Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2018 жылдың І тоқсанына атқарылған жұмыстар
Ағымдағы жылы қабылданған халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспар аясында 3959 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, оның 1978 жұмыссыздар, 1677 нәтижесіз жұмыспен қамтылатындар, 304 лайықты жұмыс іздеушілер қатарында. Осыдан жоспар 967 адамға орындалды. Жылдық жоспар 24,4 пайызға орындалды.
Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына
1331 адам хабарласса, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны барлығы 973 адам болса, 967 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 93,7 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда:
-Тұрақты жұмыс орындарына- 536 адам;
-әлеуметтік жұмыс орындарына-82 адам;
-жастар практикасына-163 адам.
-Қоғамдық жұмыс орындарына-192 адам;
2018 жылы 850 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 188 жаңа жұмыс орындары құрылды (жылдық жоспардың 22,1% ), соның ішінде 175 тұрақты немесе
93,1 пайыз.
Ауданда 10 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңкелер өткізу жоспарланса, бүгінгі таңға
3 рет өткізіліп, 43 жұмыс беруші 69 бос жұмыс орындарын ұсынды. Оған 69 азаматқа жолдама берілді.
Нысаналы топтағы азаматтар жұмысқа орналасқандардың ішінен хабарласқандар 21 болса жұмысқа орналасқаны 15 немесе 54,9 пайыз. Оның ішінде хабарласқаны: мүгедектер –
10, жазасын өтеп келгендер – 11, оралмандар – 0. Осыдан жұмыспен қамтылғаны: мүгедектер- 8 (жоспар-40), жазасын өтеп келгендер -7, оралмандар -0.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Бұл бағыт бойынша:
1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 75 адам;
2) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға (қайта даярлауға) 150 адам.
3) Ағымдағы жылы ауданымыздан «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 270 үміткерді оқыту жоспарланды
Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
Бұл бағыт бойынша:
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 16 адамға 50,0 млн. теңге несиеге қаржы берілді.
Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын арттыру.
Бұл бағыт бойынша:
1) Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жыл басынан бері Республикалық бюджеттен 21792,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңға 3972,0 мың теңге игерілді (жоспар- 3972,0 мың теңге ) есептік кезенге 100 пайыз. Осыған 65 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 43 жұмыс берушіге 82 адам жұмыс орындарына жолданды. Жастар саны-27, әйелдер саны-21.
2) Жастар практикасын ұйымдастыруға Республикалық бюджеттен 43290,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 10823,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңға республикалық бюджеттен 7870,0 мың теңге (жоспар- 7870,0 мың теңге ) есептік кезенге 100 пайыз ,ал облыстық бюджеттен 1966,0(жоспар 1966,0).Осыған 150 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 78 жұмыс берушіге 163 жас түлек жұмыс орындарына жолданды.
3) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру жергілікті бюджеттен 500 адамға
24876,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңға 192 адам жолданды оның ішінде-
55 жастар. Есептік кезенге 4000,0 мың теңге немесе 90,6 пайыз игерілді (жоспар-
4000,0 мың теңге ).
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2017 жылы алдын-ала зертеу жұмыстарын жүргізу бойынша жобамен күнкөріс денгейінгің 50 пайызы 14142 теңгемен есептелгенде, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға мүмкіндігі бар 1561 аз қамтылған отбасыға оның ішінде шартты ақшалай көмекке 1259 отбасы, шартсыз ақшалай комекке 302 отбасы нақтыланып, Республикалық бюджеттен 229389,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 182578,0 мың теңге қаржы қаралған болатын. Алдайда, 2018 жылдың күнкөріс денгейінің 50 пайызы 11123 теңге болып бекітілуіне байланысты аталған 1561 отбасын қатыстыу қауыпы туындап, кент және ауыл әкімдері күнкөріс денгейінің 50 пайызы 11123 теңгемен қата зерттеп, қосымша тігілген кестеге сәйкес қайта зерттеп берілді. Осыдан 702 отбасы алуға құқылы, 859 отбасы алу құқығын жоғалтып отыр.
Бүгінгі таңға Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке Жаңақорған ауданы бойынша 485 от басы өтініш беріп, олардың 3005 отбасы мүшелеріне Республикалық бюджеттен 103390,1 мың теңге қаржы тағайындалды. Оның шартты ақшалй көмегіне 455 отбасының 2859 мүшелеріне 101698,1 мың теңге, шартсыз ақшалай көмегіне 29 отбасының 138 отбасы мүшесіне 16911,5 мың теңге тағайындалады. Осыдан шартты ақшалай көмекке тартылған отбасы мүшереінен еңбекке қаблеттілері 625 оның ішінде жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар 389, өз еркімен жұмыспен қамтылғандар 16, жүгіну мезетінде жұмысы барлар 223 болса, тұрақты жұмысқа 303, қоғамдық жұмыс орындарына 80, әлеуметтік жұмыс орындарына 5, жастар практикасына 3 жұмысқа орналастырылды.
Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру
2018 жылдың 8 қаңтарында «Қызылорда облысы бойынша бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасы мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары (Жол картасы) бекітілуіне байланысты аудан әкімінің орынбасары Б. Айтбембеттің төрағалығымен кент, ауылдық округ әкімдеріне арнайы хаттамалық тапсырмалар беріліп, аудан бойынша 8345 нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамды үй ішілік зерттеу жұмыстарын жүргізіп, заңдастыру жұмыстары жүогізіліп жатыр.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2018 жылға республикалық бюджеттен 229389,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 182578,0 мың теңге қаржы қаралып отыр. Осы мақсатқа 2018 жылдың 1 ші сәуіріне 485 отбасынан (3012 жаны бар) өтініш қабылданып 44264,5 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, оның ішінде 455 отбасының 2868 мүшесіне 42573,4 мың теңге шартты ақшалай көмек, 27 отбасының 137 мүшесіне 1691,1 мың теңге шартсыз ақшалай көмек тағайындалған. Осы тағайындалған қаржыдан 432 отбасының 2677 мүшесіне 46230,8 мың теңге, 2017 жыл үшін тағайындалған ШАК-тен 59 отбасының 395 мүшесіне 5649,2 мың теңге төленді.
Тұрғын үй көмегі , үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға төленетін материалдық көмек
Тұрғын үй көмегіне 2018 жылға аудандық бюджеттен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегіне барлығы 14308,0 мың теңге қаралған. 2018 жылдың 1 ші сәуіріне 277 отбасыдан (1617 мүшесі бар) өтініш қабылданып 6949,1 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.
2018 жылы мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін көрсетілетін әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 7301,0 мың теңге қаржы қаралып,
2018 жылдың 1-ші сәуіріне 121 мүгедек балаларға 2028,1 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалды.
Мемлекеттік атақтар берілген азаматтарға және Семей сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан азаматтарға төленетін әлеуметтік көмек
«Отан», Даңқ», Халық қаһарманы» ордендері мен ҚР құрметті атағын алғандар азаматтарға төленетін әлеуметтік көмекке 2018 жылға жергілікті бюджеттен 55,0 мың теңге қаралған, 2018 жылдың 1- ші сәуіріне 1 азаматқа 13,7 мың теңге төленді.
Семей сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан азаматтарға төленетін әлеуметтік көмекке 2018 жылға жергілікті бюджеттен 4473,3 мың теңге қаралып,төлем тамыз айында жүргізіледі.
Аз қамтылған отбасыларынан шыққан облыс әкімінің грантына ие болған студенттердің білім алуына төленетін әлеуметтік көмек .
Аз қамтылған отбасыларынан шыққан облыс әкімінің грантына ие болған студенттерге төленетін әлеуметтік көмекке 2018 жылға облыстық бюджеттен 8164,0 мың теңге бөлінген, төлем қыркүйек айында жүргізіледі.
Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік қөмек көрсету бөлімшесі
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 90 жалғызбасты мүгедектер мен қарттар есепте тұрады. Оның ішінде 6-мүгедек, 84-жасына байланысты зейнеткер. Қарттарға кент және ауылдық округ әкімдіктері арқылы әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетеді.
Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлығындағы адамдарға аптасына екі рет дүкеннен азық-түлік, жеміс-жидек және көкөніс әкеліп беруде. Сонымен қатар, қамқорлықтағы адамдарды емханаларға, жинақ кассаларына, дәріханаға апарып, қыдыртып және газет-журнал оқып береді.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеттері қызмет көрсетілетін адамдардың үйреншікті әлеуметтік ортада болуына қолайлы жағдайлар туғызып, гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларына қолдау жасауда, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің стандартына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсетіліп және оңалту іс-шаралары жүргізілуде. Жалғыз басты қарттарды және үйде қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектерді анықтап, олардың есебі жүргізілуде. Қызмет көрсетілетін адамдарға дербес құқықтары және қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетілуде. Қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, көрсетілетін әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері туралы хабардар етіліп отырады. Әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі арттылып тұрады. Әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіріп және олардың біліктілігі арттырылып отырады.
Жергілікті бюджеттен Ауған ардагерлеріне 46 ардагерге 3318,9 мың теңге, әскери міндетін өтеу кезінде мүгедектік алған азаматтарға ақпан айында 13 ардагерге 937,9 мың теңге төленді;
Бөлімде, есепте тұрған қарияларға демеушілік жасау үшін, мекемелер мен ұйымдарға тіркеп, материалдық көмектер көрсетілді. 2018 жылдың 01 сәуіріне демеушілер есебінен қарттарға 374000 теңгеге қаржылай және заттай көмектер көрсетілді.
8 наурыз Халықаралық Әйелдер Күні мерекесі қарсаңында «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 7 наурызында аудан көлеміндегі жалғызбасты аналарға бөлім басшысы А.Ахметовтың құттықтауымен 74 адамға 212,0 мың теңгеге мерекелік сый-сияпат берілді. 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында 2018 жылдың 21 наурызында орталық аланда «Арман асуы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бөлімде есепте тұрған жалғызбасты қарттармен мүгедектерге және мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап киіз үй тігіліп, дастархан мәзірін жасап наурыз көжеден дәм тарттырды, 204,0 мың теңгеге мерекелік сый-сияпат берілді және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт өткізілді.
Аудан әкімдігі жанынан 2018-2020 жылдарға құрылған аудандық әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысы ай сайын өткізіліп келеді. Комиссия құрамы 13 адамнан құрылып, 2018 жылға арналған комиссияның жылдық жоспары жыл басында бекітіліп, комиссия отырысы жыл басынан бері 2 рет өткізілді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің атқарылған жұмысы
«Мүмкіндігі шектеулі» 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы 2015 жылғы 26наурыздағы №165 бұйрығына байланысты «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына» сәйкес жұмыстар атқарады. Осы заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызмет саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтерді көрсетеді. Қазіргі таңда барлығы 1 бөлімше меңгерушісі, 1 әлеуметтік маман,
46 әлеуметтік қызметкер 222 балаға әлеуметтік қызмет көрсетіп отыр. Жартылай стационар жағдайында 25 мүмкіндігі шектеулі бала «Нұрлы Сенім» қоғамдық қорынан қызмет алып жатыр.
22-наурыз мерекесінде 20 балаға «Жастар қолдау орталығы» киізүйге шақырып, наурыз көже береді.
Жеке демеушілер мен жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі балаларға әрбір іс-шарада қаржылай көмектер көрсетіледі.
АХАТ мәліметі
2018 жылдың қаңтар айынан наурыз айының аралығында АХАЖ бөліміне азаматтардан
655 өтініш түсіп, соған сәйкес 655 акт жазбасы, оның ішінде 403 туу, 129 жастың неке қиюы, 70 азаматтың қайтыс болу, 34 неке бұзу және 17 әке тануды анықтау жайлы, тегін,атын,әкесінің атын өзгерту жайлы 2 акт жазбалары тіркелді.
Қайталама куәліктер алу жайлы ХҚКО –нан 125 өтініш қабылданып, куәліктер мерзімінде жолданды. «Электронды Үкімет Порталы» арқылы некеге тұру туралы 87өтініш және алғашқы тууды тіркету жайлы 145 өтініш түсіп барлығы мерзімінде орындалды.
ТМД және басқа да аудандық,қалалық АХАЖ бөлімдері тарапынан келіп түскен хат-хабарларға мерзімінде тиісті жауаптары жолданды
Достарыңызбен бөлісу: |