30
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ
НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
лердің белсенді қауымдастықтарына қол жеткізуді
қамтамасыз етсе, Денсаулық сақтау және әлеуметтік
қорғау министрлігі деректер мен ерекше қорғала-
тын табиғи аумақтарда және көршілес аудандар-
да тұратын осал қауымдастықтарға қол жеткізуде
жәрдем береді. Қоғамдық ұйымдар қалалық және
ауылдық жерлердегі неғұрлым белсенді топтарды
жұмылдыруға көмектессе, белсенді жеке компания-
лар тұрақтылықты жоғарылатудағы пилоттық жоба-
ларды жүзеге асыруға көмек береді. Тұтас алғанда,
ұлттық әріптестер апаттардың қауіптерін азайту мен
төтенше жағдайларға
дайындық бойынша ұлттық
және аймақтық жоспарларға жаңа тәсілдемелерді
ендіруде қолдау көрсетеді.
2.3. 2-БАҒЫТ: ТИІМДІ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТТАР
Түпкі нәтиже 2.1:
Құқық иелері респу-
бликалық және жергілікті деңгейлерде
шешімдерді қабылдау және орындау
үдерістеріне қатысып, нәтижесінде адам
құқықтарының жүзеге асырылуына жәр-
демдеседі.
Түпкі нәтиже 2.2:
Соттық және құқықтық
жүйелер мен мемлекеттік институттар
әділетті, жауапты, есеп беретін және бар-
лығы үшін қолжетімді болып табылады.
«ҚАЗАҚСТАН 2050» СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ
МАҚСАТТАРЫ:
•
Экономиканың тиімді басқарылуын және Қа-
зақстанның бүкіл халқының әл-ауқатын қолдай-
тын күшті, ашық
әрі инклюзивті экономикалық
және саяси институционалды әлеует
•
Кеңейтілген мүмкіндіктер мен есеп беру жағдай-
ларында Қазақстан халқының бірінші кезекті қа-
жеттіліктерін қамтамасыз ететін орталықсыздан-
дырылған мемлекеттік басқару құрылымы.
Түпкі нәтиже 2.1:
Құқық иелері респу-
бликалық және жергілікті деңгейлерде
шешімдерді қабылдау және орындау
үдерістеріне қатысып, нәтижесінде адам
құқықтарының жүзеге асырылуына жәр-
демдеседі.
Орталық және жергілікті деңгейде мемлекеттік қыз-
меттердің тиімді институционалды әлеуетін дамыту
Қазақстанның даму саласындағы жетістіктерін қол-
дау үшін өте маңызды болып табылады. Бұл әле-
уетті дамытудағы елеулі алға басуға қарамастан,
ашықтыққа,
есеп беруге, қатысу мен адам құқықта-
рына негізделген дамуға қатысты елеулі мәселелер
сақталып отыр. Сондықтан, келесі ТДМ-дарды жү-
зеге асыруға ерекше назар аударылмақ: 5-Мақсат
(Гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық әйел-
дер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін
кеңейту); 10-Мақсат (Елдердің ішіндегі және ара-
сындағы теңсіздіктерді қысқарту) және 16-Мақсат
31
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
(Тұрақты даму үшін бейбіт және инклюзивті қоғам
құруға жәрдемдесу, барлығы үшін әділ сотқа қол
жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде
тиімді, есеп беретін және инклюзивті институттарды
құру).
Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ жүйесі анағұрлым тиімді
және есеп беретін мемлекеттік басқару үшін және
адам құқықтары саласында алға басу үшін әлеуетті
жүйелік, институционалды
және жеке деңгейлерде
дамыту қажеттілігін мойындайды. Сол себепті БҰҰ
ЕК кешенді жалпыүкіметтік тәсілдемені ілгерілетіп,
заң билігі мен сот әділдігі саласында бірін-бірі то-
лықтыратын нәтижелерге жетуге ұмтылады. Ең ал-
дымен, БҰҰ жүйесі қызметінің барлық салаларын-
да «Үкімет халық үшін» тұжырымдамасына басым
орын беріледі.
Басымдық тек жеке дағдыларды дамытуға ғана
емес, мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен есеп
беруге жататынын көздейтін қағидаларға негіздел-
ген институционалды мәдениет пен тәжірибені ен-
діруге де беріледі. Ұлттық міндеттемелерді орын-
дауды бағалау көрсеткіштері мен критерийлерін,
сондай-ақ, оңтайлы, мықты, ашық әрі тұрақты нор-
мативтік-құқықтық ортаның жағдайларында техно-
логияларды берудің,
білімдермен алмасудың және
әлеуетті нығайтудың механизмдерін орнату қажет.
БҰҰ жүйесі бар құрылымдарда әріптестіктер құруға,
даму саласындағы саясаттың тиімдірек жұмыс істеуі
үшін өкілеттіктер мен міндеттердің бөліп шектелуіне,
шешімдердің қабылдануы мен қызметтердің көр-
сетілуіне жәрдемдесуге ұмтылады. Институционал-
ды әлеуетті нығайту арқылы БҰҰ жүйесі әлеуметтік
келісімге, мемлекеттік басқарудың инклюзивтілігін
арттыру үшін мемлекет пен халық арасындағы бай-
ланысты қолдап тұруға жәрдемдесуге ұмтылатын
болады. БҰҰ ЕК-тің дамуға қатысты адам құқықта-
рына негізделген тәсілдемесін пайдалана отырып,
жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру бойынша
және шешімдер қабылдау үдерісіне халықтың қа-
тысуын кеңейту бойынша күш-жігері тұрақтылықты
нығайтуға болысады.
Азаматтық қоғам даму саласындағы ұлттық мақ-
саттарға жетуде таптырмайтын
әріптес болып табы-
лады. Бүкіл елдің аумағында әрекет ететін үкіметтік
емес ұйымдар бейбіт қоғамдық диалог шеңберінде
халықтың түрлі жіктерінің пікірін білдіреді.
Азаматтық қоғам ұйымдарымен өзара ықпалдасу
олардың тәуелсіздігіне (Қазақстан Үкіметінен және
басқа елдердің үкіметтерінен), өз аудиториялары-
ның алдында есеп беруіне және кедей және басқа
осал топтардың тұрғысынан оң әлеуметтік өзгері-
стердің керуеншілері ретіндегі тиімділігіне негізде-
летін болады. Азаматтық қоғаммен жұмыс жеке бір
сала ретінде емес, адам дамуы үшін қажетті мемле-
кет пен қоғамның жақындасуын көздейтін кешенді
ортақ тәсілдеменің құрам бөлігі ретінде қарастыры-
лады.
Атап айтқанда, БҰҰ ЕК елдің жасыл экономикаға
көшуі кезеңінде саясатты тұжырымдаудың кешен-
ді үйлестірілген тәсілдемесін қолдау (сондай-ақ,
1-ші және 3-ші бағыттарды да қараңыз), Парла-
ментпен жұмысты жандандыру, Үкімет
жұмысының
тиімділігін бағалауға жәрдемдесу сияқты салаларда
әлеуетті дамытуда көмек ұсына алады. Орталықсы-
здандыруға қолдау көрсету әлеуетті нығайту және
мүмкіндіктерді кеңейту арқылы тиімді жергілікті
басқару жүйелерін құруда көмек көрсетуді қамти
алады.
Дамуға, әсіресе, әйелдердің, балалардың/
жастардың және осал топтардың – мүгедектігі бар
адамдардың, АИВ-пен өмір сүретін адамдардың,
ішкі және сыртқы еңбекші-мигранттардың, адам са-
удасы құрбандарының, босқындар мен азаматтығы
жоқ адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін
кеңейту тұрғысынан адам құқықтарына негізделген
тәсілдемені қолдану әлеуетін қалыптастыруда БҰҰ
ЕК-тің маңызды артықшылығы бар. Оған қоса, БҰҰ
ЕК халықаралық конвенциялар мен келісімдердің
шеңберіндегі Қазақстанның
міндеттемелерін орын-
дауда және олардың орындалуына мониторинг
жүргізуде, сондай-ақ, тиісті есептерді дайындауда
нақты қолдауды ұсына алады, бұл адам құқықтары
саласындағы стандарттарды және оларды қорғау
механизмдерін терең түсінуді қамтамасыз ету мақ-
сатында әлеуетті қалыптастыруға ерекше назар ау-
дара отырып, мемлекеттің адам құқықтарын сақтау,
қорғау және көтермелеу бойынша конституциялық
және халықаралық міндеттемелерін толықтырады.
Егжей-тегжейлі деректерді, әсіресе, әлеуметтік қыз-
меттер саласында жинау әлеуетін одан әрі дамытуға,
деректерді талдау үшін бірегей базаны пайдалануға,
сондай-ақ, елдің табыс
деңгейі орташа мәртебесі-
не қарамастан, елдегі теңсіздіктердің тұрғысынан
әсіресе маңызды болатын тиімді даму жоспарларын
жасауда эмпирикалық деректерді пайдалануға, мы-
салы, атап айтқанда, су ресурстары, энергия және
экожүйелер бойынша экологиялық-экономикалық
статистикалық деректерді жинау және таратуды
жетілдіру бойынша шараларға ерекше назар бөлі-
неді. Орман шаруашылығын тұрақты басқару бой-
ынша есеп беру жүйесі мен жауапкершілік жүйесін
жақсартуға да ерекше көңіл бөлінбек. Деректер-
дегі кемшіліктер мәселелерін анықтай және шеше
отырып, БҰҰ ЕК БҰҰ-ның негізгі бағдарламалық
қағидаларын: адам құқықтарына негізделген даму