34
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ
НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
2.4. 3-БАҒЫТ:
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ
НЫҒАЙТУ
Түпкі нәтиже 3.1:
Үкімет әріптестермен
бірлесіп аймақта Тұрақты даму мақсатта-
рына (ТДМ) жетуге жәрдемдесіп, Біріккен
Ұлттар Ұйымының қағидаларын, стан-
дарттары мен конвенцияларын ілгеріле-
туде және жүзеге асыруда көшбасшы бо-
лып табылады
«ҚАЗАҚСТАН 2050» СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ
МАҚСАТЫ:
•
Қалған әлем үшін ашық және көршілес елдермен
жұмыс істеуге және жаһандық мәселелерді ше-
шуге үлес қосуға дайын ел
Түпкі нәтиже 3.1:
Үкімет әріптестермен
бірлесіп аймақта Тұрақты даму мақсатта-
рына (ТДМ) жетуге жәрдемдесіп, Біріккен
Ұлттар Ұйымының қағидаларын, стан-
дарттары мен конвенцияларын ілгеріле-
туде және жүзеге асыруда көшбасшы бо-
лып табылады
Қазақстан бұрыннан бері көпвекторлы сыртқы сая-
сатты ұстанады және өзі үшін, әсіресе, ядролық қа-
русыздандыруға, ядролық қаруды таратуға қарсы
қимыл жасауға және ядролық қауіпсіздікке қатысты
орта ауқымды держава ретіндегі кейбір сәтті тауа-
шаларды тапты. 2014 ж. Қазақстан Ресей Федера-
циясы мен Беларусьпен бірге 2015 ж. және одан
кейінгі жылдары ТМД елдері үшін мүшелікті кеңей-
ту мүмкіндігін көздеп құрған Еуразиялық экономи-
калық одақ сауда-экономикалық қызметтің және
аймақтық қауіпсіздіктің
дамуына жәрдемдесетін
«тату көршілік» қатынастарды қолдау жолындағы
маңызды қадам болып табылады. Сонымен бірге
Қазақстан кейбір халықаралық ұйымдарға белсен-
дірек қатысу мен барлық құрлықтарда өкілдіктерін
ашу арқылы өзінің дипломатиялық қамтуын кеңей-
тіп, осылайша барлық ТДМ-дарды қолдау үшін
жақсы мүмкіндіктерге ие болып табылады. Ұлттық
және аймақтық ұйымдармен ынтымақтаса отырып,
БҰҰ агенттіктері Қазақстанның жаһандық ТДМ ба-
стамаларына белсендірек қатысуына жәрдемдесіп,
Үкіметтің өзіне ТДМ-ды орындау бойынша нақты
міндеттемелерді қабылдауына ұмтылады.
Тұтас алғанда, Қазақстанның орналасуында нақты
мүмкіндіктер де, сын-қатерлер де жеткілікті. Теңіз-
ге шықпайтын ел ретінде Қазақстан транзит мақ-
саттарында кем дегенде кейбір көршілес елдермен
өзара ықпалдасуға мәжбүр болса, геосаяси және
мәдени қатынастарда ол
аймақтағы бәсекелес
көріністердің, оның ішінде, шектелген су қорлары
мен әлеуетті тұрақсыздықтың ықпалына түсе алады.
Қазақстанмен жақынырақ қарым-қатынас үшін үш
ірі держава (Ресей Федерациясы, Қытай мен АҚШ)
күресіп отыр, Еуропалық Одақпен, Жапониямен,
Түркиямен, Корея Республикасымен және Иранмен
орнатылған экономикалық байланыстар маңызды
болып табылады. Қазақстанның Қырғыз Республи-
касы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан си-
яқты Орталық Азия елдерімен дипломатиялық және
экономикалық ынтымақтастығы мықты және Ауған-
станды қолдауда барған сайын елеулі рөл атқарып
келеді.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру, Кедендік одақты
кеңейту ретіндегі Бірыңғай экономикалық кеңістік-
ті
қалыптастыру, сондай-ақ, көлікке және саудаға
жәрдемдесуге қатысты аймақтық ынтымақтастық
бойынша әрекеттер сияқты қысқа мерзімді болашақ
мәселелеріне, энергетика мен су ресурстары және
қауіпсіздік мәселелеріне қатысты елеулі сын-қатер-
лер сақталып отыр.
Алға басуды қолдау мақсаттарында БҰҰ жүйесі
Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ын-
тымақтастық (ОААЭЫ) бағдарламасы сияқты әріп-
тестіктерді нығайтуда қолдау көрсетуді қоса, ай-
мақтағы елдердің арасында және Азиядағы өзара
ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес
(АӨСШК), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақта-
стық ұйымы (ЕҚЫҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйы-
мы (ШЫҰ) және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт
ұйымы (ҰҚШҰ) сияқты
негізгі аймақтық ұйымдар-
дың арасында көпір орнату үшін маңызды болып
табылатын аймақтық бастамаларды жүзеге асыруда
қолдау көрсетуді ұсына алады. БҰҰ ЕК, сондай-ақ,
даму мақсаттарында көмек көрсетудің ұлттық агент-
тігін – KazAID-ті құрып, оны нығайтуға көмек көрсе-
туге де ерекше назар бөлетінін атап кеткен маңызды.
Сонымен қатар, І-Тарауда көрсетілгендей, табиғи
апаттарға халықаралық жауап қайтарудың және
климаттың өзгеруіне бейімделудің инструменттері-
не ерекше назар аударыла алады.
35
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
Орталық Азия экономикаларына арналған БҰҰ-ның
Арнайы бағдарламасы (СПЕКА) 1998 жылы Қа-
зақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікмен-
стан мен Өзбекстан Президенттерімен құрылған бо-
латын. Ол халықаралық
құқықтық инструменттерді,
нормаларды, стандарттар мен жүзеге асырылуы
үшін екі аймақтық комиссия жауап беретін ұсыны-
старды пайдалана отырып, аймақтық ынтымақта-
стықтың іргелі мәселелерін шешуге бағытталған
шараларды жалғастырады; сонымен бір уақытта ол
техникалық көмекті және әлеуетті нығайтуды БҰҰ-
ның өз сарапшыларының есебінен жоғары деңгей-
дегі мекемеаралық, салааралық талқылаулармен
және саясат/бизнес/зерттеулер мәселелері туралы
тұрақты диалогпен ұштастырады. Орталық Азия-
дағы негізгі әріптес елдердің барлығы БҰҰ-ның ай-
мақтық экономикалық комиссияларының мүшелері
болып табылатындықтан, СПЕКА осы екі комиссия-
ның және Халықаралық Аралды
құтқару қорының
(ХАҚҚ) арасындағы ынтымақтастықты қоса алған-
да, аймақтар арасындағы және аймақтың ішіндегі
ынтымақтастықтың күрделі стратегиялық мәселе-
лерін талқылауға арналған бейтарап форумның қы-
зметін атқаруды жалғастырады
10
.
Жоғарыда көрсетілген БҰҰ ЕК-тің тәжірибесі мол
салаларға қоса, халықаралық ұйымдасқан қылмы-
стылық пен сыбайлас жемқорлық, аймақтық байла-
ныстарды нығайту, аралас миграция, адам саудасы,
заңсыз есірткі айналымы мен аймақтық азық-түлік
қауіпсіздігі сияқты салаларда да маңызды қолдау
көрсетіле алады. Ерекше назар алғашқы медици-
налық-санитарлық жәрдем саласындағы «оқыту
орталығына» және апаттар қатерін төмендетуге,
сондай-ақ, жаңа Жібек жолының экономикалық
белдеуін нығайту үшін
өнеркәсіптік дәліздерді да-
мытуға бөлінеді.
Орталық Азия аумағында халықтың уақытша, ұзақ
мерзімді және тұрақты көшіп-қонуы таралған. Ресей
Федерациясы мен Қазақстан бүкіл Орталық Азия-
дан еңбекші мигранттар келетін жетекші бес елдің
қатарына жатады, олардың көбі Қазақстан мен Ре-
сей екеуінің ортасында ары-бері жүреді.
Аймақтағы
миграцияның қозғаушы күштері – әлеуметтік-эко-
номикалық теңсіздіктер, қақтығыстар мен көршілес
мемлекеттермен өткізгіш шекаралар. Көші-қон
саласындағы қазіргі жағдай мен демографиялық
беталыстар, экологиялық факторлар мен геосаяси
жағдай елдердің ішінде де, олардың арасында да
миграциялық ағындардың ұлғаюына алып келіп,
аймақтағы көші-қонды басқарудың және баспана
іздеп жүрген адамдармен жұмыс жасаудың онсыз
да нәзік жүйелеріне қысым жасай алады. Аймақтағы
көші-қон саласындағы көптеген беталыстар мен
сын-қатерлер ортақ және өзара байланысты бо-
лып табылатындықтан, аймақтық ынтымақтастықты
нығайтуға бағытталған тәсілдеме қажет; аралас
миграцияның сын-қатерлерін шешуде саяси дең-
гейдегі аймақтық диалогқа жәрдемдесу және оны
жақсарту мақсаттарында БҰҰ ЕК тарапынан қол-
дау тапқан аймақтық консультациялардың Алматы
үдерісі құрылды.
10 Орталық Азия экономикаларына арналған БҰҰ-ның Арнайы
бағдарламасы туралы ақпаратты (СПЕКА) келесі сілтеме бойын-
ша табуға болады: http://www.unece.org/speca/welcome.html.