Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет23/33
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12826
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33

65
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•  ұлттық ыдыс-аяқ түрлерін жасай біледі;
•  бүтін ермексазбен жұмыс істеу.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•  тиісті пішінді жасай біледі;
•  қолдың, кескіштің көмегімен «өрнек» салады; бұйымдарды ою-
өрнектермен әшекейлейді;
•  алған білімі мен мүсіндеу тәсілдерін пайдалана отырып, образ жасай 
алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•  мүсіндеудің негізгі бағыттарын, әдіс-тәсілдерін, бұйымды жасау 
технологиясын атап береді.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
•  ауызекі сөйлеу; сұрақтарға жауап беру, талқылауға белсенді түрде 
атсалысу; алған әсерлерімен бөлісу қабілетін дамыту.
Көптілділік: торсық – сосуд – vessel.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
•  балшық, пышақ, майлық, ұқыптылық, тегістеу, созу, су құйылған 
стақан, техника қауіпсіздігі, балшықпен жұмыс істеу техникасы. Ою-
өрнектер.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Ыдыс-аяқтың қандай түрлерін білесіңдер?
– Ыдыс-аяқты қандай материалдан жасаған?
– Ыдыс-аяқ жасайтын адамдарды қалай атаған?
– Торсықты қандай әдіспен жасауға болады?
– Не үшін әркім өз елінің салт-дәстүрін білуі қажет?
Өткен ҰОҚ-нен алған 
білім, білік
Мүсіндеудің «сюжеттік», «заттық», «сәндік» деген бағыттарының өзара 
айырмашылықтары туралы қарапайым түсінік.
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет  
Ресурстар
I. Жұмыс істеуге 
жағымды көңіл 
күй қалыптастыру 
0 – 1минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай 
жасайды.  
(Ұ, Ө) Ермек балаларды ойын ойнауға шақырады.
«Сиқырлы дорба» ойыны.
 Педагог қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтарының түрлерін 
көрсетеді. Балалар әр затты мұқият қарап шығып, 
олардың атын атап береді.
Сиқырлы дорба, 
Ыдыс-аяқтар: кесе, 
ожау, табақ, торсық.


66
II. Өмірлік 
тәжірибені 
белсендіру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Ой қорыту.
 Көркімен көз тартатын ыдыстарды қазақ шеберлері 
халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін сақтай 
отырып жасаған. Олар өз бұйымдары арқылы қазақ 
ою-өрнегінің, қазақ тұрмысының өзіндік бояуларын 
көрсетуге тырысады.
 Қазақтар мұндай адамдарды «он саусағынан өнері 
тамған шебер» дейді.
(Ұ) Педагог: Ал, сендер мұндай заттарды жасаудың 
үлкен өнер екенін білесіңдер ме? Шеберлер қолынан 
шыққан әр затты үлкен махаббатпен жасайды, көп тер 
төгеді, жанын салады. Мұндай бұйымдарды халық 
шеберлерінің туындылары дейміз. 
– Шебердің қандай қабілеті мен қасиеттері болуы 
керек?
– Сен қазақ халқының қандай дәстүрлерін білесің?
 (Ұ, Ө) «Миға шабуыл»,  талқылауға арналған 
сұрақтар:
Торсық қандай материалдан жасалады? Неліктен?
Балалар бірнеше топқа бөлініп, талқылайды және 
тұжырым жасайды. Өз жауаптарын ұсынады.
Балалар мынадай тұжырым жасайды: Торсық 
сынып қалмас үшін мұқият өңделген мықты теріден 
жасалады.
 
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ, Ө) Проблемалық жағдай.
 Мүсінші Ермек балаларға шеберлердің рөліне еніп, 
балшықтан (ермексаздан, тұзды қамырдан) қымыз 
құятын ыдыс, яғни торсық жасауды ұсынады.
 (Ұ) Талқылау. 
Педагог: Торсық – қымыз құятын ыдыс. Қымызды 
көптеген халықтар ежелден емдік сусын ретінде 
пайдаланған. Ерте замандарда торсықты теріден, 
кейде ағаштан ойып жасаған. Сыйлы қонақтарға асыл 
тастармен безендірілген торсық сыйлаған.
Бүгінде торсықты қыштан жасайды. 
(Ұ, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс. Әліппе-альбомдағы 
үлгімен танысу. 
Торсық жасау үшін мүсіндеудің қандай тәсілі 
қолданылған? (Пластикалық тәсіл)
(Ұ, Т, Ө) Қолөнер шеберлерінің сазбалшықтан жасап, 
түрлі ою-өрнектермен әшекейлеген бұйымдарымен 
танысу. 
Олардың қандай материалдан жасалатынын естеріңе 
түсіріңдер.
Иллюстрация.
 «Торсық».
Әліппе-альбом.


67
Қазақтың ою-өрнектерін мұқият қарап шығыңдар.
Олар неге ұқсайды?
(Ұ) Ойын: «Болады-болмайды». 
Балалар ермексазбен жұмыс істеу ережелерін естеріне 
түсіріп, талқылайды.
 (Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін талқылаймыз».
1. Тұтас ермексаздан конус жасаймыз.
2. Төменгі оң және сол жақ шеттерін созып, жоғары 
қарай ақырын иеміз.
(Т, Ө) Ой қорыту.
 Торсықтың барлық бөліктері бір-біріне сәйкес әрі тегіс 
болуы шарт. Тұтас ермексаздан, пластикалық тәсілмен 
жасаймыз.
 (Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу: «Бізде осындай 
ойыншықтар бар».
(Ө) Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас».  
Ермексазды жұмыс істеуге дайындау.
 (Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жеке көмек көрсету.
Ермек балаларға жұмыс істегенде мұқият, зейінді болу 
қажеттігін және жұмыс орнын таза ұстау керектігін 
ескертеді.
(Т, Ө)  «Шығармашылық минуты».
Торсықты қазақтың қарапайым ою-өрнектерімен 
безендір.
 «Өрнектің атын тап» ойынын ұйымдастыру.
Беті бұдыр 
тақтайша, балшық, 
шүберектер мен 
су құятын ыдыс, 
кескіш.
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі.
«Шебер қолдар» көрмесі ұйымдастырылады.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылап, бұйымдарға 
баға беруге шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ өзі жасаған жұмысқа баға беруді 
ұсынады: 
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен 
бояйды.
 2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.  
Балалардың 
жұмыстарына 
арналған көрме.
Әліппе-альбом, 
қарындаштар. 
 
№22 ҰОҚ. Домбыраның күмбірі
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
 Мектепалды даярлық сыныбы / топ: Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар 
саны:


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау