Перспективалық жоспар
Ересектер тобы 2018жыл Ақпан айы
Өтпелі тақырып «Бізді қоршаған орта»
Мақсаты:Қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларына не баланың тұлғасын дамытуды, адамгершілік нормаларын, төзімділікті және адамдарға құрмет танытуды сезінуін қамтамасыз етеді.
Міндеттері: Қоршаған ортадағы жақсы, жаман нәрселер туралы түсіндіру.Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.Әдептілікке тәрбиелеу
«Денсаулық»-3
Дене шынықтыру-3
Қауіпсіздік мінез-құлық негіздері-0,5
|
«Коммуникация»-5
Орыс тілі-1
Драма-0,5
Көркем әдебиет-0,5
Сөйлеуді дамыту-1
Ағылшын-1
Сауат ашу негіздері-1
|
«Таным»-2,5
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру -1
Құрастыру-0,5
Жаратылыстану -1
|
«Шығармашылық»-5
Сурет-1
Мүсіндеу-1
Музыка -2
Аппликация -1
|
«Әлеумет» -1,5
Экология негіздері-0,25
Қоршаған ортамен таныстыру-0,25
Өзін-өзі тану -1
|
Вариативтік компонент-3
Жүзу-1
Кішкентай тілмаш-0,5
Оригами -1,5
|
5-9 02
Дене шынықтыру -3
Нұсқаушы жоспары бойынша
|
Орыс тілі-1
Жетекші жоспары бойынша
Көркем әдебиет -1 Тақырыбы:
« Әдептілік әлемі »
( өлең оқу ) Мақсаты: « Әдептілік әлемі» өлеңін мәнерлеп оқу, сөз мағыналарын түсіндіру, өлең арқылы балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, әдептілік туралы өз ойларын ашып айта білуге баулу, әдепті, кішіпейіл, мейрімді болуға тәрбиелеу.
Сөйлеуді дамыту-1 Тақырыбы: «Сөз, сөйлем. Ажарлы қыс» Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыру, балаларға табиғат көріністерін сипаттап, қыс қызықтарын айтқызып үйрету, өлең шумақтарын жаттату, сөздік қорларын молайту, табиғаттың әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Ағылшын тілі
Мұғалім жоспары бойынша
Сауат ашу негіздері Тақырыбы: «Б» дыбысы мен әрпі.
Максаты: «б» дыбысы мен әрпін қайталату, буындарды оқыту, сөздерді оқыту арқылы балалардың тілдерін дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру -1
Тақырыбы: Ұзындық. Шартты өлшеуішті пайдалана отырып, заттарды ұзындығына қарай салыстыру.
Мақсаты: ұзындық туралы түсініктерін қалыптастыру; заттардың ұзыдығын бір-біріне салу арқылы және шартты өлшемнің көмегімен өлшеуді үйрету; балалардың кеңістіктік қиялы мен сөйлеу қабілетін, зейінін дамыту; сұраққа толық, дұрыс жауап беруге үйрету.
Құрастыру-1 Тақырыбы: «Домбыра»
Мақсаты: Ұлттық ойыншықтар кешені бойынша домбыраны құрастыру арқылы ұлттық аспап туралы түсініктерін дамыту.
Жаратылыстану
Тақырыбы:«Жаяу жүргінші ережелері»
Мақсаты: Балаларға жол ережесі,жол белгілері туралы білім беруді жалғастыру.Көшедегі тәртіп ережесін қатаң сақтауға,жолда зейінді болу дағдыларын бойларына сіңіру.
|
Сурет салу-1
Тақырыбы: Қар кесегі.
Мақсаты: қыс қызығымен таныстыру, қысқы табиғат құбылыстарын сезіне білуге, қардың «аппақ ұлпа», «мамықтай» жұмсақ болатынын түсіндіру, балаларға дербес түрде қар кесегін салуды үйрету.
Музыка-2
Мұғалім жоспары бойынша.
Аппликация-1
Тақырыбы: «Алдаркөсенің шапаны»
Мақсаты: Балаларды ертегіні тыңдай білуге және баян- дауға дағдыландыру; қағазды әртүрлі тәсілмен бүктеуге, умаждауға үйрету; саусақ бүлшың еттерін жетілдіру; жапсыру оқу іс-әрекетіне деген қызығушылыңтарын арттыру.
Мүсіндеу-1
Тақырыбы. «Саңырауқұлақтар»
Мақсаты:Түс ерекшеліктерін ажырата отырып бірнеше саңырауқұлақты мүсіндеу арқылы сюжетті мүсіндеуге үйрету,үңгу,жалпақтау әдістерін меңгерту.
|
Өзін-өзі тану-1 Тақырыбы: «Адал дос»
Мақсаты: Балаларға бірлік ,татулық ,достық ұғымдарын терең ұғындыру, оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру .Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. Бір-бірімен дос болуға ,татулыққа ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сыйластық қарым-қатынастарын арттыру.
|
Жүзу-1
Нұсқаушы жоспары бойынша
Оригами -1
Тақырыбы: «Қызғалдақ»
Мақсаты: Оригама өнерімен таныстыру. Балалардың қағазбен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру. Қағазды бірнеше бүктеу әдіс-тәсілдері арқылы «Қызғалдақ» бейнесін жасату.Талғампаздыққа тәрбиелеу.
Кішкентай тілмаш-1
Мұғалім жоспары бойынша
|
12-16 02
Дене шынықтыру-2
нұсқаушы жоспары бойынша
Қауіпсіздік мінез құлық негіздері-1
Тақырыбы: Мұрын және тыныс алу мүшелері.
Мақсаты: Балаларды тыныс алу мүшелерімен таныстыру. Адам ағзасына ауаның өту жолын көрсету. Мұрынның ағзаны сақтаудағы маңызы туралы түсінік беру.
|
Орыс тілі-1
Мұғалім жоспары бойынша
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Қыс», (А.Құнанбаев). «М», «н» дыбыстары
Мақсаты: Мазмұны бойынша әңгімелесуге үйрету, балалардың өз сөзімен суреттеп сөйлей білу қабілетін дамыту; еңбек қорлыққа тәрбиелеу.
Сауат ашу негіздері -1
Тақырыбы: «С» дыбысы және әрпімен таныстыру.
Мақсаты: «С» дыбысы және әрпімен таныстыру; балаларға дыбыстық талдау жасауды, буынға бөлуді үйрету; ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ағылшын тілі-1
Мұғалім жоспары бойынша
Драма -1
Тақырыбы: «Ақымақ қасқыр» ертегісі
Мақсаты: Балаларға ертегіні оқып беріп, ертегі кейіпкерлерінің жағымды-жағымсыз қасиеттерін көре білуге ,өз ойларын жеткізе білуге баулу, ертегі арқылы жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
|
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру-1 Тақырыбы: 7 саны және цифры. 7 санының жасалуы, 1-ді қосу.
Мақсаты: 7 саны және цифрын еңгізу; цифр мен заттың санын сәйкестендіруді үйрету; санды және реттік санау дағдысын жетілдіру; 7- цифрын табу және бейнелеуді үйрету; балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту. Жинақылыққа тәрбиелеу
Жаратылыстану-1
Тақырыбы:«Ұлы Отан соғысы ардагерлері»
Мақсаты: Балаларды Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен таныстыру;Ұлы Отан соғысы және осы соғысқа қатысқан қазақ батырлары туралы мағлұматтарын кеңейту. .
|
Сурет салу -1
Тақырыбы: Атама арналған тымақ.
Мақсаты: балаларды ер адамға арналған баскиімнің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, баскиімнің басқа да киімдерден өзгешелігімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін сыйлап-қадірлеуге тәрбиелеу.
Музыка -2
Мұғалім жоспары бойынша.
Мүсіндеу-1
Тақырыбы: «Мысық жіп орамымен ойнайды»
Мақсаты:Саусақ арқылы жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.Ермексаздың түсін ажырата білу, саусақ бұлшық еттерінің қимыл қозғалысын дамыту.Тазалыққа,ұқыптылыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Аппликация-1
Тақырыбы: «Орамалды әшекейлеу».
Мақсаты: Түстерді сәйкестендіріп сәндеу техникасы бойынша бұйымдарды әшекейлеуді үйрету; балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтау; достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.
|
Өзін-өзі тану -1
Тақырыбы:«Достық бірлікте»
Мақсаты:«Достық», «бірлікте»құндылығы туралы түсінік беру.Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. Бір-бірімен дос болуға тәрбиелеу. Сыйластық қарым-қатынастарын арттыру.
Қоршаған ортамен таныстыру-1
Тақырыбы: «Ержүрек мамандық иелері»
Мақсаты:Балаларды мамандықтармен таныстыруды жалғастыру.Ержүрек мамандық иелерінің жұмыстары жайлы жалпы мағлұмат беру, олардың арнайы көліктері,құрал-жабдықтары жайлы түсінік беру.Еңбексүйгіштікке баулу .
|
Жүзу-1
Нұсқаушы жоспары бойынша
Оригами-2
Тақырыбы: «Тышқан»
Мақсаты: Балаларды қағаздан тышқанды жасауды үйрету,қағазбен жұмыс жасауға деген қызығушылықтарын арттыру,өз бетінше жұмыс жасауға,ұқыптылыққа баулу.
Тақырыбы: «Құстар»
Мақсаты: Балаларды қағаздан әтешті жасауды үйрету,қағазбен жұмыс жасауға деген қызығушылықтарын арттыру,өз бетінше жұмыс жасауға,ұқыптылыққа баулу.
|
19-23 02
Дене шынықтыру- 3
Нұсқаушы жоспары бойынша
|
Орыс тілі-1
Мұғалім жоспары бойынша
Көркем әдебиет-1 Тақырыбы: « Ақымақ қасқыр» (ертегі) Мақсаты: балаларға ертегіні оқып беріп, ертегі кейіпкерлерінің жағымды- жағымсыз қасиеттерін көре білуге, өз ойларын жеткізе білуге баулу, ертегі арқылы жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөйлеуді дамыту -1
Тақырыбы: Сөйлем түрлері (хабарлы, лепті, сұраулы) «Қысқы ойындар» сурет бойынша әңгімелеу
Мақсаты: Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету; дауыс ырғағына қарай оларды ажырата білу іскерлігін дамыту; табиғатты сүйіп қорғай білуге тәрбиелеу.
Ағылшын тілі-1
Мұғалім жоспары бойынша Сауат ашу негіздері-1 Тақырыбы: «С» дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: «с» дыбысы мен әрпін қайталату, қысқа сөздерді оқыту арқылы тілдерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
|
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру -1
Тақырыбы:1-ден 7-ге дейінгі сандар. Апта күндері.
Мақсаты:аптадағы күндердің атауын жаттау; балалардың бойында уақыт туралы түсінік қалыптастыруды жалғастыру. 7- ге дейінгі сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру; балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.
Құрастыру -1
Тақырыбы: «Ою-өрнектер»
Мақсаты:Сым темірлермен жұмыс жасауға дағдыландыру,ою-өрнек элементтерін сым темірді иіп жасауға және одан өрнек құрастыруға жаттықтыру,көркемдік талғамын қалыптастыру.
Жаратылыстану -1
Тақырыбы:«Сақтанышта қонақта.Орман-тоғайда,суда қауіпсіздік ережелерін сақтау»
Мақсаты: Табиғаттағы өзін-өзі ұстау тәртібімен таныстыру,қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарауды үйрету.Табиғатты аялап сүюге,қамқорлыққа ала білуге тәрбиелеу.
|
Сурет салу -1
Тақырыбы: Ақшақардың сүйікті достары.
Мақсаты: Ақшақардың достарымен танысып, оларды суретін сала білуге үйрету, балаларды қайырымды болуға, бір-бірімен дос болуға тәрбиелеу.
Музыка -2
Мұғалім жоспары бойынша.
Мүсіндеу -1
Тақырыбы: «Дән терген құс»
Мақсаты: Балаларға құстардың тіршілігі жайлы түсінік беру, мүсіндей білуге үйрету Балалардың ойлау қабілетін,шығармашылығын,ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Құстарға қамқор болуға,адамгершілікке,ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Аппликация-1
Тақырыбы: «Сауыттағы гүл».
Мақсаты: Балаларға өсімдіктердің пайдасы, оның қасиеттері туралы түсінік беру; бүктеу әдісін қолданып, жаңа жапсыру тәсіліне үйрету; ұсаң қол қимылдарын дамыта отырып, қию, жапсыру дағдыларын қалыптастыру; табиғатты аялай білуге, жақсы тілектер айтуға, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
|
Өзін-өзі тану-1
Тақырыбы: «Сәлемдесе білемін»
Мақсаты: Балаларға сәлемдесу амандасу туралы түсінік беру.Балаларды сәлемдесе білуге үйрету ;Балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту;әдептілікке тәрбиелеу.
|
Жүзу -1
Нұсқаушы
жоспары бойынша
Оригами-1 Тақырыбы: «Жұлдыз құрт»
Мақсаты: әртүрлі жәндіктерді қағаздан бүктеп,құрастыру арқылы жасау дағдыларын бекіту, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
Кішкентай тілмаш-1
Мұғалім жоспары бойынша
|
26-02 02
Дене шынықтыру-2
Нұсқаушы жоспары бойынша
Қауіпсіздік мінез құлық негіздері-1
Тақырыбы: «Күн тәртібі»
Мақсаты:Балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту.Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру.Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдарын кеңейту. Ұйқы күн тәртібінің құрамды бір бөлігі деген түсінік қалыптастыру.
|
Орыс тілі-1
Мұғалім жоспары бойынша
Сөйлеуді дамыту -1
Тақырыбы: «Бізде ойнаймыз» ертегісі М. Төрежанов
Мақсаты: Ертегі мазмұнын айтуға үйрету; балаларға берілген дыбыстық сөзді ойлату; ой-өрісін кеңейту; есте сақтау қабілетін дамыту, туған жердің табиғатына қамқор болуға тәрбиелеу.
Сауат ашу негіздері -1
Тақырыбы: «Ң» дыбысы және әрпімен таныстыру.
Мақсаты: «ң» дыбысы жэне әрпімен таныстыру, «ң» дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету; балалардың тілдерін дамыту, сөздерді дұрыс оқуға баулу; табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу.
Ағылшын тілі-1
Мұғалім жоспары бойынша Драма-1
Тақырыбы: «Мысық неліктен тышқанды жейді?»ертегісі
Мақсаты:
- Балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік қарым қатынас әлемімен таныстыру. Ертегі мағынасын түсінуге кейіпкерлер іс әрекетін бағалауға, олар жайлы айту,түсіндіру;
- Өз түсінігін жүйелі айта білуге баулу, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту;
- Қиын кезде достарына көмектесе білуге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
|
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру-1 Тақырыбы: 8 саны және цифры. Қағаз бетінде бағдарлау (жоғары, төмен, ортасы, оң жағы, сол жағы)
Мақсаты:8 саны мен цифрын еңгізу; цифр мен заттың сәйкестендіруді үйрету; сандық және реттік санау; 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеу; балалардың зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту; бір-біріне көмек көрсетуге дайын тұруға тәрбиелеу.
Жаратылыстану-1
Тақырыбы: «Заттардың адам өміріндегі маңызы»
Мақсаты: Заттардың әр түрлі екенің түсінік беру. Әңгімелесу,ойын арқылы есте сақтауын. Заттарды ұқыпты ұстауға
|
Сурет салу-1
Тақырыбы: Қыстағы шуақты күн.
Мақсаты: Балалар бойында байқағыштық, қысқы табиғат құбылыстары ерекшелігін сезіне білушілік, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиелеу
Музыка-2
Мұғалім жоспары бойынша
Мүсіндеу-1
Тақырыбы: «Торғай»
Мақсаты: Балаларға құстардың тіршілігі жайлы түсінік беру, мүсіндей білуге үйрету.Балалардың ойлау қабілетін,шығармашылығын,ұсақ қол қимылдарын дамыту.құстарға қамқор болуға,адамгершілікке,ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Аппликация-1
Тақырыбы: «Көлшікте».
Мақсаты: Су асты және су үстінде мекен ететін жануарлар түрімен таныстыру. Балаларға қағазды бүгу, бүктеу, қаттау адістерін қолдануға және дүрыс желімдеу дағдыларына үйрету; шығармашылық қиялын, ойлау қабілетін дамыту; табиғатты сүюге тәрбиелеу.
|
Өзін-өзі тану -1
Тақырыбы:«Жақсылыққа жақсылық»
Мақсаты: Жақсылық ұғымы тұралы түсініктерін кеңейту.Жағымды қасиеттерін дамыту. Жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Экология негіздері-1
Тақырыбы: «Жабайы жануарлардың тіршілігіндегі күзгі және қысқы өзгерістер»
Мақсаты: Жануарлардың тіршілігіндегі күзгі және қысқы өзгерістермен,тіршілігімен таныстыру;жануарлардың қысқа қалай дайындалатыны туралы түсінік беру.Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
.
|
Жүзу-1
Нұсқаушы жоспары бойынша
Оригами-2
Тақырыбы: «Балапан»
Мақсаты: әртүрлі бұйымдарды қағазды бүктеп,құрастыру дағдыларын бекіту, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
Тақырыбы: «Жылан»
Мақсаты: әртүрлі бұйымдарды қағазды бүктеп,құрастыру дағдыларын бекіту, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
|
Достарыңызбен бөлісу: |