108
3-ТА РА У
І
Алдын ала әлеуметтену
бізді болашақта атқаратын
рөлдерімізгедайындайды. Балалар
ана мен әкенің өзін қалай ұстау
керектігін өз көздерімен көреді.
әлеуметтану және
сіз
Теледидар, интернет желісі,
билбордтар және басқа жерлердегі
жарнамалар әлеуметтендіруде
маңызды рөл атқарады. Мысалы,
Soda жарнамалары бір брендтің
басқаларға қараганда дәмді екенін
көрсетіп қана қоймай,
сол брендтің
пайдаланушылары көңілді,
бай, тартымды және басқаларға
қарағанда танымал екендігіне
көз жеткізуге тырысады. Сіздің
сүйікті сусыныңыз қалай
жарнамалануда?
Кәсіби әлеуметтену - белгілі
бір кәсіпке сай білім алып, соған
қажетті дағдылар мен мәдени
құндылықтарды үйрену процесі.
келген адам алдымен кәсіби әлеуметтенуден өтуі тиіс. Кәсіби әлеу-
меттенудің мақсаты - белгілі бір кәсіпке сай білім алып, соған қа-
жетті дағдылар мен мәдениетті үйрену. Полиция қызметкерлерін
дайындау осы тенденцияның жақсы үлгісін үсынады.
Полиция академиясына бірнеше ай бойы бақылау жүргізген
әлеуметтанушы Норман Контидің (2009) айтуы бойынша, билікке
(полиция басшысына) мойынсүну және сыйлау полиция мәдение-
тінің басты бағьггы болып саналады және жаңадан қабылданған-
дар оқуды содан бастайды. Бұл жаттығулардың көпшілігі, мысалы,
аяқкиімін мүқият жылтыратпағаны үшін немесе дене шынықтыру
жаттығуларын нашар орындағаны үшін масқаралауға, мазақ қылуға
немесе жаман сөздермен ұрсуға негізделген. Сонымен қатар жаңадан
қабылданғандар түрлі кемсіту рәсімдерінен өтуі тиіс. Мысалы, Кон
ти бақылаған академияда әскерге жаңа шақырылғандар азаматтық
тұлғаны немесе офицерді көрген сәтте «пошта» деп айқайлап, содан
кейін жақын қабырғаға жүгіріп барып, офицер оларды босатқанша
сол қабырғаға сүйеніп түруы керек екен.
Академиядағы оқыту құқықтық мәселелер мен мылтық ату
сияқты жаттығуларды қам гитыны белгілі. Ал айлар бойғы
жаттығу
кемсіту рәсімін артықшылықпен (мысалы, полиция формасын кию
құқығы) теңдестіреді, полиция қызметкерлері қатарына қабылдан-
ған жағдайда бұл үлкен мақтаныш. Дегенмен билікке мойынсүнба-
ған кез келген адам сөзсіз тез арада оқудан шығарылады (Conti, 2009).
Масқаралау мен марапаттаудың бұл қосындысы түлектердің поли
ция дағдылары мен полиция мәдениетін толығымен қабылдауына
кепілдік береді.
65 жас және одан жоғары
Осы күні америкалықтардың көбі 65 жастан артық өмір сүреді. Кей-
біреулері жетпіс, сексен және тіпті одан үлкен жасқа дейін толық
жұмыс істей береді. Ал кейбірі оқу орнына қайта оралып, жаңа ма-
мандық алады. Бірақ көпшілігі қарттықты зейнеткер ретінде дара-
лықтыңж аңа сатысына өтудеп түсінеді. Сол себепті олар алдын ала
әлеуметтенуді жүзеге асыра алады: зейнетке шыққанға дейін ерікті-
лер тобында жүмыс істеп көреді, зейнетке шыққаннан кейінгі жаңа
ермегін немесе білім алу мүмкіндіктерін ойлайды немесе кейін өмір
сүретін жерін, немен айналысатынын ойластыруды зейнеткерлік
«ойын жоспары» арқылы жүзеге асырады.
Сондай-ақ олар өздеріне қажет болашақтың үлгісі ретінде зей
нетке шыққан достарына және туыстарына қарайды. 65 жасқа тол-
ғанға дейін жұмыс істемей үйде отырган адамдар үшін қартаю түрлі
жаңа проблемалар туыыдатады. Кейбіреулерге жүбайы үйде жүрген-
де үй шаруасымен айналысу қиынға соғады. Мұндай жағдайда екі
адамға да өз сенімі мен мінез-қүлқын бейімдеу қажет болуы мумкін.
Мысалы, алдын ала әлеуметтенуге қарамастан ерлі-зайыптылардың
үй шаруасын қалай бөлісуге болагынын келісіп алуы - ұрсысудың
алдын алудың жалғыз жолы деген қорытынды жасай алады.
Өкінішке қарай, егде жастағы адамдардың көбі жұбайы неме
се ұзақ жылдар бойы бірге болған серігі қайтыс болғаннан кейін
күйзеліске түсіп, «мен кіммін», «қалған өмірімді қалай өткізем» де
ген сияқты сұрақтарға жауап іздей бастайды. Кейбірі басқа адамды
кездестіреді, ал кейбірі жалғыз өмір сүруге бекінеді. Өмірдің басқа
кезеңдеріндегі тәрізді серігінен жақында айырылған адамға қатар-
ластары жаңа жағдайға, ойлау мен әрекет етудің жаңа жолдарын үй-
ренуге, жаңа дағдыларды (тамақ дайындау, шамды ауыстыру немесе
ӘЛЕУМЕТТЕНУ
109
І
Кәсіби әлеуметтену арқылы
жаңадан қабылданғандар - полиция
қызметкерлерінентехникалықдағдылар
мен мәдени құндылықтарды үйренеді.
жаңа жұбайымен жыныстық қатынасқа түсу) қалыптастыруға, соны-
мен қатар тәуелсіздік пен жалғыздықты қалай бағалауға болатынын ай-
тып ақыл-кеңес береді.
Жасы 80-нен асқандардың көбі ұзақ мерзімді күтім жасайтын ме-
кемеге көшуі керек. Мұндай жағдайда адамдар жаңа мінез-құлық ере-
желерін үйренуі тиіс (Wiersma & Dupuis, 2010). Бұл адамдар енді жеке
өмірінде өзге нәрселермен қатар, құпиялықтың (мысалы, киінгенде
немесе дәретхананы пайдаланғанда көмек қажет етегін жағдайларда)
азаятынын мойындауға мәжбүр болады. Олар өздері білмейтін және
таңдамаған адамдармен тамақтануға, жаңа күн тәртібі мен кестелерді
қабылдауға дағдылануы керек.
Қайта әлеуметтену
Әлеуметтену жайлы талдауларымызда айтылғандай, өмір бойы әлеу-
меттену - әдетте біртіндеп жүретін процесс. Бірақ кейде қоғамдағы
орнымыз түбегейлі өзгереді, сөйтіп, басқаша өмір сүру үшін өзімізді
бүрынғыша бағалаудан, өмірлік ұстанымдарымыздан бас тартуға
мәжбүр боламыз. Жаңа өмір салтына тән сенім мен құндылықтарды
үйрену процесі қайта әлеуметтену деп аталады. Әдетте бүл термин
адамның өз өмір салтын тез және еріксіз түрде өзгертуіне мәжбүр
болған жағдайларға қатысты қолданылады.
Қайта әлеуметтенуге мысал ретінде адамның өмір бойы мүгедек
болып қалуын келтіруге болады. Мүгедектікке
ұшыраған жандар өмір-
ге бейімделу үшін қарқынды түрде қайта әлеуметтенеді. Олардың әлеу-
меттік жағдайы мен әлеуеті кенеттен өзгереді. Ал олардың бұрынғы
өзіндік ұғымдары жаңа өмірімен мүлде үйлеспейді. Олар өз дәретін
бақылаудан, жүріп-тұрудан немесе киінуден қалуы мүмкін, бұрынғы-
дай жыныстық қатынасқа түсе алмауы ықтимал. Егер жас адам бол-
са отбасын құрып, бала сүйе аламын ба деген сұрақтар төңірегінде
толғануы ғажап емес. Егер ересек адам болса, онда сүйікті жұбай неме
се ата-ана ретінде өз орнын қайта бағалауы керек болады. Өміріндегі
мұндай өзгерістер одан өзін-өзі бағалауын түбірімен қайта айқындау-
ын талап етеді. Егер өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру керек болса, онда
басымдықтарды қайта анықтап, жаңа, физикалық белсенділігі томен
мінез-құлық қалыптастыруы тиіс.
Қайта әлеуметтену - өміріндегі
өзгерістерге байланысты адамның
өзін-өзі бағалауын өзгертіп,
қалыптасқан өмір салтынан бас
тартуы (көбінесе еріксіз).