Зырян қаласы әкімі
аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің оңды имиджін
қалыптастыру және нығайту жөніндегі
ақпарат
(2013 жылдың II тоқсанына)
Зырян ауданының әкімі Е.Б. Сәлімовтің 2011 жылғы 10 маусымдағы «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, Зырян ауданыны әкімінің ресми wеb-сайттарына орналастыру үшін ақпарат ұсыну туралы» №1-598ө өкімінің 2 –тармағының 1) тармақшасын орындау мақсатында Зырян қаласы әкімі аппараты қызметшілерінің оңды имиджін қалыптастыру және нығайту бойынша нақты жұмыс жүргізіледі.
«Зырян қаласы әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының негізгі бағдарламалық құжаттарын, Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізіледі. Ақпараттық-насихаттау жұмысының негізгі түрлері мен әдістері кездесулер, жиындар, отырыстар, азаматтарды жеке қабылдау болып табылады.
Ағымдағы жылдың III тоқсанында Зырян қаласының әкімі Л.А. Гречушникова «Су Арнасы» МК 60 жылдық мерейтойын мерекелеуге, Курчатов қаласында өткен «Моноқалалар- даму жолдары» халықаралық форумына қатысты, моноқалаларды дамыту тәжірибесімен алмасу үшін Федеративтік Германия Республикасының Лайнефельде-Ворбис қаласына жұмыс сапарымен барды. Қазақстан Халықтары Бірлігінің күні-1 мамырды мерекелеу құрметіне қала әкімінің аппаратында Достық үйінің өкілдерімен кездесу өтті, этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысушыларына алғыс хаттар берілді.
Орта-арнаулы оқу орындарының өкілдерімен жастар ұйымдарының Зырян қаласын абаттандыру бойынша ісшараларға қатысу мәселелері бойынша отырыс өткізілді. «Жасыл жапырақ-Зеленый лист» республикалық акциясының шеңберінде колледж студенттерінің қатысуымен Зырян қаласының аумағында шырша көшеттері отырғызылды.
Зырян қаласында алғашқы рет қаланың орта білім беру мектептері оқушыларының арасында хормен ән айту конкурсы өткізілді, жеңімпаздарға дипломдар, бағалы сыйлықтар мен конкурсқа қатысқандары үшін қала әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды.
Барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен ағымдағы жылы өткізген есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша, жергілікті өзін-өзі басқаруды ары қарай шыңдау, жергілікті атқарушы органдар қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында 2013 жылы әкімнің тұрғындармен тоқсан сайын кездесулерін өткізу (жиындар) жұмысы басталды. 2013 жылдың мамыр айында тұрғындармен 3 кездесу өткізілді, кездесулерге жергілікті атқарушы орган өкілдері, Зырян ауданы мәслихатының депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жергілікті БАҚ қатысты. Есеп беру кездесулерінде көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынды.
Қала аумағындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша құқық қорғау органдарының қоғаммен бірігіп іс-әрекет жасауының мақсатында қала аумағында ерікті халық жасақтары құрылған. ЕХЖ қызметі заңдылық, адамгершілік, адамның құқықтары мен бостандығын құрметтеу принциптеріне негізделген. ЕХЖ негізгі міндеттері: азаматтардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындарды құқық бұзушылықтардың алдын алуға және болдырмауға белсенді қытыстыру.ЕХЖ өз қызметін патрульдеу және көшелерге, алаңдарға, шағын аудандар мен басқа қоғамдық жерлерге посттар тұрғызу, Зырян қаласының аумағындағы құқық бұзушылықтарды анықтау үшін рейдтер өткізу, құқық бұзушылық жасаған тұлғалармен профилактикалық жұмыс жүргізу, кәмелетке толмағандармен тәрбие жұмысын жүргізу, азаматтарға ҚР қолданыстағы заңнамасын түсіндіру арқылы іске асырады.
2013 жылдың сәуір айында Зырян қаласы әкімінің аппараты Зырян қаласының жолаушы тасымалдаушыларымен әлеуметтік серіктестік шеңберінде полицияның қоғамдық көмекшісінің бекітілген үлгідегі куәлігін ұсынған жағдайда тегін жол жүруге меморандум жасады.
Тұрғындар үшін «Зырян қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ШҚО бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік басқармасының Тәртіптік кеңесіне және ҚР Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша комиссияға шағымдар мен ұсыныстарды жинауға арналған жәшіктер орналастырылған, «сенім телефоны» бар.
Әкімнің «Ақпарат» тақтасында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан -2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының толық мәтіні және тұрғындар үшін қажетті басқа ақпарат орналастырылған.
Қала әкімінің аппаратында әкім және әкім орынбасары айына 2 рет азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. Барлық өтініштерге түсініктемелер беріледі, шешімдер қабылданады, өтініш берушілерге белгіленген мерзімде жауаптар беріледі. Қала әкімі аппаратының мамандары мемлекеттік органдар жұмысына қатысты мәселелер бойынша жүгінген азаматтарға күн сайын консультациялар береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоішілік ісшаралар жоспарына сәйкес «Зырян қаласы әкімінің аппараты» ММ құқықтық мәселелер жөніндегі әкім кеңесшісі сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар мен құқықбұзушылықтарға қатысты БАҚта шыққан барлық сыни мақалаларға тұрақты мониторинг жүргізеді, нақты қабылданған шаралар туралы тұрғындарға БАҚ арқылы хабарланады. Осы бағытта атқарылған жұмыс туралы ақпарат аудандық ішкі саясат бөліміне және жалпылау үшін ШҚО талдау және болжам жасау ақпараттық орталығына жолданып отырады.
«Өзіңнен баста!» акциясының шеңберінде «Пульс!Зыряновска» және «Көктас таңы» газеттерінің 2013 жылғы 09 мамырдағы № 18 сандарында және Зырян ауданы әкімінің сайтында қала әкімінің мүлігі мен кірісі туралы ақпарат жарияланды.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жұмыс істеу және ақпараттандыру мақсатында Зырян қаласының әкімі апта сайын әр жұмада БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізіп отырады, барысында тілшілердің барлық қызықтыратын сұрақтарына жауаптар беріледі және өткізілетін ісшаралар бұқаралық ақпарат құралдарында және Зырян ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланады.
Ұйымдастыру-кадрлық және құжаттамалық жұмыс бөлімінің басшысы Э. Гаязова
Достарыңызбен бөлісу: |