Бағдарламасы, Қазақстан, 2016-2020 Қазақстан республикасындағы біріккен ұлттар ұйымы



жүктеу 3,89 Mb.
Pdf просмотр
бет17/83
Дата23.11.2018
өлшемі3,89 Mb.
#23617
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83

36
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
үшін және ауқымдарды ұлттық деңгейден одан да 
жоғары деңгейлерге дейін кеңейту үшін маңызды 
мүмкіндіктер бере отырып, тура осы «серіктес және 
катализатор ретінде маңызды рөл атқаруға» саяды.
Сондықтан, барлық осы салаларда БҰҰ жүйесі келе-
сілер бойынша маңызды қолдау көрсете алады: (1) 
саясатты жасау және талдау; (2) ел лайықты құрмет-
ке бөленуі үшін қызметкерлердің біліктілігін артты-
руды және жұртшылықпен байланыс механизмдерін 
жақсартуды қоса, ұлттық әлеуетті ұлғайту; (3) білім 
алмасу; (4) орындалған нәтижелер бойынша және 
әсер бойынша есеп беру; (5) білім алмасу іс жүзінде 
ұлттық жауапкершілік пен мүдделілікке және инсти-
туционалды өзгерістерге жәрдемдесетініне кепілдік 
беретін үйлестіру мен ынтымақтастық.
Осы түпкі нәтиженің шеңберінде қолдау көрсетуге 
бекем БҰҰ агенттіктерінің қатарына БҰҰ АҚТБ, ДДҰ, 
БҰҰ ҚАД, БҰҰ ЕЭК, БҰҰ Әйелдер, БҰҰДБ, ОАПДАО, 
БҰҰ БЖКБ, БҰҰ ГМҮБ, БҰҰ ЕҚБ, АТМЭӘК, ЮНЕП, 
ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЮНОПС, ЮНФПА, және әріптес 
ұйым ретінде МХҰ жатады.
Ұлттық әріптестердің арасында Сыртқы істер мини-
стрлігі KazAID пен елдегі дамуға ресми көмек беру 
(ДРК) жүйесін үйлестіру бойынша, көршілес елдер-
ге әлеуметтік-экономикалық дамуға және аймақтық 
ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу бойынша 
жетекші мекеме ретінде әрекет етеді. Сонымен бір-
ге, ДДҰ-ның Алғашқы медициналық-санитарлық 
жәрдем орталығы Орталық Азияда және одан тыс 
медициналық қызмет көрсету саласында басшылар, 
лауазымды тұлғалар мен сарапшылар үшін дай-
ындық орталығы болу үшін ұлттық институттармен 
ынтымақтастықта жұмыс істейді. Басқа іргелі әріп-
тестердің қатарына Энергетика министрлігі, Ауыл 
шаруашылығы министрлігі, Ұлттық экономика ми-
нистрлігі, Ішкі істер министрлігі (Төтенше жағдайлар 
комитеті); Инвестициялар мен даму министрлігі, 
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы іс-қимыл агенттігі; қатысушы елдердегі 
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктер мен 
оқу орындары; Орталық Азия елдеріндегі апаттар 
қатерлерін азайту және төтенше жағдайлар жөнін-
дегі тиісті министрліктер мен мекемелер; сондай-ақ, 
Орталық Азияның Аймақтық экологиялық орталығы 
(ОААЭО) сияқты азаматтық қоғам ұйымдары мен 
үкіметтік емес ұйымдар жатады.
Сонымен бір уақытта, Қазақстан 2015 жылдан кей-
інгі кезеңге арналған күн тәртібі бойынша диалогты 
қоса, саяси және экономикалық шешімдерді қа-
былдаудың жаһандық форумдарында да өз рөлін 
кеңейтіп жатыр. Осындай жаңа жаһандық әріпте-
стіктерді кеңейту арқылы Қазақстан ондай ынты-
мақтастықтағы барлық мүдделі тараптар ойнай 
алатын рөлдердің алуан түрлілігін және әртүрлі рөл-
дерді мойындай отырып, даму мақсатындағы ынты-
мақтастықтың күрделеніп бара жатқан құрылымына 
өз үлесін қосу бойынша барған сайын жақсы мүм-
кіндіктерге ие болып отыр. Ол, сондай-ақ, жоға-
рыда айтылып кеткен KazAID даму агенттігі арқылы 
да, басқа елдерге кедейлікті түбімен жоюда, әлеу-
меттік қорғауда, экономикалық өсуде және тұрақты 
дамуда таптырмас қызмет атқара алатын маңызды 
сабақтар мен модельдерді ұсынып, сонымен бір 
уақытта ондай «горизонталды» әріптестіктерге жәр-
демдесуден және оларды пайдалану мен нығайту-
дан пайда көре алады.
Үкіметке ӘМШ нәтижелері бойынша ұсыныстарды 
қоса, БҰҰ конвенцияларының шектеріндегі халықа-
ралық міндеттемелерді орындауда қолдау көрсету 
үшін және ұлттық заңнаманы ондай конвенциялар-
мен және олардың хаттамаларымен үйлестіруге 
жәрдемдесу үшін БҰҰ жүйесінің бірегей мүмкіндік-
тері бар екендігін атап кеткен маңызды. Ол, со-
нымен қатар, атап айтқанда, бірлескен зерттеулер, 
нетворкинг пен әлеуетті нығайту үшін жаңа тұғыр-
намаларды құруға қолдау көрсету жолымен Аста-
надағы мемлекеттік қызмет саласындағы хабтың 
жұмысына қатысушы елдерді тартуға және олар-
дың санын одан әрі ұлғайтуға жәрдемдесіп, солай-
ша Қазақстанға өзара тәжірибе алмасу үшін және 
мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік басқа-
ру жүйелерін жаңғырту бойынша БҰҰ жүйесінің 
тәжірибесін алу үшін көршілес елдерді біріктірудегі 
маңызды рөлді атқаруға көмектесе алады. Сонымен 
бір уақытта, Үкімет Алматыда негізгі назары гумани-
тарлық көмек пен дамуға бағытталатын Аймақтық 
БҰҰ хабын құруға ұмтылып отыр.
Жаһандық даму мақсаттарындағы ынтымақтастық 
саласында 60 жылдан астам тәжірибесі бар БҰҰ 
ЕК тиісті алынған сабақтар туралы ақпаратты және 
Қазақстан тәсілдемелерінің әлемдік беталыстарға 
және Шығыс-Шығыс/Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақта-
стығы мен жаһандық әріптестіктің модельдеріне 
сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның 
әріптестері арасында тәжірибе мен білім алмасуға 
жәрдемдесуде маңызды рөл атқара алады. Мыса-
лы, БҰҰ жүйесінің барлық ұйымдарының Шығыс-
Шығыс/Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығына қа-
тысты мандаты іс-шаралардан көбейту әсерін алу 


37
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
БҰҰ-ның ДӘНБ-тің әрбір түпкі нәтижесі бойынша 
болжалды қаржылық ресурстары A Қосымшасын-
да ДӘНБ нәтижелері мен ресурстарының кестесінде 
көрсетілген. Көрсетілген үлес БҰҰ жүйесінің әрбір 
қатысушы агенттігі бөлетін «материалдық» ресур-
старды, сондай-ақ, «жұмсақ» міндеттемелер мен 
ұйымдар оларды ДӘНБ циклі ішінде жұмылдырады 
деп күтілетін белгісіз басқа ресурстарды қамтиды. 
Мақсаттық көрсеткіштер ретінде көрсетілген сандар 
ДӘНБ-ті дайындау мезетінде барынша дәл болып 
табылады; кейбір міндеттемелер құжатты дайындау 
аяқталғанға дейін белгісіз болуы мүмкін.
Ресурстардың мақсаттық көрсеткіштері әрбір агент-
тіктің бекіту процедураларына және механизмдері-
не сәйкес бағдарламалық құжаттарда және агент-
тіктердің жұмыс жоспарларында нақтыланады және 
расталады. Қажетті ресурстар жыл сайын маман-
дандырылған және резидент емес агенттіктердің 
әртүрлі циклдерін көрсету үшін қаралатын және 
жаңартылатын болады.
2016-2020 жж. ДӘНБ түпкі нәтижелерін қолдауға 
жұмылдырылатын ресурстардың жалпы жоспар-
ланатын сомасы осы құжатты жасау мезетінде 133 
813 045 АҚШ долл.-на бағаланады. Барлық ресур-
стардың 55%-ына жуығы 
1-Бағыттың (Теңсіздік-
терді төмендету және адам дамуын жақсар-
ту)
 шектерінде – 
73 275 445 АҚШ долл.; 20%-ы 
– 2-Бағыттың (Мемлекеттік институттардың 
инновациялық қабілетін нығайту және көтеру)
 
шектерінде – 
26 968 000 АҚШ долл.; және 25%-
ы – 3-Бағыттың (Халықаралық және аймақтық 
ынтымақтастықты нығайту) 
шектерінде– 
33 569 
600 АҚШ долл. 
жұмсалатын болады.
Бұл ұлттық басымдықтарды көрсетеді және БҰҰ ын-
тымақтастығын тұтас алғанда даму мақсаттарында 
жәрдемдесумен үйлестіру мүмкіндігін қамтамасыз 
етеді. Сондай-ақ, ДӘНБ БҰҰ-ның әртүрлі Аймақтық 
офистері тарапынан салмақты техникалық қолдау 
алады деп күтіледі.
  III. ҚАЖЕТТІ 
РЕСУРСТАРДЫ БАҒАЛАУ
2.1-Тарауда көрсетілгендей, әдетте үкіметтер өздеріне әріптестіктерді 
қаржыландыруда, жүзеге асыруда және мониторингілеуде жетекші рөлді 
алатындықтан, ДӘНБ үшін Үкіметтің жауапкершілігін қамтамасыз етуде қосымша 
бірлескен қаржыландыру арқылы елеулі қолдау көрсетіледі. Өз кезегінде, ол 
Қазақстан бүгінде қол жеткізген маңызды үдеріске, соның ішінде, Үкіметтің тұтас 
алғанда даму саласында күрделі міндеттерді шешу кезінде БҰҰ ЕК-мен әріптестіктегі 
жұмысқа сезімталдығына негізделеді. Бұл жоспарлаудан, келіссөздерді өткізуден, 
келісімдерді жасаудан, мониторингтен, бағалаудан, есептілікті беруден жабуға дейін 
бағдарламалардың/жобалардың барлық сатыларына қатысты болады.


жүктеу 3,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау