32
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
тәсілдемесін (осал топтар туралы деректерді жетіл-
діру), гендерлік теңдік қағидаларын (деректерді
жыныс бойынша, гендерлік теңсіздіктердің сипаты,
себептері мен әсері бойынша нақтылау) және эко-
логиялық тұрақтылықты (климаттың өзгеруі бой-
ынша және табиғи апаттар қатерлері мен оларға
тұрақтылық бойынша деректер) қолдануды жақсар-
туға көмектесе алады. БҰҰ жүйесі, сондай-ақ, ха-
лықтың белгілі топтарының қанағаттандырылмаған
қажеттіліктерін жақсырақ анықтау үшін аналитика-
лық шолуларды ілгерілетпек.
БҰҰ ЕК Маңғыстау, Қызылорда және Шығыс Қа-
зақстан облыстарына басты назар аудара отырып,
азаматтық қоғамның ұлттық және жергілікті деңгейде
денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласын-
дағы саясатты жасауға, жоспарлауға, жүзеге асыруға
және мониторинг жүргізуге көбірек тартылуына жәр-
демдеседі. Осылайша азаматтық қоғам ұйымдары,
әсіресе, халықпен тікелей жұмыс істейтіндері АИВ са-
ласында АИВ-пен қозғалған халықтың, үлкен қатерге
ұшырап отырған топтардың құқықтарын құрметтей
отырып, олардың қажеттіліктерін көрсететін саясат-
ты және қызметтерді жасап шығаруға көбірек қатыса
алады. Денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін тек
денсаулық сақтау ғана емес, түрлі секторлардың жау-
апкершілігі мен есеп беруін қамтамасыз ететін кешен-
ді, көпсалалы денсаулық сақтау тәсілдемесін жасап
шығаруға ерекше көңіл бөлінеді.
Сонымен бір уақытта, БҰҰ ЕК ақпарат пен білімге
жалпыға бірдей қол жеткізу мүмкіндігін және өз
ойын еркін білдіру және бейбіт жиналыс өткізу
құқығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуді жалғасты-
рады. БҰҰ ЕК Үкімет пен үкіметтік емес әріптестердің
арасында адам саудасымен күрес мәселелері бой-
ынша, адам саудасы құрбандары, баспана іздеуші
тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ұлттық
бағыттау механизмдерін қалыптастыру бойынша
ұлттық диалогты ерекше қолдайды.
БҰҰ ЕК әйелдердің әлеуетін нығайтуда, әйелдердің
құқықтарын қорғауға бағытталған құқықтық жүйе
мен саясатты жетілдіру үшін халықаралық тәжірибе
мен стандарттарды таратуда көмек ұсына алады. БҰҰ
ЕК басты назарды гендерлік мәселелерді шешудегі ке-
шенді шараларға және гендерлік теңдік саласындағы
шараларды мекемеаралық және көпсалалы түрде үй-
лестіруді нығайтуға аудара отырып, гендерлік теңдік
саласында ұлттық мақсаттар мен міндеттемелердің
жүзеге асырылуына жәрдемдеседі. Бұл БҰҰ Жарғы-
сының, Мыңжылдық декларациясының, Біріккен Ұлт-
тар Ұйымы жүйесінің шектерінде даму мақсаттарын-
дағы оперативтік қызмет саласындағы саясатқа төрт
жылдық бәрін қамтитын шолудың (ТЖСБШ), 2005
жылғы Дүниежүзілік саммиттің, Пекиндік әрекеттер
тұғырнамасының және Халықаралық тұрғын халық
пен даму конференциясының Әрекеттер тұғырнама-
сының мақсаттарымен қатар, ұлттық мақсаттарға же-
туге жәрдемдесетін болады. ДӘНБ Әйелдерге қаты-
сты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы
конвенцияны (CEDAW) және Қазақстан қатысушысы
болып табылатын адам құқықтары бойынша басқа
халықаралық келісімдер мен инструменттерді жүзеге
асыруға жәрдемдеседі. ДӘНБ бұл мақсаттарға жету-
дегі алдыңғы қатарлы тәжірибені құжатқа түсіре оты-
рып, гендерлік теңдік саласындағы міндеттемелерді
орындау мен олардың орындалуын қадағалау үшін,
әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту
үшін даму саласындағы әріптестермен тиімді тұрақты
қарым-қатынастарға жәрдемдеседі.
33
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ, ҚАЗАҚСТАН, 2016-2020
БҰҰ ЕК бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
және балалардың пікірлерін ескере отырып және
жастарға қатысты саясатты жетілдіре отырып, аза-
маттық қоғамның қызметке қатысуын белсенді кө-
термелейді. БҰҰ ЕК еріктілік пен қоғамдық жұмыс
арқылы осал жағдайдағы жасөспірімдерді саяси,
әлеуметтік және мәдени өмірге белсенді түрде тар-
тады.
Осы түпкі нәтижеге жету үшін осы бағытта жұмыс
істеуге ниеттеніп отырған БҰҰ агенттіктері: БҰҰ
АҚТБ, ДДҰ, БҰҰ ҚАД, БҰҰЕ, БҰҰ БЖКБ, БҰҰ АҚЖКБ,
БҰҰ ЕҚБ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЮНФПА және әріптес
ұйым ретіндегі МХҰ. Ұлттық әріптестер: ҚР Прези-
дентінің Әкімшілігі, Парламент, орталық және жер-
гілікті мемлекеттік органдар, ҚР Мемлекеттік қызмет
істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі, Әйелдер істері және отбасылық-демо-
графиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, ҚР
Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
комиссия және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
орталық, жергілікті әкімдіктер мен өзге жергілік-
ті органдар; ұлттық және халықаралық азаматтық
қоғам ұйымдары, олардың ішінде, қоғамдық топтар
және жастардың үкіметтік емес ұйымдары, мемле-
кеттік және мемлекеттік емес БАҚ, журналистер мен
саяси белсенді тұлғалар.
Түпкі нәтиже 2.2:
Соттық және құқықтық
жүйелер мен мемлекеттік институттар
әділетті, жауапты, есеп беретін және бар-
лығы үшін қолжетімді болып табылады.
ДӘНБ сот әділдігіне, құқықтық көмекке және адво-
каттар алқаларына қол жеткізу мүмкіндіктерін жақ-
сартуға, сондай-ақ, ӘМШ нәтижелері бойынша
ұлттық әрекеттер жоспарын қоса, адам құқықтары
бойынша БҰҰ механизмдерінің ұсыныстарын мем-
лекеттің орындауына септігін тигізеді. БҰҰ ЕК бала-
лар мен әйелдердің құқықтары саласындағы сая-
сат пен тәжірибе арқылы қылмыстардың құрбаны
болған балаларды, жыныстық және гендерлік, оның
ішінде, тұрмыстық зорлықтың құрбандарын, сон-
дай-ақ, қылмыстардың куәгерлерін қорғауды кү-
шейту мақсатында құқық қорғаушы және сот орган-
дарының реформасын қолдайды. Адам құқықтарын
бұзуларға ұлттық құқық қорғаушы институттардың,
үкіметтік емес сектордың және бұқаралық ақпарат
құралдарының анағұрлым тиімдірек жауап шара-
лары қажет. БҰҰ ЕК қылмыстылықтың алдын алуда
жаңа инструменттерді, стратегияларды, саясаттар
мен бағдарламаларды жасауды және пенитенциар-
лық жүйенің реформасын қоса, қылмыстық әділ сот
жүйесінің реформаларына ерекше қолдау көрсетеді.
Ашық икемді мемлекеттік институттар қағида-
сын ілгерілетіп, жүзеге асыру мақсаттарында БҰҰ
шешімдерді қабылдау және әкімшіліктік басқа-
ру үдерістерін ашығырақ және пайдаланушы үшін
ыңғайлырақ ету үшін денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қорғау салаларында жекелеген мемле-
кеттік органдармен жұмыс істейді. БҰҰ ЕК мемле-
кеттік органдарға қоғамдық қол жетуді ілгерілетіп,
жергілікті және республикалық мемлекеттік ме-
кемелердегі рет-жосықтардың бюрократиялығын
азайту және тиімді қадағалаудың және тыйымдар
мен қарсы салмақтардың жүйелерін орнату жо-
лымен олардың жұмысының тиімділігін жақсартуға
жәрдемдеседі.
БҰҰ ЕК қатерлерді басқару және болжау, сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қыз-
меттің жұмысындағы өзге кедергілерді жою бой-
ынша Үкіметпен жұмыс істейді, мұнда басты назар
жазалау емес, алдын алу шараларына және екі та-
раптың да әлеуетін күшейту жолымен құқық иелері
ретіндегі азаматтарды және құқықтарды қамтама-
сыз етудің кепілгері ретіндегі мемлекетті жақында-
стыруға бөлінеді.
Басты мақсат ұзақ мерзімді болашақта білікті тұрақты
мамандардың негізін жетілдіруге саяды. Әлеуетті
нығайту – ұзақ үдеріс және оң өзгерістерді өлшеу
үшін жүйелі, нәтижеге бағытталған тәсілдеме пай-
даланылатын болады. ТДМ тұрғысынан ДӘНБ-тің
осы бағытында негізгі болатын мақсаттар келесілер:
5-Мақсат (Гендерлік теңдікке қол жеткізу және бар-
лық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүм-
кіндіктерін кеңейту), 10-Мақсат (Елдердің ішіндегі
және арасындағы теңсіздіктерді қысқарту) және
16-Мақсат (Тұрақты даму үшін бейбіт және инклю-
зивті қоғам құруға жәрдемдесу, барлығы үшін әділ
сотқа қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық
деңгейлерде тиімді, есеп беретін және инклюзивті
институттарды құру).
Осы түпкі нәтижеге жету үшін осы бағыттың шең-
берінде жұмыс істеуге ниеттеніп отырған БҰҰ агент-
тіктері мыналар: БҰҰ Әйелдер, БҰҰДБ, БҰҰ БЖКБ,
БҰҰ АҚЖКБ, БҰҰ ЕҚБ, ЮНИСЕФ, ЮНФПА және
әріптес ұйым ретіндегі МХҰ. Ұлттық әріптестер: ҚР
Бас прокуратурасы, Жоғарғы сот, Әділет министр-
лігі, Ішкі істер министрлігі, сот қызметкерлерін дай-
ындайтын оқу орындары, Әйелдер істері және от-
басылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық
комиссия, жергілікті әділет органдары мен соттар;
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (Адам
құқықтары жөніндегі Уәкілдің мекемесі), ҚР Прези-
денті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комис-
сия азаматтық қоғам ұйымдары.
Достарыңызбен бөлісу: |