8
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ
НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
Даму мақсаттарындағы әріптестіктің негіздемелік
бағдарламасы (ДӘНБ), Қазақстан, 2016-2020 –
бұл келесі бес жылдың ішінде нәтижелерге жетуге
арналған, ұлттық басымдықтармен келістірілетін,
ынтымақтастықты нығайтудың, үйлесімділікті кү-
шейтудің және БҰҰ жүйесінің тарапынан көр-
сетілетін қолдаудың тиімділігін арттырудың негізін
құрайтын бағдарламалық көрініс пен стратегиялық
нобай болып табылады. Сонымен бірге, ДӘНБ ел
қажеттіліктерінің де, БҰҰ-ның салыстырмалы ар-
тықшылықтарының да талдауына сүйене отырып,
БҰҰ Елдік командасының (БҰҰ ЕК) даму саласын-
дағы мақсаттарға жетуге қалайша жәрдемдесетінін
айқындайды.
Қазақстан табыс деңгейі орташадан жоғары ел
болып табылатындықтан,
даму мақсаттарындағы
көмек көрсетудің дәстүрлі моделі бұдан әрі қолда-
ныла алмайды, соған байланысты дәстүрлі донор-
лар БҰҰ-ның елдегі даму саласындағы қызметін
қаржыландыруға мүдделі емес. Сонымен бірге, БҰҰ
ЕК пен Үкімет істелетін жұмыстың әлі де баршылық
екендігіне келісіп отыр. Үкімет қаржы қаражаттары
мен қызметкерлерді бөлуді арттыру арқылы елде-
гі БҰҰ жүйесімен әріптестікті тереңдетуге шынайы
бейілділік танытып отыр. Оған қоса, БҰҰ ЕК пен
Үкімет 2015 ж. қыркүйекте мүше-мемлекеттер қа-
былдайтын даму саласындағы жаңа жаһандық күн
тәртібін жүзеге асырудың неғұрлым дұрыс нұсқала-
рын бірлесіп қарастыруда. Осылайша, 2016-2020
жж. аралығындағы кезеңде БҰҰ-ның Қазақстан-
1 Елдік команданың құрамына елде өкілдігі бар келесі тұрақты
ұйымдар кіреді: Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Адам
құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссарының басқармасы
(БҰҰ АҚЖКБ), Гендерлік теңдік және әйелдер құқықтары мен
мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі БҰҰ құрылымы (БҰҰ
Әйелдер), БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС жөніндегі
біріккен бағдарлама-
сы (ЮНЭЙДС), БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Қоғам-
дық ақпарат департаменті (БҰҰ ҚАД), Қорғау және қауіпсіздік
мәселелері жөніндегі БҰҰ департаменті (БҰҰ ҚҚМД), БҰҰ-ның
Азия мен Тынық мұхит өңіріне арналған экономикалық және
әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК), Білім беру, ғылым және мә-
дениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО),
БҰҰ-ның Тұрғын халық саласындағы қоры (ЮНФПА), Босқындар
істері жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ
БЖКБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Апаттар қатерін төменде-
ту жөніндегі БҰҰ басқармасы (БҰҰ АҚТБ), Гуманитарлық мәсе-
лелерді үйлестіру жөніндегі БҰҰ басқармасы (БҰҰ ГМҮБ), Есірт-
кілер мен қылмыстылық жөніндегі БҰҰ басқармасы (БҰҰ ЕҚБ),
БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Превентивтік дипломатия жөніндегі
аймақтық орталығы (ОАПДАО), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ) және Дү-
ниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ). Миграция жөніндегі
халықаралық ұйым (МХҰ) мен Дүниежүзілік банк Елдік команда-
ның шақырылған мүшелері болып табылады.
I. КІРІСПЕ
1.1. ДӘНБ-ТІҢ МАҚСАТЫ
Рамочная программа партнерства в целях развития (РППР), Казахстан, 2016–2020
представляет собой программное видение и стратегические
рамки для достижения
результатов в течение следующих пяти лет, которые согласовываются с национальными
приоритетами, представляют основу для укрепления сотрудничества, усиления
слаженности и повышения эффективности поддержки со стороны системы ООН.
При этом РППР определяет каким образом Страновая команда ООН (СК ООН)
1
будет
способствовать достижению целей в области развития, опираясь на анализ, как
потребностей страны, так и сравнительных преимуществ ООН.
9
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
дағы әріптестігі Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ)
да, ұзақ мерзімді «Қазақстан 2050» стратегиясына
да негізделеді, ал неғұрлым инклюзивті, тұрақты
әрі әділетті болашаққа қарай қозғалыста Үкімет пен
Қазақстан қоғамы жетекші рөлді атқармақ. Бұл та-
быс деңгейі орташа басқа елдер үшін үлгі болуға
ұмтылыс тұрғысынан
жолға қойылған стратегиялық
әріптестікті жалғастыру үшін керемет мүмкіндіктер
береді. Осы орайда БҰҰ ЕК пен Қазақстан Үкіметі
стратегиялық, айқын және өлшенуге жататын нәти-
желерге жетуге ұмтылады. Айрықша көңіл иннова-
циялар бойынша саясатты және ықтимал вариант-
тарды жасап шығару және пилоттық жобалардың
шеңберінде жүзеге асырылған табысты іс-шаралар-
дың ауқымын кеңейту бойынша, сондай-ақ, қол-
даныстағы стратегиялар мен жоспарларды жүзеге
асыруды нығайту бойынша неғұрлым негізделген
және бейімделген ұсыныстарды жасауға бөлінбек.
Бұрынырақ аталып кеткендей, ДӘНБ «Қазақстан
2050 – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағы-
ты» атты ұзақ мерзімді даму стратегиясында баян-
далған талабы зор ұлттық басымдықтарға деген
ұжымдық әрі кешенді жауап болып табылады. Бұл
басымдықтар Қазақстанның әлемдегі ең дамыған
30 елдің қатарына кіруіне
және жайлы да қауіпсіз
өмірдің сапасын жақсартуға қол жеткізуге бағыт-
талған. Олар жеті басым бағытты қамтиды: (1)
адамның дамуы; (2) энергетика; (3) жасыл даму;
(4) урбанизация/аймақтарды дамыту және орта-
лықсыздандыру; (5) ғылымды қажет ететін эконо-
мика; (6) жаһандық және аймақтық интеграция;
(7) институттар.
Атап айтқанда, 2050 ж. қарай Қазақстан Эконо-
микалық ынтымақтастық пен даму ұйымының
(ЭЫДҰ) дамыған елдерінде қолданылатын негізгі
көрсеткіштерге баламалы өмір сапасының стан-
дарттарын енгізуге; 4% деңгейіндегі тұрақты жыл
сайынғы экономикалық
өсуге жетуге және шағын
және орта бизнестің жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) кем
дегенде 50% деңгейінде үлес қосуын қамтамасыз
етуге ұмтылады, бұл өз кезегінде орта тап көлемінің
елеулі өсуіне, сондай-ақ, еңбек өнімділігінің бес есе
артуына алып келеді.
ДӘНБ, сондай-ақ, тұжырымдалып отырған,
Мыңжылдық даму мақсаттарына (МДМ) және
одан да ауқымдырақ Мыңжылдық декларациясына
негізделген және тұрақты дамудың әлеуметтік, эко-
номикалық және экологиялық қырларын қамтитын
2015 ж. кейінгі кезеңге арналған ТДМ ұмтылыста-
рын да көрсетеді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 69-сес-
сиясындағы БҰҰ Бас хатшысының баяндамасында
2015 ж. кейінгі кезеңге арналған тұрақты дамудың
күн тәртібіне «алты негізгі элемент: a) абырой: ке-
дейшілікті түбімен жойып, теңсіздікпен күресу; b)
адамдар: салауатты өмірді, білімді және әйелдер
мен балалардың
қатысуын қамтамасыз ету; c) әл-а-
уқат: мықты, инклюзивті және түрленуге қабілетті
экономикаға айналу; d) ғаламшар: біздің экожүй-
елерімізді барлық қоғамдар мен балалар үшін
қорғау; e) әділеттілік: қауіпсіз әрі бейбіт қоғам-
ды және мықты институттарды қамтамасыз ету; f)
әріптестік: тұрақты даму мақсаттарында жаһандық
ынтымақтастықты жандандыру» кіретіні айтылған.
Осылайша, 2015 ж. кейінгі кезеңге арналған жаһан-
дық күн тәртібі мен «Қазақстан 2050» стратегия-
сының арасында маңызды теңдeстіктер бар: адам
құқықтарының, теңдік пен тұрақтылықтың негізгі
құндылықтарына сүйенетін болашақтың көрінісі.
Оған қоса, ДӘНБ 2014 ж. қазанда жарық көр-
ген Әмбебап мерзімді шолуды (ӘМШ) және БҰҰ
келісімшарттық органдары дайындаған соңғы шо-
луларды қоса, БҰҰ механизмдерінің тұжырымда-
ры мен Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ кеңесінің
Арнайы процедураларының ұсыныстарын назарға
алады. Ол, сондай-ақ, Қазақстанның осы меха-
низмдерге Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мү-
шесі ретінде қатысуын жалғастырумен келіседі .
Өз кезегінде БҰҰ ЕК алуан түрлі және бірін-бірі то-
лықтыратын білім мен тәжірибе бағыттары бойын-
ша ең жақсы ресурстарды жұмылдыруға қабілет-
ті болып табылатын, Үкіметтің
құнды әрі сенімді
әріптесі бола отырып, «Қазақстан 2050» стратеги-
ясындағы талабы зор мақсаттардың тұрғысынан
Қазақстандағы өз рөлін қайта қарауда. Осыған бай-
ланысты БҰҰ ЕК:
•
Экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғырту
арқылы халқы салауатты әрі қабілетті, экономи-
касы жасыл, бизнесі өркендеген және барша ха-
лық үшін кепілдендірілген құқықтарды қамтама-
сыз ететін болашаққа жетуге;
•
Барша халықтың, әсіресе, неғұрлым осал топтар
мен қатерлерге бейім адамдардың құқықтары
мен әл-ауқатын қорғау және ілгерілету жолымен
инклюзивті
қоғам құруға;
•
Баршаға тең құқықтарды қамтамасыз ету үшін
есеп беруді нығайту мақсаттарында мүдделі та-
раптардың әлеуетін барлық деңгейлерде дамы-
туға;
2 2014 ж. Қазақстанда Дін немесе сенім еркіндігі жөніндегі ар-
найы баяндамашы мен Құлдықтың қазіргі нысандары, оның се-
бептері мен салдарлары жөніндегі арнайы баяндамашы болып
қайтты; Қазақстан адам құқықтары жөніндегі комитетке екінші
мерзімді баяндаманы және екінші ӘМШ үшін ақпарат берді.