме құрастырады. Күн 
тәртібіне анықтама береді.  
педагог  ақпараты:  Әр  күні  таңертеңгісін  тұрамыз, 
жуынамыз, таңғы жаттығу жасаймыз, таңғы асымызды ішіп, 
балабақшаға/мектепке  барамыз.  Топта/сыныпта  да  белгілі 
тәртіп бар: ҰОҚ – үзіліс – ҰОҚ – үзіліс. Түскі үзіліс те бір 
уақытта  болады.  Күнде  бір  уақытта  үйге  қайтамыз.  Осы 
оқиғалар реті – күн тәртібі деп аталады.
көптілділік: күн тәртібі – режим дня – day schedule.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
 – Тамақтану күн тәртібі ережесіне қалай әсер етеді?
Балалар  суреттер  арқылы  тамақтану  туралы  айтады, 
педагог балалардың жауаптарын қорытындылайды.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
  Өзіңнің  мектептегі  күнің  қалай  өтетіні  жайлы  әңгімелеп 
бер.
– Қандай ҰОҚ саған көбірек ұнайды, неліктен?  
(ұ,  Ж)  проблемалық  сұрақ:  Сендер  кешке  үйлеріңде  не 
істейсіңдер?  Ұйықтар  алдында  ше?  Неге  күнде  белгілі  бір 
уақытта ұйықтау маңызды? 
Бірақ балалардың көбі белгілі күн тәртібін сақтамайды, ал 
түнде  бір  уақытта  ұйықтамайды.  Егер  әр  бала  уақытылы 
сағат 9-10 кезінде ұйықтауға жататын болса, ол:
•  тез ұйықтап кетуге;
•  жақсы ұйықтап, демалуға;
•  уақытылы  оянып,  күні  бойы  көтеріңкі  көңіл  күйде 
жүруіне көмектеседі. 
Әліппе-дәптер


65
Қорытынды:  Осылайша  жақсы  демалып,  ұйықтаған  бала 
ҰОҚ барысында аз шаршап, жұмыс жасау қабілеті артады. 
Күн  тәртібін  сақтамайтын  балаларға  қарағанда  сергек 
болады. 
педагог  ақпараты:  Әр  адамның  өзінің  «ішкі  сағаты» 
болады. Ол биоырғақ – биологиялық ырғақ деп аталады. 
Егер  күн  тәртібін  сақтайтын  болса,  биоырғақ  адамға 
еркін  демалуға,  келесі  күнді  бастауға  күш-қуат  жинауға 
көмектеседі.  Күн  тәртібін  сақтайтын  адамға  кез  келген 
қиындықты жеңу оңай болады. 
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: Адамдардың барлығы, әсіресе 
балалар  дұрыс  тамақтану  ережесін  сақтауы  тиіс.  Адам 
тамақтану арқылы бойына түрлі тағамнан күш-қуат алады.
Ашығу  –  ас  қорыту  жүйесінің  жұмысын,  дене  қызметін 
нашарлатады. Балалар өзін тыныштандыра алмайды, себебі 
олардың  ойы  үнемі  тамақта  болады.  Дұрыс  тамақтану 
барысында  тағам  адам  ағзасына  әр  3-4  сағат  сайын  түсіп, 
күш-қуат, энергия береді.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы) 
–  Сендер  кешке  ҰОҚ-ден  соң  үйлеріңде  не  істейсіңдер? 
Ұйықтар алдында ше? 
Балалардың  жауаптары.  Балалар  дәптердегі  суреттерді 
қарайды. 
Әліппе-дәптер


66
педагог  ақпараты:    Күндіз  сен  жүгіресің,  секіресің, 
ойнайсың, сөйлесесің, күлесің, жаттығасың, ал кешке сенің 
денең шаршап, демалатын уақыт келеді. 
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
– Жақсы ұйқы үшін не қажет?  
Балалар  суреттерді  мазмұнына  қарай  қарайды  және  ойын 
нәтижесіне сәйкес айтылғандарды қорытындылайды. 
•  Белгілі бір ережелерді сақтағанда ғана ұйқымыз тыныш 
болады. 
•  Соңғы рет ұйқыға жатардан 2–3 сағат бұрын тамақтану.
•  Спортпен, дене шынықтырумен шұғылдану.
•  Кешкісін таза ауада жарты сағат қыдыру.
•  Түнгі  ұйқыға  бір  мезгілде  жатуға  тырысу,  ал  тәуліктегі 
ұйқы 8-10 сағаттан аз болмауы тиіс. 
Егер адам жақсы ұйықтаса, ұйқыдан тұрғанда көзі күлімдеп, 
көңіл күйі жоғарылап, өзін сергек сезінеді.
Әліппе-дәптер


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау