Журналистерге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Парламент сөзі» сыйлығын беру тәртібі туралы ереже



жүктеу 32,31 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі32,31 Kb.
#16021

Журналистерге Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің «Парламент сөзі» сыйлығын

беру тәртібі туралы

ереже
I. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже журналистерге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Парламент сөзі» сыйлығын (бұдан әрі – сыйлық) беру тәртібін және Журналистерге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сыйлығын беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2. Сыйлық жыл сайын Байланыс және ақпарат жұмыскерлерінің күніне қарай журналистерге, шығармашылық ұжымдарға олардың өткен кезеңдегі қызмет қорытындылары бойынша, Мәжілістің заң шығару қызметін үздік жазып-көрсеткені үшін беріледі.

3. Сыйлық Мәжілістің қызметін: баспасөз, электрондық БАҚ-та, радиода жоғары кәсіби деңгейде жазып-көрсеткені үшін, Мәжіліс қызметі туралы үздік бейне- және фотоматериалдар үшін, парламент тақырыбын жазып-көрсетудегі инновациялық тәсілі үшін, парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.

4. Сыйлықты құрамын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Бюросы бекітетін комиссия береді. Комиссия қажет болуына қарай отырыс өткізеді. Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, құқықты болып есептеледі. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол, егер дауыс беру кезінде дауыстардың көпшілігін алған болса, қабылданған болып есептеледі. Комиссияның отырысы хаттамаға түсіріледі.

5. Комиссия:

- бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде интернет-ресурстар арқылы жарияланатын, таратылатын, Парламенттің заң шығару қызметіне арналған баспасөз, аудиокөрінбелі және өзге де хабарлар мен материалдарды тұрақты негізде талдауды жүзеге асырады;

- сыйлықпен марапаттау үшін үміткерлерді іріктеуді жүзеге асырады;

- өз қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін шешеді.

6. Мәжілістің Баспасөз қызметі комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Сыйлықтарды беру туралы ақпарат, марапатталған журналистердің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында, Парламенттің интернет-ресурсында орналастырылады.

II. Номинациялау және сыйлық беру тәртібі

7. Бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер басшыларының, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну арқылы жеке журналистердің сыйлыққа номинациялау үшін кандидаттар ұсынуға құқығы бар.

8. Сыйлық алуға кандидаттардың құжаттары сыйлық берілетін жылдың 15 маусымына дейін жұмыс органының атына жіберіледі. Сыйлық беру кезінде қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен құжаттар қаралмайды.

9. Сыйлық алуға жіберілетін құжаттар мыналарды қамтиды:

- бұқаралық ақпарат құралының, шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің ресми бланкісіндегі, басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған ілеспе хат, өзін-өзі ұсынған жағдайда – сыйлыққа үміткердің өзі қол қойған ілеспе хат;

- сыйлыққа үміткер туралы қысқаша ақпарат (Т.А.Ә.А., лауазымы, байланыс телефондары, пошталық мекенжайы, электрондық поштасы);

- жарияланған немесе эфирге шыққан күні көрсетілген жарияланымдардың мәтіндері, аудио-, бейне-фотоматериалдар не электрондық форматта орналастырылған материалдарға жарамды сілтемелер.

10. Баспасөз басылымдары мен интернет-басылымдарда жарияланған, сондай-ақ теле- және радоэфирге шығарылған, парламент тақырыбына сай келмейтін материалдар тиісті материалдар ретінде қарастырылмайды.

11. Комиссия сыйлыққа номинацияланатын жұмыстарды бағалау кезінде тақырыптың жазылып-көрсетілу тереңдігін, материалды берудегі кәсіби шеберлік пен объективтілікті, оның көркемдік ерекшеліктерін бағалайды.



12. Құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлама мен сыйлық алуға кандидаттардың қажетті құжаттарының тізбесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің www.parlam.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

13. Комиссияның жұмыс органы сыйлық алуға кандидаттардың құжаттарын қабылдаудың басталғаны туралы ақпараттың БАҚ-та жариялануын қамтамасыз етеді, ұсынылған құжаттарды осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді, келіп түскен жұмыстарға талдау жүргізеді және оларды комиссияның отырысына шығарады.
жүктеу 32,31 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау