Саяси шиеленіс



жүктеу 43,36 Kb.
Дата09.05.2020
өлшемі43,36 Kb.
#30277
13 лекция Саяси шиеленіс


Саяси шиеленіс

 

Біздің елдің болсын, шетелдердің  қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең  дағдарыстар болса, мемлекеттің  қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек  сияқты болып көрінді. Сондықтан  тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын.



Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс  түсінік емес еді. Себебі, қоғамда  әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы  туралы өткен тарауларда айтқан болатынбыз. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап-тілектері, арман-аңсарлары, мұқтаж-қажеттіктері болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде  шешілмесе, шиеленістерге, жанжалдарға  айналады. Шиеленіс деп әрбір қарсы  жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы  мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.

Шиеленіске адамзат өте  ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары  дүниедегі нәрселердің бәрінің  қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуыңда қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.

Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген —  марксизм. Маркс пен Энгельс «Коммунистік партияның манифесінде»: «Ерікті  мен құл, патриций мен плебей, помещик  пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші  бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде  жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан  бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып  отыратын» деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы  және қозғаушы күші деп есептеді.

Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық  Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге  құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат  үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған.

60 жылдары немістің әлеуметтанушысы  Ральф Дарендорф «қоғамның дау-дамайлық  үлгісін» алға тартты. Ол «Индустриалдық  қоғамдағы таптар мен таптық  шиеленістер» деген еңбегінде  билікті бөлуге байланысты адамдар  арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан К. Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол берілмейді делінген.

Американың әлеуметтанушысы  Кеннет Баулдинг «шиеленістің жалпы  теориясын» жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың  әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге  болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске  ұшырайды.

Қазіргі кезде қоғамдағы  шиеленістер көптеген ғалымдардың  назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу зандылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.

Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр-түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: «Бұл қайшылық әрқашан болған және бола бермек, сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар болмайды деуі бекер сөз» дейді.

Шиеленістің екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағаттандырғысыз өтелуі жатады.

Үшіншіден, адамдар өздерін  белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады. Мысалы, Ресейдің кейбір халықтары, Солтүстік Ирландиядағы католиктер, Канададағы Квебек провинциясы, Испаниядағы баскілер және т. с. с.

Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші) себебін адамның  санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден  адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т. т. с

Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған дау-дамайлардьі уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді.

Әлеуметтік шиеленістер  сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілік  басшылары, ері мен әйелі және т. с. с. арасында кездеседі. Олар әр түрлі топтастырылады, жіктеледі. Мысалы, оларға қатынасатын субъектілерге байланысты мемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдер арасындағы; қатынасатын жақтарға байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтыған шеңберіне қарай халықаралық, аумақтық, жергілікті болып бөлінеді. Оларды антагонистік және антагонистік емес, негізгі және негізгі емес, шындыққа жататын және жатпайтын, ұзақ уақыттық және қыска мерзімді, т. т. етіп те бөліп жүр.

Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден  өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, ерби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезенде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адамдар қолдап, дау-дамайдың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетгі түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абхаз шиеленістері сияқты.

Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай  білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Соңдықтан шиеленісті шешу керек. Бұрын одан екі жолмен құтылғысы келетін. Біріншісі, қоғамның «таза» даму қисынына сәйкес келмегенді өз арасынан аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді. Екіншісінде, керексіз жағдайды, құрылымды тура басып-жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы келді. Екеуінде де қайшылық шешілген сияқты алдамшы түсінік туады. Ал, шын мәнінде, бұл ауруды ішке тыққанмен бірдей.

Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар.

1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.

2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі — келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн.

Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне занды оппозицияның бар жоғына да байланысты. Бұрынғы Кеңес заманында көппартиялық пен оппозицияға қалыпты жағдайдан тыс, ерсі нәрсе сияқты қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажетті шарт. Олар болмаса, билік органдарына сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап-тілектері, көзқарастары ескеріледі. Соңдықтан ағылшын фәлсафашысы Джон Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса, диктатура калады деп тегін айтпаған.

Дегенмен, шиеленіс болған соң  одан қайткен күнде де шығу керек. Ол азаматтық келісім негізінде  шешілуге тиіс. Оның екі жолы бар. Біріншісі — араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын туғызу. Екіншісі — барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыру. Зорлық зорлықты тудырады. Сондықтан одан аулақ болып, өркениетті жол іздеген абзал.

Америкалық саясатшы Г. Райфф  әрбір есі дұрыс адам ортақ мүдделер тауып, шиеленістерді реттей, жөнге келтіре білуі керек деген. Батыстың тәжірибесі жеке адамның еркіндігіне, коғамның ашықтығына, заңның билігіне негізделеді. Біз үшін олардың бәрін толық орындай қою әлі қиын. Бірақ соған тырысқан жөн. Себебі, олар ел тағдыры үшін маңызды шарттар.

Сонымен саяси шиеленістер  қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың  жекелеген түрі ғана қиратып, бүлдіруге әкеледі. Олай болмау үшін өсіп келе жатқан дау-дамай, кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім. Оған саяси және қоғамдық өмірдің демократиялық жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Сондықган америкалык саясатшы Сеймур Липсет (1922 жылы туған) тұрақтылық пен демократияны медальдің екі жағы деп өте дұрыс санайды.

 

Саяси қақтығыстардың типологиясы және динамикасы



Әр түрлі мазмұндағы саяси қақтығыстар әлемі біршама дұрысталған көрініс беруі үшін, оның типологиясы, саяси конфликтілердің негізгі типтерін бөліп алу қажет. Зерттелетін құбылыстың жүйелі, толық бейнесін жасау үшін бірнеше критерийлер қолданылады. Мұндай критерийлердің бірі — саясат аумағындағы табиғаты жағынан әрқашан саяси болып табылатын бөлігін ажырата алу. Бұл саяси режим, билікті жаулап алу және оны жүзеге асыру секілді ұғымдарға жақын болады. Осыдан саяси қақтығыстың  бірінші тобы ретінде ғалымдар мемлекеттік билік жүйесінде пайда болатын мемлекеттік-құқықтық қақтығыстарды есептейді. Бұл типке қақтығыстардың мынадай түрлері жатады:

- заң шығарушы мен атқарушы  билік арасындағы қақтығыстар;

-мемлекеттік-құқықтық жүйе және оны өзгерткісі келетін саяси оппозиция арасындағы қақтығыстар;

- мемлекет пен басқа саяси институттар арасындағы қақтығыстар;

- мемлекет пен жеке тұлға  арасындағы қақтығыстар

Бұл қақтығыстар институционалданған, көбінесе шынайы немесе бұқаралық болып табылады. Егер де мұндай қақтығыстар құқықтық деңгейге өтіп жатса, олар ыдыратпайды, керісінше, саяси жүйені күшейтеді.

Мемлекетке қатысты саяси жүйені сипаттау үшін саясаттануда саяси дағдарыс деген түсінік қолданылады. Саяси  дағдарыс қоғамның саяси жүйесінің  күйі, ол қақтығыстың тереңдеуімен одан әрі конфликтіленуімен, саяси қысымның бірден күшеюін көрсетеді.

Сыртқы саяси дағдарыстар көбіне аталып отырады, ал халықаралық қайшылықтармен  келісілген және ішкі саяси  дағдарысқа қарсы болады. Үкіметтік дағдарыс үкіметтің мәртебесінің жоғалуынан, атқарушы органның үкімет бұйрықтарын орындалмауынан көрінеді.

Парламенттік дағдарыстардың тууына біріншіден, белгілі бір мәселе бойынша  шешім қабылдаған көпшіліктің ұзақ мерзімде болмауы себеп болады. Бұл кезде парламент  өзінің заңды қызметін атқара алмайды. Екіншіден, парламенттік фракциялар арасында күші, дәрежелері тең екі жақты қарама-қарсылық пайда болуы мүмкін. Бұл көп жағдайда парламенттің әлсіреуіне әкеледі. Депутаттар көпшілік дауыспен де билік туралы бір тұрақты шешімге келе алмайды. Мұның нәтижесі жаңа парламент сайлауы болып табылады. Елдің әлеуметтік саяси құрылымдарында қақтығыстың пайда болу себебі Конституциялық дағдарыс боп табылады.

Конституцияға қатысты қақтығыс, оның дәлдігінің болмауының себептеріне  байланысты Конституциялық конфликтінің пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жағдайда Конституцияның баптарын Конституциялық сотта талқылау немесе парламент оған өзгертулер мен толықтырулар енгізуі керек. Конституциялық конфликтінің келесі тобы, бұл — мемлекеттік билік пен Конституция арасындағы қайшылық. Бұл қайшылық саяси есеп кезінде немесе құқықтық сауатсыздықта Конституциялық  нормаларды белден басу кезінде көрінеді. Конституциялық қайшылықтың келесі бір түрі — ескі Конституция мен жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси шындық арасындағы қайшылық. Соңғысы саяси өріс алып, Конституциялық дағдарысқа ұласады. Бұрынғы Конституция заңдылығын жоғалтады және оны сапалы қайта қарауды талап етеді.

Саяси ғылымдарда саяси қақтығыстар пайда болуының себептері мен ерекшеліктеріне байланысты мынадай түрлерін көрсетеді: заңдылық қақтығысы, ену қақтығысы, бірегейлік қақтығысы, саяси араласу қақтығысы және бөлу қақтығысы.

Заңдылық қақтығысы азаматтарды саяси реттеу формалары, яғни, басқару нормалары және тағы басқа туралы ұсынылған басқару тәртібінің мақсаттары мен құндылықтарын келісу нәтижесінде туады.

Бірегейлік қақтығысы әлеуметтік құрылымдық бөлінулердің этникалық  немесе басқа халықтық емес сәйкестік, жалпы халықтық бірігу мен белгілі бір саяси жүйеге қарсы әсер етуден тұрады.

Саяси араласу қақтығысы билікке  өздерінің қарсылықтарын білдіретін белсенді саяси топтар өміріне жасанды қарсылықтарды  енгізетін басқару элитасын құрумен сипатталады.          Сонымен қатар, аймақтық тұтастықты, халықтық бірлікті және қарсы көзқарастағы топтардың саяси араласуының жылдам өсу шартындағы саяси жүйенің тұрақтылығын сақтау мәселелерін өршітумен сипатталады.

Кіріс дағдарысы мемлекеттік басқару қабілетінің төмендеуінен туады. Ол қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында әлеуметтік шешім жүргізеді.

Бөлу дағдарысы басқару элитасының  қоғам үшін материалдық жағдайды қамтамасыз ете алмауы және оны әлеуметтік дифференцацияланған көшу мүмкіндігін  туғыза алмауын білдіреді.

Сонымен, саяси дағдарыстың рөлін дамытудың мақсаты — саяси дағдарыс қоғамда қайғылы кезеңді білдіреді. Себебі, ол саяси жүйенің белгілі бір ұйымдаспағанын, тұрақсыздығын көрсетеді. Сонымен қатар, ол күштердің жаңа байланыстарын, қызығушылықтарды  туғызады және оның шешімі қоғам дамуының  жаңа  сатысының бастамасын білдіреді.

Қазіргі саяси жүйедегі кең тараған  қақтығыстардың бірі мәртебелік-рөлдік қақтығыстар болып табылады. Қазіргі қоғамға тән әлеуметтік стратификация саяси мәртебеде ерекше көрініс береді. Мұнда белгілі бір әлеуметтік топтардың саяси бағдарлары, саяси жүйедегі оның рөлі тіркеледі. Әлеуметтік топтың немесе жеке тұлғаның саяси мәртебесі өзіне мыналарды біріктіреді: саяси өмірге қатысып оған ықпал еткісі келетін әлеуметтік топтардың, жеке тұлғалардың мүмкіндіктері.

Мәртебелік-рөлдік қақтығыстардың түрлері  әрқилы. Мұндай қақтығыстар саяси элита мен бұқара халықтың арасындағы, билік пен халық арасындағы, парламенттегі фракциялар арасындағы, халыққа ықпал ету үшін күресетін әр түрлі партиялар арасында өтеді.

Қоғамдағы саяси мәртебесі мен  рөлінің маңыздылығына қарай, мәртебелік-рөлдік құрылым әрқашан да маңызды қақтығыс болып есептелінеді, егер де осы қоғамда немесе қоғамдық ортада  орындалып отырған  статустар, рөлдер, біздер күткен сапалы жұмыстардың айырмашылығы мен көзқарас әр түрлі болса, онда мұндай маңызды қақтығыстардың мәселелері үлкен саяси қақтығыстарға апарып ұластырады.

Мұндай саяси қақтығыстарға  әкеліп соқтыратын детерминанттық түйін болып саяси бағыт-бағдарлар мен әркімнің  өз қолдауының, жеке тұлғалардың бейімделу құндылықтарының айырмашылығының болуы септігін тигізеді. Мұндай қақтығыстар көбіне қоғамдағы саяси жүйені реформалау жолдары туралы түрлі ой тұжырымдарды, идеяларының мұрат-мақсаты жоғарғы дәрежеде қарастырылған  көзқарастардың қарама-қайшы келетін сол мемлекеттің құрылымы, кейде дағдарыстан шығудың түрлі жолдары туралы нұсқалардың қарама-қарсы сан алуан түрлі болуының кесірінен болады.

Иерархияда саяси қақтығыстардың келесі бір түрі — жеке адамның белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығын, сонымен тағдыры бір екендігін сезініп, түсінгенде болады. Осы сияқты қақтығыстың түрі, көбінесе мынадай мемлекеттерде болады: егер адам өзін жаңа мемлекеттің тұрғыны ретінде сезінсе, бұрынғы қоғамдық, жалпы мемлекеттік теңестіру  (біз — совет халқымыз) бұзылса, ал оның орнына жаңа қарама-қарсы, таптық теңестірулер (мысалы, “біз- қазақпыз”, “біз- белоруспыз”, немесе “біз – кедейміз”, “біз – баймыз” және т.б.) келсе, ондай теңестірулердің бөлінуі, ең алдымен адамдарды бұрыннан бері жақындастырып, байланыстырып берік ұстап тұрған құндылықтар мен бағыт-бағдарларын бұзады және де бәрімізге ортақ мақсатымызды немесе жеке бір бөлек топтар мен таптардың әлеуметтік, ұлттық, мүліктік және т.б. ауызбіршілігін бұзады.

Саяси ғылымдарда қақтығыстарды басқа да негіздеріне қарай топтастырады. Аумағы бойынша саяси-әлеуметтік кеңістікте қақтығыстар жайылуына, тарауына, кең өріс алуына байланысты ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Сонымен қатар саяси қақтығыстарды  әділдік белгілеріне қарай ажыратады: негізгі, түп негізгі, ақиқатты себептерге байланысты көтерілген, ал бұлар шынымен де өздерінің көзқарастарының, бағыт-бағдарларының бір болмауынан болып табылады.

Кездейсоқ шарттар қатысушылар  түсінбеген, әдетте, байқаусыздықтан  шығады. Мысалы мәліметтерді немесе мәселені толықтай білмегендіктен эмоционалдық өзін-өзі ұстай алмауынан туындайды. Тіркелген субъектілерге нұсқаулайтын қақтығыстардың жиі болмауы да әсер етеді.

Алдамшы және жалған қақтығыс шығаруға нақты себеп таба алмағандар, алдын-ала  ойластырылған, немесе біреумен құрастырылған, кеңістіктегі деп айтылатындай қақтығыстарды ұйымдастыру болып табылады. Алдамшы қақтығыстар жиі жасанды жолмен дайындалады, олар қоғамдағы топтарды басқаратын адамдармен әрекеттендіріледі, қақтығысып қалған адамдармен ондай іс-әрекетті жүргізу өте оңай. Сонымен қатар, бұл кезде наразы, таласып қалған адамдар, өздерінің ішкі және сыртқы жауларын іздестіріп, тиісе бастайды.

Қатысушылардың дәрежесіне, атақ шеніне қарай саяси қақтығыстар мемлекетаралық және олардың одақтастары, мемлекеттік, аймақтық, жергілікті болып бөлінеді.

Мемлекеттің ішінде жүріп жатқан қақтығыстар позициялық және оппозициялық болып екіге бөлінеді.

Позициялық конфликтілердің субъектісі ретінде саяси институттар, ұйымдар  шығады. Оларды үкімет басқарып отырады, бірақ, әр түрлі бағыттарды ұстанады. Мысалы, адамдар тобы әр түрлі мемлекеттік биліктің бұтағын көрсететіндер. Яғни, үкімет пен парламент арасында әр түрлі элиталық саяси топтарды басқаратын позициялық қақтығыстар болып тұрады және т.б.

Қақтығыстардың басты себебінің  бірі — белгілі бір саяси жүйенің элементтері мен мақсаттары және көзқарастарына толықтай келіспейтін кейбір топтарды басқаратын саясаткерлер мен бір бөлек басқарушы күштер топтары т.б. болып табылады. Мысалы, тұлғалардың немесе басқарушы элитаның үнемі ауысып тұруы, саяси бағыттың ішінара түзетілуі және төмендеуі әрекеттері де осындай қақтығыстардың болып тұруына әсер етеді.

Оппозициялық қақтығыстардың субъектісі ретінде, бір жағынан басқарушы элиталар, партиялардың мақсаттары, мемлекеттік институттар, тұлғалардың және т.б. қақтығыстарынан тұрады. Бір жағынан, ұйымдар билік астындағы бұқараның атынан шығаратындар, олар жасаған заңдылықтарға қарсы шығатындар және саяси билікті басқарушыларға да қарсы шығатындар: яғни, конфронтация «билік-қоғам» сызығы бойынша жүріп отырады, оның себебі — қақтығыстардың тақырыбы мемлекеттік өкіметте толығымен қолданылатын жүйе немесе тәртіп болып табылады. Қақтығыстарға қарсы тұрудың сапалық сипаттамасы бойынша позициялық жақтары қарама-қарсы тұратын нөлдік сапалық қақтығыстар бар. Сондықтан олардың ішіндегі біреуінің жеңісі басқаның жеңілісімен ауысады және оны өзара келісушілікті табудың ең болмаса бір тәсілі болатын нөлдік емес сапалық қақтығыстар деп білеміз.

Нормативтік реттеушінің мазмұны  және сипаттамасы бойынша немесе оның жоқ болуына байланысты саяси  конфронтациялар институтталған және институтталмаған болып бөлінеді.

Біріншісі қызмет шеңбері бойынша қоғамда болатын әлеуметтік институттар — дамыған демократия, құқықтық мемлекет, кепілді Конституциямен орнатылған жиналыстардың, митингтердің еркіндігі, саяси партияның және ұйымдық қызметтері болып өрістейді.

Институтталмаған саяси қақтығыстардың айырмашылығы — олар біріншіден қоғамдағы қызмет ететін әлеуметтік институттардың қатарына кірмейді. Ол қоғамдағы саяси жүйелердің әлсіреуіне немесе құлатылуына және онда қызмет ететін әлеуметтік инстуттарды жоюға бағытталады.

Бүгінгі таңда ғалымдардың жүргізген  сараптамалары бойынша қақтығыстың үш сатысы атап көрсетіледі: қақтығыс алдындағы жағдай,  қақтығыс және қақтығыстың шешілуі.

Қақтығыс алдындағы жағдай. Бұл ұғымды түсіну барысында әлеуметтік және психологиялық шиеленістердің орын алуына ықпал ететін субъектілердің мүдделері мен құндылықтарының әр түрлілігіне апаратынын ұғынамыз. Аталмыш кезеңде қақтығысушы тараптар агрессивті қимылға баруға дейінгі ішкі және сыртқы ресурстарды бағалайды.  Мұндай ресурстарға материалдық потенциал, ақпарат, билік, мәртебе және т.б. жатады. Сонымен қатар, қақтығысушы тараптар бірігуші топтар, жақтастары мен қолдаушылары ізденісіне көше бастайды.

Қақтығыстың ашық деңгейіне сипаттама

Бұл деңгейде ең алдымен қақтығыс, қарсы топтың қылығын өзгертуге  бағытталған іс әрекетпен айқындалады. Әрбір қақтығыстың анықталған деңгейде сирек болатынын айта кеткен жөн.

Ғалымдар қақтығыс кезеңдерін үшке бөледі.

1. Қақтығыстың жасырын түрден  ашық түрге ауысуы. Күрес әзірше  шектелген ресурстармен болады. Бірінші сынақ өтеді. Осы фазада қақтығысты тоқтату мүмкіндігі және басқа тәсілдермен шешу мүмкіндігі болады.

2. Өз мақсаттарына жету үшін  қарсыласқа жаңа ресурстар қолданады. Келісімге келу мүмкіндігі азаяды. Қақтығыс өрши түседі.

3. Қақтығыс шарықтау шегіне жетіп, соғыстың барлық айла-тәсілдерін қолданады. Осы арада қақтығыстың себептері мен мақсаттарын ұмытылып та кетеді.

Қақтығыс — тараптардың ашық түрде қарсы күресі. Ол қақтығыстың  бірінші соққысына түседі. Қарсылық бәрінен де көрінеді. Көбінесе жанжалдық оқиға кездейсоқ сылтаудан пайда болғандай болады, бірақ, шынында бұл сылтау кесені толтырған соңғы тамшы болып саналады.

Екі жақтар бір-біріне ашық қарсы сөйлейтін қарсы шығуларға айналады. Сонымен қатар, қақтығыс бастауы болатын нақты жағдайы мен қақтығыстың сылтауын айыра білу керек. Сылтау абайсыздан пайда болады, не қасақана болуы мүмкін.

Жанжалдық оқиға ұстаным жақтарын ашады, содан соң «бетперде ашылды»  деуге болады. Сонда да керекті  күші білінбей, қатысушылар шамасы көрінбейді.

Қақтығыс дамуының  шыдамдылығының себепкер шарты оппонент ресурстарының анықталмағандығы болып саналады.

Бұл кезеңде қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болады. Сол үшін дауға қатысушылар өркениеттік технология келісімі бойынша компромисс пен консенсус іздеу керек.

Көптеген қақтығыстар бұл кезеңде  эскалация тенденциясын ұстанады. Қарсы  күресушілер жақтары арасындағы қарым-қатынастың айқындалуына байланысты қақтығыстың өткірлігі мен қарқыны өсетін эскалациямен аңғартылады.

Қақтығыстардың аяқталу түрлері

Үшінші кезең – қарсыласушы тараптардың мақсаттары мен қарама-қайшылық мүдделерінің пайда болу себептерін аяқтау (шешу) деңгейі болып табылады. Қақтығысты шешу мәселесі шешім жолдарын сараптауға бағытталады.

Қақтығыстың аяқталуы оның  соңын білдіреді.  Қақтығыстың аяқталуы бірнеше нұсқадан тұрады:

- өзара қарсы күресушілер жақтарының  келісуі;

- екі жақ та жеңіп, не жеңіліп, қақтығыс аяқталуының симметриялық жолмен шешілуі;

- жақтардың біреуі жеңіп, ассимметриялық жолмен қақтығыстың шешілуі;

- келе-келе қақтығыстың өшуі не басқа жаңа дауға өсуі;

- қақтығысты үшінші жақ көмегімен  консенсус және компромисс жолына жету арқылы шешу.

Қақтығысты шешудің ішкі көрінісі тараптар арасындағы өзара қимылдарының, оқиғаның аяқталуынан байқалады.

 

Саяси қақтығыстарды реттеу технологиялары



Бүгінгі күнде саяси қақтығыстарды  реттеудің келіссөздер технологиясы жоғары дәрежеде дамыған және өзінің тәжірибелік маңыздылығына сәйкес қазіргі конфликтологияның маңызды  нысандарының бірі болып табылады.

Келіссөздердің қақтығыстарды  алдын алу мен реттеудің басқа  технологияларынан ең басты ерекшелігі: дауласушы тараптар әрбірін қанағаттандыратын өзара тиімді келісімге келе алады. Сонымен қатар, келіссөздер ұзаққа созылатын, материалдық шығыны көп және бір тараптың жеңілісіне әкелетін сот процесінен босатады.

Сөзбен келісімге келудің өзге технологияларға қарағанда артықшылығы  — қақтығысушы жақтар мұндай келісімді  өздері жасап, әрбір жақтың қанағаттандыратын талаптарын өздері қоя алуында. Мұнан басқа, келісімге келу айтарлықтай ұзақ уақытты алатын, кәдімгі материалдық шығындар жұмсауды қажет ететін және бір жақтың жеңілуін тудыратын сот талқылауларынан аман алып қалады. Сөзбе-сөз келісулер “екі жақты да қанағаттандыратын және келісімге келу мақсатындағы өзара тікелей әрекеттесу, пікір алмасулар, бірлесе келісім ізденісі, сондай-ақ келісуші жақтардың ерікті түрде шешім қабылдаулары”. Басқаша айтсақ, сөзбе-сөз келісулер екі жақтың қақтығыс тудырған мәселе төңірегінде құрылымдалған диалог үрдісі.

Келіссөздер келесі жағдайларда пайдасын береді: қақтығысушы жақтар нәтижеге жетуге тең құлшыныс білдірулері  тиіс;  қақтығыстың барлық субъектілері тиімді нәтижеге жетуге мүдделі болулары тиіс. Тек осы жағдайларда ғана өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Саяси теория мен тәжірибелерден көретініміздей, шет елдердегі қақтығыстарды  шешу бойынша жинақталған тәжірибелер  келісім-шарттар  барысында негізгі екі тәсілі ерекшеленеді: «бағыттық саудаласу» және «жақтардың мүдделері негізіндегі келіссөздер».

Бірінші жағдайда қатысушылар келіссөздерден өздерінің мақсат-мүдделеріне қолайлы әдістерді көре біледі.  Келіссөздер саясаты негізінен қақтығыстық мәселені шешудегі нақты бағыттар туралы таласқа бағытталады. Демек, жақтар бағыттарды біртіндеп ұстанып, артынша белгілі бір бағыттан бас тартады. “Бағыттық саудаласу” барысында қатысушылардың әрқайсысы өзіне пайдалы қорытындылық келісімге келуге тырысып, қарама-қайшы жақтың мүдделері туралы бас қатырмайды. “Бағыттық саудаласудың” кемшіліктерін Р. Фишер мен У. Юри келесідей бөледі:

- бағыттық саудаласу санасыз  келісімдерге әкеліп соқтырады;

-тараптардың мүдделеріне барынша жауап бермейді, әрбір тарапты қанағаттандыра қоймайды;

- бағыттық саудаласудың пайдасы  жоқ, себебі ол көп уақытты алғанымен, берер нәтижесі (келісімге жету) шамалы. Бағыттық саудаласу барысында келісім бағалары оған кететін уақыт мерзіміне қарай өсіп отырады, келісімге келуге деген тәуекел де өсе береді;

- егер келіссөздерге екі жақтан  көп қатысушылар араласып кетсе, ол шиеленіседі, тараптар саны көбейген сайын бағыттық саудаласуға тән кемшіліктер де арта түседі.

Келіссөздерді мүдделер негізінде  жүргізу әдісі бағыттық саудаласуға балама болып табылады. Мұндай әдіс мүдделерді талқылау негізінде және оппонентпен қызмет атқару негізінде мәселелерді шешуде өзара қолайлы нұсқаларын іздестіруге бағытталады. Өз мүдделерін анықтай келе, тараптар, мәселені бірлесе шешуге ұмтылады. Келіссөздерді мұндай әдіспен жүргізу күш қолдануға жол бермейді; екі қатысушының да ашықтығы мен әңгімелесу қатынасын қалыптастырады. Осы әңгімелесу барысында болашақта жұмыс жасау мен өзара түсіністікке мүмкіндік туғызады.

Мүдделердің  келіссөз жүргізу тактикалық тәсілдеріне келетін болсақ, олар серіктестік әдіске бағытталады. Талқылау мәселелері біртіндеп күрделенеді. Бұл тәсіл мәселені талқылауды анағұрлым аз келіспеушіліктерді тудыратын мәселелерді талқылаудан бастауды талап етеді. Кейін қатысушылар күрделірек мәселелерді талқылауға кіріседі. Осы әдісті пайдалану тараптардың келіссөз басталмас бұрын белсенді қарсыласудан аман алып, тиімді қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік береді.



Әрине, бүгінгі күні қақтығыстан  мүлдем аман болу оңай емес, алайда, тек  конструктивті технологиялардың арқасында  ғана қақтығыстың деструктивті түрін бейбіт жолға түсіруге болатынын ұмытпаған абзал.
жүктеу 43,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау