Бағдарламасы, Қазақстан, 2016-2020 Қазақстан республикасындағы біріккен ұлттар ұйымы



жүктеу 3,89 Mb.
Pdf просмотр
бет5/83
Дата23.11.2018
өлшемі3,89 Mb.
#23617
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83

12
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
дәлелді базаның негізгі деректерінің, көрсеткіштер 
мен индикаторлардың мониторингін үздіксіз әрі 
серпінді түрде жүргізуге арналған құрал ретінде 
пайдаланылады.
Сонымен қатар, Қазақстан өкіметі әріптeстіктердің 
шеңберіндегі ДӘНБ-тің түпкі нәтижелерін жүзеге 
асыру үшін негізгі жауапкершілікті және есеп беру 
міндетін өз мойнына алады (1.4-Тармақты да қа-
раңыз). Алайда, осы ДЭНБ-нің стратегиялары мен 
болжалды нәтижелеріне жету үшін міндетті түрде 
бірдей дәрежеде Үкіметтің, БҰҰ агенттіктерінің, аза-
маттық қоғамның және халықаралық әріптестердің 
өзара бұлжымастығы қажет. Басқару механизмдері 
(IV-Тармақты да қараңыз) (1) БҰҰ агенттіктерінің, 
ұлттық және халықаралық институттардың арасын-
да бағдарламаларды бірлесе жасау және бірін-бірі 
толықтыру мүмкіндіктерін кеңейту, (2) қосарла-
нушылықты қысқарту және (3) халықтың осал топ-
тарына назар аудара отырып, белгіленген салалар-
да қолдаудың конвергенциясын қамтамасыз ету 
үшін іс жүзінде басым бағыттардың және БҰҰ ЕК-тің 
тарапынан қолдаудың бірізділігін қамтамасыз етеді.
1.2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ 
КОНТЕКСТІ
Қазақстан 1991 жылдан кейінгі өтпелі кезеңнің ішін-
де елеулі жетістіктерге жетіп, жан басына шаққан-
дағы ЖІӨ 1998 ж. 1468,7 АҚШ долларынан 2013 
ж. 13611,5 АҚШ долларына дейін дерлік өсті, нәти-
жесінде ол табыстар деңгейі орташадан жоғары ел 
болып саналатын болды, бұл 1.1-Тармақта да ай-
тылады. Мұндай өрлеу көп жерде бай табиғи ре-
сурстардың арқасында, сондай-ақ, зерделі макро-
экономикалық басқарумен ұштастырылған бірнеше 
жылдар бойғы мұнай бағаларының өсуі арқасында 
мүмкін болды.
Алайда, әлеуметтік және аймақтық айыр-
машылықтар өсуде, мұнай бағалары түсуде, сон-
дықтан енді икемдірек даму саясаттары қажет. 
Қазақстан өзіне іргелі құқықтар мен еркіндіктерге 
байланысты жоғары стандарттарға жету туралы мін-
деттемелер қабылдады және оларды жүзеге асыру 
барысында оларға тиісті назар аудару қажет.
2014 ж. қарашада Қазақстан Президенті «Нұрлы 
жол» жаңа ұлттық экономикалық саясатын ұсынды. 
Саясат үш жылдық кезеңге арналған (2015-2017 
жж.), бұл кезеңнің ішіндегі әрбір жылы аймақта 
білініп бастаған экономикалық және қаржылық 
дағдарыс қатерін барынша азайту мақсаттарында 
әлеуметтік және экономикалық шараларды жүзеге 
асыру үшін Ұлттық қордан 3 млрд. доллар бөлініп 
тұрады. «Нұрлы жолды» жүзеге асыру жоспарына 
сәйкес, бұл қаражаттар инфрақұрылымдық жоба-
ларды, сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлікті 
дамытуды, және барша халық үшін, әсіресе, ха-
лықтың осал топтары үшін лайықты жұмыс орын-
дарын құруға бағытталған басқа да бастамаларды 
жүзеге асыруды қаржыландыруға бағытталады.
2015 жылдан кейінгі кезеңге арналған күн тәртібі 
бойынша ұлттық консультациялар барысында 
МДМ-ның орындалмаған міндеттерін, оның ішінде, 
денсаулықты қорғау және экологиялық тұрақтылық 
салаларындағы мақсаттарды, сондай-ақ, кедей-
лікті қысқартумен, білім берумен және гендерлік 
теңдікпен байланысты мақсаттарды жүзеге асыру 
бойынша күш-жігерлерді жалғастыру қажеттілігі 
атап өтілді. Консультацияларға қатысқан мемле-
кеттік сектордың, азаматтық қоғамның, жеке мен-
шік сектордың, кәсіподақтардың, ғылыми шеңбер-
лердің, жастардың, жергілікті қоғамдастықтар мен 
осал топтардың екі мың өкілі МДМ-ның, және одан 
әрі – ТДМ-ның, әсіресе, теңсіздіктерді қысқартуға 
деген барған сайын өсіп отырған ұмтылысы тұрғы-
сынан өзінің өзектілігін жоғалтпағанына бірауыз-
дан келісті. Тұтас алғанда, даму саласында елдегі 
ең жиі аталған мәселелердің арасында қоршаған 
ортаны қорғау, денсаулықты қорғау, бейбітшілік 
пен қауіпсіздікті сақтау аталды. Сонымен қатар, ин-
фрақұрылым, жасыл экономика, тиімді мемлекеттік 
басқару, жергілікті деңгейде даму, білім беру, ген-
дер, мәдениет және жастардың бақуаттылығы мен 
кәсіпқойлығының деңгейімен байланысты мәселе-
лер де аталып өтті. Солайша, инклюзивті әлеуметтік 
даму, тең құқықты экономикалық даму, тиімді мем-
лекеттік басқару, қоршаған ортаның тұрақтылығы, 
бейбітшілік пен қауіпсіздік – міне, осылар даму са-
ласындағы түрлі сыни маңызды мәселелерді қамти-
тын және түрлі мүдделі тараптардың пікірлерін көр-
сететін бағыттар болып табылады.
МДМ-ге жетудегі алға басу тұрғысынан Қазақстан 
МДМ-дегі ұлттық міндеттердің көпшілігіне жетіп, 
кейбіреулері, атап айтқанда, кедейліктің жалпы 
көрсеткіштерін төмендету бойынша тіпті одан да 
асып кетті. Соңғы 5 жылда ел алғашқы медици-
налық санитарлық жәрдем жүйесін нығайтуда да 
алға елеулі қадамдар басты. Балалар мен аналар 
арасындағы өлім-жітім деңгейі төмендетіліп, МДМ 
4 және 5 те орындалады. Ресми статистикалық 
мәліметтерге сәйкес, аналар өлім-жітімінің көрсет-
кіші 1990 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде 6 есе 
дерлік, 100 мың тірі туғанға 75,8-ден 12,6-ға дей-
ін қысқарды. Алайда, бұл жақсарысқа қарамастан, 
аналар өлімінің деңгейі әлеуметтік-экономикалық 


13
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
даму деңгейі ұқсас табыс деңгейі орташа басқа ел-
дердегіден әлі де жоғары. МДМ-ның 5B міндеті 
– репродуктивті денсаулық қызметтеріне жалпыға 
бірдей қол жеткізу – әлі орындалған жоқ және одан 
арғы келісілген әрекеттерді талап етеді. Қазақстан-
дағы адам әлеуетінің даму индексінің (АӘДИ) жоға-
ры деңгейде қалып отырғанына қарамастан (2013 
ж. 0,757), теңсіздікті есепке ала отырып түзетілген 
АӘДИ 0,667 құрайды да, нәтижесінде Қазақстан 
адам дамуының деңгейі жоғары елдерден төмен 
тұр. Сонымен қатар, көпөлшемді кедейлік тұрғы-
сынан (ККИ) жасалған АӘДИ талдауы да денсау-
лықты қорғау, білім беру және өмір деңгейі сала-
ларындағы теңсіздіктердің нәтижесінде кедейлерге 
шынында да қайыршылыққа душар болу қаупі төніп 
тұрғанын көрсетеді.
Көшетханалық газдардың шығарындыларын елеулі 
қысқарту мен АИВ/ЖИТС пен туберкулездің тара-
луына тосқауыл қою бойынша міндеттерді орындау-
да әлі де айтарлықтай кемшіліктер бар. Шын мәнін-
дегі, атап айтқанда, ұлғайып бара жатқан аймақтық 
және әлеуметтік теңсіздіктерді еңсеру тұрғысынан 
алғандағы инклюзивті дамуды қамтамасыз ету ісін-
де де үлкен мәселелер шешілмей отыр. Гендер және 
мүгедектік те теңдіктің өзекті мәселелері болып қа-
луда.
Тұтас алғанда, денсаулықты қорғау шаралары-
ның нәтижелері Қазақстанның экономикалық даму 
қарқындарынан қалып келеді. Туғандағы болжалды 
өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 2013 жылы әйел-
дер мен еркектерге бірдей 70,45 жылды құрады, бұл 
экономикалық даму бойынша ұқсас көрсеткіштері 
бар елдердің бірқатарындағы көрсеткіштерден 
төмен. Қазақстан – көптеген дәрілерге тұрақты тубер-
кулез жүктемесі бар әлемдегі 18 елдің бірі, жылдық 
көптеген дәрілерге тұрақты туберкулезбен сырқатта-
ну жағдайларының саны жалпы 19 мыңның 5 мыңын 
құрайды. Жұқпайтын сырқаттардың таралуы қоғамға 
және елдің экономикасына елеулі зиян келтіреді: 
өлімдердің 84%-і жұқпайтын сырқаттардың үлесіне 
тиетін болса, 30-дан 70 жасқа дейінгі аралықта негізгі 
жұқпайтын сырқаттардан (жүрек-қан тамырларының 
аурулары, обыр, тыныс алу жүйесінің созылмалы ау-
рулары, сусамыр) болатын өлім ықтималдығы 34% 
құрайды. Өлім-жітім мен жұқпайтын сырқаттармен 
науқастанудың себептері – төрт басты қатер факто-
ры: темекі, алкоголь, тамақтану мен дене белсенділігі. 
2007 ж. Қазақстанның Темекіге қарсы күрес жөнінде-
гі негіздемелік конвенцияны бекітіп, оған қарсы күрес 
бойынша бірқатар шараларды қолдана бастағанына 
қарамастан, іс жүзінде оны жүзеге асырудың қарқын-
дары төмен болып отыр. Жұқпайтын сырқаттардың 
қатерлері ретіндегі тамақтану және төмен дене бел-


жүктеу 3,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау