16
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ
НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
«Қазақстан 2050» стратегиясында басымдық ретін-
де көрсетілген, кейбір реформалар жүргізіліп те жа-
тыр. Алайда, Назарбаев Университеті, ЭЫДҰ және
басқа ұйымдар өткізген халықаралық бағалаулар
көрсететіндей, тұтас алғанда, үкіметтің тиімділі-
гі мен қызметінің сапасы ЭЫДҰ стандарттарынан
әлдеқайда төмен және шектен тыс бюрократизм
мен ашықсыздық сияқты кемшіліктерге толы. Елдің
әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақ-
саттарын ескерсек, Қазақстанға барлық мемлекет-
тік қызметтерді барша адамдардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін қызмет ететін ашық, тиімді әрі
жауапты мекемелерге айналдыру бойынша қыруар
күш-жігер жұмсау қажет болады.
Қазақстан адам құқықтары жөніндегі негізгі БҰҰ
шарттарының
көпшілігін бекітті
8
. Үкімет, сондай-ақ,
бірнеше келісті саяси құжаттар мен әрекеттер жоспар-
ларын, оның ішінде, 2009-2012 жж. арналған Адам
құқықтары саласындағы ұлттық әрекеттер жоспа-
рын, 2010-2020 жж. арналған Құқықтық саясат
тұжырымдамасын, 2006-2016 жж. арналған Ген-
дерлік теңдік стратегиясын, Ювеналды әділет жүй-
есін дамытудың тұжырымдамасын және сыбайлас
жемқорлықпен және ұлтаралық ұйымдасқан қыл-
мыстылықпен күрес сияқты, азаматтық қоғамды да-
мыту мен ұлттық мұраны қорғау сияқты мәселелер
бойынша мемлекеттік бағдарламаларды қабылдады.
Оған қоса, Үкіметтің бастамасымен адам құқықта-
ры саласындағы БҰҰ механизмдерінің ұсыныстарын
жүзеге асыру бойынша бірнеше әрекеттер жоспары
жасалып, Адам құқықтары саласында жаңа әрекеттер
жоспарын дайындау туралы ниет білдірілді.
Соған
қарамастан, заңның үстемдігін тиімді жүзе-
ге асыру үшін түрлі адам құқықтарын қорғау меха-
низмдерінің, оның ішінде, ӘМШ ұсыныстарының,
келісімшарттық органдардың және Арнайы проце-
дуралардың шеңберіндегі елдің міндеттемелерін
одан әрі нығайту және орындау қажет. Әлі де ерек-
ше назар аударуды қажет ететін болып саналатын
мәселелерге соттардың және Омбудсменнің тәуел-
сіздігі, өз ойын білдіру еркіндігі, бейбіт жиналыстар
еркіндігі, дін тұту еркіндігі, азаптауға қарсы күрес
және өлім жазасын жою жатады.
Сонымен бірге, кеңестік мұраның құрамында Қа-
зақстан күрделі экологиялық мәселелерге, соның
ішінде, суды тиімсіз пайдалану, ауылшаруашылық
жерлердің азып-тозуы, экожүйелердің нашарлауы
мен өнеркәсіптегі және тұрғын үй шаруашылығын-
дағы төмен энергия тиімділігі
сияқты мәселелерге
ие болды. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай
халық шаруашылығының қажеттіліктеріне керекті
судың тапшылығы 14 млрд. м
3
немесе қазір келіп
отырған су көлемінің үштен бірін құрайтын көрі-
17
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
неді. Ұзақ мерзімді табиғи ресурстарды басқару
(ТРБ) стратегиясының жоқтығы ерекше қорғала-
тын табиғи аумақтарды жоспарлау мен басқарудың
тиімсіздігіне, табиғи ресурстарды заңсыз дайындау
мен пайдаланудың (мысалы, браконьерліктің, заң-
сыз шауып алудың, асыра мал жаюдың, орманның
отындық емес өнімдерін жинаудың)
өсуіне және
жерді пайдалану стратегиясының тиімсіздігіне жәр-
демдесті (бұл болса, топырақтың азуы мен тұзда-
нуына алып келеді). Қазақстан сумен қамтамасыз
ету жүйелері мен кәріз жүйелерінің, су тұтыну, қайта
пайдалану және пайдаға асыру жүйелерінің ескір-
гендігінен, сондай-ақ, судың ластануынан елеулі
қиыншылықтарға тап болып отыр.
Дәстүрлі және «жасыл» стратегиялардың арасын-
дағы дұрыс теңгерімді іздестіру әлі де күрделі міндет
болып қалуда. Үкіметтің екі іргелі құжатта – «Қа-
зақстан 2050» стратегиясы мен Қазақстан Республи-
касының жасыл экономикаға өту тұжырымдамасын-
да – ондай теңгерімді қамтамасыз ету әрекеттеріне
қарамастан, нормативтік-құқықтық базаны жасауда,
үйлестіру мен жүзеге асыру механизмдерінде және
қаржылық құжаттарда елеулі кемістіктер сақталып
отыр. Оған қоса, Қазақстан табиғи апаттардан,
олардың ішінде, тасқындардан, зілзалалардан, қат-
ты дауылдардан, көшкіндер
мен тау бөктерінің құла-
уынан, індеттерден, аса төмен немесе аса жоғары
температуралар мен орман өрттерінен зардап ше-
гуде. Соған қарамастан, ұлттық және жергілікті дең-
гейлердегі қарсы әрекеттер жоспарлары не ескірген,
не мүлдем жоқ, сондықтан қатерлерді басқару бар-
лық деңгейлерде күшейтуді талап етеді.
Бұл аздай, қоршаған ортаның ластануы Қазақстан-
дағы халықтың денсаулығына қиратпа әрекет етеді;
бағалар бойынша, 10 жасқа дейінгі жастағы 40
мыңға жуық бала қорғасынмен уланудың нәти-
жесінде неврологиялық ауруларға душар болған
9
.
Қалдықтарды кешенді басқарудың жоқтығынан іс
жүзінде қатты тұрмыстық қалдықтардың барлығы
бақыланбайтын жерлерде сақталады. Осынау күр-
делі мәселелерді шешу үшін Үкімет Қазақстан Респу-
бликасының жасыл экономикаға өту тұжырымда-
масын және тиісті ұлттық заңнаманы қабылдады.
Және, ақырында, Қазақстан өзінің аймақтық және
халықаралық деңгейде
көшбасшы ретіндегі рөлін
нығайтуды өзіне мақсат етіп қояды. Осыған байла-
нысты ол бірнеше маңызды бастаманы, оның ішін-
де, жаңа көпполярлық әлемдік тәртіпке бейімделуге
жәрдемдесу және болашақта жаһандық дағдары-
старды болдыртпауға бағытталған жоспарлар
дайындау мақсаттарындағы G-GLOBAL диалогын
бастаған болатын. Осылайша, 1992 жылдан бері Қа-
зақстан ынтымақтастықты нығайту және бейбітшілік
пен қауіпсіздікті ілгерілету бойынша тиімді көпұлтты
форум ретіндегі Азиядағы өзара ықпалдастық және
сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) жүргізіп
келеді; аймақтағы қауіпсіздік архитектурасын одан
әрі нығайту үшін АӨСШК-ті Азиядағы қауіпсіздік
және даму жөніндегі ұйымға айналдыру бойынша
жоспарлар да бар. Қазақстанның ұлттық,
аймақтық
және жаһандық қауіпсіздікті басымдықтар ретінде
бөліп қарауы оның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ше-
телдік лаңкес жауынгерлерге қатысты Қарарының
авторларының бірі болуымен дәлелденеді. Тұңғыш
рет ел 2017-2018 жылдарда Қауіпсіздік кеңесінің
тұрақты емес мүшелігіне үміткер де болып отыр.
Ядролық қарусыздандыруды, ядролық қаруды та-
ратпауды және ядролық қауіпсіздікті көреген іл-
герілету Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше
басымдық болып табылады. Қазақстан Орталық
Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт-
тың (Семей шарты) негізгі серіктесі болып, ядролық
сынақтардың қауіп-қатерлері туралы жаһандық
кампанияға айналған АТОМ жобасын («Сынақтар-
ды болдырмау – біздің миссиямыз») бастады.
Аймақ ішіндегі сауда аймақтық ынтымақтастықты
жандандырудың тағы бір қозғаушы факторы бол-
ды; кейбір ірі көршілермен,
атап айтқанда, Қытай
мен Ресей Федерациясымен, сондай-ақ, халықа-
ралық ойыншылармен (Еуропалық одақ, АҚШ)
арадағы экономикалық байланыстарда шапшаң
дамуға қол жеткізілді. 2010 ж. бастап Қазақстан
Ресей Федерациясы мен Беларусьпен Кедендік
одақ туралы келісімнің қатысушысы болып табы-
лады және адамдардың, тауарлардың, қызметтер
мен капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету-
ге бағытталған Біртұтас экономикалық кеңістіктің
(БЭК) шеңберінде осы елдермен және одаққа 2015
ж. кірген Армениямен одан әрі интеграциялануға
ұмтылып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан, сондай-ақ,
Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ)
кіру жөніндегі
келіссөздердің ақырғы сатысында тұр.
8 Қазақстан келесі құжаттардың қатысушысы емес: Экономи-
калық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық
пактіге Факультативті хаттама (ЭӘМҚХП-ФХ) (тек 2010 ж. қол
қойған); Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық
пактіге Екінші Факультативті хаттама (АСҚХП-ФХ2); Барлық ең-
бекші-мигранттар мен олардың жанұя мүшелерінің құқықтарын
қорғау туралы халықаралық конвенция (ЕМҚХК); Бала құқықта-
ры туралы конвенцияға Үшінші Факультативті хаттама (БҚК); Мү-
гедектер құқықтары туралы конвенция (МҚК) (тек 2008 ж. қол
қойған) немесе МҚК-ге Факультативті хаттама (МҚК-ФХ, тек
2008 ж. қол қойған); 1954 жылғы Апатридтер мәртебесі туралы
конвенция немесе 1961 жылғы Азаматсыздықты қысқарту тура-
лы конвенция.
9 Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республика-
сының жасыл экономикаға өту тұжырымдамасы. Астана, 2013 ж.