59
(Ұ, Т, Ө) Сандықтың өзіне тән ерекшеліктерімен танысу
(тікбұрышты, қақпағы бар, ұлттық ерекшеліктерге сай
безендірілген).
(Т, Ө) Ойын-жаттығу: «Мұқият бол». Қазақтың
ұлттық нақышта жасалған сандықтарын қарап
шығыңдар. Олардың бетіндегі ою-өрнектердің атауын
атап беріңдер.
(Ұ) Ойын-жаттығу: «Иә – жоқ».
Ермексазбен және пышақпен жұмыс істеу ережелерін
талқылау, балалар ережелерді естеріне түсіріп,
талқылап, түсіндіреді.
(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін балалармен бірге
талқылау»
1. Сандықтың негізгі бөлігін қатырғықағаздан қиып,
жапсырып аламыз.
2. Ермексаздан кішкене кесіп алып, пластина жасаймыз.
3. Қапталын пышақпен кесіп, дайындаған
қатырғықағазға жапсырамыз.
4. Қара түсті ермексаздан бірнеше ширатпа дайындап
аламыз. Бұл безендіру үшін қажет.
– Ширатпаны қандай тәсілмен дайындаймыз?
5. Сандықты баланың таңдауы бойынша ою-
өрнектермен безендіреміз (мүйіз, ботагөз).
6. Құлып жасаймыз.
(Т, Ө) Ой қорыту.
Сандықтың барлық бөліктері бір-біріне сәйкес,
үйлесімді әрі тегіс болуы шарт.
Бөлшектерді қандай тәсілмен біріктіреміз? (Жағу
арқылы).
(Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу: «Құлып».
(Ұ, Ө) Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас».
Ермексазды жұмыс істеуге дайындау.
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жеке көмек көрсету.
(Ұ, Ө) Шығармашылық минуты.
Өз жұмысыңды қалай безендіретініңді ойлан.
Ойын-жаттығу: «Сандықтың ішінде не бар?...»
Әліппе-альбом.
Әліппе-альбом,
түрлі түсті ермексаз,
қатырғықағаз
қиындылары,
кескіш, тақтайша,
қағаз майлық.
60
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
(Ұ, Ө) Балалар жұмыстарының көрмесі.
«Шебер қолдар»
Педагог балаларды жұмыстарды талқылап, бұйымдарға
баға беруге шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ өзі жасаған жұмысқа баға беруді
ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен
бояйды;
2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.
Балалардың
жұмыстарына
арналған көрме.
Әліппе-альбом,
қарындаштар.
№19 ҰОҚ. Қыдырымпаз мысық (қазақтың
«Адам итпен және мысықпен қалай достасты»
ертегісінің желісімен, қамырмен жұмыс істеу)
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ-ді оқыту
мақсаттары
0.1.1.3. Кейіпкерлерге тән бөліктерді (мұрын, ауыз, көз, құлақ, аяқ, қанат)
пропорцияны сақтай отырып, қарапайым әдістерді (жұмырлау, жаю,
жалпайту, кескіш көмегімен ойып алу, т.б.) қолданып мүсіндеу, жұмыстың
конструктивті және пластикалық техникаларын үйлестіріп, бөліктерді
біріктіру.
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс барысында қауіпсіздік
техникасын және еңбек гигиенасын сақтау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• дененің әртүрлі мүшелерінің пішінін жасай алады;
• мүсіндеудің (домалақтау, жалпайту, басып қысу) қарапайым тәсілдерін
пайдаланады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• бөлшектерді аралас тәсілдермен біріктіре алады;
• жекелеген элементтерден композиция құрастырады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• жұмыстың техникалық және құрастыру тәсілдерін бір-бірімен
үйлестіріп пайдалана алады.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
• жаңа терминдерді енгізу арқылы сөздік қорын, өз жұмысы жайлы
әңгімелеп беру;
• талқылауға қатысу, алған әсерлерімен бөлісу.
Көптілділік: мысық – кошка – cat.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Тұзды қамыр, тегістеу, домалақтау.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Тұзды қамырмен жұмыс істеу тәсілі туралы не білесің?
– Құралдармен жұмыс істегенде қандай ережелерді орындау қажет?
61
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білік
Тұзды қамырмен жұмыс істеу
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Жұмыс істеуге
жағымды
көңіл күй
қалыптастыру
0 – 1минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай
жасайды.
(Ұ) Ертегі жайлы әңгіме.
– Адам ең алдымен қандай жануарлармен достасты?
«Адам мысық және итпен қалай достасты?» ертегісін
тыңдаймыз.
Музыкалық
сүйемелдеу.
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Т, Ө) Ой қорыту.
Қайырымды адамдардың жолы ізгілікке толы.
Дос адамдар бір-біріне мейіріммен қарауы тиіс.
Топқа ойыншық мысық әкелінеді. Балалар онымен
мұқият танысып шыққаннан кейін, мысықты сипаттап
береді.
Мүсінші Ермек келген қонаққа ат қойып, онымен
ойнауды ұсынады.
(Ұ) Ойын-жаттығу: «Мені айнытпай мүсіндеп көр».
Тәрбиеленушілер ҰОҚ не жайлы әңгіме болатынын
болжап, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын
айқындайды.
Ойыншық мысық.
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балалар мысықты тағы қандай материалдан жасауға
болатынын талқылап, оның түсін анықтайды.
(Ұ) Сергіту сәті: «Мысық кетті қыдырып».
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.
.Балалар мүсіндеудің түрі мен тәсілін атап береді.
(Ұ) Мүсіндеу алгоритмін балалармен бірге талқылау.
1. Қамырдан сопақша жасаймыз. Екі жағынан
кескішпен кесіп, мысықтың табандарын жасаймыз.
2. Жасалған пішінді иеміз.
3. Қамырды домалақтап құлағын, мұрнын
жасаймыз.
4. Барлық бөлшектерді біріктіреміз. Қамырдың бір
жағын жіңішкелеу етіп сопақша жасаймыз. Бұл –
мысықтың құйрығы. Құйрықты денеге жапсырамыз.
5. Тұмсығына ауыз бен мұрт саламыз.
Саусақтарға арналған жаттығу: «Ұйқыдағы
марғау».
Әліппе- альбом
Ережелер.
Достарыңызбен бөлісу: |