95
Шегіртке
Мүсінді жасау үшін, негізінен, жасыл түсті
ермексазды пайдаланамыз. Қара мен ақ түс –
қосымша түс қызметін атқарады. Ермексазды
екіге бөліп, біреуінен цилиндр жасап, бір шетін
ақырын иеміз. Бұл – мойны. Басын сопақша түрінде
жасаймыз. Бетіне үлкен етіп көздерін саламыз.
Басы мен денесін мықтап бекіту үшін сіріңке
енгіземіз. Жасыл түсті ермексаздан қос қанаты мен
артқы аяқтарын жасаймыз. Қанаттарын арқасына,
ал аяқтарын құйрығына жапсырамыз. Сіріңке
шырпыларын бірнеше бөлікке бөліп, оған жасыл
түсті ермексаз, ал төменгі жағына жаймарланған
ермексаз жапсырамыз. Осындай алты бөлшек істеп
аламыз. Төртеуін денесіне, қалған екеуін артқы
аяқтарына жапсырып, сыртқа қарай қайырып
қоямыз. Қара түсті ермексаздан мұрт жасап,
маңдайына жапсырамыз.
(Т, Ө) Ой қорыту.
– Мүсіндеудің қандай тәсілдерін пайдаланамыз?
(Шиыру, жаю, жалпайту).
(Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу: «Жәндіктер»
(Ө) Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас».
Ермексазды бұйым жасауға дайындау.
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жеке көмек көрсетіп отыру.
Ермек балаларға әрбір шағын топ өз жәндігін жасап
көрсетуі керектігін ескертеді.
Шығармашылық минуты
Өзің мүсіндеген жәндіктің тіршілік етуіне қолайлы
жағдай тудырып, «гүлдеп тұрған көгал» жаса
(сюжетті толықтырып, ойнап көрсетіңдер).
Әліппе-альбом.
Түрлі-түсті ермексаз,
пышақ, тақтайша, қағаз
майлық.
Шөптер, гүлдер,
ағаштар.
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылауға
шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ өзі жасаған жұмысқа баға
беруді ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл
түспен бояйды.
2. Қиналғандар – қызыл түспен бояйды.
Балалардың
жұмыстарына арналған
көрме.
Әліппе-альбом,
қарындаштар.
№32 ҰОҚ. Ермексаз алқабына саяхат
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
96
ҰОҚ-нің оқыту
мақсаттары
0.1.2.1. Басқа балалармен топтасып немесе жекелей біртекті заттардан
образдар мен сюжеттік композициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме,
балаларға арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар, аңыздар
желісімен).
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс барысында қауіпсіздік
техникасын және еңбек гигиенасын сақтау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• қарапайым көркем бейнелерді жасайды;
• мүсіндеудің негізгі тәсілдері мен технологияларын орындай алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• мүсіндеудің түрлі тәсілдерін;
• бейнелі сәндік элементтермен толықтыра алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• бейнені сомдау барысында ой-қиялын мейлінше пайдалана алады;
• өзінің және достарының жұмыстарын талдай алады.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
• сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалай білу, қорытынды жа-
сау, ой қорыту қабілеттерін дамыту.
Көптілділік: ермексаз – пластилин – plasticine.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• сазбалшық, саяхат, мәре, сөре.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Мүсіндеу сабағында сендерді не қызықтырды?
– Мүсіндеудің қандай түрлерін үйрендіңдер?
– Қандай тәсілдерді пайдаландыңдар?
– Жұмыс барысында қандай құралдарды пайдаландыңдар?
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білім
Қарапайым көркем образдар жасау.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
I. Жұмыс істеуге
жағымды көңіл
күй қалыптастыру
0 – 1минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай
жасайды.
Сынып ермексаздан жасалған фотосуреттермен және
бұйымдармен безендірілген. Шарлар ілінген. Музыка
ойнап тұр.
Ермек шебердің киімін киіп, өлеңмен қарсы алады.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Ермексаздан
жасалған бұйымдар
қойылған
фотокөрме.
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ө, Ұ) Ермек ұсынған «Еске түсіру минуты»:
– Мүсіндеу сендерге ұнай ма?
– Бәрінен сендерге нені мүсіндеген ұнады?
– Басқалардан жасаған жұмыстарыңның қайсысы
қызықты болды? Фотокөрмені қарап шығып, мүсіндерді
талқылайды, өткен сабақтарды еске түсіреді, алған
әсерлерімен бөліседі.
97
(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ не жайлы әңгіме болатынын
болжап, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын
айқындайды.
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Ермек балаларды «Сазбалшық кесегі» ертегісімен
таныстырады.
Тәрбиеленушілер ертегіні мұқият тыңдап, алған
әсерлерін ортаға салады. Балалар кішкентай
сазбалшықтың өзі тамаша дүниеге айналып, бір кәдеге
жарауды армандайды екен деген тұжырым жасайды.
(Ұ) Ойын: «Сазбалшық (ермексаз)»:
Балалар қолдарына сазбалшықты (ермексазды) ұстап
тұрып, оның барлық сабақтарда өздерімен бірге бір
бейнеден бір бейнеге ауысып, ермексаз алқабына саяхат
жасағанын айтады. Енді соңғы ҰОҚ өздері жүріп өткен
саяхаттың барлық кезеңдерінен тағы бір жүріп өтіп,
өздері жасаған бейнелерді естеріне түсіреді.
Ертегі.
Кішкене
сазбалшық.
Сазбалшық.
Әліппе-альбом.
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Ойын ережесімен таныстыру: балалар екі командаға
бөлінеді. Алдарынан «Ермексаз елі» деп аталатын ойын
алаңы ашылады. Жол бастаушы ойын алаңын аралап
шығуға шақырады. Ойын ережесі бойынша әр бала
балшықтан жасалған түйіршік-текшені лақтырады.
Алаңның белгілі бір секторына тоқтаған түйіршік
балаларға ненің мүсінін жасау қажеттігін айтып береді.
(Т) Балалардың өз таңдауына берілетін тапсырма.
Жұмысты сазбалшықтың немесе ермексаздың
көмегімен орындауға болады.
Саусақтарға арналған жаттығу: «Кішкентай
түйіршік»
(Ұ, Т) Қорытынды.
Саусақтарымызды уқалау арқылы біз мидың
жұмысын жақсартамыз. Сол арқылы шығармашылық
қабілетімізді, тіліміз бен қиялымызды дамытып,
денсаулығымызды нығайтамыз.
(Ө, Т) «Еске салу минуты».
Балалар ермексазбен, кескішпен жұмыс істеу ережесін,
жеке тазалық ережелерін қайталайды.
(Ө) Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас».
Ермексазды жұмысқа дайындау.
(Ө) Балалардың өзіндік жұмысы, жеке көмек көрсету.
(Ө) Шығармашылық қызмет.
Түрлі материалдарды пайдалана отырып, өзің жасаған
бұйымды безендір.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Ермексаз,
сазбалшық, кескіш,
тақтайша, қағаз
майлық.
98
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
Балалар жұмыстарының көрмесі. «Шебер қолдар»
көрмесін ұйымдастыру.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылауға шақырады.
Балалар өз жұмыстарына баға береді, ойындарды
қорытады, жол бастаушыға қызықты саяхат үшін алғыс
білдіреді.
Ермек балаларға ҰОҚ өзі жасаған жұмысқа баға
берулерін ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен
бояйды.
2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.
Балалар
шығармашылығына
арналған көрме.
Әліппе-альбом,
қарындаштар.
99
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Астана, 2016 жыл.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
Астана, 2016.
3. Лепка в детском саду. Конспекты занятий для детей 2–7 лет. – М.: Сфера СО, 2013 жыл
– 80 б.
4. Рощупкина С.Ю. Лепка из пластилина. ISBN:978-5-386-02437-6, 2010 жыл
5. Лыкова И.А. Программа художественного воспитания и развития дошкольников
«Цветные ладошки» сюжетная лепка. ИД «КАРАПУЗ».
6. Лыкова И.А. Наглядно-методическое пособие к Программе «Цветные ладошки».
http://baby-scool.narod.ru/media/book/metod/likova.html. «Карапуз-Дидактика» ЖШҚ,
2007 жыл
7. Иванова Т. Е. Занятия по лепке в детском саду. Методическое пособие.
ISBN: 978-5-9949-0327-8. 2010.
8. Давыдова Г.Н. Пластилинография для малышей. М.: «Скрипторий 2003», 2008 жыл.
9. Лыкова И.А. Изобразительная деятельность в детском саду. М.: «Карапуз -дидактика»
ЖШҚ, 2007 жыл.
10.
Халезова-Зацепина Грибовская: Лепка в детском саду. Альбом для детского
художественного творчества для детей 5-7 лет. Нақтырақ білу үшін: http://www.labirint.
ru/books/209086/
11. Лепим из пластилина.http://allforchildren.ru/article/index_plastilin.php
Каракули. http://www.karakyli.ru/category/masterilki/lepka-iz-plastilina/
100
Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері!
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізгі
міндеттерінің бірі – мектепалды даярлық пен бастауыш мектептерде білім
беру сабақтастығын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен
бастауыш сыныптардағы оқыту және тәрбиелеу жұмысы біртұтас даму үрдісін
құраған жағдайда осы міндеттерді орындау мүмкін болмақ. Сонымен қатар
мектепке дейінгі даярлық пен бастауыш мектептің үздіксіз сабақтастығының
міндетті шарттарының бірі бағдарламалар және оқу-әдістемелік кешендерді
құру қағидаларының біртұтастығы болып табылады. Салыстырмалы талдау
көрсеткендей, бұл бағдарламалардың құрылымы біртұтас тәсілдерді қамтиды:
– педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін
бағалауға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары жүйесінің болуы;
– оқу үрдісін күнделікті өмірге және қарым-қатынас жасауға қажетті қабілеттер
мен практикалық дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау;
– балалардың әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды терең шолуына бағытталған
тақырыптық оқу мазмұнының болуы;
– пәнішілік және пәнаралық мазмұнының кіріктірілуі;
– мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің ортақ
үлгісін қамтитын әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.
Осы қағидалардың барлығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымында және жаңа оқу-әдістемелік
кешендерінде қамтылған.
Бұл бағдарламаның жетекші идеясы ортақ 8 тақырып: «Өзім туралы»; «Менің
мектебім»; «Менің отбасым және достарым»; «Қоршаған орта»; «Саяхат»;
«Салт-дәстүр және фольклор»; «Тағам және сусын»; «Дені саудың – жаны сау»
атты бөлімдер негізінде пәндік мазмұнды кешенді жоспарлау болды.
Осыған байланысты «Алматыкітап баспасының» мектепалды даярлық бойынша
ОӘК авторлары да 8 өзекті ортақ тарауды ұсынады. Олар мазмұны жағынан бастауыш
мектептегі 8 ортақ тараумен ұқсас. Дегенмен өз ерекшеліктері де бар:
Мектепалды даярлық
Бастауыш мектеп
Мен кіммін және қандаймын?
Өзім туралы
Мектепке не үшін барамыз?
Менің мектебім
Менің айналамда кімдер бар?
Менің отбасым және достарым
Менің айналамды не қоршап тұр?
Қоршаған орта
Жолдар бізді қайда бастайды?
Саяхат
Салт-дәстүрді білу не үшін керек?
Салт-дәстүр және фольклор
Мен үшін не дәмді және пайдалы?
Тағам және сусын
Денсаулықты қалай күту керек?
Дені саудың – жаны сау
Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауын
көрсететін нақты үлгі ретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай?
101
Неге?» т.с.с. сауалдар төңірегінде берілген. Балалар өздері куә болған адамдар
әрекетінің, табиғи құбылыстардың, оқиғалардың себептерін үнемі білгісі келеді. Бұл
сұрақтар баланың миын белсенді жұмыс істете отырып, ойлау қабілетін дамытады.
«Алматыкітап баспасы» мектепалды даярлық және бастауыш мектеп оқу-
әдістемелік кешенінің ерекшелігі, оқулықтар мен әдістемелік оқу құралдарының
мазмұнында бірдей ортақ тақырыптың қамтылуында болып отыр. Бұл мектепалды
даярлық және мектепте білім беру мазмұнын сапалы кіріктіруді толық қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
Бұл әдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған ҰОҚ
мазмұнынан тұрады. Жоспар лаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу
құралдарында да бар, сондықтан ол мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп
ОӘК-ін әдістемелік қолдаудың бірізділігін тағы да бір рет дәлелдейді.
Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі бар:
1. Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімшелер
ретінде берілген, сондықтан педагогтер оны өзгертпегені жөн).
2. Жоспарда ҰОҚ-нің сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар,
балалардың көпшілігі және кейбіреулері үшін). Бұл оқу үрдісін ұтымды саралай
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық
жағынан пайдалану үшін айтарлықтай қарапайым және оқу барысы үшін тиімді.
Жоспар 3 бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде баланың эмоционалдық көңіл күйін қамтамасыз ететін әдіс-
тәсілдер қаралған.
Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған
әдістер, тәсілдер мен құралдар буынын қамтиды.
Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған.
Жоспардың «Ресурстар» атты айрықша тармағында дидактикалық, әдістемелік,
электрондық сипаттағы әртүрлі ақпарат көздері берілген (кейбірінің электрондық
мекенжайы бар). Қысқамерзімді жоспарда әліппе-дәптердің, оның ішінде жұмыс
дәптердің барлық тапсырмалары ескерілген.
Егер әліппе-альбомда бір ҰОҚ-де 4–6 тапсырма орындау ұсынылса,
әдісте мелік нұсқауда әдістемелік тапсырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді.
Әдістемелік нұсқаудағы тапсырмалар осы әдіс-тәсілдер есебінен барынша
қызықты, мазмұнды, ойын түрінде тартымды болады. Онда әдеби сөз де, сурет
салу да, сахналық рөл сомдау, ойын, драмалау, ойнау, фольклор, сергіту сәті,
практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер және т.б. бар.
Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай
да бір тиімді шығармашылық әдістер енгізуге немесе өздігінен өзгертуге құқығы
жоқ дегенді білдірмейді. Басты шарты: жоспарда қаралған оқу мақсаттарын,
тақырыпты, оның жүйелілігін, сондай-ақ, әліппе-альбомда белгіленген тапсыр-
малар сипатын өзгертпеу.
Қысқамерзімді жоспардың осы үлгісін пайдалану кезінде мектепалды даярлық
сыныбының педагогтерінде сұрақтар туындауы мүмкін:
1. Мектепалды даярлық педагогтерінің көпшілігі пайдаланған тех нологиялық
102
картаның қысқамерзімді жоспардан қандай айырмашылы ғы бар?
2. Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға бола
ма?
Педагог қысқамерзімді жоспарды пайдалана ма, әлде технологиялық картаны
пайдалана ма өзі шешеді.
Бірақ қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық картаға өзгертпеген жөн,
өйткені мектепалды даярлық және бастауыш мектеп жоспарларының бірізділігі
мен тұтастығы бұзылады.
Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырма шылығы
бар:
Технологиялық карта
Қысқамерзімді жоспар
1 Оқу мақсатын педагог таңдайды.
Оқыту және тәрбиелеу мақсаты оқу
бағдарламасында айқындалған.
2
3 кезеңнен тұрады:
– мотивациялық-қозғаушылық;
– ұйымдастырушылық-ізденушілік;
– рефлексивтік-түзетушілік.
3 кезеңнен тұрады:
– ҰОҚ-нің басталуы (ҰОҚ-не ден қоюды
қамтамасыз ету);
– өмірлік тәжірибені өзектендіру;
– ҰОҚ-нің соңы (қорытынды, рефлексия).
3
ҰОҚ-нің негізгі бөлімі:
– ұйымдастырушылық-ізденушілік.
ҰОҚ-нің негізгі бөлімі:
– өмірлік тәжірибені өзектендіру.
4 ҰОҚ-нің әдістемесі педагогтің
басқарушылық іс-әрекетін және
балалардың іс-әрекетін қарастырады.
ҰОҚ-нің әдістемесі әдістемелік тәсілдер,
құралдар, ресурстарды пайдалану мен
технология элементтерін қарастырады.
5 ҰОҚ-нің қорытындысы: рефлексия.
ҰОҚ-нің қорытындысы: рефлексия.
Кейбір айырмашылықтарға қарамастан, екі жоспар (қысқамерзімді де,
технологиялық карта да) ҰОҚ-нің үш негізгі кезеңін қамтиды, оның барысында
белгіленген оқу мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Кезінде
технологиялық картаны меңгерген мектепалды даярлық сыныбының педагогтеріне
қысқамерзімді жоспар үлгілерімен жұмыс істеу қиындық туғызбайды, өйткені екі
үлгінің құрастыру тәсілдері айтарлықтай ұқсас.
Осылайша, мектепке дейінгі даярлық ОӘК-нің жаңа үлгісіне тиімді өту
мектепалды даярлық пен бастауыш мектепте оқыту мазмұнының сапалы
сабақтастық байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мазмұны
Алғы сөз ................................................................................................................ 3
Ұзақмерзімді күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау (32 сағат) ......................... 5
Қысқамерзімді жоспарлау (32 сағат) .................................................................. 12
Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................................. 99
Қосымша .............................................................................................................. 100
Оқулық басылым
МҮСІНДЕУ
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
мектепалды дайындық тобы мен сыныбы
педагогтеріне арналған
Әдіскер Б.С. Тажинова
Редакторы Л.С. Ахметова
Компьютерде беттеген А.Қ. Әбдіқайымова
Басуға 17.07.2017 ж. қол қойылды.
Пiшiмi 60х84
1
/
8
.
Әрiп түрi «Times New Roman».
Таралымы 1000 дана. Тапсырыс № 1392.
Қазақстан Республикасы,
«Алматыкiтап баспасы» ЖШС,
050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111-үй,
тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10.
e-mail: alkitap@intelsoft.kz
www.almatykitap.kz
.
Учебное издание
ЛЕПКА
Методическое руководство
для педагогов предшкольных
групп и классов
по Типовой учебной программе
дошкольного воспитания и обучения
Методист Б.С. Тажинова
Редактор Л.С. Ахметова
Компьютерная верстка А.К. Абдикайымовой
Подписано в печать 17.07.2017 г.
Формат 60х84
1
/
8
.
Гарнитура «Times New Roman».
Тираж 1000 экз. Заказ № 1392
Республика Казахстан,
ТОО «Алматыкiтап баспасы»
050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111,
тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10.
е-mail: alkitap@intelsoft.kz
www.almatykitap.kz
Тарасова Наталья Владимировна
Заметайло Наталья Генадьевна
Григорова Алёна Евгеньевна
Кітаптарды «Алматыкітап баспасы» ЖШС-ның кітап дүкендерінен сатып алуға болады.
Астана қаласы: Иманов көшесі, 10, тел.: (7172) 53 70 84, 27 29 54;
Б. Момышұлы даңғылы, 14, тел.: (7172) 42 42 32, 57 63 92; Победа даңғылы, 67, тел. (7172) 51 84 12.
Алматы қаласы: Абай даңғылы, 35/37, тел.: (727) 267 13 95, 267 14 86;
Гоголь көшесі, 108, тел.: (727) 279 29 13, 279 27 86; Қабанбай батыр көшесі, 109, тел.: (727) 267 54 64, 272 05 66;
Жандосов көшесі, 57, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59; Бруно көшесі, 95, тел. (727) 374 34 42;
Әл-Фараби даңғылы, 63/17, тел. (727) 387 17 24; Майлин көшесі, 224 «А», тел.: (727) 222 29 43, 386 15 19;
Фурманов көшесі, 51, тел. (727) 273 51 38.
Қойма есептеу басқармасы: Алматы қ., Ангарская көшесі, 95 А, тел.: (727) 290 49 67, 290 49 66.
Кітаптарды «Кітап-пошта» бөлімдері арқылы алуға да болады:
010000, Астана қаласы, тел. (7172) 53 70 84, е-mail: Nasihat@almatуkitap.kz
050035, Алматы қаласы, тел.: (727) 303 72 33, 374 98 59, e-mail: Jalyn@almatуkitap.kz
050009, Алматы қаласы, тел. (727) 374 34 42, е-mail: Arman@almatуkitap.kz
Интернет-дүкен: www.almatуkitap.kz
Маркетинг бөлімі, тел.: (727) 292 92 23, 292 57 20. e-mail: sale1@almatykitap.kz
Кітаптар мен басылымдар туралы мағлұматтарды
www.almatykitap.kz сайты арқылы білуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |