Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/33
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12826
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33


Н.В. Тарасова, Н.Г. Заметайло, А.Е. Григорова
МҮСІНДЕУ
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша 
мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының  
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2017


© Тарасова Н.В., Заметайло Н.Г., Григорова А.Е., мәтіні, 2017
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017
Тарасова Н.В., және т.б.
 Мүсіндеу.  Әдістемелік  нұсқау.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу 
бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған. 
/ Тарасова Н.В., Заметайло Н.Г., Григорова А.Е. – Алматы: Алматыкiтап баспасы, 2017. 
– 104 б.
ISBN 978-601-01-3082-1
ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102
Т 21
Т 21
ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102
ISBN 978-601-01-3082-1


3
АЛҒЫ СӨЗ
«Мүсіндеу»  оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған.
1.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты 
(Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2016  ж.  15  мамырдағы  №  292  қаулысымен  бекітілген). 
Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім 
берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;
2.  1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік 
оқу  бағдарламасы  (Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2016  ж.               
22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген);
3.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасы  (Қазақстан 
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен 
бекітілген).  Жаңартылған  бағдарлама  мектепке  дейінгі  білім  берудің  контекстегі  5  білім  беру 
саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр. 
ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды 
даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы  оқытудың бірізділігін сақтау. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы«Шығармашылық» білім 
беру саласы бойынша дайындалған.
Бағдарламада оқыту мен тәрбиелеудің мынадай мақсаттары мен міндеттері белгіленген:
Мақсаты:  мүсіндеудің  көмегімен  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  шығармашылық 
қабілетін дамыту, кеңістікті түйсіну қабілетін, ой-қиялын, сенсорлық және эстетикалық қабылдау 
қабілетін, саусақ қимылдарын дамыту.
Міндеттері: 
-
балалардың бойында мүсіндеуге арналған түрлі материалдармен жұмыс істеу дағдыларын 
қалыптастыру;
-
мүсіндеуге қызығушылығын арттырып, шығармашылық ой-қиялын дамыту, есте сақтау 
қабілетін, байқампаздық қасиетін жетілдіру;
-
кеңістікті түйсіну қабілетін қалыптастыру;
-
заттарды шынайы затқа қарап, көзге елестете отырып және ойдан құрастырып мүсіндеу 
қабілетін дамыту;
-
заттардың, мүсінделетін бұйымдардың пішіні мен өлшемі туралы кеңістіктік түсініктерін 
қалыптастыру;
-
заттарды  шынайы  бейнесіне  қарап  елестететін,  ойдан  шығарып  мүсіндеу  дағдыларын 
дамыту;
-
мүсіндеу барысында түрлі бейнелерді, олардың сипатының, пішінінің, про порцияларының, 
фактураларының, зат қозғалыстарының ерекшеліктерін өздігінен бере білу дағдыларын 
дамыту;
-
көркем-эстетикалық талғамды қалыптастыру және бейнеленген образдарға жанашырлық 
сезімдерін тәрбиелеу;
-
қарапайым еңбек дағдыларына, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
-
мүсіндеудің  түрлі  техникасын  (конструктивтік,  мүсіндік,  аралас),  сондай-ақ  мүсіндеуге 
арналған материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру;
-
мүсіндеу барысында әртүрлі образдарды, әсіресе оның мінез ерекшеліктерін, заттардың 
пішінін, пропорциясын, фактурасын, қозғалысын өз бетінше бере білу қабілетін дамыту;
-
заттардың  пішініне,  олардың  кеңістіктегі  орнына  қарапайым  талдау  жасау  қабілетін 
дамыту;
-
эстетикалық талғамын дамыту және өзі бейнелейтін образдарды жан-тәнімен түйсінуге 
баулу;
-
бала саусақтарының ұсақ қол моторикасын және сенсорлық қабылдау қабілетін дамыту;
-
мүсіндеу барысында қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің желісін 
пайдалана отырып отансүйгіштікке баулу. 
«Мүсіндеу»  ҰОҚ  мазмұны  оқу  бөлімдері  бойынша  ұйымдастырылған.  Оқу  бөлімдері 
әрі  қарай  жинақталған  білім,  түсінік  және  дағдыларды  қалыптастыру  мақсаттарын  көздейтін 
бөлімшелерден  тұрады.  Әрбір  бөлімше  ішінде  реттілікпен  құрылған  оқу  мақсаттары  педагогке 
жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері 


4
туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Бөлім
Бөлімше
1
Мүсіндеу бағыты
1.1. Заттық мүсіндеу.
1.2. Сюжеттік мүсіндеу.
1.3. Сәндік мүсіндеу.
2
Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс 
кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау. 
2.1. Мүсіндеуге арналған материалдармен
құралдармен жұмыс.
Аталған бөлімдердің мазмұны мынадай сегіз тақырып арқылы ашылады:
• «Мен кіммін және қандаймын?»
• «Мектепке не үшін барамыз?»
• «Менің айналамда кімдер бар?»
• «Менің айналамды не қоршап тұр?»
• «Жолдар бізді қайда бастайды?»
• «Салт-дәстүрді білу не үшін керек?»
• «Мен үшін не дәмді және пайдалы?»
• «Денсаулықты қалай күту керек?»
Әдістемелік  нұсқауға  ұзақмерзімді  (күнтізбелік-тақырыптық  жоспар)  және  қысқамерзімді 
жоспарлау  енгізілген.  Қысқамерзімді  жоспарлауда  ресурстар,  тілдік  мақсаттар,  ҰОҚ-нің 
мақсаттары жазылған. 
Әр  ҰОҚ-де  балаларға  композицияларды  таңдауға,  түстерді  немесе  мүсіндеу  тәсілдерін  
іріктеуге  еркіндік  беріледі.  Бұл  балаларды  дербестікке,  бастама  көтере  білуге  тәрбиелеп, 
шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға  ықпал  етеді.  Жұмыс  кезінде  балалардың  эстетикалық 
талғамы  ғана  емес,  ойлау  қабілеті  де  дамиды.  Өйткені  берілген  тапсырмаларды  орындау 
барысында  олар  талдау  және  жинақтау,  салыстыру  тәрізді  ақыл-ой  операцияларына  жүгінеді. 
Кейбір  тапсырмалардың  соңында  орындалған  жұмысты  пысықтау  тәсілі  қолданылады.  Олар 
«Шығармашылық минуты», «Жас мультипликаторлар студиясы» және т.б. деген атаумен берілген. 
ҰОҚ балаларды өз жұмысы туралы достарына әңгімелеп беруге, өзінің жасаған таңдауын негіз-
деуге қызықтыратындай етіп құрастырылған («Досыңа айтып бер...»).
Әр ҰОҚ-де қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде лексикалық түсініктер берілген.
Авторлар  балалардың  ҰОҚ-не  деген  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  Ермек  атты 
мүсінші  кейіпкерді  алған.  Балалар  Ермектің  көмегімен  өнер  әлемімен:  халық  шеберлерінің 
құпиясымен танысады. Мүсіндеудің: шиыршықтау, ию, қысу, қажетсізін алып тастау және созу 
сынды тәсілдерін меңгереді, оның пішінін, кейпін жасап, пропорциясын, мінез-құлық ерекшеліктері 
мен қимыл-қозғалысын беруді, заттарды ортақ сюжет арқылы біріктіріп, халықтық ойыншықтар 
жасауды үйренеді.
Өзі атқарған жұмысқа ойын түрінде, өз бетінше баға беру арқылы балалар өзіне жүктелген 
міндетті қалай атқарғанын түйсінуге үйренеді.
ҰОҚ  құрастыру  барысында  авторлар  бүлдіршіндердің  шығармашылығын  дамытуға,  ой-
қиялын жетілдіруге, байқампаздық белсенділігін, берілген тапсырмаға мұқият зер салу қабілетін, 
қолының  икемін,  пішінді  түйсіну,  көзбен  өлшеу  және  түсті  ажырату,  сөздік  қорын  байытатын, 
балалардың бойында ерік-жігер қалыптастыратын түрлі ойын тәсілдерін пайдалануға ден қойды. 
«Мүсіндеу» ОӘК-і әдістемелік нұсқау мен әліппе-альбомнан тұрады.
Ұсынылып отырған материал арқылы педагогтер балалардың бойында жағымды эмоциялар 
қалыптастырып  қана  қоймай,  тәрбие  берудегі  маңызды  мәселелерді  шешуге,  әр  баланың  жан-
жақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік алады.
Аталған  оқу-әдістемелік  кешен  балалармен  «Мүсіндеу»  циклі  бойынша  жұмыс  істеуді 
ұйымдастыруға көмектеседі деп үміттенеміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын!
   Құрметпен авторлар


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау