10
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ
НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
•
Көпжақты және аймақтық ынтымақтастықты,
әсіресе, гуманитарлық көмек пен даму мақсатта-
рындағы көмек салаларында ілгерілетуге ұмты-
лады.
Одан бөлек, БҰҰ жергілікті деңгейде жұмыс істейтін
мемлекеттік қызметкерлердің тиімділі мен есеп бе-
руіне негізделген орталықсыздандыру және саяси
ырықтандыру көрінісін жүзеге асыру арқылы Қа-
зақстанның дамуына қосымша импульсты қамта-
масыз етуді өзіне мақсат етіп қояды. Тұтас алғанда,
басты назар Қазақстандағы оң өзгерістерге ауда-
рылып, тұрақты дамуға жету жолындағы күрделі
міндеттерді шешу мүмкіндіктерін ұсыну арқылы осы
елдің табыс деңгейі орташа елдердегі БҰҰ жұмысы-
ның моделіне айналуына жәрдем көрсетіледі.
Жоғарыдағылардың барлығына сәйкес, Қазақстан-
дағы БҰҰ ЕК-тің ДӘНБ шектеріндегі жалпы көзқара-
сы келесідей тұжырымдала алады:
Гүлденген, әділетті әрі инклюзивті қоғам-
ды құру, есеп беретін әрі тиімді жұмыс
істейтін мемлекеттік институттарды
нығайту және елдің аймақтық және ха-
лықаралық ынтымақтастық саласындағы
күш-жігерлеріне жәрдемдесу жолымен
«Қазақстан 2050» стратегиясының мақ-
саттарын жүзеге асыру үшін Қазақстан-
мен стратегиялық әріптестікке арналған
жаңа жолды дамыту
ДӘНБ көруі 1.3-Тарауда және құжаттың өн бойында
тереңірек қарастырылады. Осы көзқарасқа сәйкес
Қазақстанға адамның, әсіресе, халықтың осал топ-
тары арасындағы
3
әділетті дамуы мақсаттарында
негізгі теңсіздіктерді
қысқартуға жәрдем көрсету ба-
сты бағыттардың бірі болып табылады және, өзге-
лердің арасында, қазіргі Қазақстандағы және оған
ұқсас елдердегі даму саласындағы күрделі міндет-
терді көрсетеді.
БҰҰ өткізіп отырған елдегі жағдай талдауының
шектерінде қазіргі кездегі әрекеттегі 2010-2015
жылдарға арналған Даму мақсаттарындағы көмек
жөніндегі БҰҰ негіздемелік бағдарламасының
(ЮНДАФ) шолуы (1.3-Тармақты да қараңыз) бұл
үдерістің түрлі мықты жақтарын, сондай-ақ, даму
мақсаттарындағы ынтымақтастықты жақсарту жо-
лындағы әлі шешілмеген мәселелерді айқындауға
мүмкіндік берді. Әрекеттегі ЮНДАФ әріптестіктің
жоғары деңгейі мен Қазақстанға оның дамуына
жәрдем көрсету жолындағы түрлі
бастамаларды
жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетті. Елеулі жетістік-
тер басым бағыттардың үшеуінде де (экономика-
лық және әлеуметтік амандық, қоршаған ортаның
тұрақтылығы және тиімді мемлекеттік басқару) бай-
қалды, соның ішінде:
•
Семейдегі бұрынғы ядролық полигонның ау-
мағында адамның қауіпсіздігін арттыру мақсат-
тарындағы БҰҰ-ның төрт агенттікпен
4
бірле-
скен бағдарламасы. Бағдарлама Қызылордада,
өзгелердің арасында, халықтың неғұрлым осал
топтарына қызмет көрсетуде инновациялық
тәсілдемелерді ендіру жолымен өмір сапасын
жақсарту бойынша (алты агенттік
5
) және Маңғы-
стауда тұрақты даму мен әлеуметтік-экономика-
лық жаңғырту мүмкіндіктерін
кеңейту бойынша
(жеті агенттік
6
) жаңа бірлескен бағдарламалар-
дың басталуына түрткі болды.
•
29 елдің қатысуымен Қазақстанда орналасқан
мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб-
ты құру.
•
Денсаулық сақтау жүйесін нығайту, бұл аналар
мен балалар өлім-жітімінің қысқаруына, тубер-
кулезбен сырқаттану деңгейінің төмендеуіне,
АИВ инфекциясы таралуының азаюына және
денсаулық сақтау саласындағы теңсіздік мәсе-
лелерінің шешілуіне алып келеді. Атап айтқанда,
АИВ инфекциясының анадан балаға берілу көр-
сеткішінің жылдық деңгейінің 2006 ж. 9,5%-тен
2013 ж. 2,1%-ке күрт қысқаруы байқалады.
•
Ұлттық гендерлік теңдік стратегиясының шең-
берінде әйелдердің құқықтарын қорғау және іл-
герілету мақсаттарында саясатты және бағдарла-
маларды нығайту.
•
Жасыл экономика
мен тұрақтылық жөніндегі
ұлттық бағдарламалардың шеңберінде сарап-
тамалық көмек көрсету. БҰҰ ЕК биоәртүрлілік-
ті сақтау, жерлердің азуымен күрес және ауыл
шаруашылығында климаттың өзгеруіне бейім-
делуді ендіру салаларында елдегі саясатты және
тәжірибені ілгерілетуде жәрдем көрсетті. Жаһан-
дық экологиялық қор (ЖЭҚ) жобаларының баға-
ларына сәйкес, ұлттық және жергілікті әріптестер
энергия тұрғысынан тиімді тұрғын үй, заманауи
жарықтандыру және «жасыл» көлік салаларын-
3 2015 жылдан кейінгі кезеңге арналған күн тәртібі бойынша
консультациялар шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар
ретінде анықталған; балалар мен жастар, оның ішінде, жетім-
дер
мен маргиналданған жастар; әйелдер; АИВ-пен өмір сүретін
адамдар; ішкі және сыртқы мигранттар.
4 БҰҰДБ, ЮНФПА, ЮНИСЕФ және БҰҰЕ
5 БҰҰДБ, ЮНФПА, ЮНИСЕФ, ДДҰ, ЮНЕСКО және БҰҰ Әйелдер
6 БҰҰДБ, ЮНФПА, ЮНИСЕФ, ДДҰ, ЮНЕСКО, БҰҰ Әйелдер және
БҰҰ БЖКБ
11
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
дағы демонстрациялық жобалардың арқасында
БҰҰ ЕК-тің энергия тұрғысынан тиімді технологи-
ялар мен тұрақты көлік саласындағы шешімдерді
ілгерілету ісінде алдыңғы шептерде тұрғандығын
мойындайды. Бұл салада шығарылған негізгі
қорытынды – ауқымды кеңейтіп, тұрақтылыққа
жету үшін білімдер мен әлеуетті мемлекеттік те,
жеке меншік те секторлардағы
ұлттық және жер-
гілікті әріптестерге беру қажет екен.
•
Әсіресе, осал топтар үшін сот әділдігін жүзеге
асырудың альтернативті жолдарын (мысалы, ме-
диация және құқықтық көмек арқылы) ілгеріле-
ту арқылы әділет жүйесі мен құқық жүйелерін
жаңғыртумен қатар, мемлекеттік басқаруды
бағалау жүйесін жасап шығаруда қолдау көрсе-
ту жолымен жаңғырту мен мемлекеттік қызмет-
тердің мақсаттарында сараптамалық көмек пен
жәрдем көрсету.
•
Мигранттардың, адам саудасы құрбандары мен
халықтың басқа осал топтарының, оның ішінде,
баспана іздеуші тұлғалардың, босқындардың
және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықта-
рымен байланысты мәселелерді шешуге бағыт-
талған саясатты және бағдарламаларды нығайту.
Сонымен бір уақытта ЮНДАФ-тың кейбір басты мін-
деттері осы ЮНДАФ-тың әрекеті аяқталғанша әлі
орындалмайды деп күтілуде, сондай-ақ, 124 көр-
сеткіштің 14-і қосымша назар аударуды талап етеді.
Оған қоса, 47 көрсеткіш
бойынша мәліметтердің,
яғни, барлық көрсеткіштердің 40%-іне жуығының
жеткіліксіз екендігі анықталды, бұл ақпаратты басқа-
руда қиындықтардың бар екендігін де, бағаланатын
көрсеткіштердің санын қысқарту қажеттілігінің өзек-
тілігін де көрсетеді.
Нәтижелер кестесі жоспарлау мен есеп беру үшін
қажетті болатын, алайда, бағдарламаны күнделікті
басқару үшін ондай маңызды болмайтын бір мәр-
телік өнім болып есептелгендіктен, 2010-2015 жж.
арналған ЮНДАФ-ты жүзеге асырудағы басты мәсе-
лелер негізінен мониторинг пен бағалауға байла-
нысты болды. Оған қоса, мониторинг жүргізу және
ЮНДАФ нәтижелері бойынша есеп берудегі рөлдер
мен міндеттер нақты анықталмаған еді, соған бай-
ланысты онша тиімді болмады.
ДӘНБ шеңберінде БҰҰ ЕК үйлестіру механизмдеріне
енгізілетін, соңғы жылдарда сынақтан өтіп қабыл-
данған,
атап айтқанда, бірлескен бағдарламалар-
ды жасауды, мониторингті, бағалауды және есеп
беруді жақсартуға байланысты болатын бірқатар
өзгерістерді ұсынады. Мысалы, ДӘНБ нәтижелері
мен ресурстарының кестесі БҰҰ агенттіктерінің
тиісті бағдарламаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ,