14
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
сенділігі мәселелерін шешу бойынша көпсалалы ша-
ралар жиыны мен халықаралық алдыңғы қатарлы
тәжірибеге БҰҰ жүйесі арқылы қол жеткізуге болады.
Сонымен бірге, Үкімет дамыған елдерде байқалатын
деңгейлерден әлдеқайда жоғары нәрестелер мен ба-
лалардың өлім деңгейін одан әрі де төмендету мақ-
саттарына айнымастық танытып отыр.
Соңғы екі онжылдықта Қазақстан гендерлік теңдікті
қамтамасыз ету мен әйелдердің құқықтары мен мүм-
кіндіктерін кеңейтуде елеулі жақсарысқа жетіп, бұл
мақсатқа маңызды назар бөліп отыр. Алайда, Әйел-
дерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын
жою жөніндегі комитет патриархалдық қарым-қаты-
настардың және жанұя мен қоғамда әйелдер мен ер
адамдардың рөлдері мен міндеттеріне қатысты те-
рең тамыр жайған таптаурындардың сақталуына қа-
тысты алаңдаушылық танытқан болатын. 2000-шы
жж. ортасынан бастап гендерлік теңдік бойынша ха-
лықаралық индекстердің тұрақты жоғарылауы мен
Қазақстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкін-
діктерінің кеңейтілуіне қарамастан, сайма-сай және
тиімді тетіктердің жоқтығы себепті мұны іс жүзінде
жүзеге асырудың жолындағы кедергілер сақталып
отыр. Мысалы, қазіргі кезде ұлттық статистикалық
мәліметтерде еркектер мен әйелдерге қарсы жаса-
латын қылмыстардың саны көрсетілсе де, зорлық
нысаны бойынша бөліп көрсетілмейді.
Оған қоса, Еркектер мен әйелдердің тең құқықтары
мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері
туралы заңның қабылдануына қарамастан, заң қа-
былдаушы және атқарушы органдарда әйелдердің
қатысуының жоғары деңгейін қамтамасыз етіп,
ұстап тұру бойынша арнайы уақытша шаралар ен-
гізілмеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
мәліметтері бойынша, әйелдер саяси мемлекеттік
қызметкерлердің жалпы санында бар болғаны 10%
және саяси тағайындаулардың (А Корпусы) тек 15%
құрайды; А Корпусының резервінде әйелдер үлесіне
бар болғаны 16,4% келеді. Сонымен бірге, Б Кор-
пусындағы (әкімшіліктік мемлекеттік қызметкерлер)
әйелдердің үлесі 54,9% құрайды. Парламенттегі әй-
елдер санының тұтас алғанда өскеніне қарамастан,
соңғы жылдары Сенат құрамындағы әйелдердің
саны екі есе қысқарып, қазіргі кезде бар болғаны
6,4% құрайды. Оның үстіне, гендерлік теңдік тура-
лы заңнамалық базада қоғамдық және жеке өмір
салаларында тікелей немесе жанама кемсітушіліктің
кешенді заңгерлік анықтамасы жоқ.
Жастар мәселелері де ерекше назар аударуды талап
етеді. Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымда-
масында дәстүрлі құндылықтар жүйесіне қысым
жасау, патерналистік көңіл-күйлер, әлеуметтік ин-
фантилизм, тұтынушылыққа табыну және, әсіресе,
АИВ-ке, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
15
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
мен жұқпайтын сырқаттарға қатысты қатерлі/зиян-
ды өмір салты сияқты жанасымды қауіп-қатерлер
анықталған. Жасөспірімдер мен жастардың арасын-
дағы өзін-өзі өлтірудің жоғары үлесі, сондай-ақ, жа-
рақаттанушылықтың жоғары үлесі кешенді жауап-
тық іс-шаралардың қабылдануын және психикалық
денсаулықпен әлеуметтік-экономикалық байла-
ныстың бар-жоқтығын анықтау үшін зерттеулердің
өткізілуін талап етеді. Халықтың ауылдан қалаға
көшу беталыстарының күшеюін ескеретін болсақ,
Қазақстандағы жас әйелдер мен еркектердің еңбек
нарығында сұраныс бар дағдыларға ие болу үшін
кәсіби білім алуға және өзге дағдыларды дамыту
орталықтарына баруға мүмкіндіктері болуға тиіс.
Сонымен бір уақытта Қазақстан бастапқы және орта
білім беруде іс жүзінде жаппай қамтуға қол жеткізіп,
елдің Үкіметі мектепке дейінгі және мектептегі білім
беруді дамытуға инвестициялар салуды жалғасты-
руға ниеттеніп отыр. Шешуді талап ететін негізгі
мәселелерге білім берудің сапасы, қала мен ауыл
арасындағы айырмашылықтар, қажетті құжаттары
жоқ ата-аналардың (пана іздеп жүрген тұлғалар мен
азаматсыздық қатері төніп тұрған құжатсыз тұлға-
лардың) балалары үшін білім алуға қол жеткізу;
мектепке бармай жүрген балаларды анықтау және
қамту, және бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету-
мен қатар, қоғамның қазіргі және болашақ қажет-
тіліктерін ескеретін білім берудің сайма-сайлығы.
Заманауи нарыққа және Үкімет көздеп отырған бо-
лашаққа сәйкес болу үшін техникалық және кәсіби
білім беру жаңғыртуды ерекше талап етеді. Білім
алу қолжетімділігіне қатысты айқын теңсіздіктердің
жоқтығына қарамастан, орта мектептер мен жоға-
ры оқу орындарының оқу бағдарламаларында әй-
елдердің құқықтары мен гендерлік теңдік бойынша
міндетті курстардың жоқтығын ескерсек, гендерлік
білім беру шешімін әлі таппаған мәселе болып отыр.
Мектептердің оқу бағдарламалары мен оқулықтар-
да ұғынылып отырған гендерлік сезімталдықтың
жоқ болуы да еңбек нарығындағы бөлектеуге әсер
ететін гендерлік таптаурындарды күшейтеді.
Сонымен бір уақытта, БҰҰ-ның Білім алу құқығы
бойынша арнайы баяндамашысы көптілді білім бе-
руге, мүмкіндіктері шектелген тұлғаларды жаппай
білім алуға ортақ ету және мигранттар мен босқын-
дардың білім алу мүмкіндіктерін жақсартуға инве-
стиция салуды жалғастыру қажеттілігін ерекше атап
өткен
7
. Назар аударуды талап ететін басқа салаларға
репродуктивті денсаулық туралы білім, қатерлерді
басқару және барған сайын күрделеніп, өзара одан
сайын байланысты болып бара жатқан әлемде жан
сақтап қалу үшін өзін-өзі басқара білу сияқты өмір-
лік дағдылар жатады.
Әділетті экономикалық даму туралы айтар болсақ,
экономикалық белсенділік деңгейінің 2000 жылғы
66,0%-тен 2014 жылы 70,7%-ке дейін өскенін
және жұмыссыздық деңгейінің 12,8%-тен 5,0%-ке
қысқарғанын атап өткен жөн. Алайда, әйелдердің
экономиканың шеттегі және осал секторларындағы
үлесі еркектердікінен әлдеқайда жоғары. Гендер-
лік мәселелерді тұрақты ескеру қажеттілігі ұлттық
жоспарлау мен бюджеттеу салаларында, әсіресе,
еңбекақы төлеудегі гендерлік алшақтықты қысқар-
туда сақталып отыр. Статистика комитетінің мәліметі
бойынша, Қазақстандағы әйелдер мен еркектердің
орташа айлық жалақысының арақатынасы 2014
жылы 67,0% құраған. Алайда, еңбек нарығында
әйелдер мен еркектердің арасындағы кәсіби бөлек-
теу де жалақыдағы алшақтыққа әсер етіп, әйелдер
бұрынғысынша салыстырмалы түрде төмен ақы
төленетін салаларда жұмыс істейді.
Оған қоса, өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде жік-
телетін әрбір үшінші адам ауылдық жерде тұрып,
жеке меншік қосалқы шаруашылығында жұмыс
істейді. Өз кезегінде, бұл экономиканың жеткіліксіз
әртараптандырылғандығымен және, әсіресе, ауыл-
дық аудандардағы шикізаттық емес немесе ауыл
шаруашылық емес салаларда лайықты жұмыс табу
мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігімен байланысты.
Мигранттар мен де факто азаматтығы жоқ тұлға-
лар өздерінің заңсыз мәртебесіне байланысты
түрлі құқықтардың бұзылуына, оның ішінде, кем-
сітушілікке, негізгі білім алуға, әлеуметтік және ме-
дициналық қызметтерді алуға және лайықты еңбек
жағдайларына қол жеткізе алмайтын жағдайларға
душар болатыны сирек емес. 2014 жылы 16 жасқа
дейінгі балалары бар, айына тұтынуға пайдаланған
жан басына шаққандағы орташа кірісі 20 мың теңге-
ге дейін құрайтын үй қожалықтарының үлесі 14,3%
құрады; елдің түрлі аймақтарында балалар әл-ауқа-
тының деңгейінде елеулі айырмашылықтар бар. Ке-
дейлік негізінен жас балалары бар үлкен жанұялар
мен толық емес жанұяларда шоғырланған.
Үкімет стратегиялық құжаттарында мемлекет-
тік басқару саласында, оның ішінде, есеп беруді
қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен күресу,
ашықтық пен заңның үстемдігін қамтамасыз ету
сияқты салаларда алдыңғы қатарлы халықаралық
тәжірибені қабылдауға деген әзірлігін бірнеше мәр-
те қайталап айтқан болатын. Осыған қарамастан,
мемлекеттік институттар мен Үкіметтің іс жүзіндегі
тиімділігі толық көлемде халықаралық стандарт-
тарға жауап бермейді. Институционалдық реформа
7 Білім алу құқығы бойынша БҰҰ арнайы баяндамашысы Кишоре
Сингхтың A/HRC/20/21/Add.1 баяндамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |