Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет43/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   147

Ө/ІЕУМЕТТЕНУ
101
мыз  жетілмесе  де  сол  бала  кездегі  тәжірибелеріміз  кейінгі  дамуы- 
мызға негіз болады.
Ата-ананың діни ұстанымы, әлеуметтік деңгейі мен ұлты -  баланың 
мінез-құлқына,  нанымына,  өзін-өзі  бағалауына  және  қоғамда  алатын 
орнына ықпал ететін әлеуметтенудің маңызды агенті болып табылады. 
Олар басқалардың бала жайындағы пікіріне эсер етеді және баланың от- 
басынан тысқары ортада әрекегке түсетін топтарын анықтайды. Осылай- 
ша, отбасының нәсілі, деңгейі және діні баланың аулада, мектепте және 
жұмыс барысында алғашқы тәжірибе жинауына ықпал етеді.
Қатарластар
Өткен  ғасырларда  кейбір  балалар  оқшауланған  шаруа  қожалықта- 
рында өмір сүрді, қазіргі кезде де сондай жағдай кездеседі. Мұндай ба- 
лалардың отбасылары бала кезінен әлеуметтенудің жалғыз маңызды 
агенті  болды.  Алайда  соңғы  бірнеше  онжылдықтағы  міндетті  білім 
беру,  жұмыс  істейтін  жастар  санының артуы  қазіргі қоғамда  жастар 
субмәдениетінің пайда болуына себеп болды. Ата-аналардың екеуі де 
жүмыс істеуі бұл жагдайды одан әрі жеделдетіп жіберді. Сөйтіп, қатар- 
ластар тобымен өзара  әрекетке түсу арқылы вакуумның орны толты- 
рылды (Osgood et al, 1996). Қатарластар тобы дегеніміз-жастары және 
әлеуметтік мәртебесі бірдей адамдар. Осы топтың әр мүшесі қатарлас 
деп аталады. Көптеген балалар осы топқа кіруге үлкен мән береді және 
сол топтың мәдениетін тез қабылдайды (Harris, 1998; Handel, Cahill, 8c 
Elkin, 2007).
Әлеуметтенуді  және  өзін-өзі  бағалауды  дамытуда  қатарластар- 
дың өзара әрекеттесуінің ықпалы қандай? Бір-бірімен араласатын ба- 
лалардың киім кию улгісі мен іс-әрекеттері ұқсас болып келеді. Мейлі 
олар чирлидерлер, жақсы оқитын студенттер тобы немесе банды бол- 
сын,  қатарластар  топ  мүшелеріне  сол топқа  сай  болу жөнінде  талап 
қояды.  Ересектердің бақылауынсыз достарымен  көбірек уақыт  өткіз- 
ген балаға достары міндетті түрде эсер етеді (Haynie 
&
 Osgood, 2005).
Нәтижесінде,  қатарластардың құндылықтары  мен  өмір  салтына 
сай  болуға  ұмтылу отбасында  кикілжіңдердің туындауына  әкеп  соқ-

Отбасы баланы әлеуметтендіруде,
I   баланың нақты дағдыларды, тілдерді, 
құндылықтарды меңгеруінде маңызды 
рөл атқарады.
Қатарластар тобы -  жасы мен 
әлеуметтік мәртебесі бірдей 
адамдар.
Қатарлас - қатарластар тобының 
мүілесі.


102
3-ТА РА У
әлеуметтану және 
сіз
С із  б о л а ш а қ  м а м а н д ы ғ ы ң ы з д ы  
т а ң д а с а ң ы з ,   о н д а   к ә с іб и   ә л е у -  
м е т т е н у д і   б а с т а ғ а н   б о л а р с ы з . 
М а м а н д ы ғ ы ң ы з   а г ы л ш ы н  
т і л і н і ң   м у ғ а л і м і   б о л с ы н , 
м е й і р б и к е ,   и н ж е н е р   б о л с ы н , 
п р о ф е с с о р л а р ы ң ы з   с і з д е р г е  
б о л а ш а қ  м а м а н д ы қ т а р ы ң ы з  
т у р а л ы  т ү с і н і к   б е р і п ,   қ а ж е т т і  
д а ғ д ы л а р д ы   ү й р е т е   б а с т а ғ а н  
ш ы ғ а р .  О л а р ,  с о н д а й - а қ  ж а р а т ы л ы с  
т у р а л ы   о й л а у д ы ң   б е л г і л і   б ір  
ж о л д а р ы м е н  т а н ы с т ы р а д ы , 
с а н д а р м е н   ж ұ м ы с   і с т е у  н е м е с е  
с ө з б е н  ж ү м ы с   іс т е у ,  е к і  қ о л м е н  
ж ұ м ы с   і с т е у  н е м е с е   а қ ы л - о й м е н  
ж ұ м ы с   іс т е у ,  б і р л е с і п   ж ұ м ы с  
і с т е у   н е м е с е   б ә с е к е л е с у   с и я қ т ы  
ұ ғ ы м д а р г а   т о қ т а л а д ы .

Теледидар әлеуметтендіруде үлкен 
I   рөл атқарады. Өйткені кішкентай 
балалар үнемі теледидәр көреді.
тырады,  мысалы,  баланы  құрдастары  тіліне  сырға  тағуға  үгіттейді, 
ал ата-анасы  бұган наразылық білдіреді.  Керісінше, егер отбасы мен 
құрдастардың құндылықтары бірдей болса (мысалы, екеуі де консер- 
вативті христиандар  немесе либералды  музыкалық әуесқойлар  бол­
са),  қатарластар  арасындағы  әлеуметтену  отбасымен  байланысты 
күшейе түседі.
Кейбір ғалымдардың айтуынша, қатарластардың ықпалы отбасы- 
ның ықпалына қарағанда  анағұрлым күшті (Corsaro, 2003, 2004). Эри­
не, жастарға мінез-құлық пен құндылықтарды үйретуде қатарластар 
тобы  ата-аналарға қарағанда  өзгеше жолды таңдайды.  Мысалы,  олар 
«шөп  шегуді»  немесе  «жеңілтек»  кездесулерге  баруды  үйретуі  мүм- 
кін.  Дегенмен  құрдастардың  ықпалын  асыра  бағалау  жиі  кездеседі 
(Haynie  & Osgood,  2005).  Біріншіден,  балалар  бірге  жүргендіктен  олар- 
дың  қарым-қатынасы  мен  тәртібінде  үқсастықтар  пайда  болмайды, 
керісінше, олар мінез-құлқы мен тәртібі ұқсас болғандықтан достасуы 
мүмкін, өйткені мормондар басқа мормондарды іздейді, рейверлер өзі 
сияқтыларды  табады.  Екіншіден,  жасөспірімдер  достарының  да,  ата- 
аналарының  да  пікіріне  алаңдайды,  тіпті  достарымен  бірге  болған 
кезде  ата-аналары  қолдамайтын  іспен  айналысса  да  оны  ата-анасы 
білмей қалар деген ойда болады.
Мектептер
Әлемде  мектеп жасындағы балалар үшін  әлеуметтенудің маңызды 
агенті -   мектеп.  5  жасқа  дейін  мектепке  дейінгі  мекемелерге  бара- 
тын  балалар  -   өмірде  табысқа  жету  үшін  қажетті  негізгі  мәдени, 
әлеуметтік  және  лингвистикалық  дағдыларды  меңгереді.  Кейін 
олар  мектепте тағы да  бәрін басынан  бастайды.  3.1-картада  мектеп­
ке дейінгі мекемелерге баратын 5 жасқа дейінгі балалардың пайыз- 
дық улесі көрсетілген.  Сол сияқты, кедей елдерде көптеген балалар 
мектепке  қысқа  мерзімге  ғана  барады.  Сол  себепті  өз  мүмкіндік- 
терін  азайтады. Дегенмен мектеп бірнеше жыл  бойы  балаларға оқу, 
жазу  және  арифметикалық  дағдылардың  негіздерін  үйретеді.  Сол 
арқылы  олардың  экономикалық  келешектерін  айтарлықтай  жақ- 
сартуға болады.
АҚШ сияқты бай елдерде білім беру балалықтың қалыпты бөлігі 
ретінде қабылданады. Бұл елдердегі мектептердің басты қызметі - ба- 
лалардың  бойында  жоғары  технологиялық  қоғамда  өмір  сүруі  үшін 
қажетті дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыру.
Кедей  елдерде  де,  бай  елдерде  де  мектептер  негізгі  дағдылар 
мен  техникалық  білімнен  әлдеқайда  көп  нәрсе  үйретеді.  Олар,  сон- 
дай-ақ қоғамның басым топтарының немесе мәдениетінің ортақ құн- 
дылықтарын береді (Rothstein, 2004; Spring, 2004; Handel, Cahill, & Elkin, 
2007).  Бұған қоса  мұғалімдер  балаларға  (әсіресе  кедей  немесе жұмыс- 
шы тап балаларына) бір орында отыруды, тапсырмаларды орындауды 
және басқаларға сай болуды үйретеді (Gatto, 2002). Сонымен қатар мек­
тептер балаларды басқалармен бәсекелесуге және өздерін де, өзгелерді 
де жеткен жетістіктеріне  қарай бағалауға  баулиды.  Қорыта келгенде, 
мектеп -  еңбекке, қызметке, әскерге және басқа да ұйымдарға дайын- 
дайтын жаттығу алаңы.
Бұқаралық ақпарат құралдары
Өмірімізді  теледидар,  веб-сайттар,  подкастар,  журналдар,  фильмдер, 
билбордтар  және  басқа  да  бұқаралық  ақпарат  құралдарының хабарла-


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау